ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ: ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер жүзінде 11 миллион шаршы шақырымды алып жатқан, аумағына үш Еуропа сыйып кететін ұлан-ғайыр кеңістікте орналасқан түркі жұртының әлемдік қауымдастықта алар орны күн санап артып келеді. Бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған қазіргі заманға сай аймақтық, халықаралық деңгейдегі саяси-экономикалық беделі де артып, әлемдік өресінің биіктігін нақты қадамдарымен дәйектеуде. Түркі тілдерінің ғасырларға жалғасқан біртұтастығы мен шығу төркінінің бір болуы, сондай-ақ бұл тілдердің қазіргі қоғамдағы тілдік жаңа саясатқа байланысты туындаған өзіндік орны – қазақ, түрік, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзірбайжан т.б. тілдерінің мемлекеттік мәртебесі мен татар, қарашайбалқар, қарақалпақ, гагауыз, тува, алтай, якут (саха) тілдерінің бірінің мемлекеттік, бірінің ресми мәртебесі – түркі халықтары үшін өте қажетті және маңызды фактор. Түркі тілдері деп аталатын алып бәйтеректің діңгегінен тарайтын қыпшақ тілдерінің қазіргі жай-күйі өзінің тамыры қыпшақ жазба ескерткіштерінен бастау алатыны белгілі. Ал қыпшақ жазба ескерткіштерінің зерттелуі қай деңгейде? Тарихи-мәдени мұраларымызды танып біттік пе? Төл мұраны тануда қазақстандық ғалымдардың үлесі қандай? Қазіргі ғалымдар бабалар мұрасын түпнұсқада оқи ала ма? Жазба ескерткіштерді оқи білу тіл тарихымен айналысатын санаулы ғалымдардың ғана міндеті ме? Тіпті сол тіл тарихын зертеушілердің өзі ескерткіштерді түпнұсқада оқи ала ма? Оны жас ұрпаққа таныту, оқыту мәселесі қай деңгейде?.. Міне, бұл сұрақтар баршамызды ойландыруы тиіс. Түркілер арасынан шыққан атақты ғалымдар, ақын, философтар әл- Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауилер өз шығармаларын араб жазуымен түркі тілінде жазған. Дүние жүзіне әйгілі болған жерлесіміз әл-Фарабидің көптеген еңбектері араб тілінде жазылған. Бұл тіл мен жазу (әліпби) бір-бірімен қаншалықты тығыз байланысты болса, соншалықты әртарапты екендігін тағы да дәйектей түседі. Белгілі түркітанушы Ә. Құрышжанұлының көрсетуінше, орта ғасыр кезінде түркі тілінің бір бұтағы – қыпшақ тілі Батыс елдері мен Шығыс елдерін, Таяу Шығыс пен Кіші Азияны, Моңғолия мен Қытай жұртшылығын, Кавказ халықтары мен Қырым далаларын өзара байланыстырып тұратын «алтын көпір» есебінде қызмет атқарған. Осы аталып отырған өлкелердің арасында сауда экономикалық қатынастағы халықтардың бәрі де қыпшақтар елін аралап өтетін болған. Мысалы, Шыңғыс-хан империясының орталығы Қарақорымға баратын елшілер (Плано-Карпини – 1246 ж., В. Рубрук – 1254 ж., Марко-Поло – 1276 ж. т.б.), жиһангерлер, саудагерлер, керуеншілер, жаушылар, миссионерлер т.т. ағылып жататын болған. Қыпшақтар оларға жолбасшы, тілмаш, қорғаушықамқоршы, жолсерік немесе күзетші болып қызмет атқарған. Еуропа елдерін аралау үшін ХҮІІІ ғасырда француз тілі қандай қажет болса, Шығыс елдерімен қат-қабат байланыс жасау үшін куман тілі де дәл сондай қажет болған. Г.Г. Кун былай деп жазады: «... если итальянские купцы того времени хотели вести торговлю в обширнейшей области «Понтокаспийка» (область Каспийского моря), то им необходимо было знать куманский язык». В.В. Кунның айтуы бойынша, францискандық монах «Фра Паскаль де Викторис в 1337 г. отправился в древний город Сарай на берегу р.Волги для изучения тюркского языка и там целый год усердно трудился над изучением языка. Итак мы видим, что куманский язык тогда еще не исчез, мало того один из западных миссионеров должен был изучать тюркскую разговорную речь преимущественно у куманов». А. Зайончковскийдің пікіріне қарағанда, «Арабские филологи проявляли большой интерес к тюркскому языку со времен средневековья, что объясняется тем большим значением, которое он приобрел в этом государстве. К тому же по этническому или племенному происхождению тюркоязычные мамлюки были неоднородны. Тарихтың дәл осы тұсында қыпшақ тілінің қолданылу аумағы мен қоғамдық қажеттілігі арта түскені белгілі. ХІ ғасырдан бастап моңғолдардың шапқыншылығына дейін де, Шыңғысхан ұрпағы құрған аса қуатты Алтын Орда мемлекеті тұсында да қыпшақ тілі халықаралық тіл дәрежесінде кеңінен қолданылған қуатты тіл болғаны Еуропаның шығыстанушы ғалымдары мен жиһангерлерінің, араб ғалымдарының жазба дүниелерінде кеңінен сөз етіледі. Тіпті, басқыншы моңғолдардың өзі жергілікті қыпшақтарға ассимилияцияланып, сол тілде сөйлегені, Мысыр, Шам, Үнді, Кавказ халықтарының бұл тілді үйренуі сол кездегі
Достарыңызбен бөлісу: |