Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
25.01.2012 жылғы
№ 168 қаулысымен
Бекітілген
Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа және олардың қауіпсіздігіне, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаға, топыраққа, қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға, адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) атмосфералық ауа – атмосфера газдарының табиғи қоспасын білдіретін қоршаған орта компоненті;
2) аэроклиматтық жағдайлар – тропосферада және стратосфераның төменгі қабатында анықталатын климаттық жағдайлар;
3) зиянды (ластаушы) заттар – атмосфералық ауада болатын және жол берілген шекті нормативтерден асатын белгілі бір шоғырлануда адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсер ететін химиялық немесе биологиялық зат немесе осындай заттардың қоспасы;
-
апаттық шығарынды (дүркін) – қазіргі уақыт үшін рұқсат етілген деңгейден асып түсетін кенеттен абайсызда, апаттан туындаған, жылжымалы және стационарлы көздерден зиянды (ластаушы) заттардың атмосфераға шығуы;
-
діріл – техникадағы (машинадағы, механизмдегі, конструкциядағы, қозғалтқыштағы) механикалық діріл;
-
атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер – атмосфералық ауаның температуралық, энергетикалық, толқындық, радиациялық және басқа да физикалық қасиеттерін өзгертетін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға шудың, дірілдің, иондаушы сәулеленудің, температуралық және басқа да физикалық факторлардың зиянды әсері;
-
жол берілетін микроклиматтық жағдайлар – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер ету кезінде организмнің жылулық жағдайына өтпелі және тез қалпына келтіретін өзгеріс туғызуы мүмкін микроклимат параметрлерінің үйлесімділігі;
8) децибел (бұдан әрі – дБА) – шу деңгейінің 0,1 бел-ге тең өлшем бірлігі;
-
табиғи жарықтандыру – сыртқы қоршау конструкцияларының жарық ойықтары арқылы енетін аспан жарығымен (тура немесе шағылу) үй-жайды жарықтандыру;
-
атмосфералық ауаның ластануы – атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың түсуі немесе пайда болуы;
11) табиғи жарықтандыру коэффициенті (бұдан әрі – ТЖК) – алдын ала белгіленген жазықтықтың кейбір нүктелерінде пайда болған ашық аспанды жарықпен толық жасалатын сыртқы көлбеу жарықтануының бір мезеттегі аспан жарығына (тікелей немесе шағылудан кейін) үй-жай ішіндегі берілген беттің кейбір нүктелеріне жасалатын табиғи жарықтандыру қатынасы (пайызбен белгіленеді);
-
оқшау жарықтандыру – төгіліп түсетін жарық болмаған кезде ғимарат немесе құрылыс бөлігін, сондай-ақ бөлек сәулет элементтерін жарықтандыру;
-
лимиттеуші көрсеткіш – суда және ауада бір мезгілде бірнеше заттардың болуын көрсететін көрсеткіш;
-
жергілікті жарықтандыру – тікелей жұмыс орындарында жарық ағынын шоғырландыратын, жалпыға қосымша шамдармен жасалатын жарықтандыру;
-
халықтың көпшілік демалыс орындары - қалалар құрылысының жоспарында, аудандық жоспарлау және қала маңындағы аймақты дамыту схемаларында, курорттарды, санаторийлерді, демалыс үйлерін, пансионаттарды, туризм базаларын, саяжай учаскелерін, халықтың ұйымдастырылған демалыс орындарын орналастыру аймақтарында (қалалық жағажайлар, саябақтар, спорттық базалар және олардың ашық ауадағы құрылыстары) бөлінген аумақтар;
-
қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына мүмкіндік тудыратын метеорологиялық жағдайлар;
-
жылыту микроклиматы – килограммға шаққандағы 0,87 килоджоуль (бұдан әрі – кДж/кг) оңтайлы мөлшердің ағзадағы жылудың жиналуы сыртқы шекарадан артық болумен айқындалатын адамның қоршаған ортамен жылу айналымының бұзылуы орын алған кездегі микроклимат параметрлерінің (температура, ылғал, жылдамдық, ауа қозғалысының жылдамдығы, салыстырмалы ылғалдық, жылу шығару) үйлесімі немесе жылу теңгерімінің жалпы құрылымында тердің 30% артық бөлінуі, жалпы және жергілікті қолайсыздық сезіну (сәл жылы, жылы, ыстық) пайда болуы;
-
әсер етудің шамалық қауіпсіз деңгейі (бұдан әрі – ӘШҚД) – өнеркәсіптік объектілерді жобалау мақсаты үшін есептеу әдісімен белгіленетін, атмосфераны ластайтын заттарға арналған уақытша гигиеналық норматив;
19) жарықтанғандық – берілген беттің алаңына, бетке түсетін жарық ағыны ретінде анықталатын жарық ағынының беттік тығыздығы (жарықтанғандықтың бірлігі – люкс (бұдан әрі - лк);
-
оңтайлы микроклиматтық жағдай – адамға ұзақ және жүйелі түрде әсер ету кезінде организмнің қалыпты жылу сақтау мүмкіндігін қиналмай қамтамасыз ететін микроклимат параметрлерінің жиынтығы;
21) салқындату микроклиматы – «ядроның» температурасы немесе дененің «қабығы» («ядро» температурасы немесе дененің «қабығы» – тиісінше ағза талшықтарының терең және беткі қабаты) төмендеу нәтижесінде ағзада жылудың жалпы және жергілікті тапшылығының 0,87 кДж/кг кем түзілуіне әкелетін ағзадағы жылу айналымының өзгеруінің орын алуы кезіндегі микроклимат параметрлерінің үйлесімі.
-
атмосфералық ауаны қорғау – адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға оның зиянды әсерін болдырмау мақсатында атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық және техникалық шаралар жүйесі;
-
ластаушы заттың атмосфералық ауадағы рұқсат етілген шекті шоғырлануы (бұдан әрі - РЕШШ) – ұрпақтың қазіргі немесе келешек өміріне тікелей немесе жанама қолайсыз әсер етпейтін, адамның еңбек қабілетін төмендетпейтін, оның өзін-өзі жақсы сезінуін және өмірінің санитариялық-тұрмыстық жағдайын нашарлатпайтын шоғырлану;
-
рұқсат етілген шекті шығарынды (бұдан әрі – РЕШШ) – өнеркәсіптік ұйымдардың даму перспективасын және зиянды заттардың атмосферада таралуын есепке ала отырып, осы көздің және қала немесе елді мекен көздері жиынтығының зиянды заттары шығарындылары олардың рұқсат етілген шекті шоғырлануынан асатын жердің шоғырлануын құрмаған жағдайда атмосфераны ластау көзінің әрқайсысы үшін белгіленетін шығарынды;
-
тұрақты жұмыс орны – жұмыс уақытының 50 пайызынан (бұдан әрi – %) көбін немесе 2 сағаттан (бұдан әрі – сағат) көп үздіксіз жұмыс істейтін орын. Жұмыс, егер жұмыс аймағының әртүрлі пункттерінде жүргізілсе, тұрақты жұмыс орны деп барлық жұмыс аумағы саналады;
26) өндірістік үй-жайлар – тұрақты түрде (ауысым бойынша) немесе мезгіл-мезгіл (жұмыс күнінің ішінде) адамдар жұмыс атқаратын арнайы салынған ғимараттар мен құрылыстардағы тұйық кеңістік;
-
«жел тармағы» – көп жылғы бақылаулар бойынша белгіленген орында желдің режимін сипаттайтын векторлық диаграмма;
28) жұмыс аймағы – тұрақты түрде немесе уақытша жұмыскерлер болатын өндірістік үй-жайлар кеңістігі;
-
румб – дүниенің тараптарына қатысты көрінетін көкжиектің нүктелеріне қарай бұрышы (бағыты);
-
қоныстану аумағы – тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскерлік) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көліктік инфрақұрылымның жекелеген бөліктерін, орналасуы және қызметі арнайы санитариялық-қорғаныш аймағын талап ететін әсерді тигізбейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
-
сыртқы ауаның тәулік бойындағы орташа температурасы – тәулік ішіндегі белгілі бір сағаттарда, бірдей уақыт аралығынан кейінгі сыртқы ауа температурасының орташа деңгейі. Ол метеорологиялық қызметтің деректері бойынша қабылданады;
-
жылдың жылы кезеңі – сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының 10 градус Цельсийден (бұдан әрі – +°С) жоғарылығын сипаттайтын жыл кезеңі;
-
ортаның жылу жүктемесі (бұдан әрі – ОЖЖ) – °С бір сандық көрсеткішпен сипатталған микроклимат параметрлерінің (температура, ылғал, ауа қозғалысының жылдамдығы, жылу шығару) адам ағзасына үйлесімді әсері;
-
трансформация – химиялық заттардың өзгеру процесі;
-
фондық ластану – атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілер шығаратын заттармен атмосфералық ауаның ластануы;
-
жылдың суық кезеңі – сыртқы ауаның тәуліктік температурасы +10°С тең және төмендігін сипаттайтын жыл кезеңі;
-
акустикалық шу – амплитуда мен жиіліктің өзгерулерімен сипатталатын әртүрлі физикалық факторлардың ретсіз дыбыстық тербелістері;
-
толық емес жинақтаудың әсері – жинақталған әсер компоненттер әсерінің қосындысынан төмен болған кезде бірнеше заттардың әсер ету феномені;
-
толық жинақтаудың әсері (аддитивті күш) – қоспаның жинақталған әсері компоненттер күші әсерінің қосындысына тең болатын бірнеше заттардың әсер ету ерекшелігі;
-
әлеуеттендіру әсері – жинақтау кезіндегіден көп күші бар әсердің күшеюі.
2. Атмосфералық ауаға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Объектілерді орналастыру, жобалау, қайта жаңарту, салу, техникалық қайта жабдықтау атмосфералық ауа жағдайына объектілердің әсер етуінен қорғау бойынша іс-шаралар көзделетін жобалау құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілерді орналастырумен, жобалаумен, салумен, қайта жаңартумен, техникалық қайта жабдықтаумен және пайдаланумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар осы Санитариялық қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
4. Атмосфералық ауаны зиянды, қауіпті заттармен ластанудан және атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер етуден қорғауға бағытталған іс-шаралар мынадай құжаттамада:
1) өндірістік күштерді дамытудың және орналастырудың схемасында;
2) өнеркәсіп салаларын дамыту және орналастыру схемасында (салалық схемалар);
3) экономикалық аудандар бойынша өндірістік күштерді дамыту және орналастыру схемасында (аумақтық схемалар);
4) объектілер құрылысының мақсатқа сәйкестігінің техникалық-экономикалық негіздемесінде (бұдан әрі – ТЭН);
5) қала құрылысы құжаттамасының қоршаған ортаны қорғау бөлігінде көзделеді.
5. Жаңа және қайта жаңартылған объектілерді орналастыру, жобалау, салу, техникалық қайта жабдықтау және пайдалану барысында аз қалдықты және қалдықсыз технологияны пайдалану, табиғи ресурстарды кешенді пайдалану арқылы ластаушы заттарды шығаруды барынша азайту, зиянды шығарындылар мен қалдықтарды ұстау және кәдеге жарату, сондай-ақ атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсерді төмендету бойынша шаралар қабылданады.
6. Қабылданатын шаралар (осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымша сәйкес) қоныстану аумағының атмосфералық ауасындағы ластаушы заттардың РЕШШ және халықтың көпшілік демалыс орындарында – 0,8 РЕШШ-ды сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
7. Зиянды заттар мөлшері олардың жиынтық биологиялық әсер етуін немесе қолданыстағы, салынып жатқан және құрылысы жоспарланған объектілердің шығарындыларымен ластану үдерісінде атмосферадағы заттардың трансформациялану өнімдерін есепке ала отырып бағаланады.
8. Пайдаланылуы атмосфералық ауаға зиянды заттарды бөлумен қоса жүретін объектілердің құрылысына арналған алаңды таңдау қалалардың және басқа да елді мекендердің өнеркәсіптік аймақтарында жоспарлау немесе құрылыс жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Жаңа объектілерді салуға және қолданыстағы объектілерді кеңейтуге арналған алаң аэроклиматтық сипаттаманы, жер бедерін, атмосфералық ауаның фондық ластануы туралы деректерді есепке ала отырып таңдалады. Осы Санитариялық қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес қанағаттанарлықсыз аэроклиматтық жағдайлары бар алаңдарға бірінші және екінші сынып объектілерін орналастыруға тыйым салынады.
10. Алаңды таңдау сатысында атмосфералық ауаны қорғау бойынша мынадай материалдар қажет:
1) физикалық-географиялық және аэроклиматтық жағдайлар, жер бедері ерекшеліктерін, атмосфералық ауаның фондық ластануы туралы деректерді есепке ала отырып, құрылысқа арналған ауданды, пунктті, алаңды (трассаны) таңдау негіздемесі;
2) олар үшін РЕШШ немесе ӘШҚД көрсете отырып атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың тізбесі.
ӘШҚД үшін (осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымша) мерзімі РЕШШ бекітілгенге дейін оның ғылыми негіздемесі бойынша белгіленеді. Тізбеге нормативі (РЕШШ немесе ӘШҚД) жоқ заттарды енгізуге тыйым салынады;
3) атмосфераға ластаушы заттар шығарудың сандық және сапалық сипаттамасы;
4) ластанудың алдын алу және өндіріс қалдықтарын пайдалану жөніндегі жоспарланған шешімдер;
5) атмосфераға зиянды заттарды апаттық және дүркін шығару ықтималдығы туралы деректер;
6) санитариялық-қорғаныш аймағын ұйымдастыру және оның көлемдерінің негіздемесі;
7) қолданыстағы (фондық ластану), салынып жатқан және құрылысы жоспарланған объектілерді ескере отырып атмосфералық ауаның күтілетін (болжанатын) ластануын есептеу;
8) табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі және атмосфералық ауаның ластануынан келтірілген экономикалық залалды бағалау;
9) графикалық материалдар: қолданыстағы, салынып жатқан және құрылысы жоспарланған объектілер көрсетілген, орташа жылдық және маусымдық «желдің тармағы», жекелеген румбтар желінің жылдамдығы, санитариялық-қорғаныш аймақтарының көлемдері, атмосфералық ауаның қазіргі және күтілетін ластануы туралы деректер берілген азаматтық тұрғын үй құрылысының қолданыстағы және перспективалық аудандары көрсетілген ахуалдылық жоспар схемалары; атмосфераға шығарындылар көздері белгіленген, құрылысы жоспарланған объект алаңының бас жоспары.
11. Жаңа объектілерді салу, қолданыстағы объектілерді қайта жаңарту немесе техникалық қайта жабдықтау жобаларында мыналар:
1) қалдықсыз және аз қалдықты технологиялық үдерістер;
2) табиғи ресурстарды кешенді қайта өңдеу;
3) шығарындылар мен қалдықтарды ұстауды, кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды қамтамасыз ететін өндірістік және санитариялық-техникалық жабдықтар немесе атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын толығымен болдырмау;
4) ұйымдастыру іс-шаралары (газ тазартатын және шаң ұстайтын құрылыстарды пайдалану қызметтерін, ұйымның әсер ету аймағындағы зиянды заттардың құрамын және шығарындыларды бақылау зертханаларын құру, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардағы немесе апаттық жағдайлардағы іс-шаралар) көзделеді.
12. Атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілер үшін санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан әрі - СҚА) ұйымдастырылады.
