Қысқа мерзімді жоспар



Дата28.11.2019
өлшемі92.85 Kb.
#447585
түріСабақ
Ашық сабақ

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: № 21 ЖОМ Мұғалімнің аты-жөні : Дюсенбекова С.Т.

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні: 13.03.2018

Сынып: 2

Сабақ тақырыбы


Спорттық ойындар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Шағын мәтіндер негізінде спорт ойындарына қатысты жаңа атауларды меңгерту. Оқушыларды тілдік нормаларды сақтап сүйікті ойыны жайлы ой қорытуға дағдыландыру. Спорттық ойындарды сипаттау арқылы оқушылардың бойына сұлулық, көркемдік қасиеттерін дарытып, рухани -эстетикалық тәрбие беру.

Сабақ мақсаттары

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ|): Сүйікті спорты туралы айта алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ|): тақырып көлемінде шағын мәтіндерді құрау арқылы сүйікті спортына қатысты атауларды сипаттай алады.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ООЖ|):сабақ барысында қысқа мәтіндерді талдау,сипаттау арқылы спорттық ойындарға қатысты қысқаша толық ақпарат бере алады.

Жетістік критерийлері

Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды түсінеді.

Сөздік қор

қақпа, икемді, мәнерлеп сырғанау, көзілдірік, мықты, төзімді,

Құндылықтарды дарыту

Функционалдық сауаттылық

Пәнаралық байланыстар

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Спорт құралдарын атай алады, дене тәрбиесі сабағына қатысты ойын білдіре алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин



(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Әли мен Айя» бейнеролик ұсынады

Бейнероликтің мазмұнына сәйкес сабақты таңертеңгі жаттығудан бастайды

«Көңілді күн» сергіту сәтінен бастау. Оқушылармен жаттығу жасау.

Алдымен мұғалім көрсетеді, кейін оқушылардың біреуі айтып тұрады, қалғандары орындайды.



  • Орнымыздан тұрамыз.

  • Қолымызды белге қоямыз.

  • Басымызды оңға, солға бұрамыз.

  • Денемізді оңға, солға қозғаймыз.

  • Бір орнымызда отырып тұрамыз. Жаттығудың адам ағзасына пайдасы қандай тақырыбына постер

бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=TwD0jZdUuC8

Постер


Сабақ ортасы

7 мин

7 мин

3 мин
5 мин



13 мин

Бейнероликті соңына дейін көріп, Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

(Ж) «Мен білемін!» Оқушылар жеребе тартып алу арқылы жұптарға бөлінеді, берілген сызба негізінде сөздер мен сөз орамдарын айтады.





ТЖ. ЖЖ

1. Жансая Әбдімәлік – қазақтың танымал шахматшы қызы. Ол 14 жасында гроссмейстер атанған. 2012 жылы әлем чемпионатында күміс жүлде алған. Жансая шахматтан екі рет чемпион атанған. Ол - ақылды, төзімді, батыл қыз.

2. Денис Тен – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Ол мәнерлеп сырғанаудан қола және күміс медальдар алған. Денис Тен Қазақстанның үш дүркін чемпионы, спорт шебері. Ол икемді, мықты спортшы.

3. Дмитрий Баландин — қазақстандық жүзуші, 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы. 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш  олимпиада чемпионы. Спортшының ата- анасы да жас кездерінде спортпен айналысқан.



(Ө, Қ) «Ойлан, тап». Сөйлемдерді оқи отырып, жақша ішінен сәйкес келетін сөзді анықтап, астын сызады.

(МК) Сөздікпен жұмыс.

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысу.


Жансая Әбдімәлік әлемге танымал (ойыншы, шахматшы). Денис Тен мәнерлеп сырғанаудан (жанкүйер, чемпион) . Баскетбол қалқаны (футбол ойынына, баскетбол ойынына ) қажет. К. Роналдо (өте тез, өте баяу) футболшы. Хоккей ойынын (спортзалда, мұзайдынында) ойнайды. Асық (қазақтың, орыстың) ұлттық ойыны.

Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс». Мәтін бойынша сұхбат

(Ө) «Мен білемін!» Спорт түрлеріне қатысты кестені толтырады. (3 спорт туралы жазады, 2-н үйде толтырады). Жазған ақпаратымен сынып алдында бөліседі.


Спорт түрі

Құралы

Спортшы қандай болу керек?

Спортшы не істейді?






























































Мәтін


Сабақтың соңы

5 мин


(МК) "Сиқырлы доп". Доптың суретін салып, әр бөлігіне сабақта не білгенін жазады.





Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Бір-бірін итермеу, жүгірмеу






Сергіту сәттерін өткізу;

қауіпсіздік техникасын сақтау



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Күндей боп күлеміз

Гүлдей боп өсеміз

Құстай боп ұшамыз

Көбелектей қонамыз

Орнымыздан тұрамыз.

Қолымызды белге қоямыз.

Басымызды оңға, солға бұрамыз.

Денемізді оңға, солға қозғаймыз.

Бір орнымызда отырып тұрамыз.

1 – бір орында жүгір,

2 – 2 аяқпен секір,

3 – үш отырып, үш тұрып,



4 – қолыңды төмен түсір.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Әдістемелік бірлестік жетекшісі ____________Д.Ш. Рахимова

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет