ШЕШІМ ЖОБАСЫ
2015 жылғы «__» наурыз №____
Ырғыз ауданында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізу тәртібін
қосымша реттеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Ырғыз ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
Н.САДЫҚОВ К.ҚОСАЯҚОВ
Аудандық мәслихаттың
2015 жылғы «___» наурыздағы
№____ шешіміне қосымша
Ырғыз ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
№
|
Ауыл атаулары
|
Бейбіт жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
|
1
|
Ырғыз ауылы
|
С.Еңсегенов көшесіндегі ДЭУ – 9 мекемесінің алдындағы алаң
|
2
|
Құтикөл ауылы
|
Е.Игібаев көшесіндегі Құтикөл ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
|
3
|
Құрылыс ауылы
|
Қ.Құлмырзин көшесіндегі Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған ескерткішінің алдындағы алаң
|
4
|
Құмтоғай ауылы
|
Ж.Ордабаев көшесіндегі Ұлы Отан соғысы құрбандары мен Еңбек Ерлері аллеялары жанындағы алаң
|
5
|
Нұра ауылы
|
Т.Жүргенов көшесіндегі орталық стадионның алдындағы алаң
|
6
|
Құйлыс ауылы
|
Ырғыз көшесіндегі Тәуіп ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
|
7
|
Жайсаңбай ауылы
|
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы көшесіндегі Жайсаңбай ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
|
Достарыңызбен бөлісу: |