13. Жобалау-сметалық құжаттама мыналарды:
1) құрылыс ауданының, алаңының физикалық-географиялық жағдайларының сипаттамасын және оларды жобалау кезінде есепке алуды;
2) ластаушы заттардың түзілуі мен бөлінуін азайту бөлігінде өндірістің технологиясы бойынша қабылданған жобалық шешімдер негіздемесін;
3) атмосфераға шығарындыларды тазалауға арналған жабдықтар мен аппаратураны таңдау негіздемесін;
4) ластаушы заттардың апаттық және бір дүркін шығуын болдырмау жөніндегі ұсыныстарды;
5) қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ластаушы заттардың шығуын азайту жөніндегі іс-шаралар негіздемесін;
6) жекелеген цехтар, өндірістер, құрылыстар бойынша атмосфераға шығатын зиянды заттардың сапалық және сандық сипаттамасын, РЕШШ есептеулерін;
7) атмосфералық ауаның ластануының қолда бар деңгейлері туралы деректерді (фондық шоғырланулар);
8) ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды және СҚА-ны абаттандыруды;
9) объект орналасқан аудандағы атмосфералық ауаның ластануын есептеу материалдары мен оны талдауды (трансформациялану өнімдерін ескере отырып);
10) атмосфералық ауаны ластанудан қорғау бойынша іс-шараларды іске асыруға шығындар есебін;
11) ауаны қорғау іс-шараларын жүзеге асырудың экономикалық тиімділігін есептеу нәтижелері мен атмосфералық ауаның ластануымен келтірілген залалды бағалауды;
12) құрылыстар мен іске қосу кешендерін пайдалануға енгізу кезектілігін;
13) шығарындылардың мөлшерін және құрамын бақылау тәсілдерінің сипаттамасы мен негіздемесін;
14) атмосфералық ауаны ластанудан қорғау жөніндегі қабылданған шешімдерді жүзеге асыру үшін орындалуы қажет ғылыми-зерттеу, эксперименттік және тәжірибелік жұмыстардың тізбесі мен сипаттамасын және оларды орындау мерзімдерін қамтиды. ӘБҚД-ның орнына РЕШШ-ты әзірлеуге қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстары жобалау-сметалық құжаттама бекітілгенге дейін енгізіледі және осы жұмыстарды орындаушымен жасалған шартпен расталады;
15) графикалық материалдарды: СҚА, қолданыстағы, салынып жатқан және құрылысы жоспарланған объектілер, қоныстану аумағы, демалыс аймағы, санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар көрсетілген ауданның ахуалдық жоспарын; атмосфераға шығарындылар көздері белгіленген объектінің құрылысы жоспарланған алаңның бас жоспарын; СҚА ұйымдастыру және абаттандыру бойынша графикалық материалдарды;
16) қосымшалар: құрылысқа арналған алаңды таңдау жөніндегі актіні; биік мұржалар жобаланған жағдайда азаматтық авиацияның аумақтық басқармасының қорытындысын қамтиды.
Энергетикалық объектілерде биіктігі 250 метрден артық мұржаларды, ал басқа өндірістерде биіктігі 200 метрден артық мұржаларды тек тиісті уәкілетті органдардың келісімі бойынша ғана пайдалануға жол беріледі.
14. Салынып жатқан объектінің тапсырыс берушісі (салушы) құрылысты қаржыландыру басталғанға дейін бір ай қалғанда тиісті аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға объектінің алдағы құрылысы туралы хабарлайды және жобаның барлық қажетті бөлімдерін уақытша пайдалануға ұсынады.
15. Жабдықты кешенді сынауды жүзеге асырған кезде тапсырыс беруші ластанудың барынша көп болжалды деңгейіне сәйкес келетін нүктелердегі ауаның сапалық және сандық ластануын анықтау мақсатында зертханалық зерттеу жүргізуді қамтамасыз етеді.
16. Атмосфералық ауаны ластау көздері болып табылатын объектілердің басшылары:
1) ластаушы заттар шығарындыларын төмендетуге, шығарындыларды тазалауға арналған құрылысты, жабдықтарды және аппаратураны тиімді, үздіксіз пайдалануға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуі;
2) атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың мөлшеріне және құрамына бақылауды, тұрақты есепке алуды жүзеге асыруы;
3) қоныстану аумақтардың атмосфералық ауасының ластануына бақылауды қамтамасыз етуі;
4) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде белгіленген ластаушы заттардың тізбесін, алыну кезеңділігі мен нүктелерін анықтауы;
5) технологиялық процестердің немесе жабдықтардың барлық өзгерістеріне (өндірістік қуатты арттыру, өндіріс процестерін қарқындату және бекітілген жобадан басқа да ауытқулар) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болуы;
6) елді мекендер атмосфералық ауасының белгіленген нормативтерден (РЕШШ немесе 0,8 РЕШШ) асатын ластануының алдын алу бойынша шаралар қабылдауы;
7) объектілерде СҚА-ны жобалау және абаттандыру бойынша жұмыстарды қамтамасыз етуі;
8) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына атмосфералық ауаға зиянды дүркін шығарындылардың барлық жағдайлары туралы хабарлауы;
9) апаттық жағдайларды жою, олардың пайда болуының алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуі тиіс.
17. Мыналарға:
1) шығарындыларды тазалауға арналған құрылыстарды, жабдықтарды және аппаратураны бір уақытта қайта жаңартылмастан, зиянды заттар шығарудың көлемін ұлғайтумен қоса жүретін технологиялық жабдықтардың өнімділігін арттыруға;
2) елді мекендердің атмосфералық ауасына РЕШШ немесе ӘБҚД белгіленбеген зиянды заттарды шығаруға тыйым салынады.
3. Адамға әсер ететін физикалық факторлардың
көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
18. Компьютерлер мен бейнеотерминалдарды қоспағанда адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық талаптар белгіленеді.
19. Организмнің жалпы қуат бөлу мүмкіндігіне қарай атқарылатын жұмыстар ауырлығы бойынша мынадай санаттарға бөлінеді:
1) І санат (жеңіл күш жұмсау арқылы атқарылатын жұмыстар):
І а санаты – отырып атқарылатын және күш жұмсауды қажет етпейтін, сағатына 120 килокалорияға (бұдан әрі – ккал/сағ) дейін қуат жұмсалатын қызмет түрлер;
1 б санаты – отырып, тұрып атқарылатын немесе жүрумен байланысты және кейбір жағдайларда күш жұмсау арқылы сағатына 120-дан 150-ге дейін ккал. қуат жұмсайтын қызмет түрлері;
2) II санат (орташа ауырлықта күш жұмсалатын жұмыстар):
II а санаты – жүріп атқарылатын, 1 килограмға (бұдан әрі – кг) дейінгі ұсақ бұйымдар мен заттарды тұрып немесе отырып орын ауыстырумен және белгілі бір мөлшерде күш жұмсауды қажет ететін жұмыс түрлері. Қуат шығыны сағатына 150-ден 200 ккал дейін құрайды.
II б санатына – тұрып атқарылатын, жүрумен байланысты 10 кг дейін шамалы ғана ауырлықты тасымалдаумен орташа күш жұмсалатын жұмыс түрлері. Қуат шығыны сағатына 200-ден 250 ккал. дейін құрайды.
3) ІІІ санат (ауыр жұмыстар) – тұрақты түрде қимылдау, қозғалу арқылы 10 кг жоғарғы салмақ тасу және үлкен күш жұмсауды талап ететін жұмыс түрі. Қуат шығыны сағатына 250 ккал асып түседі.
20. Өндірістік үй-жайлардың сипаттамасы, ондағы атқарылатын жұмыстарға, жұмсалатын қуатқа және талаптарына сай болғанда және жұмыс істейтіндердің 50% артығы осындай тиісті үй-жайларда істегенде беріледі.
