Жұмыстың мақсаты:
Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру
2022-2023 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның міндеттері:
1.Дескриптор мен бағалауға сәйкес сабақты бағалаудағы жаңа бірыңғай тәсілді енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
2.Педагогтердің инновациялық жұмыс белсенділігін арттыру, жаңа рационалды идеяларды мадақтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау;
3.Педагогтердің озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау және онымен бөлісу үшін жағдай жасау;
4.Оқушыларды оқытудағы жаңа жолдарды жүзеге асыру негізінде әр оқушыға өзіндік дамуына көмектесу;
5.Ата-аналарды педагогикалық жағынан жетілдіру.
Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарасты қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсінікке жетулеріне көмектеседі) оқыту тәсілі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |