Источник: ИС ПАРАГРАФ, 14.09.2012 17:08:55
Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірегейлендіру
нөмірін беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы
№ 254 қаулысы
"Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, инвестициялық портфельді басқарушы "Активтерді басқару қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының "Инвестициялық
пай қорының пайларына ұлттық
бірегейлендіру нөмірін беру
ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 21 тамыздағы
№ 254 қаулысымен бекітілді
Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық
бірегейлендіру нөмірін беру ережесі
1. Осы Ереже инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірегейлендіру нөмірін берудің талаптары мен тәртібін белгілейді.
2. Басқарушы компания инвестициялық пай қорының пайларын шығаруды мемлекеттік тіркеу мақсатында қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағында көзделген құжаттарды береді.
Пайларды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін берілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық пай қорының пайларын шығаруға ұлттық бірегейлендіру нөмірін береді.
3. Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық бірегейлендіру нөмірін беру үшін араб сандары мен латын әліпбиінің жазба әріптері ("І" және "О" әріптерінен басқа) пайдаланылады.
4. Ұлттық бірегейлендіру нөміріне қандай да бір тыныс белгісімен бөлінбеген он екі бір ізді белгілер (солдан оңға қарай есептей отырып) жатады және үш бөлімнен тұрады:
1) бірінші және екінші позицияларда орналасқан белгілер эмитент елінің екі әріптен тұратын кодын білдіреді ("KZ");
2) үшінші мен он бірінші позиция аралығында орналасқан белгілер осы Ереженің 5-9-тармақтарына сәйкес жасалған негізгі нөмір болып табылады;
3) он екінші позицияда орналасқан белгі осы Ереженің 10-тармағына сәйкес есептелетін бақылау саны болып табылады.
5. Үшінші және төртінші позицияларда орналасқан белгілер "PF" белгісі болып табылады және эмиссиялық бағалы қағаздардың түрін Инвестициялық пай қорының пайларын білдіреді.
6. Бесінші позицияда орналасқан белгі пайлардың (осы Ереженің 7-тармағымен белгіленген ерекшеліктерді есепке ала отырып) айналыс мерзімінің өлшем бірлігін білдіреді:
1) "Y" белгісі - жылдар;
2) "M" белгісі - айлар;
3) "W" белгісі - апталар;
4) "D" белгісі - күндер;
5) "N" белгісі - айналыс мерзімі жоқ.
7. Алтыншы және жетінші позицияларда орналасқан белгілер өлшемнің сәйкес бірлігінде инвестициялық пай қоры пайларының айналыс мерзімін білдіреді.
Егер инвестициялық пай қоры пайларының айналыс мерзімі кемінде 10 өлшем бірлігін құраған жағдайда, алтыншы позицияда "0" белгісі көрсетіледі.
Инвестициялық пай қоры пайларының айналыс мерзімі өлшем бірлігін тұтас емес санын құраған жағдайда, ол төмен тұрған өлшем бірлігіне ауыстырылады. Бұл ретте айдың ұзақтығы 30 күнге тең болып алынады. Егер осындай ауысудың нәтижесінде бөлшек сан немесе 99-дан асатын сан пайда болса, өлшем бірлігі өзгермейді, бүтін санға дөңгелектеледі. Мысалы, 4,5 жыл 54 айға (4,5 х 12 = 54) ауыстырылады, 3,5 ай 4 айға (3,5 х 30 = 105 > 99) ауыстырылады.
Егер қандай да бір өлшем бірлігіндегі инвестициялық пай қоры пайларының айналыс мерзімі өте жоғары деңгейдегі өлшем бірлігінің бүтін санын құраған жағдайда, ол жоғары тұратын өлшем бірлігіне ауыстырылады. Мысалы, 36 ай 3 жылға ауыстырылады.
Егер айналыс мерзімі 99 сәйкес өлшем бірлігінен асқан жағдайда, ол дөңгелектеле отырып, жоғары тұрған өлшем бірлігіне ауыстырылады. Бұл ретте айдың ұзақтығы 30 күнге тең болып алынады. Мысалы, 180 күн 6 айға (180 : 30 = 6,00) ауыстырылады, 115 күн 4 айға (115 : 30 = 3,83) ауыстырылады, 110 ай 9 жылға (110 : 12 = 9,17) ауыстырылады, 225 күн 8 айға (225 : 30 = 7,5) ауыстырылады.
8. Сегізінші және тоғызыншы позицияларда орналасқан белгілер бірегей және тұрақты болып қалатын Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне инвестициялық пай қорының пайларын шығаруға бастамашы болатын инвестициялық портфельді басқарушы реттік нөмірді білдіреді.
9. Оныншы және он бірінші позицияларда орналасқан белгілер оны құрған компанияны басқарушы инвестициялық пай қорының нөмірін білдіреді.
10. Бақылау саны мынадай түрде есептеледі:
1) 1-қадам: осы Ереженің 4-9-тармақтарына сәйкес ең алдымен он бір позиция толтырылады;
2) 2-қадам: позицияларда орналасқан әріп белгілері Әріп белгілерін ауыстыру кестесіне сәйкес сандармен осы Ереженің 1-қосымшасының нысаны бойынша сандарға ауыстырылады;
3) 3-қадам: алынған сандық қатардың әрбір саны (оның оң жағынан бастап) коэффициентке көбейтіледі: "2" - тақ позициялардағы сан үшін, "1" - жұп позициялардағы сан үшін;
4) 4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде алынған сандар қатары жинақталады;
5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0"-ге аяқталса, онда бақылау саны "0" болып табылады. Басқа жағдайда бақылау саны осы сомадан асатын және онның қалдықсыз бөлінетін санына жақын болып табылатын саннан 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы шегеру болып табылады.
11. Инвестициялық пай қоры пайларының ұлттық бірегейлендіру нөмірін қалыптастыру үлгісі осы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген.
12. Уәкілетті орган инвестициялық пай қоры пайларының ұлттық бірегейлендіру нөмірін көрсете отырып, пайлардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті инвестициялық пай қорын басқарушы компанияға береді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне бұл шығарылым туралы мәліметтерді ұсынады.
Инвестициялық пай
қорының пайларына
ұлттық бірегейлендіру
нөмірін беру ережесінің
1-қосымшасы
Әріп белгілерін санға ауыстыру
кестесі
A
|
10
|
F
|
15
|
L
|
20
|
R
|
25
|
W
|
30
|
B
|
11
|
G
|
16
|
M
|
21
|
S
|
26
|
X
|
31
|
C
|
12
|
H
|
17
|
N
|
22
|
T
|
27
|
Y
|
32
|
D
|
13
|
J
|
18
|
P
|
23
|
U
|
28
|
Z
|
33
|
E
|
14
|
K
|
19
|
Q
|
24
|
V
|
29
|
|
|
Инвестициялық пай
қорының пайларына
ұлттық бірегейлендіру
нөмірін беру ережесінің
2-қосымшасы
Инвестициялық пай қорының пайларына ұлттық
бірегейлендіру нөмірін қалыптастыру үлгісі
Үлгінің талабы:
Инвестициялық пай қорын құруға бастамашы, есеп бойынша үшінші тұратын инвестициялық портфельді басқарушы 4,5 жыл мерзімде іс-әрекет жасайтын өзінің екінші пайлық инвестициялық қорын құрады. Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін толтыру кезінде үшінші инвестициялық портфельді басқарушы екінші пайлық инвестициялық қорды құрады және олардың пайларын шығаруды жүзеге асырады, сондықтан, оның бірегей реттік нөмірі "03" болады және пайларды шығаруға "02" нөмірі беріледі.
1-қадам:
Позициялардың
нөмірі
|
Белгілер
|
Түсініктемелер
|
1-2 KZ Эмитент елін белгілеу (Ереженің
4-тармағының 1)-тармақшасы).
3-4 PF Инвестициялық пай қорының пайларын
белгілеу "PF" белгісіне сәйкескеледі
(Ереженің 5-тармағы).
5 М Айналыс мерзімінің өлшем бірлігін
белгілеу: осы инвестициялық пай қоры
пайларының айналыс мерзімі жылдармен
өлшенеді (4,5 жыл). Бірақ бұл мерзім
қаншалықты толық емес жыл санын құрайтын
болғандықтан, ол төмен тұрған өлшем
бірлігіне - айларға (4,5 х 12 = 54)
ауыстырылады. Ауыстыру кезінде 99-дан
аспайтын бүтін сан пайда болатындықтан,
жаңа өлшем бірлігі өзгермейді (Ереженің
6-тармағы және үлгі талаптары).
6-7 54 Айналыс мерзімін белгілеу (Ереженің
7-тармағы және үлгі талаптары).
8-9 03 Бағалы қағаздардың мемлекеттік
тізіліміндегі инвестициялық портфельді
басқарушының бірегей, тұрақты нөмірін
белгілеу (Ереженің 8-тармағы және үлгі
талаптары)
10-11 02 Бағалы қағаздардың мемлекеттік
тізілімінің деректеріне сәйкес
Инвестициялық портфельді басқарушының
деректері құрған инвестициялық пай
қорының нөмірін белгілеу (Ереженің
9-тармағы және үлгі талаптары)
|
Нәтижесінде инвестициялық пай қорының осы пайларының ұлттық бірегейлендіру нөмірі (он екінші позициядағы бақылау санынсыз) мына түрде көрінеді:
2-қадам:
Әріптік белгілерді ауыстыру кестесіне сәйкес сандарды осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген сандарға ауыстыру:
1
|
9
|
3
|
3
|
2
|
3
|
1
|
5
|
2
|
1
|
5
|
4
|
0
|
3
|
0
|
2
|
3-қадам:
Алынған сандық қатардың санын, оның оң жағынан бастап, коэффициентке көбейту: "2" - тақ позициялардағы сан үшін, "1" - жұп позициялардағы сан үшін:
сандық қатар (2-қадамды орындау нәтижесі):
1
|
9
|
3
|
3
|
2
|
3
|
1
|
5
|
2
|
1
|
5
|
4
|
0
|
3
|
0
|
2
|
көбейту коэффициенттері:
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
1
|
2
|
көбейту нәтижесі:
1
|
1
|
8
|
3
|
6
|
2
|
6
|
1
|
1
|
0
|
2
|
2
|
5
|
8
|
0
|
6
|
0
|
4
|
4-қадам:
3-қадамды орындау нәтижесінде алынған қатар санын жинақтау:
1+1+8+3+6+2+6+1+1+0+2+2+5+8+0+6+0+4 = 56.
5-қадам:
4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "56"-ға тең; осы сомадан асатын және он есеге жақын болып табылатын сан "60" болып табылады; бұл сомалардың айырмашылығы, сондықтан бақылау саны "4" болып табылады. Инвестициялық пай қоры пайларының осы шығарылымының толық ұлттық бірегейлендіру нөмірі мынаған тең:
Достарыңызбен бөлісу: |