21. Жабық өндірістік үй-жайдағы метеорологиялық жағдайларды (микроклиматты) сипаттайтын көрсеткіштері болып мыналар саналады: ауаның температурасы, жұмыс істейтін беттің температурасы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу беру қарқындылығы.
22. Микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштері өндірістік үй-жайлардың жұмыс орындарына тұрақты және тұрақсыз көрсеткіштер болып бөлінбей-ақ барлық жұмыс аумағына таралады. Рұқсат етілген көрсеткіштер жұмыс аймағының тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарына белгіленеді. Өндірістік үй-жайлардың жұмысшы аймағындағы микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген көрсеткіштерін осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген шамаға сәйкес келуі керек.
23. Микроклиматтың оңтайлы көрсеткіштерін қамтамасыз еткен кезде конструкциялардың, жұмыс аймағының (қабырға, еден, төбе) қоршайтын немесе қорғайтын қондырғылардың (экрандар және тағы басқалар) ішкі беттерінің температурасы, сондай-ақ технологиялық құрал-жабдықтардың сыртқы беттерінің температурасы осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшадағы жекелеген жұмыс санаттары үшін белгіленген ауа температурасының оңтайлы шамасының шегінен 20С-тан аспауы тиіс.
24. Қоршалатын конструкциялардың ішкі беттерінің температурасы жұмыс орнындағы ауадағы температураның оңтайлы төмен немесе жоғары болса, жұмыс орны ол жерден кемінде 1 м қашықтықта алыстатылуы тиіс. Ауа температурасының жұмыс аймағындағы биіктік және өн бойындағы өлшемдері бойынша және ауысым барысындағы өзгеруі кейбір санаттағы жұмыскерлер үшін, осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген оңтайлы температура шегінен шықпауы тиіс.
25. Микроклиматтың көрсеткіштерінің рұқсат етілген шамасын қамтамасыз ету кезінде жұмыс аумағын қоршайтын конструкциялардың (қабырға, еден, төбе) немесе құрылғылардың (экрандар және басқалар) ішкі беттеріндегі температура ауа температурасының рұқсат етілген шамасының шегінен шықпауы тиіс. Жұмыс аймағындағы ауа температурасының ауысуы жұмыстың барлық санаттары үшін жұмыс аймағының биіктігі бойынша 30С дейін жол беріледі.
26. Температураның өзгеруі ауысым ішінде әртүрлі биіктікте, әртүрлі үй-жайларда өлшеніп, осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген мөлшерден аспауы үшін жұмыс аумағының жазықтығы бойында, сонымен қатар жеңіл жұмыстар үшін 40С дейін, орта ауыртпалықтағы жұмыстар үшін 50С дейін, ал ауыр жұмыстар үшін 60С дейін өзгертуге жол беріледі.
27. Бөлмедегі жылыту микроклиматын (жыл мезгіліне қарамастан), және де жылы мезгілде ашық аумақта микроклиматты бағалау үшін осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшада белгіленген интегралды көрсеткіш ОЖӘ –индексі қолданылады.
28. Сыртқы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары аудандарда орналасқан өндірістік үй-жайларда, жылдың жылы мезгілінде тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарында ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылатуға жол беріледі, бірақ оның мөлшері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ауаның әртүрлі температуралық параметріне сай көрсетілген рұқсат етілген деңгейдің 10% аспауы керек.
29. Үй-жайларда жүйке-эмоциялық кернеумен байланысты операторлық жұмыстарды орындаған кезде ауа температурасының +22+24С, салыстырмалы ылғалдылық 60-40% және қозғалыс жылдамдығы секундына 0,1 метрден аспауы сақталады.
30. Жылдың қыс мезгілінде микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілетін көрсеткіштерін қамтамасыз ету кезінде жұмыс орындарын терезе шыныларынан келетін суықтан, ал жылдың жаз мезгілінде күн сәулесінің түсуінен қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделуі қажет.
31. Технологиялық жабдықпен, жарық беретін құралдармен жұмыс істеушілерді жылумен сәулелендіру қарқындылығы, тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарындағы инсоляция дененің 50% және одан да көп мөлшері сәулеленген кезде 1 шаршы метрге 35 ваттан (бұдан әрі – Вт/м2) аспауы тиіс, дененің 25-тен 50% дейінгі мөлшері сәулеленген кезде – 70 Вт/м2, дененің сәулелену мөлшері 25%-дан аспаған кезде – 100 Вт/м2.
32. Ашық жылу көздерінен (қыздырылған металл, шыны, "ашық жалын") жұмыскерлердің жылумен сәулелену қарқындылығы дененің 25%-дан аспай сәулеленген кезде және жеке қорғаныш құралдарын, оның бет пен көздің қорғаныш құралдарын міндетті түрде пайдалану кезінде 140 Вт/м2 аспауы тиіс.
33. Бұл ретте тұрақты жұмыс орындарындағы ауаның температурасы жылдың жылы кезеңі үшін осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген оңтайлы мәндердің жоғарғы деңгейі; тұрақты емес жұмыс орындарында – тұрақты жұмыс орындары үшін рұқсат етілген мәндердің жоғарғы деңгейінен аспауы тиіс.
34. Жұмыскерлерге жылыту көздердің әсері болған жағдайда жұмыс орындарда ауаның температурасы жұмыстың санатына байланысты мынадай шамадан: Iа жұмыс санатында +25°С, Iб жұмыс санатында +24°С, IIа жұмыс санатында +22°С, IIб жұмыс санатында +21°С, III жұмыс санатында +20°С. аспауы тиіс.
35. Сыртқы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары аудандарда орналасқан өндірістік үй-жайларда, жылдың жылы кезеңінде, тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарында ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жоғарылатуға жол беріледі, бірақ оның мөлшері осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген ауаның әртүрлі температуралық параметріне сай көрсетілген рұқсат етілген деңгейдің 10% аспауы керек.
36. Бұл ретте жылдың жылы кезеңінде ауаның рұқсат етілген температурасының жоғары деңгейін тұрақты және тұрақсыз жұмыс орындарында арттыруға жол беріледі, бірақ жеңіл жұмыс кезінде сәйкесінше +31+320С, орташа ауырлықтағы жұмыс кезінде +30+310С, ал ауыр жұмыс кезінде +29+300, ал ауаның қозғалыс жылдамдығы секундына 0,1 метрге артуы, салыстырмалы ылғалдылығы рұқсат етілген жоғарғы деңгейден басталатын әрбір жоғарылаған градус үшін 5% төмендеуі тиіс.
37. Технологиялық талаптарды және техникалық жолмен оларды орындауға мүмкіндіктер болмайтындықтан, соның салдарынан микроклиматтың рұқсат етілген нормативтік деңгейін белгілеу мүмкін емес өндірістік үй-жайларда жұмыскерлерді ыстықтан немесе суықтан (жергілікті ауаны тоңазыту, арнайы киімдерді қолдану, жұмыс уақыты мен демалу мөлшерін реттеу) қорғау жөніндегі іс-шаралар көзделуі тиіс. Ыстықтан болатын жарақаттардың алдын алу мақсатында қоршау құрылғыларының температурасы +450С аспауы тиіс.
38. Жұмыс орындары өте тығыз орналасқан үй-жайларда жергілікті жылу, суық немесе ылғалды көздер болмаған кезде температураны, салыстырмалы ылғалдылықты, ауаның жылжу жылдамдығын өлшеу учаскелері осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үй-жай бойынша біркелкі таралады.
39. Жұмыс орындарында болу уақытының рұқсат етілген жоғары немесе төмен деңгейіндегі ауа температурасы кезінде осы Санитариялық қағидаларға 5- қосымшаның 1 және 2-кестелеріне сәйкес белгіленеді.
40. Шу спектрінің сипаттамасы бойынша:
1) кең белдеулі, үздіксіз спектрлі, ені бір октавадан артық;
2) үндес, спектрінде айқын дискреттік үні бар деп бөлінеді.
41. Шудың үндес сипаты бір жолдағы дыбыстық қысым деңгейінің көрші жолдағыдан 10 дБА-дан аз емес жоғарылауы бойынша үшінші-октавалық жолақтардағы жиіліктерді өлшеумен белгіленеді.
42. Шу уақытша сипаттамалары бойынша:
1) тұрақты, қолданыстағы стандартқа сәйкес шу өлшегіштің «баяу» деген уақытша сипаттамасындағы өлшеулерде 8 сағаттық жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақытпен 5дБА-дан артық емес өзгереді;
2) тұрақты емес, қолданыстағы стандартқа сәйкес шу өлшегіштің «баяу» деген уақытша сипаттамасындағы өлшеулерде 8 сағаттық жұмыс күнінде дыбыс деңгейі уақытпен 5дБА-дан артық өзгереді деп бөлінеді.
43. Тұрақты емес шу:
1) тербелмелі – шу, дыбыс деңгейі үздіксіз белгілі заңдылықсыз уақытпен өзгереді;
2) үзік – шу, дыбыс деңгейі 5 дБА-ға сатылы және аралығының ұзақтығы 1 секундтан артық (бұдан әрі – сек) өзгереді, ол уақытта деңгейі тұрақты болып қалады;
3) импульсты – бір немесе бірнеше дыбыстық дабылдан тұратын, ұзақтығы 1 секундтан аз шу. Онда, шу өлшегіштің – «импульс» және «баяу» деген уақытша сипаттамаларына сәйкес өлшенген, дыбыстың импульстық деңгейі дБA I және дБА 7 дБА-дан аз ерекшеленеді.
44. L=20 lg х (Р : Ро), формуласы бойынша анықталатын 31,5; 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000 және 8000 герц (бұдан әрі –Гц) орташа геометриялық жиіліктермен октавалық жолақтардағы дБА-дағы L дыбыстық қысымдардың деңгейі жұмыс орындарындағы тұрақты шудың сипаттамасы болып табылады:
мұндағы Р – дыбыстық қысымның орта квадраттық мәні, Паскаль (бұдан әрі – Па);
Ро– дыбыстық қысымның бастапқы мәні. Ауадағы ро=2 х 10-5 Па.
45. Шамамен алынған баға үшін жұмыс орындарындағы тұрақты кең белдеулі шудың сипаттамасы ретінде шу өлшегіштің «баяу» деген уақытша сипаттамасында өлшенген және LA=20 Ig х (РА: Р0_),_формуласы бойынша анықталатын дБА-дағы (бұдан әрі - LA) дыбыстың түзетілген деңгейін қабылдауға рұқсат етіледі. Мұндағы Рa— шу өлшегіштің «А», Па. түзетуін есепке ала отырып, дыбыстық қысымның орта квадраттық мәні.
46. Осы нормативтерге сәйкес анықталатын дБА-дағы дыбыстың эквивалентті (энергиясы бойынша орташаланған) деңгейі интегральды критерийі жұмыс орындарындағы тұрақты емес шудың сипаттамасы болып табылады.
47. Осы нормативтерге сәйкес анықталатын шу мөлшерін немесе шудың салыстырмалы мөлшерін тұрақты емес шудың сипаттамасы ретінде пайдалануға жол беріледі.
Рұқсат етілетін доза өндірістік шудың әсер етуінің 8 сағаты үшін оның рұқсат етілетін деңгейіне немесе күндізгі уақыттың 8 сағаты ішіндегі өндірістен тыс шудың рұқсат етілген деңгейі немесе түнгі уақыттың 8 сағатының деңгейі сәйкес келгенде 1 дозаға тең. Өндірістік және өндірістен тыс шудың жиынтық әсер етуін бағалау үшін орташа тәуліктік доза пайдаланылады.
Шудың дозаларын есептеу осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес дБА немесе дБ Аэкв-дегі дыбыстың нақты және рұқсат етілетін деңгейлері арасындағы айырмашылық бойынша жүргізіледі.
48. Жұмыс орындарындағы шуды өлшеу осы Санитариялық қағидаларға сәйкес орындалуы тиіс.
49. Өндірістік үй-жайлардағы шудың деңгейлерін бөлудің көрнекі графикалық көрінуі үшін шу карталары жасалуы тиіс.
50. Шу жұмыскерлерге қолайсыз әсер еткен кезде шуға қарсы іс-шаралар жүргізіледі.
51. Жұмыскерлердің кез келген октавалық жолақтағы 135 дБА-дан жоғары дыбыстық қысым деңгейі бар аймақтарда болуына рұқсат берілмейді.
52. Нормативті жиілік диапазоны төмендегідей белгіленеді:
1) жергілікті діріл үшін октавты жолақтар түрде орташа геометриялық жиілікте: 8; 16; 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000 Гц;
2) жалпы діріл үшін октавты немесе 1/3 октавты жолақтағы орташа геометриялық жиілікте: 0,8; 1; 1,25; 1,6; 2,0; 2,5; 3,15; 4,0; 5,0; 6,3; 8,0; 10,0; 12,5; 16,0; 20,0; 25,0; 31,5; 40,0; 50,0; 63,0; 80,0 Гц.
53. Қоздыру көзінде дірілді азайту бойынша мынадай негізгі шаралар орындалады:
1) дірілден оқшаулау тіректері арқылы, қатты төсем, конструкциялық үзіліс, резонаторлар, қаптама және басқалардың көмегімен дірілді оқшаулау;
2) қоршау конструкцияларды дірілден оқшаулау, резонансты азайту құрылғыларын ұйымдастыру, қабырғаларды, төбелерді, едендерді өңдеу;
3) компрессорлық құралдарды жабдықтау үшін дірілді оқшаулау фундаменттерін, ауаны желдету мен баптағыш жүйелерін, қондырғыларын қолдану;
4) дірілді акустикалық тұрғыдан өндірістік цехтардың, үй-жайлардың және ғимараттардың тиімді құрылыстық және көлемді-жоспарлау шешімдері;
5) жаңа және қолданыстағы құралдарды, агрегаттарды және жабдықтарды әзірлеу және жаңғырту кезінде оның қоздыру көздеріндегі дірілді төмендеуіне бағытталған конструктивтік және технологиялық іс-шаралар;
6) учаскелер мен цехтарды қайта жаңарту кезінде діріл бермейтін технологиялық процесстер мен агрегаттарды қолдану, станоктар мен жабдықтарды орналастырудың неғұрлым тиімді схемасын пайдалану;
7) машиналардың немесе жабдықтардың жұмысы кезінде туындайтын дірілді конструкциялар мен материалдардың дірілді-демпфирлік қасиеттері мен қаттылығын ұлғайту, төзімділігін және бөлшектердің басқа да қасиеттерін тұрақтандыру арқылы төмендету;
8) жұмыс орындарда тиімді діріл және шу жағдайларын құру бойынша әкімшілік үй-жайларды, ғимараттардағы өндірістік цехтер мен учаскелерді тиімді жобалау.
54. Еңбекте діріл қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешені мыналарды қамтуы тиіс: жұмыскерлерді профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды; діріл қаупі мамандығының адамдары үшін еңбек пен демалыс режимдерін енгізуді және сақтауды; дірілдің әсер ету уақытын шектеуге бағытталған; өндірістік гимнастиканың арнайы кешенін; жеке қорғаныш құралдарын пайдалануды.
55. Діріл беретін қол машиналары мен құралдарды, мақсаты бойынша емес және паспортынан өзгеше режимде және жұмыстан тыс пайдалануға тыйым салынады.
56. Өңдейтін бөлшегі бар қол машинасының салмағы 100 кг аспауы тиіс. Салмағы 60 кг асатын машинаның (ішіне салынатын аспаптың, біріктірілетін тұтқаның, шланганың және басқалардың массасын қоса алғанда) ұстап тұратын құрал-жабдығы болуы тиіс.
57. Қол машиналармен жұмыс жабық жылытылатын үй-жайларда температурасы +16°С төмен емес, салыстырмалы ылғалдылығы 40-60 % және ауа қозғалысының жылдамдығы 0,3 м/с аспайтын кезде жүргізілуі тиіс, бұл ретте сығылған ауаның немесе пайдаланылған булардың шығуы қолға үрленбеуі және жұмыскерлердің тыныс алу аймағын ластамауы тиіс.
58. Дірілі 12 дБ (4,0 есе) асатын және кез келген октавтық жолақтағы дыбыс қысымының дәрежесі 135 дБ жоғары көрсеткіштері бар машиналармен жабдықпен жұмыс істеуге және оларды қолдануға жол берілмейді.
59. Нақты діріл-шу жүктемесін азайту және оның қолайсыз әсерінің алдын алу үшін жұмыскерлер жеке қорғаныш құралдарын пайдалануы тиіс.
60. Жұмыскерге діріл жүктемесінің спектральдық көрсеткіштерінің нормалары осы Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада келтірілген.
61. Өндірістік үй-жайларды табиғи жарықтандыру өндірістік ғимараттардың сыртқы қоршайтын конструкцияларындағы ойықтар арқылы күн сәулесінің түсуі есебінен жүзеге асырылады. Табиғи жарықтандырудың түрлері:
1) жоғарғы – шатыр арқалығындағы жарық фонарлары арқылы;
2) бүйірлік – сыртқы қабырғалардағы терезелер арқылы;
3) құрама – жарық фонарлары мен терезелер арқылы.
Табиғи жарықтандырудың осы немесе өзге жүйелерін пайдалану үй-жайлардың қолданылу мақсаты мен көлемдеріне, оның ғимарат жоспарында орналасуына, сондай-ақ жергілікті жердің климаттық ерекшеліктеріне байланысты.
62. I-III разрядты көру жұмыстары бар өндірістік үй-жайларға біріктірілген жарықтандыру орнату керек. Жұмыс үй-жайдың еденінен әртүрлі деңгейлердегі айтарлықтай көлем бөлігінде және бос жұмыс жерлерінде әртүрлі орналастырылған кеңістікте орындалатын ірі аралық құрастыру цехтарында жоғарғы табиғи жарықтандыруды қолдануға жол беріледі.
63. Адамдар тұрақты болатын үй-жайларда табиғи жарықтандыру болуы тиіс.
64. Жарықты генерациялау қағидатымен ерекшеленетін қызу шамдары және газды-разрядты шамдар жасанды жарықтандыру көздері болып табылады.
65. Жасанды жарықтандыру жұмыс, апаттық, күзет және кезекші деп бөлінеді.
66. Жасанды жарықтандыру жүйелері мыналарға бөлінеді:
1) үй-жайдың барлық алаңы бойынша шамшырақтарды біркелкі орналастырған кезде жалпы бірқалыпты;
2) жабдықтар мен жұмыс орындарын орналастыруды есепке ала отырып шамшырақтарды орналастыру кезінде оқшаулауға;
3) жалпы жарықтандыру жүйесіне – егер жұмыс бекітілген жұмыс орындары болмаған кезде, жабдықтарды жоғары тығыздықта орналастырған кезде, көру жұмыстарының жоғары емес дәлдігі кезінде цехтың кез келген нүктесінде жүргізілсе;
4) жергілікті – тек жұмыс бетін жарықтандыру үшін;
5) құрама – жоғары дәлдікті жұмыстарды орындаған кезде, тік және көлбеу беті бар жабдық кезінде, түсетін жарықты тұрақты өзгертуді талап ететін жұмыс беттерінде пайдаланылады.
67. Шамшырақтар шаң өтпейтін, жабық, судан қорғалған, жарылыстан қорғалған және химиялық белсенді ортаға арналған болуы тиіс.
68. Жұмысшы жарықтандыру барлық өндірістік үй-жайлар, сондай-ақ жұмысқа, адамдардың өтуіне және көлік қозғалысына арналған ашық кеңістіктердің учаскелері үшін көзделеді. Табиғи жарықтандырудың әртүрлі шарттарымен және әртүрлі жұмыс режимдерімен аймақтары бар үй-жайлар үшін осындай аймақтарды жарықтандыруды бөлек басқару қажет.
69. Қажет болғанда жұмыс немесе апаттық жарықтандыру шамшырақтарының бір бөлігі кезекші жарықтандыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
70. Үй-жайлардағы және ғимараттың сыртындағы жарықтандырудың нормаланатын сипаттамалары жұмысшы жарықтандыру шамшырақтары тәрізді қауіпсіздікті жарықтандыру және (немесе) көшіруді жарықтандыру шамшырақтарын олармен бірлескен әрекеттермен қамтамасыз етуі мүмкін.
71. Үй-жайларда I - III, IVа, IVб, IVв, Vа разрядттардағы жұмыстарды орындаған кезде құрама жарықтандыру жүйесі қолданылуы тиіс. Жалпы жарықтандыру жүйесін көздеуге техникалық мүмкіндік болмағанда немесе жергілікті жарықтандыру құрылғысы мақсатқа сай болмағанда рұқсат етіледі, ол мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген жарықтандырудың салалық нормаларымен нақтыланады.
Бір үй-жайда жұмыс және көмекші аймақтар болған кезде жұмыс аймақтарын оқшауланған жалпы жарықтандыру (жарықтандырудың кез келген жүйесінде) және оларды VIIIа разрядына жатқызып, көмекші аймақтарды аз қарқынды жарықтандыру көзделуі керек.
72. Құрама жүйедегі жалпы жарықтандыру шамшырақтарынан түсетін жұмыс бетінің жарықтануы жергілікті жарықтандыру үшін қолданылатын жарықтың көздеріндегі құрама жарықтандыру үшін нормаланатын жарықтандырудың кемінде 10%-ын құрайды. Бұл ретте жарықтандыру разрядты шамдар кезінде кемінде 200 лк, қызу шамдары кезінде кемінде 75 лк құрайды. Құрама жүйедегі жалпы жарықтандырудың жарығы тек негіздеме болғанда разрядты шамдар кезінде 500 лк астамды және қызу шамдары кезінде 150 лк астамды құрайды.
Табиғи жарығы жоқ үй-жайларда құрама жүйедегі жалпы жарықтандыру шамшырақтарынан түсетін жұмыс бетінің жарықтануы бір сатыға көтерілуі тиіс.
73. Ең көп жарықтандырудың ең аз жарықтандыруға қатынасы I - III разрядтардағы жұмыстар үшін люминесцентті шамдар кезіінде 1,3, жарықтың басқа көздері кезінде – 1,5, IV-VII разрядтардағы жұмыстар үшін – 1,5 және сәйкесінше 2,0 аспауы тиіс.
Жарықтандырудың біркелкі еместігі технология шарттары бойынша жалпы жарықтандыру шамдарын алаңдарда, колонналарда немесе үй-жайлардың қабырғаларына орнатуға болатын жағдайларда ғана 3,0-ге дейін жоғарылатуға рұқсат етіледі.
74. Өндірістік үй-жайлардағы жұмыс жүргізілмейтін өткелдер мен учаскелердің жарықтандырылуы жалпы жарықтандыру шамшырақтарынан түсетін нормаланатын жарықтандырудың 25%-нан асырмай, бірақ разрядты шамдар кезінде кемінде 75 лк және қызу шамдары кезінде кемінде 30 лк құрауы тиіс.
75. Толық автоматтандырылған технологиялық үдерісі бар цехтарда жабдықтардың жұмысын бақылау үшін жарықтандыру, сондай-ақ жөндеу-реттеу жұмыстары кезінде қажетті жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жалпы және жергілікті қосымша қосылатын шамшырақтар көзделуі керек.
76. Жалпы жарықтандыру (жарықтандыру жүйесіне қарамастан) шамшырақтарынан түсетін шағылысу көрсеткіші осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген мәндерден аспауы тиіс.
Ұзындығы шамшырақтардың еденнен аспалы ілінуінің қос биіктігінен аспайтын үй-жайлар үшін, сондай-ақ адамдар уақытша болатын үй-жайлар үшін және өтуге немесе жабдықтарға қызмет көрсетуге арналған алаңдар үшін шағылысу көрсеткіші шектелмейді.
77. Жұмыс орындарын жергілікті жарықтандыру үшін жарық түсіретін шағылдырғыштары бар шамшырақтар пайдаланылуы керек. Шамшырақтар олардың жарық түсіретін элементтері жарықтандырылатын жұмыс орнында және басқа жұмыс орындарында жұмыскерлердің көзіне түспейтіндей орналастырылуы тиіс.
Жұмыс орындарын жергілікті жарықтандыру жарықтандыруды реттеуіштермен жабдықталады.
78. Ажыратудың үш өлшемді объектілері бар көру жұмыстарын жергілікті жарықтандыру:
1) фонның диффузиялы шағылысуы кезінде — оптикалық ось тігіне кемінде 30° бұрышқа жұмыс орнының орталығына бағытталған кезде оның жұмыс бетінің үстіне орналасу биіктігіне жарық түсетін бетінің ең үлкен сызықтық өлшемінің қатынасы кемінде 0,4 құрайтын шамшырақпен;
2) фонның бағытты-шашыраңқы және аралас шағылысу кезінде оның жұмыс бетінің үстіне орналасу биіктігіне жарық түсетін бетінің ең кіші сызықтық өлшемінің қатынасы кемінде 0,5, ал оның жарықтығы – 2500-ден 4000 кд/м2 дейінгі шамшырақпен орындалуы керек.
79. Жұмыс орнының жарықтығы осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген мәндерден аспайды.
80. Өндірістік ғимараттардың үй-жайларын біріктірілген жарықтандыруды:
1) I-III разрядтардағы жұмыстар орындалатын үй-жайлар үшін;
2) КЕО нормаланған мәнін (ені үлкен көп қабатты ғимараттар, ені үлкен аралықтар бар көп аралықты бір қабатты ғимараттар) мүмкіндік бермейтін көлемді-жоспарлау шешімдері талап етілетін құрылыс орындарындағы өндірістің немесе климатты ұйымдастыру, технологиясының шарттары, сондай-ақ біріктірілген жарықтандырудың табиғимен салыстырғанда техникалық-экономикалық мақсатқа сәйкестігі тиісті есептермен расталған жағдайларда өндірістік және басқа да үй-жайлар үшін;
3) белгіленген тәртіппен бекітілген өнеркәсіптің жекелеген салаларының ғимараттары мен құрылыстарын құрылыстық жобалау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес көздеу керек.
81. Өндірістік инфрадыбысты гигиеналық бағалауды өлшеуді жүргізу үшін машиналардың, жабдықтардың шу спектрлерінде гигиеналық нормативтер және технологиялық үдерістер мен құрылыс белгілері белгіленген:
1) айналымдары, жүрістері немесе соққылары (1200 мин/айн. және одан аз жұмыс жиілігімен поршеньді компрессорлар және діріл алаңдары) салыстырмалы түрде төмен жұмыс түрі кезінде машиналардың жоғары ішінара қуаты;
2) үлкен қуаттылықта немесе шикізаттың үлкен массаларында (тау-кен өндіру өнеркәсіптеріндегі мартендер және металлургиялық сипаттағы конвертерлер) технологиялық үдерістердің біркелкі еместігі немесе цикльдігі;
3) газдар немесе сұйықтардың (газды-динамикалық немесе химиялық қондырғылар) қуатты ағындарының флюктуациясы;
4) көлік және құрылыс жол машиналары;
5) шу көздерінің (әкімшілік үй-жайлардың өндірістік үй-жайлармен аралас орналасуы) аражабындарын немесе қоршауларының үлкен алаңдары;
6) тұйық, дыбыс оқшаулау көлемдерінің болуы (операторлардың бақылау кабиналары) болуы;
7) жоғары жиіліктердегі тиімді шуды сіңіру және дыбыс оқшаулау үшін материалдарды қолдану.
82. Инфрадыбыстың спектрінің сипаттамасы бойынша:
1) ені бір октавадан астам үздіксіз спектрі бар кең жолды инфрадыбыс;
2) спектрінде естілетін дискретті құрамдастары бар үндес инфрадыбыс болып бөлінеді. Инфрадыбыстың гармониялық сипаты бір жолақтағы деңгейін көрші жолақтағы деңгейден кемінде 10 дБ деңгейге арттыру бойынша жиіліктердің октавалық жолақтарында белгіленеді.
83. Инфрадыбыс уақытша сипаттамаларына бойынша:
1) «баяу» деген уақытша сипаттамада шу өлшегіштің «желілік» деген шкаласы бойынша өлшеу кезінде бақылау уақыты ішінде 2 реттен көп өзгермейтін (6дБ) тұрақты инфрадыбысқа, дыбыстық қысымының деңгейіне;
2) «баяу» деген уақытша сипаттамада шу өлшегіштің «желілік» деген шкаласы бойынша өлшеу кезінде бақылау уақыты ішінде кемінде 2 рет өзгеретін (6дБ) аз тұрақты емес инфрадыбысқа, дыбыстық қысымының деңгейіне бөлінеді.
84. 2, 4, 8, 16, 32,5; 63 Гц ортагеометриялық жиіліктері бар октавалық жолақтардағы LА, дБ, дыбыстық қысымның деңгейі тұрақты инфрадыбыстың нормаланған параметрлері болып табылады.
85. Lэкв, дБ дыбыстық қысымның эквивалентті (энергия бойынша) деңгейі тұрақты емес инфрадыбыстың нормаланған параметрлері болып табылады.
86. Инфрадыбыстың деңгейлерінің рұқсат етілетін мәні осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.
87. РЕШШ барынша бір мерзімдік және орта ауысымдық нормативтер түрінде белгіленеді.
Көбінесе созылмалы уыттануды тудыруы (фиброген шаңдары, металлдарды дезинтеграциялау аэрозольдері және басқалар) мүмкін заттар үшін орта ауысымдық РЕШШ белгіленеді. Жіті бағытталған уытты әсері бар (ферментті, қоздырғыш улар және басқалар) заттар үшін барынша бір мерзімдік шоғырланулар белгіленеді. Әсері кезінде созылмалы уыттану да, жіті уыттану да дамуы мүмкін заттар үшін барынша бір мерзімдік және орта ауысымдық РЕШШ-пен қатар белгіленеді.
88. Орташа ауысымдық РЕШШ –жұмыс ауысымының ұзақтығы кемінде 75% жиынтық уақыты кезінде ауаның сынамасын үздіксіз неме үзілісті алу кезінде алынған орташа шоғырлану немесе кемінде 3 ауысым ішінде олардың тұрақты немесе уақытша болатын орындарындағы жұмыскерлердің тыныс алу аймағында барлық ауысымның ұзақтығы уақытындағы орташа өлшенген шоғырлану. Орташа ауысымдық РЕШШ сақталуын бақылау мерзімдігі мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу жиілігінен сирек болмауы тиіс.
89. Барынша бір мерзімдік РЕШШ-ға тең шоғырланудың жұмыскерге ауысым барысында әсер ету ұзақтығы 15 минуттан аспауы және көбіне фиброгенді әсері бар аэрозольдер үшін 30 минуттан аспауы тиіс және ол бір ауысымда 4 реттен жиі емес қайталануы мүмкін.
Аэрозольдардың нормативтерінің шамасы 10 мг/м3 аспауы тиіс.
Технологиялық үдерістің бір нүктесінде жекелеген кезеңдерде ауысым ішінде және (немесе) кемінде үш сынама алынуы тиіс. Көбінесе фиброгенді әсері бар аэрозольдер үшін бір сынама алуға рұқсат етіледі.
90. Жұмыс аймағы ауасында әртүрлі бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттарды бір мезгілде ұстау кезінде нормативтердің шамасы оқшауланған әсер кездегідей болып қалады.
Жұмыс аймағы ауасында бір бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттарды бір мезгілде ұстау кезінде олардың әрқайсысының ауадағы нақты шоғырлануының (К, K1 ...Kn) олардың РЕШШ-ке (РЕШШ, РЕШШ1, ..РЕШШп) қатынастарының сомасы бірліктен аспауы тиіс.
91. Егер «РЕШШ шамасы» бағанында екі көрсеткіш келтірілген болса, онда ол бөлгіште орта ауысымды, бөлінгіште барынша РЕШШ екендігін білдіреді.
92. Әсер етудің болжанған қауіпсіз деңгейі химиялық құрылымы және әсер ету сипаты бойынша физикалық және химиялық қасиеттерге жақын қосылыстар қатарында интерполяция мен экстрополяцияның көмегімен заттардың уыт өлшегіш параметрлері бойынша есептеулер негізінде белгіленген.
93. Әсер етудің болжанған қауіпсіз деңгейі өндірісті алдыңғы жобалау кезеңінде тәжірибелі және жартылай зауыттық қондырғылардың жағдайлары үшін қолданылады. Жекелеген жағдайларда өндірісті жобалау кезінде шамасы кемінде 1 мг/м3 әсер етудің болжанған қауіпсіз деңгейін пайдалануға жол беріледі.
94. Зиянды заттардың ШЖК және ӘШҚД тізімі осы Санитариялық қағидаларға 12-қосымшаның 1,2-кестелеріне сәйкес белгіленген.
4. Елдімекендердің аумақтарын күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
95. Елдімекендердің аумағын санитариялық тазалау жүйесі тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды ұтымды жинауды, жоюды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды көздейді және оларды мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
96. Тұрмыстық және басқа да қалдықтарды шығару күнделікті таңертеңгі сағат 7-ден ерте емес және кешкі сағат 23-тен кеш емес уақытта жүргізіледі.
97. Қоғамдық пайдалану орындарында урналар орнатылады. Урналар арасындағы қашықтық адамдар көп жүретін көшелерде кемінде 40 метр және адамдар аз жүретін көшелерде кемінде 100 метр көзделеді. Қоғамдық көліктің аялдама орындарда урналарды орнату міндетті. Урналарды тазарту олардың толуына байланысты жүргізіледі.
98. Жол жабындары жолдың жүретін бөліктеріне жиналатын ластанулар жасыл желектер жолдарына немесе тротуарларға сарқынды сулардың ағынымен шықпайтын етіп жуылады.
99. Қозғалысы жоғары қарқынды көшелерге жылдың ыстық уақытында су себіледі.
100. Көшелердің жүретін бөлігіндегі қоқыс жауын арнайы машиналармен жиналады. Көшелерге ас тұзын себуге тыйым салынады.
101. Жапырақтар түсетін кезеңде жапырақтар уақтылы жиналады. Жиналған жапырақтар арнайы бөлінген учаскелерге немесе компостеу алаңына шығарылады. Тұрғын үй құрылыстарының аумағында, гүлзарлар мен саябақтарда жапырақтарды өртеуге жол берілмейді.
102. Тұрғын үй аудандарының, шағын аудандардың аумақтарында, сондай-ақ үй жанындағы аумақтарда бөлінген жер учаскелерінің шекараларында мынадай тәртіп сақталады:
1) аумақ таза ұсталуы тиіс, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдарының, кварталшылық өткелдердің және жолдардың жабындары тегіс болуы тиіс;
2) аулаларға өз еркімен әртүрлі шаруашылық немесе қосымша құрылыстар салуға тыйым салынады;
3) үй жанындағы аумақты құрылыс материалдарымен қоқыстауға тыйым салынады;
4) инженерлік коммуникациялар мен құдықтарды тексеру және тазалау уақытылы жүргізіледі.
103. Суаратын-жуатын және сыпырып-жинау машиналарын толтыру техникалық сумен жүзеге асырылады.
104. Жасыл желектер алаңына, тротуарларға, газондарға мұз сынықтарын, қарды лақтыруға, орналастыруға және жинақтауға тыйым салынады.
105. Тұрғын үй объектісінің, ұйымның, мекеменің аумағына санитариялық ажыраулары ұйымдастырылмаған қоқыс жинау алаңдарын және септиктерді, қазылған шұқырларды, аулалық қондырғыларды салуға және қайта жабдықтауға тыйым салынады.
106. Жағажай аумағына урналар орнатылады және бір-бірінен 200 м аспайтын қашықтықта ауыз су келіп тұратын бұрқақтар орнатуға жол беріледі.
Күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағаны, шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды жинау, дәретханаларды тазалау және дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдық жинау жүргізіледі.
107. Шешінетін орындарды, шешінуге арналған павильондарды, киім ілетін орындарды ашу және жабу, дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, күнделікті жиналады және жуылады.
108. Құмды жағажайларда аптасына бір реттен сирек жиналған қалдықтарды шығара отырып, құмның беткі қабатын механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі.
109. Адамдар шомылуға арналған орындарда кір жууға және жануарларды шомылдыруға жол берілмейді.
110. Қоқыс жинайтын қондырғыларды орнатуға бөлінген учаскелері бар саябақтардың шаруашылық аймағы демалушылар жаппай жиналатын орындарынан (би, эстрада алаңдары, бұрқақтар, бас аллеялар, көпшілік павильондары) 50 м-ден жақын емес орналасады.
111. Саябақтарда урналар 800 м2 алаңға кемінде бір урна есебінен орнатылады. Бас аллеялардағы урналар арасындағы қашықтық 40 метр болып көзделеді. Урналар ларектар, дүңгіршектердің және жылжымалы үстелдердің жанына орнатылады.
112. Демалушылар жаппай жиналатын орындардан алыс орындарда қалдықтарды жинаудың ыңғайлылығы үшін қалдықтар мен сыпырындыларды уақытша сақтау үшін арақашықтық жинақтағыштар орнатылады.
113. Негізгі жинау саябақ жабылғаннан кейін таңертеңгі сағат 8-ге дейін жүргізіледі. Күндіз ағымдық жинау, жасыл желектерді суару, қалдықтар мен түскен жапырақтарды жинау жүргізіледі.
114. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтардан жоспарлы-тұрақты тазарту аптасына бір реттен сирек жүргізіледі.
115. Аула дәретханалары, септиктер мен контейнер алаңдарынан белгіленген ажырауларды сақтау мүмкіндігі жоқ, құрылыс қалыптасқан аудандарда осы қашықтықтар комиссиялы түрде белгіленеді.
116. Қоқыс жинағыштардың есептелген көлемі олар көп жиналатын кезеңдегі қалдықтардың нақты жиналуына сәйкес болуы тиіс.
Орнатылатын қоқыс жинағыштардың санын есептеу қоқыс жинағыштарды пайдаланатын тұрғындардың санына, қалдықтардың жиналу нормаларына, олардың сақталу мерзімдеріне байланысты жүргізіледі.
117. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қақпақтары бар қоқыс жинағыштар қолданылады.
118. Кәрізденбеген үй иеліктеріндегі сұйық қалдықтарды жинау үшін ғимараттардан 25 метрден жақын емес қашықтықта су өтпейтін шұқыры және жердің үстінде қақпағы мен қатты фракцияларды бөлуге арналған темір торы бар септиктер жабдықталады. Аулалық жинау шұқыры (септик) болған кезде олар жалпы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |