Интегративті (біріктіруші) бағытталған қызметтер:
• клиенттің әлеуметтік статусын кешенді бағалау;
• жеке, топтық және аймақтық деңгейде соматикалық, психикалық, репродуктивті денсаулықтың әлеуметтік тәуелді бұзылуларының алдын-алу іс-шараларына қатысу;
• клиент, топтар мен тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға қалыптастыру;
• отбасын жоспарлау;
• медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;
• мүгедектердің медициналық, әлеуметтік және кәсіби реабилитациясын жүзеге асыру;
• психиатрия, наркология, онкология, гериатрия, хирургияда және клиникалық медицинаның басқа да салаларында басқа әлеуметтік жұмыс жүргізу;
• АИВ-індетін (адамның иммунды дефицит вирусы) таратудың алдын алуға ат салысу және індетке шалдыққан отбасылармен оның мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
• әлеуметтік-құқықтық кеңес беру;
• реабилитациялық, психологиялық-педагогтік, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өзіндік және өзара көмек көрсетуші терапевтік қауымдастықтарды ұйымдастыру;
• тұрғындардың әр түрлі деңгейдегі мұқтаж топтарына медициналық-әлеуметтік көмектің кешенді бағдарламасын жасауға қатысу;
• клиенттің мәселелерін шешуде аралас мамандық мамандарының өзара іс-әрекет сабақтастығын қалыптастыру;
Медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге қатысушы әлеуметтік жұмыс маманының осы ұсынылған қызметтік сипаттамасы тұрғындарды денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету саласында әлеуметтік жұмыс бойынша нормативті құжаттарды дайындау кезінде және ведомстволық бұйрықтарды, нұсқауларды және басқа да нормативтік құжаттарды дайындауда әдістемелік тәсіл ретінде қолданылуы мүмкін.
Аталған мәселе бойынша әлеуметтік жұмыс тәжірибесін денсаулық сақтау мен ғылыми зерттеулерде кеңейте түсу – мамандардың қызметтік міндеттемелері сияқты нақтыланады. Ол кәсіби іс-әрекеттің жаңа түрінің нормативті құқықтық базасын әрі қарай қалыптастыруға әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |