Іргетастың конструктивтік шешімдері



Дата09.06.2016
өлшемі36 Kb.
#124526
Іргетастың конструктивтік шешімдері.
Іргетас ғимараттың негізгі элементтерінің бірі. Ол жербетіндегі күшті қабылдап негізге береді. Іргетастар беріктілік, мықтылық, ұзақтылық және тиімділік талабын орындау керек. Іргетастыңжердің үстіне шығып тұрған бөлігн іргетас беті немесе тілігі деп, ал төменгі негізге тиіп жатқан бөлігін іргетастың табаны дейіз. Жердің тегістелген бетімен іргетастың орналасуын тереңдігі деиміз. Бұл топрақтң қазу терендігін ескеру керек.Егер негз қиыршық топырақтан тұрса,онда іргетастың табанын қазу терендігі денгейін жоғары орналастыру керек.

Конструктивтік схема бойынша іргетас; таспалы іргетастың екі қабырғаның енінен екі жағынан 50-150 мм шығып түрады. Түскен қысымды қабылдап салмақ көтеретін қабілетін арттыру үшін іргетастың табанын кенейту керек.

Трапециялы іргетас жасау еңбек шығынын көп қажет етеді,сондықтан баспалдақты формада жасайды. Формасын сақтау үшін іргетастың өлшем бірлігін қатан ережеде сақтайды.Баспалдақтардың ені 20-25см, ал биіктігі 40-50см

Таспалы іргетастар құрастырмалы және монолитті болады. Монолитті іргетастар шоитасты, шойбетонды, темірбетонды және бетонды болады.Бұларды жасау үшін қалыптар қолданылады.Шойбетонды іргетас маркасын 75 бетоннан жасайды,және жеке-жеке бөліктерде тұрады Шойбетонды іргетастар қазіргі құрылыстың талаптарына сай емес оны көбінесе жергілікті материялдардан салынатын аудандарда қолданылады.Өте тиімдісі заводта дайындалып шығарылған бетонды және темірбетонды іргетастар қазіргі құрылыста өте көп пайдаланылады.

Жастық блоктарының өлшемі 300-1000мм, 400-2500мм.

Қабырға блоктары: 300-380мм, 400-780мм, 500-2380мм,

600-2380мм.

Бағаналы іргетастар.

Бағаналы іргетастар онын негізіне салмақ аз болып үйдің төлесі болмаса онда мұндай аз қабатты үйлердің таспа іргестарын бағаналы іргетастарға ауыстыруға болады.Іргетастың бағаналары шойтастан, бетоннан және темірбетоннан болады.Іргетас бағаналарының арақашықтығы 2,5-3м болады. Егер топырақ берік болса 6м-ге дейін болады. Бағаналар міндетті түрде бұрыштарда қабырғалардың қиылысқан жерінде және аралық қабырға жерлерінде болады. Бағаналардың құимасы шойтас және бетондардан 0,6-0,6м кірпіште 0,4-0,4мболады.Іргетас бағаналары темірбетон, іргетас балкаларынан жатады.


Тұтас іргетастар.

Тұтас іргетастарды іргетасқа салмақ көп түспейтін болса және топырақ әлсіз болған кезде қолданады. Бұл іргетасты ғимараттың барлық ауданына салады Қанқалы ғимараттың бағанасынан түскен салмақ бірқалыпты шөгуі үшін перпендикуляторлы бағыттарда қиылысқан таспалы іргетастарды қолданады.Оларды тұтас қүйатын темір бетоннан жасайды.Тұтас іргетастарда ғимараттың бірқалыпты шөгуі қамтамассыздандырылған.Әсіресе көп қабатты ғимараттарда қарастырылған.Тұтас іргетастарды сондайақ төленнің едені жер асты суына жақын болса пайдаланылады.




Қадалы іргетастар.

Оларды құрылыста әлсіз сығылатын топырақта сондай-ақ негізінің орналасу тереңдігі өте тереңде жатып оған жету экономикалық және техникалық орынсыз болса онда тіреулі іргетастарды қолданады.сондай-ақ мұндай іргетастарды берік топырақтада қолданады.Ғимараттан түскен тік салмақ топыраққа әсер етуіне байланысты 2 ге бөлінеді:



1.Қадалы

2.Аспалы
Қада әлсіз топырақтан өтіп,ұшы берік топыраққа тірелсе,онда оны қадалы тіреу дейміз.

Ал егер берік топыраққа жетпей және түскен салмақ қаданың бүйір беттерімен топырақтың арасында үйкелістің пайда болуын аспалы тіреу дейміз.



Қасбеттің және жоспардың жалпы түсінігі.

Қасбет дегеніміз-ғимераттың бүйір, алдыңғы және артқы жағынан көріністері. Қасбетте ғимараттың сыртқы қабырғаларының әрлеу,өрнектеу және боялуы көрсетіледі.



Жоспар дегеніміз-ғимараттың горизонталь қиылып, үстінен көрсетілуі. Жоспарда ғимараттың остері, қабырғалардың, тасалардың, есік-терезелердің өлшемдері көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет