Исабек Бауржан Түркістани
экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА «ХАЛЫҚТЫҚ» ІРО-ны МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ МЕН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
Шет елдердің тәжірбиелерінің, соның ішінде негізінен Ресейде (мемлекеттік басқару стандарттары мен менталитетіміз ұқсас) ІРО-ны ендірудің теріс нәтижелерінің салдарларынан және Қазақстан халықының ІРО-ны ендіруде ақпараттық денгейде сауаттылығының төмендігінен дайын болмауы Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселелерін жүйелі шаралар түрінде, яғни тұжырымдамалық деңгейде пысықтауды қажет етеді. Себебі бүкіл халыққа тиесілі және меншікке қатысты мәселенінің тоқсаныншы жылдардағы купондық жекшелендірудің кебін кию қауіпі төніп тұр. Ресейлік «халықтық IPO» тәжірибесі (2006 жылдың жазынан «Роснефть» мемлекеттік компаниясының акцияларын таратылуынан бастау алды) акцияға салынатын инвестициямен байланысты тәуекелділіктің жоғарлығы және аталған тәуекелдерді басқару қағидаларын түсінбеушіліктің орын алуы, мемлекет басшысының үндеуіне еріп, жеке тұлғалардың инвесторлар болып табылатындығымен айғақталады. ІРО-ға қатысушылардың ешқайсысы да акциялар таратылған жағдайда акцияның бағаларының төмендеуінен сақтандырылмаған. Әсіресе, Ресейде «халықтық» ІРО-ны таратқаннан кейін акция бағасы 3-7 есе дейін төмендеген. Нәтижесінде кең жарнамаланған халықтық ІРО ресейліктерде теріс әсер қалдырды, яғни «халықтық» ІРО шеңберінде акцияны сатып алған мыңдаған адамдар, табыстан бұрын шығынға ұшырады.
Жүргізілген зерттеулер негізінде төмендегі шарттарды міндетті түрде ұстанса қазақстандық «халықтық» ІРО жетістікке жетуі мүмкін:
-
Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру;
-
Аталмыш таратуларды нарықтық тетіктер арқылы жүзеге асырғанда олигархиялық құрылымдарды үрдіске тартпау;
-
Эмитент-компаниялардағы корпоративтік басқарудың жоғарғы стандарттарының орын алуы;
-
Акцияларды нарықтық бағадан төмен тарату;
-
Эмитенттердің дивиденттік және ақпараттық саясатының ашықтығы;
-
Компанияның спекулятивті келісім-шартты жүргізуге талпынысы деп бағаланбауы үшін акцияны таратылған акция бағасынан қайта төмен бағамен сатып алудан бас тартуы;
-
Тәуелсіз ұлттық рейтингтік агенттіктердің шараға тартылуы.
«Халықтық» ІРО-ны дайындау кезінде 3-6 ай мерзімінде мемлекеттің барлық аймақтарын қамтитын терең, белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігін ескеру қажет. Нәтиже ретінде ғылыми-әдістемелік ақпарат «халықтық» ІРО-ға қатысушыларға бағытталған, атаулы болуы керек. Халыққа түсінікті қарпайым сөздікпен, акцияларды сатып алу кезіндегі тәуекел ашық ескертіліп, және жалпы жарнама ағымының ықпалына түспеуі кетпеуі қажет. Сонымен қатар халыққа акцияны сатып алу депозит емес және құнды қағаздың бағасы болашақта өсететініне кепілдің жоқ екендігін жеткізу қажет. Келесідей қажетті кепілдіктерді беру міндет: компаниялар өз акцияларын сатқан бағасынан төмен бағамен сатып алу мүмкіншілігінен айыру қажет. Ең бастысы компанияны ІРО-ға шығарғанда, халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарлату бойынша жұмыс жасау қажет.
Қазақстан жайлы.
Қазіргі жағдайда халықтың дайын болмауы Қазақстан үшін негізгі тәуекел болып сипатталады. Әзірге Қазақстанда жоғарыда аталған бірде-бір жағдай жасалмаған. Қоғам құнды қағаздардың не екендігі және ІРО компаниялар алатын пайда мен активтер жайлы және олардың акцияларына инвестиция салу арқылы қандай пайда табуға болатынын әлі жетік түсінбеген. Отандық брокерлердің ойынша, республикадағы листингтік талаптарға сәйкес потенциалды эмитенттер саны барлық орташа және ірі компаниялардың 15-20%-нан аспайды.
«Халықтық» ІРО-ны жүргізудегі негізгі мәселелердің бірі акция бағасы және кепілдіктер бойынша сұрақтардың орын алуы болып табылады. «РД КМГ» компаниясының бір акциясы шамамен 20 мың теңгені құрайды. Қазақстандағы орташаайлық номиналды жалақы 87,5 мың теңгені (ауыл шарушылық қызметкерлерінде -33,8 мың теңге) құрайды деп есептесек, көпшілік үшін бұл баға айтарлықтай жоғары болып табылады. Саяси шешімдер Институтының жүргізген «Қазақстандықтардың халықтық ІРО-ға қарым-қатынасы» әлеуметтік сауалнамасы бойынша қоғамның 70% ІРО-ға қатыспайтынын және тек 8% ғана акцияларды сатып алуғы дайын екенін көрсетті. Осыған орай, Қазақстандағы «халықтық» ІРО расымен «халықтық» болуына күмән бар. Әрине, бір-екі акция сатып алуға болады, бірақ мұндай жағдайда үлкен табысқа ие болу мүмкін емес. Мысалы, «РД КМГ» директорлар кеңесі 2010 жылдың қорытынды төлемі бойынша бір акцияға 800 теңге дивиденд көлемін (заңнамаға сәйкес ұсталынатын салықтарды есептегенде) ұсынды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақмыс» акциясының құны шамамен 3 мың теңге бола тұра дивиденттері 25-30 тенгені құрады. Сондықтан 100 мың теңге шамасындағы активпен пайлық инвестициялық қорлар мен екінші денгейлік банктердің депозиттерінің қызметін қолдану дұрыс болады.
Ұзақ мерзімге инвестициялауға дайын және эмитентердің арасындағы көлемді салымдарды әртараптандыруға дайын инвесторлармен бірігіп, IPO қатысуға құлұқ білдірген жеке тұлғаларға тиімді болуы ықтимал.
Бірақ көзделген «халықтық» ІРО-да көпшілік азаматтардың қатысуы біршама мүмкін емес, себебі, алшақ (мамандарға жүгінуге болатын сәйкес инфраструктурасы жоқ) аудандарда тұрады, екіншіден экономикалық тұрғыдан аталмыш акциялар қолжетімсіз, себебі Қазақстанның қарапайым азаматының табысы күнкөріс минимумын қамтамасыз етуге әзер жетеді.
Сонымен, ішкі ІРО жергілікті қор нарығын дамытуға жағдай жасап, қаржылық-экономикалық көрсеткіштер мен компанияны корпоративтік басқару деңгейін өсіреді, бірақ ресейлік және бірқатар батыс елдерінің «халықтық» ІРО тәжірибесі қарапайым халық үшін акцияларды сатып алу «табыстылық» фактісіне ие емес екендігін айғақтап, Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселесін тұжырымдық денгейде қайта қарастыру қажеттілігіне дәлел болып табылады.
Мемлекеттің ірі холдингі «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ (бірлескен активтері 78 млрд. теңгеден астам) құрамына кіретін ірі компаниялардың акцияларын біріншіреттік және ашық тарату бойынша тұрақты жұмысты қамтамасыз ету мақсатында қызмет ортасының дамуына бағытталған шаралар кешенін қарастыратын Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту Тұжырымдамасын әзірлеу қажет
Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту жүйесін құрудағы тұжырымдық әдісі бағалы қағаздар нарығындағы компания акцияларын біріншіреттік, ашық тарату бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асырудағы және басқарушылық, экономикалық, құқықтық-нормативтік, қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелі аспектілердің уақтылы жойылуын қамтамасыз етуге, жүзеге асыру тетіктеріне әрекеттік сипат беруге бағытталған. Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамытуда қолданылатын қолданбалы шаралар ортамерзімдік басымдылыққа бағытталған нақты даму жолдары белгіленген айқын сипатқа ие болуы қажет.
Тұжырымдаманы әзірлеген кезде мемлекеттің сондай-ақ, халықтың көпаспектілі мүдделерін және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық-нормативтік базаның, қолдаудың қаржы-несиелік механизмінің оң және теріс байланысын қарастыратын жүйелі-кешендік әдіс қолданылған. Тұжырымдама құраушы, қамтамасыз етуші және нәтижелілік блоктарынан тұрады.
1.Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
Тұжырымдаманың мақсаты Қазақстан |Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау және дамыту стратегиялары мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін өңдеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей басты міндеттерді шешу қажет:
• мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша бағыттау мен реттеуді есепке ала отырып заңнамалық және құқықтық-нормативтік ресурстармен қамсыздандыру;
• ресурстармен қамсыздандыру мен тұжырымдаманы әзірлеу мен жүзеге асырудың құрылуы;
• нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
• Қазақстан |Республикасындағы ІРО-ның сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
• Қазақстан |Республикасындағы ІРО-ның қызметіне қатысты құрылымдарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау, қайта даярлау;
• Қазақстан |Республикасындағы ІРО-ны ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
• Қазақстан |Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру.
2.Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту саласын заңнамалық базамен қамтамасыз ету.
Аталмыш бөлім жұмыс жасайтын ынталандыру жүйесін құру және заңнамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру механизмін құру арқылы Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыратын векторларды анықтайтын мемлекеттің қолданысындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, жаңа заңдар мен нормативтік актілерді әзірлеуді қарасытарады.
Сонымен қоса одақтар мен кәсіпкерлер бірлестігінің қатысуымен Қазақстан Республикасындағы ІРО-ның дамуын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар мен тұжырымдарды есепке ала отырып, аналитикалық зерттеулер мен құқықтық қорғау ерекшеліктерін практикалық жалпылауды жүзеге асыру қажет.
3. Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын ресурстық қамтамасыз ету.
Қазақстан| Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту шеңберіндегі Үкімет саясаты Қазақстан Республикасының резиденттері-қор нарығы қатысушыларының тез өсуі үшін жағдай тудыруы қажет.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту жүйесін құру тиімділігі және тұрақты қызмет жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамытудың маңызды шарты инвестициялар салу болып табылады, соның ішінде, әсіресе, ұлттық компания акцияларына салынған инвестициялар.
Бағалы қағаздардың екіншіреттік нарығында Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және шетелдік компанияларды тарту үрдісін реттеу, координациялау, сонымен қоса еліміздегі ІРО-ны дамытуға шетелдік ұйымдар мен қорлардың қаражатын тартуға жағдайлар жасау(қаматамсыз ету) қажет.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың экономикалық ортасын жақсартуға бағытталғын несиелік, салықтық, сақтандырушылық жүйе сияқты нарықтық реттегіштерді қолдану арқылы өзгерістер енгізуді қарасытарды.
Салықтық саясат аумағында Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту жүйесінде тиімді құрылуы мен қызмет етуін ынталандыруды салық салу базасы анықтамасына рұқсат етілетін максималды шекті салықтық алымдар сомасын бекітіп, міндетті төлемдер деңгейінде ғылыми-әдістемелік әдістерді жүзеге асыруды алдын-ала қарастыру және қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға тартылған халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаражаттарын тарту динамикасын күшейту қажет.
Тұжырымдамада аталмыш салаға азаматтарды көптеп тарту мақсатында Қазақстан Республикасындағы ІРО-мен айналысатын қоғам тобына мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету механизмі қарастырылған.
Тұжырымдамада Қазақстан Республикасындағы ІРО-ның қызмет етуінің экономикалық ортасын жетілдіруге бағытталған сақтандыру, несиелеу және салық жүйесі механизмдеріне өзгерістер енгізілген.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы ІРО саласына мүмкіндіктер құру деңгейінде максималды түрде тарту үшін салық қойылымдары мен міндетті төлемдер көлемін анықтау арқылы салық саясатына толықтырулар енгізу міндетті.
4. Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасының әлеуметтік инфрақұылымының саяси институттарын дамыту .
Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын институционалды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында IPO-ға қызмет жасайтын рыноктық инфрақұрылымның көпфункционалды элементтерінің тиімді қалыптасуы мен дамуын көздейді.
Мемлекет әсіресе дағдарысқа қарсы саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру және экономикалық сипаттағы әлемдік теденциялар кезеңінде рыноктық инфрақұрылымдарды қалыптастыру мен дамыту үрдісіне нормативтік-құқықтық және заңнамалық базаны құруда, сондай-ақ осы заңнаманың орындалуына бақылау жүргізуде үлкен ұйымдастырушылық әсер тигізуі қажет. Мемлекет экономикалық тұрақтандыруды және макро, мезо және микродеңгейлерде экономикалық өсудің баланстылығын қамтамасыз ететін рыноктық инфрақұрылымның реттеуші және қадағалаушы функциясын толық жүзеге асыруға мүдделі.
Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламаларының сәтті жүргізілуі үшін ұлттық пошта желісі мен банк жүйесінің жалпыға қолжетімді болуы, аталған қызметтердің жеңіл және ыңғайлы, сонымен қатар олардың жоғары сапалы болуы үлкен маңызға ие. Аталмыш фактор Қазақстан экономикасының осы салаларында мемлекеттік реттеу мен басқару жүйесін одан әрі дамыту және жетілдірудің қажеттілігін анықтайды.
Сақтандыру жүйесінің мехнизмдерін және оның құрылымдық элементтерін жетілдіру нарықтық институттарды дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты ол Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын тимді жүзеге асыруға әсер ететіндігі сөзсіз. Сол себепті Қазақстан Республикасында IPO секторына қызмет жасауға бағытталаған сақтандыру компанияларына мақсатты, нәтижелі көмек көрсету ұсынылып отыр.
Сақтандыру ісінің сенімділігін арттыру, саөтандыру қызметерінің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасыз сақтандырушы тарапынан түрлі қиянаттардан қорғау мақсатында сақтандыру компанияларының қызметін міндетті лицензиялау және тұрақты қадағалау көзделуде. Бұл шараны жүзеге асыру мақсатында арнайы бақылау-реттеу органын құру қажет.
Инвестициялық қызметтерді шоғырландыру саласында, сондай-ақ жекешелендіру ісінде аукциондар мен инвестициялық сауда орталықтары маңызды орын алуы тиіс. Бұл ретте осы орталықтар қандай да бір жылжымайтын мүлік немесе инвестициялық ресурстары сатып алуды қалайтын кез-келген экономикалық субъектіге көрсетілуі мүмкін. Қазақстанның барлық облыстары мен ірі қалаларында осындай орталықтарды ашу ұсынылады.
Қазіргі жағдайларда халықтың көп бөлігі ұлттық қазақстандық компаниялардың акцияларын иемдену аясында Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу үшін жеткілікті қаржылық ресурстарға ие емес.
Халықтың ақпараттандырылғандығын арттыру Қазақстан Республикасында IPO-ны тиімді ұйымдастыру мен дамытудың анықтаушы факторларының бірі болып табылады, осыған байланысты консалтингтік, маркетингтік, инвестициялық, құқықтық және тағы да басқа маманданған фирмалар мен компаниялардың қызмет етуінің тиімді саласын қалыптастыу өзекті сипатқа ие.
Қазақстанда осы саланың дамымағандығы салдарынан және қызметтерге деген аса қажеттіліктің тууынан аталмыш қызметтерді ұсынатын шетелдік компаниялар мен фирмалардың бөлімшелерін ашуға мүмкіндік жасау қажет.
5. Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын мемлекеттік қолдау және ынталандыру
Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бөлігінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасау бойынша мемлекеттік орган қызметі сыртқы экономикалық байланыстарды реттеуге, барлық кәсіпкерлерге үшін теңдей жағдай жасауға және олардың шетелдік капиталды алып, тиімді қолдануын қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Осыған байланысты төмендегі шаралар ұсыныады:
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен айналысатын ұйымдарға шетелдік серіктестерімен іскерлік байланыстарды орнатып, шетелдік технологиялар, құрал-жабдықтар, ноу-хау, сондай-ақ лизингтік компанияладың қатысуымен кешенді түрде жабдықтау жұмыстарын ұйымдастыруына қолдау көрсету. Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен айналысатын ұйымдарға сыртқы сауда қызметін дербеc жүргізу құқықығын беру;
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттің сыртқа бағдарланған жұмыстарды несиелендіруін қамтамсыз ету және оған салық салудың жеңілдетілген режимін қолдану.
6. Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасы саласының құрылымдарында жұмыс істейтін кадрларды дайындау .
Қазақстан Республикасында IPO-ны дамыту саласында құрылымдарды қалыптастырудың ең маңызды элементі нарықтық экономика аясында қызмет атқаратын кадрларды даярлау мен қайта дайындау болып табылады. Әрбір қатысушы табысқа жету үшін маркетинг, бизнесті басқару, қаржылық менеджмент және т.б. сияқты кәсіби сұрақтар мен ғылыми бағыттарды жетік білуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасы туралы өте қажетті, абыройлы және пайдалы іс екендігі жөнінде қоғамдық ой-пікірді қалыптастыру, кәсіпкерлік құрылымдар туралы білімдерді ынталандыру бойынша кеңейтілген ақпараттық компания қажет.
