Қырыққұдық ауыл кітапханасы
Қырыққұдық ауыл кітапханасы
мектеп ғимаратының
25кв.м көлеміне орналасқан.
Қырыққұдық елді-мекенінің ірге тасы 1927 жылы қаланды. Аудан орталығы Чапаев селосынан оңтүстік шығысқа қарай 125 км жерде Жайық пен Өлеңті өзенінің аралығындағы бетеге, боз және астық тұқымдас шөптесіндер өскен шалғынды – қоңыр, сортаңдау топырақты құрғақ дала белдеуінде орналасқан.
Қырыққұдық кітапханасы 1937 жылы 500 кітаппен «қызыл бұрыш» болып ашылды. Алайда, бүкіл елдегі ашылған кезде Дүйсенова Майра кітапханашы қызметін атқарып, еліміздегі сауатсыздықты жою бағытында ауылдың зиялы қауымымен бірлесе жұмыс жасап, кітапханада шағын кітап көрмелерін ұйымдастырып, дауыстап оқу, ауыл тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырды.
1968-1971 жылдары 2400 дана кітап қорымен Қаменова Ажар қызмет етіп тұрғын халыққа КПСС сьездерінің материалдарын насихаттап, кітапханада көпшілік шаралар ұйымдастырып оқырмандарға дауыстап оқу, әңгімелер, конференциялар өткізді.
1971-1987 жж. Сағиева Роза кітапханада қызмет етті.
1987–1994 жылдары Габдушева Алмагүл кітапханада қызмет етті.
1997 жылдан бастып Дүйсенғалиев Нұрбек жұмыс жасап келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |