Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары
Инклюзивті білім беру дегеніміз-балалардың жас ерекшелігіне, жынысына, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына,әлеуметтік жағдайына қарамастан, сапалы білім алу, даму мүмкіндігін алу. Барлық балаларға мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Оқушылардың тең құқықтарын анықтайды, ұжымның іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері.
1.Адам құндылығы мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2.Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір-біріне қажет.
5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақты адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Ерекше қажеттіліктері бар балалрды анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, білім беру ұйымы мен медициналық құжаттама негізінде жұмыс істейді. Бұл балаларды анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдердерден сұрау, балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау келесі критерийлер арқылы көрсетуге болады:
1.Медициналық айғақтар.
2.Оқу дағдыларын біліктері мен білімдерін қалыптастыру қиындықтары.
3.Интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуы.
4.Баланың қабілеттері мен мүдделері дәстүрлі жағдайда әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әртүрлі көріністер.
5.Баланың мінез-құлқының тепе-тең болмауы.
6.Сөйлеудің кез-келген бұзылуының болуы.
7.Есту және көру тағы басқаға күдік келтіру.
Педагогикалық көмек 2 негізгі мақсатқа жетуге бағытталған:
1.Баланың интеллектуалды дамуына жағдай жасау.
2.Баланың әлеуметтік, эмоциялық дамуына,тұлғаның белсенділігіне,әуестігіне,қоршаған әлемге деген сеніміне, адамға мейірімді қарым-қатынас сияқты жағымды қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасау.Түзету-дамыту көмегінің басты бағыттарының бірі-ең алдымен әлеуметтік ортаның, атап айтқанда отбасының жағдайын жасау ,өйткені баланы тәрбиелеудің ең жақсы орны- отбасы. Бұл жерде ата-ананың білімі мен материалдық жағдайы үлкен роль атқарады.Сондықтан ең бірінші кезеңде ата-аналармен жылы қарым –қатынас орнатылады,кеңестер беріледі.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өсуі мен қалыптасуы кезіндегі кездесетін қиындықтарды жеңе отыра,өздерінің кемістіктерінен қорсынбайтын,қоршаған ортаға қиналмай еніп кететін жеке тұлғаны қалыптастыру,ерік-жігер саласындағы ақауларды жою,танымдық қабілетерін толықтыру,білім қорын толықтыру,ортаға және мектеп жағдайына бейімдеу-дефектологтың міндеті.
Қазіргі таңда дамуында ауытқушылығы бар балалар көбеюде.Психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтар жас балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген.Осындай балаларда ауытқушылықтарының шамалы ғана түрі бар,ол назардың болмауы,эмоциялық аядағы бұзушылықтар, мінез-құлық арқылы көрініс береді, саладарынан түрлі іс-әрекеттер қалыптасып,баланың оқуына, әлеуметтік бейімделуіне қиындық келтіреді.Осылайша жас баланың дамуындағы әртүрлі ауытқуды бір жасқа дейін ерте анықтау мен түзету одан кейінгі пайда болуының алдын –алуға, баланың дамуын жоғарғы деңгейге жетуіне, мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы ауытқушылықты түзетуге қабілетті аян, бірақ мұны түзете-дамыта оқыту арқылы ғана жеңуге болады.Интеллект дегеніміз- білім, оны меңгеру үшін қабілетін дамыту, мәселені шешуге пайдалана білу.осыған көмек беретін үш тәсіл бар: анасымен қарым-қатынас, қадағалау, зерттеу.
Осыған жету үшін ең басты қажеттілігі- баланың анасымен мықты қатынасы, үнемі араласуында.Баланың психикалық дамуына ең қажетті ең маңызды шарт болып табылатын ананың назары,қолдауы, еркелетуі, ана махаббаты.Егер бала тиісті қамқорлық көрмесе, қарым –қатынасы махаббатқа толы болмаса, онда ол балада сенімсіздік пен үрейлік, адамға деген күдіктілік пайда болады.
Қорытындылай келгенде алғашқы минутынан бастап баланың өмірінің қоршаған әлем туралы ақпарат одан арғы дамуына елеулі ықпалын тигізеді.Ақаулары бар балалар туа салысымен айналасындағы ата-анасының,туған туысының, дәрігерлердің жағымсыз әрекеттеріне кездеседі. Ересектер мұндай баланы көргенде үрейі мен аяушылығын жасыра алмайды. Осылардың бәрі балалардың толыққанды еместігін комплексінің дамуына кедергі етеді.Қоғамның мұндай балаларды басқа дені сау балалар сияқты тең қарағаны өте маңызды. Сондықтан да отбасы баласы үшін әлеуметтік байланыстарының ең алғашқы, ең ұзақ маңызды тіршілік көзі.
педагог-дефетолог Т.С. Абилова
Достарыңызбен бөлісу: |