Осыған байланысты білім және кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы төмендегідей міндеттерді атқару көзделуде:
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды ақпаратты қамтамасыз ететін негізгі ғылыми-білім беру бағыттары бойынша кадрлрды дайындау және қайта даярлау;
* Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шараларына тартылған қатысушы құрылымдарда қызмет жасайтын оқытушы кадларды дайындау және қайта даярлау;
* шетелдік ғылыми орталықтар мен компанияларда білім алу және кәсіби деңгейін жақсарту үшін мамандар арасында конкурстар өткізу.
Нарықтық қатынастарды және Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын тұрғындарды қолдаудағы мемлекеттік саясаттың маңызды міндеті – жастардың білім берудің барлық кезеңдерінде ІРО-ны ұйымдастыру мен жүргізу біліктілігіне баулу болып табылады. Осыған байланысты, оқу бағдарламаларында Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасының негіздері бойынша арнайы курстарды енгізу жөнінде ұсыныс жасау көзделуде.
7. Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау Нарықтық инфрақұрылымның ажырамас бөлігі болып табылатын ақпараттық қамсыздандыру ісінің Қазақстан Республикасында IPO саласына халықты белсенді тартудың орны ерекше. Сондықтан ақпараттық қамсыздандыру мен құқықтық, статисикалық, ғылыми-әдістемелік, конъюктуралық және ұйымдық қызметтерді қамтитын мемлекеттік жүйені орнату; әрбір потенциалды ІРО қатысушысыны барлық қолданыстағы заңдық актілер, нормативтік құжаттар, экономикалық және конъюктуралық мәліметтер туралы хабардар етуге мүмкіндік беретін кеңейтілген ақпараттық орталықтар жүйесін құру маңызды болып табылады. Мұндай орталықтар барлық жергілікті әкімшіліктерде ұсынылып, олардың басқарылуында болуы және негізінен республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Ақпараттық және ғылыми-әдістемелік базаны дамыту үшін оқу құралдарын, соның ішінде қазақстандық ерекшеліктерге бейімделген шетелдік оқу-әдістемелік материалдарды басып шығару керек.
Қазіргі таңда шаруашылық-қаржылық қызметті реттейтін қолданыстағы заңдық және нормтивтік актілерді, сондай-ақ олардың қызметін ұйымдастыру бойынша үлгілі келісім шарт, жарғы сияқты өзге де құжаттарды бір орталықтан жариялау қажеттілігі туындап отыр.
Қоғамдық ойды қлыптастыру және жағымды имиджді құру үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасында IPO-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың қатысушылары мен оған қатысуға үгіт насихат жүргізу қажет.
8. Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны қолдау мен дамыту бойынша мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны қолдау мен дамытудағы концептуалды әдісті әзірлеу үкіметтің жүргізетін экономикалық және әлеуметтік саясатының негізгі бөлігі, сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдары құрылымының мақсатына сәйкес осы негізде мемлекеттік қолдаудың біртұтас механизмін және Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мене дамыту бағдарламасын жүзеге асыру сұрақтарын қарастыру бойынша ҚР Сенаты мен Мәжілісі қарамағынан тұрақты комиссия (комитет) құруды көздейді.
Басқарушылық ықпалды даярлау мен жүзеге асыру үрдісінің кезеңдері бойынша бөлу арқылы мемлекеттік басқару органдарының қызметтері мен құзыретін нақтылау қажет. Алға қойылған мақсат пен тапсырмаларды, әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өзара қарым-қатынасын координациялау бойынша Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны қолдауды дамытуға бағытталған ҚР Президенті маңынан Мемлекеттік комиссия құру қажет.
Атқарушы орган ретінде Экономикалық даму және сауда министрлігі мен сәйкес облыстық құрылымдарда Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны қолдау мен дамыту бойынша Агенттік құрған дұрыс
Құрметпенен,
Исабек Бауржан Түркістани
Экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры
Ұсынылған өзекті мәселеге көз-қарастарыңызды және қабылдаған шешімдеріңізді дер кезінде хабарлауларыңызды сұранамын. Себебі сіздерге еңбегімді бірінші кезекте жіберіп отырмын.
(эл. пошта: baurjani@mail.ru, ұялы тел.87014121920)
Достарыңызбен бөлісу: |