Теориялық
Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары
Инклюзивті білім беру дегеніміз-балалардың жас ерекшелігіне, жынысына, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына,әлеуметтік жағдайына қарамастан, сапалы білім алу, даму мүмкіндігін алу. Барлық балаларға мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Оқушылардың тең құқықтарын анықтайды, ұжымның іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері.
1.Адам құндылығы мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2.Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті.
3.Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4.Барлық адам бір-біріне қажет.
5.Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6.Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7.Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақты адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Ерекше қажеттіліктері бар балалрды анықтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, білім беру ұйымы мен медициналық құжаттама негізінде жұмыс істейді. Бұл балаларды анықтау, сабаққа қатысу, мұғалімдердерден сұрау, балалардың ата-аналарымен жұмыс істеу негізінде жүргізіледі.
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды анықтау келесі критерийлер арқылы көрсетуге болады:
1.Медициналық айғақтар.
2.Оқу дағдыларын біліктері мен білімдерін қалыптастыру қиындықтары.
3.Интеллектуалды дамуынан баланың артта қалуы.
4.Баланың қабілеттері мен мүдделері дәстүрлі жағдайда әлеуметтік бейімделудің асқынуына алып келетін әртүрлі көріністер.
5.Баланың мінез-құлқының тепе-тең болмауы.
6.Сөйлеудің кез-келген бұзылуының болуы.
7.Есту және көру тағы басқаға күдік келтіру.
Педагогикалық көмек 2 негізгі мақсатқа жетуге бағытталған:
1.Баланың интеллектуалды дамуына жағдай жасау.
2.Баланың әлеуметтік, эмоциялық дамуына,тұлғаның белсенділігіне,әуестігіне,қоршаған әлемге деген сеніміне, адамға мейірімді қарым-қатынас сияқты жағымды қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасау.Түзету-дамыту көмегінің басты бағыттарының бірі-ең алдымен әлеуметтік ортаның, атап айтқанда отбасының жағдайын жасау ,өйткені баланы тәрбиелеудің ең жақсы орны- отбасы. Бұл жерде ата-ананың білімі мен материалдық жағдайы үлкен роль атқарады.Сондықтан ең бірінші кезеңде ата-аналармен жылы қарым –қатынас орнатылады,кеңестер беріледі.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өсуі мен қалыптасуы кезіндегі кездесетін қиындықтарды жеңе отыра,өздерінің кемістіктерінен қорсынбайтын,қоршаған ортаға қиналмай еніп кететін жеке тұлғаны қалыптастыру,ерік-жігер саласындағы ақауларды жою,танымдық қабілетерін толықтыру,білім қорын толықтыру,ортаға және мектеп жағдайына бейімдеу-дефектологтың міндеті.
Қазіргі таңда дамуында ауытқушылығы бар балалар көбеюде.Психофизикалық дамуында түрлі ауытқушылықтар жас балалар мен жасөспірімдер арасында көбейген.Осындай балаларда ауытқушылықтарының шамалы ғана түрі бар,ол назардың болмауы,эмоциялық аядағы бұзушылықтар, мінез-құлық арқылы көрініс береді, саладарынан түрлі іс-әрекеттер қалыптасып,баланың оқуына, әлеуметтік бейімделуіне қиындық келтіреді.Осылайша жас баланың дамуындағы әртүрлі ауытқуды бір жасқа дейін ерте анықтау мен түзету одан кейінгі пайда болуының алдын –алуға, баланың дамуын жоғарғы деңгейге жетуіне, мүгедектіктің алдын алуға мүмкіндік береді.Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамиды, сонымен қатар дамуындағы ауытқушылықты түзетуге қабілетті аян, бірақ мұны түзете-дамыта оқыту арқылы ғана жеңуге болады.Интеллект дегеніміз- білім, оны меңгеру үшін қабілетін дамыту, мәселені шешуге пайдалана білу.осыған көмек беретін үш тәсіл бар: анасымен қарым-қатынас, қадағалау, зерттеу.
Осыған жету үшін ең басты қажеттілігі- баланың анасымен мықты қатынасы, үнемі араласуында.Баланың психикалық дамуына ең қажетті ең маңызды шарт болып табылатын ананың назары,қолдауы, еркелетуі, ана махаббаты.Егер бала тиісті қамқорлық көрмесе, қарым –қатынасы махаббатқа толы болмаса, онда ол балада сенімсіздік пен үрейлік, адамға деген күдіктілік пайда болады.
Қорытындылай келгенде алғашқы минутынан бастап баланың өмірінің қоршаған әлем туралы ақпарат одан арғы дамуына елеулі ықпалын тигізеді.Ақаулары бар балалар туа салысымен айналасындағы ата-анасының,туған туысының, дәрігерлердің жағымсыз әрекеттеріне кездеседі. Ересектер мұндай баланы көргенде үрейі мен аяушылығын жасыра алмайды. Осылардың бәрі балалардың толыққанды еместігін комплексінің дамуына кедергі етеді.Қоғамның мұндай балаларды басқа дені сау балалар сияқты тең қарағаны өте маңызды. Сондықтан да отбасы баласы үшін әлеуметтік байланыстарының ең алғашқы, ең ұзақ маңызды тіршілік көзі.
Арнайы білім - бұл ерекше қабілеттілікке байланысты немесе сенсорлық және / немесе ақыл-ой кемістігі салдарынан ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге бейімделген барлығына тең және инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында.
Aрнайы білім беру, арнайы білім беру, инклюзивті білім беру немесе білім беру зейіні дегеніміз сенсорлық кемістігінің қандай-да бір түрі (көру, есту немесе қимыл-қозғалыс) немесе ақыл-ой жетіспеушілігі (интеллектуалды, аутизм спектрінің бұзылуы (ASD), мінез-құлық проблемалары және т.б.) бар студенттерге арналған оқытуды білдіреді. .)Интеллектуалды кемістігі бар адамдарға арналған арнайы білім олардың IQ деңгейіне сәйкес 5 деңгейде Стэнфорд-Бине стандарттарымен өлшенед
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар топтары. Сипаттама беріңіз.
1. Ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 11-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалаудың тәртібін анықтайыды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар; 2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген
3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау; 4) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгiленген тәртiппен расталған, туа бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар).
2-тарау. Ерекше білім беру қажеттіліктерді бағалаудың тәртібі
3. Адамдардың (балалардың) ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалау мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (бұдан әрі – ПМПК) жүзеге асырылады.
4. Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі келесіні қамтиды:
1) мұғалімнің (тәрбиешінің) әрбір білім алушының (тәрбиеленушінің) әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылауды, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесі барысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың анықтауын; 2) психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен оқыту қиындықтары бар балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін тереңдете зерделеуін және бағалауын; 3) білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың тереңдетілген тексеру нәтижелері бойынша оқыту қиындықтары бар балаларға ПМПК-ға ерекше білім беру қажеттіліктерін одан әрі бағалауын;
4) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және оңалту орталықтарында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін пәнаралық ұжымдық бағалауды.
5. ПМПК-да ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі келесіні қамтиды:
1) ПМПК ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы бойынша, білім беру ұйымдарының ұсынымы бойынша балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалауды. ПМПК терең зерттеу және арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде қызметтердің көлемін, түрлерін анықтайды. 2) ата-аналардың (заңды өкілдердің) бастамасы бойынша немесе ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалау қажеттілігі туралы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің шешімі негізінде білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша ПМПК-дағы ерекше білім беру қажеттіліктерін қайта бағалауды.
6. Ерекше білім беруге қажеттіліктерді бағалау тәртібі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалардың екі тобын айқындайтын оқу қиындықтарының себептеріне байланысты жүзеге асырылады.
7. Оқу қиындықтарының себептеріне байланысты бірінші топты әртүрлі психикалық функциялардың (ақы-ой әрекеті, қабылдау, зейін, есте сақтау) жеткіліксіздігінен мектептегі белгілі бір дағдыларды меңгеруде қиындықтары бар балалар, сондай-ақ даму мүмкіндігі шектеулі:
1) 1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған есту қабілеті зақымдалған (есту аймағында есту қабілеті орташа 40-тан 80 децибелге дейін естімейтін және нашар еститін, оның ішінде кохлеарлық имплантациядан кейінгі балалар);
2) көру қабілеті зақымдалған (көзі көрмейтіндер – көру сезімінің толық болмауымен, жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,04-ке дейін жарық сезуімен немесе қалдық көрумен және нашар көретін балалар – жақсы көретін көзге көзілдірік киюмен 0,05-тен 0,4-ке дейін көру өткірлігімен); 3) зердесі зақымдалған (ақыл-ой кемістігі бар); 4) психикалық дамуы тежелген;
5) сөйлеу қабілеті зақымдалған (1-3 деңгейдегі жалпы сөйлеу дамымаған, фонетикалық-фонематикалық сөйлеу дамымаған, ринолалия, дизартрия, ауыр тұтығу, жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар (дислексия, дисграфия);
6) тірек-қимыл аппараты бұзылған;
7) эмоциялық-ерік бұзылыстары бар (қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу бұзылыстарымен (аутизммен), мінез-құлық бұзылыстарымен және қиындықтарымен);
8) күрделі (біріктірілген) бұзылыстармен балалар кұрайды.
8. Екінші топқа ақыл-ой және физикалық дамуы бұзылмаған балалар кіреді, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері олардың білім беру процесіне енуіне кедергі келтіретін әлеуметтік-психологиялық және басқа факторлармен анықталады:
12. Екінші топтағы балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің және (немесе) білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негіз болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің міндеттері.
1) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар; 2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар); 3) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау; 4) психологиялық-педагогикалық қолдап отыру – білім беру ұйымдарында іске асырылатын, процесінде ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау негізінде ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) ойдағыдай оқыту және дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалатын жүйелі-ұйымдастырылған қызмет.
) тәрбиеленушінің/білім алушының ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтауды және бағалауды;2) ерекше білім беру қажеттіліктері бар педагогтер мен тәрбиеленушінің/білім алушының отбасына консультативтік-әдістемелік көмек көрсетуді; 3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды (балаларды) табысты оқыту, дамыту және әлеуметтендіру үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасауды қамтиды. 4. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды қамтамасыз етуді білім беру ұйымының педагогтері мен мамандары жүзеге асырады.
Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау деңгейлеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды (егер ереRше білім беру қажеттіліктерін мектепке дейінгі жаста пмпк анықтамаған
болса). Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл).мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері:
- оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану;
- сабақта жеке оқу материалдарын қолдану;
-оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту;
-бақылау материалдарын өзгерту;
-сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу;
егер оқуыда мұғалімнің жекелік көмегіне қарамастан бір немесе
бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі.
Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық
қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог,
әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың
оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау тура-
лы Mұғаліммен бірге хабардар етеді. балалардың мамандардың көмегіне
қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет
Практикалық
Көру қабілеті нашар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша 5 ұсыным ұсыныңыз.
Есту қабілеті нашар балаларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету бойынша 5 ұсыным ұсыныңыз.
Ерекше білім беру қажет ететін балалардың ата-аналарына жадынама құрастырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |