1956 жылғы Суэцк дағдарысы. Елдің қауіпсіздік мәселесін шешкеннен кейін Насер Египет экономикасын көтеруді қамтамассз етуге көшті. Оны шешудің кілті бұрыннан жоспарда болған Ніл өзені бойында суан су электр станциясциясын салу. Сыртқы көмексіз Египет бұл жобаны қаржыландыра алмайды, оның құны 1,3 млрд. доллар тұрады. Алғашында Вашингтон бұл жобаға қатысуды қалады да артынан шұғыл түрде айнып қалды. Солай бола тұрса да египет үкіметі бұл мәселені шешті. 1956 жылы шілдеде Насер Александрияда Жалпы Суэцк компанияларын ұлттық деп жариялады. Суэцк каналын ұлттандыру Таяу Шығыстағы батыс державаларының мүддесіне ауыр соққы болды.
30 қазанда израиль қарулы күші Египет территориясына басып кірді. Израильдің міндеті негізгі египет күшін Синай түбегіне көңіл адару, осы арқылы ағылшын– француз әскерлері Египет барлық территорисына басып кірді. БҰҰ және ең алдымен Кеңес Одағының реакциясы 1956 жылы 7 қарашада соғыс әрекетін тоқтатуға мәжбүрледі. Суэцк дағдарысынан кейін бұрынғы отар держваларының беделі түсіп, Таяу шығыста АҚШ беделі күшейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |