Информатиканы оқыту әдістемесі


 Үй жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары



Pdf көрінісі
бет111/125
Дата23.11.2022
өлшемі1.71 Mb.
#465580
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   125
pdf24 converted 3

6.3. Үй жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік нұсқаулары
6.3.1. Үй жұмысының формалары 
I. Жаңа материалды меңгеру сабағына
1

1) оқулық материалын оқу және мазмұндап айтып беру; 
2) суреттер, сызбалар арқылы сабақ тақырыбын ары қарай 
қарастыру, мына сабақта оқытылатын оқу материалымен танысу; 
3) қосымша әдебиеттерден оқу материалын жинастыру. 
II. Жалпылау сабағына 
1) мұғалімнің арнайы қойылған сұрақтарына жауаптар; 
2) мұғалім берген жоспар мен тапсырмалар бойынша жауапқа 
дайындалу; 
1
2.3. және 2.4.3 –бөлімдерді қараңыз.


173 
3) жоспар бойынша дайындық немесе қандай да бір тақырып 
бойынша жауаптар жоспарын өздігінен жасау; 
4) мәтінде негізгі және қосымша материалды ерекшелеу; 
5) сынып жұмысында берілген жағдайларға ұқсас, өздігінен 
жағдайларды дәлелдеу жұмыстары: 
6) тақырып бойынша қосымша материалдар жинау. 
III. Білімді қолдану сабағына 
1) практикалық жұмыстар (құралдар, карточкалар, кестелер) 
дайындау; 
2) сыныпта қарастырылғанға ұқсас есептерді шығару; 
3) стандартты емес есептерді шығару; 
4) пәнаралық байланысы бар есептерді шығару; 
5) Тапсырмаларды өздігінен құрастыру; 
6) жеңіл материалды өздігінен меңгеру; 
7) қателермен жұмыс жасау. 
IV. Білімді бақылау және тексеру сабақтарына 
1) сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру; 
2) үйге берілетін бақылау жұмысын дайындау; 
3) стандартты емес тапсырмаларды орындау. 
6.3.2. Үй тапсырмасын беру әдістері 
1. Берілген үлгі бойынша үй жұмысын орындау. Карточкадағы
үй жұмысына ұқсас тапсырманы орындау (деңгейі төмен оқушыға). 
2. Оқулықтың материалын өздігінен меңгеру. Оқытылатын 
тақырыптағы негізгілерді белгілеңіз, жауап беру жоспарын құраңыз.
Сабақты айту кезінде жоспармен қолдануға болады. 
3. Ұжымдық үй жұмысы. Берілген тақырып бойынша бірдей 
дайындықта болған оқушыларды 5-6 адамнан топтарға бөлу. Әр топқа 
тапсырмалар беріледі. 
4. Өз 
қалауы бойынша таңдап алынған үй жұмысы 
(тапсырмалардың ішінен өзіңіз шығара алатыныңызды таңдап 
орындаңыз, бірақ, саны ... кем болмасын); 
5. Нашар оқушыларға берілетін карточкалардың формалары

толтыруға арналған бос орындары бар карточкалар;

түзету үшін қателері бар карточкалар; 

толық шығарылмаған тапсырмалары бар карточкалар. 
6. Тақтадағы сызба беріледі 

сынып жұмысына ұқсас тапсырманы құру және орындау 
(деңгейі орташа оқушыларға); 

сынып жұмысына ұқсас тапсырманы сызба арқылы орындау 
(деңгейі төмен оқушылар); 


174 

сызбаға 
мүмкін 
болатын 
тапсырмалар 
құрастыру, 
жетіспейтін элементтері болса, толықтыру (деңгейі жоғары 
оқушыларға). 
7. Жеке үй жұмысы (немесе деңгейі төмен оқушыларға үй 
тапсырмасының орнына); 
8. Міндетті емес өздік жұмысы, оларды оқушылар сыныптан 
тыс жұмыс үшін таңдап алады (мысалы, бір аптаға); 
9. Жаңа жағдайларда немесе бақылау жұмысында жіберілген 
қателіктерді түзету үшін өз білімдерін өздігінен қолдану жұмысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет