Ысқақов Ұзан Молдашевич
Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл аралығындағы банк жүйесінің дамуының негізгі кезеңдері
Біздің еліміздің банк жүйесінің қалыптасуы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін шыққан банктік қызметті реттейтін бірінші заң пайда болуынан басталды деп айтуға болады. Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуын төрт кезеңге бөлуге болады.
Бірінші (1988-1991жж) дайындық кезеңі. Бұл кезең банк жүйесінің қалыптасуының негізгі процестеріне дейін басталды, салалық банктер қайта құрылып елдің тәуелсіздігін алмас бұрын Қазақстанның банк жүйесі алты банк арқылы қалыптасты: Мемлекеттік банк, Сыртқы экономикалық банк, Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Кредсоцбанк және Жинақ банкі. Бұл мелекеттік банктер Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастырудың негізі болды, себебі осылардың негізінде бірінші жеке коммерциялық банктер құрылды.
Екінші кезең (1992-1993 жж) банк жүйесінің жоғары инфляция жағдайларындағы (1992 жылы - 125%, 1993жылы – 2500%) сандық өсуімен сипатталады. Осы кезеңдегі өндіріс қатысушыларының алатын табыстары шығындардың өсуін жауып үлгермейтін. Елдегі қалыптасқан банк жүйесі Ұлттық банк тарапынан бақылаудың әлсіздігімен, банктік операцияларды лицензиялауға және банктік капитал көлеміне қойылатын талаптардың әлсіздігімен сипатталды. Осындай жағдайлар көптеген бір күндік банктердің пайда болуына себеп болды. Банктердің саны күрт өсіп 1993 жылы олардың саны 200-ден асып кетті. Екінші кезеңдегі келесі өзгерістердің бірі – Қазақстанның рубльдік аймақтан шығуы, яғни айналыстан кеңестік рубльдер шығарылып, ұлттық валюта - теңге еңгізілді. Сол уақыттан бері 15 қараша Қазақстандық қаржыгерлер күні болып саналады.
Үшінші кезең (1994—2003 гг.) – Қазақстанның банктік жүйесінің дамуындағы ең ұзақ кезең болды. ҚР Ұлттық банкі банк құру бойынша талаптарды күшейтті (жарғылық капитал бастапқыда 500 тыс. АҚШ доллары болып, кейін ол 2 млрд. тенгеге көбейді - жуықпен 15,5 млн.долл.), жарғылық капитал тек ақшалай құралдармен төлену керек болды және пруденциалдық (реттейтін) нормативтер еңгізілді. Мемлекет меншігіндегі Қазақстанның Даму банкі қызмет ете бастады. Қазақстанның Даму банкі (ҚДБ) - 2001 жылдың сәуірінде құрылды, еврооблигацияларды орналастырудан (қарыздық бағалы қағаздар) және республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген құралдарды орта және ұзақ қаржыландыруға бағыттады. Қазақстанның Даму банкінің тартылған ресурстары қарыз несиелер ретінде беріледі.
Мемлекет сонымен қатар Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің иесі. Бұл несиелік институттың негізгі қызметі – ұзақ мерзімді әлеуметті мағналы жобаларды қаржыландыру.
Үш жыл ішінде бұл банкпен 50 инвестициялық жобалардан астам қаржыланды, жалпы сомасы 800 млн долл., жобаның орта мерзімі 9,5 жыл және орташа салмақталған проценттік ставкаорта 9,7% (орташа нарықтық 35-тен 21%-ке дейін).
Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі 2003 жылы құрылып тұрғын үй құрылысын орта және ұзақ несиелеу қызметін атқарады. Оның қызметі жинақтау-несиелікке негізделген, яғни салымшы банкте шот ашып және үйдің құнынан 50% - ті жинап, жетпеген сомаға несие ала алады.
Банк жүйесін ары қарай нығайтуға екінші деңгейдегі банктерді қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына көшіру Бағдарламасы бағыттады. Ол 1996 жылдың желтоқсанында қабылданды.
Бұл бағдарламаға сәйкес барлық қызмет жасайтын банктер 2000 жылдың аяғына дейін капитал жеткіліктігі, өтімділігі, активтер сапасы, менеджмент деңгейіне, бухгалтерлік есеп деңгейіне байланысты халықаралық стандарттарға сай келу керек.
Бағдарламаны іске асыру жылдары банктердің саны қаржылық жағдайы төмен банктер есебінен тез қысқарды.
Депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қалыптасу кезіне Қазақстанның банктік және қаржылық жүйесі өзінің тұрақтылығын көрсетті, алайда ресейлік қаржы дағдарысы салдарының әсері байқалды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып тәуелсіз несиелік рейтинг алып, оны позитивті деңгейде ұстап тұрды. 1999 жылы банк жүйесіне халықтың жинақтарының келуін қамтамасыз ету мақсатында депозиттерді кепілдендіру жүйесі құрылды. Жүйеге қатысушы банктер еріксіз таратылған жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін.
Қор құрылғанда 1999 жылдың желтоқсанында депозиттерді өтеудің күрделі сызбасы қолданылды, яғни өтеудің регрессивті түрі, сомасы 200 000 тенгеден басталатын.
Төртінші кезең (2004 жылдан – осы уақытқа дейін) Қазақстанның банк жүйесінің ары қарай дамуы және әлемдік қаржы нарығына интеграциялану кезеңі деп қарастырылады. Бірақ бұл кезеңді дағдарысқа дейінгі (2004-2008 жж.) және дағдарыстан кейінгі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) кезеңдерге бөлуге болады. 2004 жылы қаржы нарығында мемлекет мүдделерін қорғайтын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттілігі атты жаңа реттеуші орган пайда болды. 2011 жылдың сәуірінде ҚР Ұлттық банкі бұл өкілеттіктерді өзіне қайтарып алды. Банктік жүйе белсенді дамып, жақсы нәтижелер арқылы елдің сапалы экономикалық дамуына негіз болды. Сонымен бірге осы кезең қаржы секторының 2003-2006 жылдарға даму Концепциясын дайындап, қабылдаумен байланысты. Концепцияның басты мақсаты – қаржы жүйесінің алдындағы стратегиялық міндеттер мен алдыңғы уақыттағы қызметтің негізгі бағыттарын анықтау болды.
2006 жылы осы жылы аккредитацияланған Қазақстанның Қаржыгерлері Ассициациясы құрылды (ҚҚА), 2008 жылы аккредитациялауды қайта өтті. Заңға сәйкес Ассоциация Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің эксперттік кеңесінің құрамына ұжымдық мүше ретінде кіреді. Қаржылық қадағалау агенттігінің экспертті кеңесі Агенттілікпен дайындалған нормативті – құқықтық актілердің жобаларын қарастыратын кеңестік орган. Нормативтік - құқықтық актілердің барлық жобалары Ассоциацияда міндетті экспертизадан өтеді. Ассоциацияның эксперттік бағасының қорытындылары қаржылық қадағалау Агенттігімен қаралып, қажет болған жағдайда жобаларды жөндеу бойынша шаралар қолданылды.
2007 жылдан бастап депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қатысушы банктерімен күнтізбелік жарналарды төлеу Банктерді Талдау жүйесінің («БАТА» жүйесі) дифференциацияланған ставкаларына сәйкес жүргізіледі. «БАТА» жүйесі банктердің тәуекелдерін алдын-ала бағалауға мүмкіндік беретін белгілі индикативті құрал болып табылады. Егер 2007 жылға дейін банктер жарналарды біріңғай ставкалар бойынша төлесе, ал 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап тәуекелдік көрсеткіштері жоғары банктер күнтізбелік жарналарды жоғары ставкалар бойынша төлейді. Банк жарнасының ставкасы оның қаржылық тұрақтылығына, банкті тарату тәуекелінің дәрежесіне байланысты.
«Несиелік бюро және Қазақстан республикасында несиелік тарихтардың қалыптасуы жайлы» Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 6 шілдесіндегі заңы күшіне енді. Банктер міндетті түрде берілген кепілдер, кепілдіктер, шартты және мүмкіндікті міндеттемелер бойынша несиелік бюроға ақпарат беруге тиіс болды.
Егер 2006 жылы Қазахстанда 34 екінші деңгейдегі банктер және Қазақстанның Даму Банкі қызмет жасаған болса (бұлардың 16-сы шетел капиталының қатысуымен, 2-уі – мемлекеттік мамандандырылған банктер және а 17-сі казахстандық коммерциялық банктер), ал 2008 жылы - 37 екінші деңгейдегі банк қызмет етті.
Қазақстанның банктік жүйесінің дағдарыстан кейінгі даму кезеңі (2009 жылдан осы уақытқа дейін) әлемдік қаржы дағдарысының әсерімен және оны жоюмен сипатталады. 2009 жылғы қаржы секторының тұрақтылығын анықтайтын негізгі факторлар Қазақстанның экономикалық өсуінің төмендету қауіпі және қаржы жүйесіне сенімділікті сақтап қалу болды. ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкінің дағдарыс салдарын жою бойынша шаралардың дер кездігі Қазақстанның қаржы жүйесін басқа ірі елдермен салыстырғанда төмен шығындармен сақтап қалуға мүмкіндік берді. Біріккен шаралар кешені банк секторындағы жүйелі тәуекелдерді төмендету және банк жүйесінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында провизиялардың адекватты деңгейде болуы бойынша 2009 жылдың негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталды. Жүйе құрушы екі банкке қатысты «БТА Банк» АҚ және и «Альянс Банк» АҚ шаралар қолданылды. Бұл екі банктердің сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау процедуралары жүргізіліп, олардың жалпы қаржы жүйесіне негативті әсері шектелді. Сонымен қатар қосымша капитализациялау түріндегі мемлекеттің қаржылық көмегі «Қазақстанның Халық Банкі», «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамдарына көрсетілді.
Миниамлды резервтер талаптарын төмендету арқылы банктерге экономиканы несиелеуге және банктерді қосымша өтімділікпен қамтамасыз етуге қосымша құралдар берілді. 2009 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ЕДБ үшін минималды резервтік талаптар нормативтерін кезекті түрде төмендетті (ішкі міндеттемер бойынша 2% ден 1,5%-ке, басқа міндеттемелер бойынша - 3% -тен 2,5% ке дейін). 2009 жылдың қарашасынан бастап сыртқы міндеттемелерді қайта құрылымдау процесіндегі банктер үшін минималды резервтік талаптардың бөлек нормативтері бекітілді - 0% банктің ішкі және басқа да міндеттемелері үшін.
2009 жылдың 1-ші желтоқсанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде құралдар сақтайтын ЕДБ үшін сыйақылар 0,5%-ке төмендеп, кәзіргі кезде банктер депозиттері бойынша ресми ставка 1% - ті құрайды. Бұл шаралар банктерді экономиканың нақты секторын несиелеуді кеңейтуге мәжбүрлеуге бағытталған еді.
Банктік операциялардың кейбір түрлерін жүргізетін ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын көтеру мақсатында 2009 жылдың 29 сәуірінде меншікті капитал есебін және меншікті капитал жеткіліктігінің коэффициенттерін халықаралық тәжірибені ескеру арқылы оптимизациялау қарастылды (Базель 2).
Сонымен бірге акционерлік капиталдың төменгі мөлшері бойынша талаптар өзгеріп, ірі қалаларда жаңадан ашылатын банктерге 5 млрд.тенге (2011 жылдың 1 маусымынан бастап жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері көбейді).
Кәзіргі кезде салымдарды кепілдендіру және сақтандыру Қорының бір салымшыға өтелетін ең жоғарғы өтемақысы – жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері бойынша 5 млн.теңге, бұдан былай экономикадағы өзгерістерге байланысты өтемақы көлемі қайта қарастырылады.
2011 жылдың 1-ші қаңтарына банктік сектор екінші деңгейдегі 39 банкпен беріледі. Екінші деңгейдегі банктердің активтері жылдың басынан 480,7 млрд. тенгеге немесе 4,2%-ке өсті, банктік қарыздар және «кері РЕПО» операциялары 572,8 млрд. тенгеге немесе 5,9 %-ке азайған, резервтер (провизиялар) 799,0 млрд. тенгеге немесе 20,0%-ке төмендеген. Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2010 жылдың басынан 1821,5 млрд. тенгеге немесе 14,5%-ке азайған. Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары 507,9 млрд. тенгеге немесе 12,5%-ке көбейген. 2009 жылдың 1-ші маусымынан бастап капитал жеткіліктігінің жаңа коэффициентін енгізу бойынша өзгертулер еңгізілді (k1-2). 2011 жылдың 1-ші қаңтарына екінші деңгейдегі банктердің меншікті капитал көрсеткіштері келесідей: k1-1 - 0,117, k1-2 - 0,136, k2 - 0,180. Коэффициент алдағы уақытта өзгеріп отырады: 2012 жылдың 1 шілдесінен - 0,08 – ден кем емес, 2013 жылдың 1 шілдесінен – 0,09 – дан кем емес.
Исламдық қаржыландыру жайлы Заңды іске асыру бойынша Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттілігімен 2009 жылдың наурызында ислам банктері бойынша нормалар мен лимиттерді бекіту жайлы үкімі қабылданған (банктердің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшері, резервтік капиталдың ең төменгі мөлшері, банк құралдарының ішкі активтерге орналастыру бойынша талаптар). Осылардан басқа ислам банктері үшін осы үкіммен исламдық қаржыландыру ерекшеліктері ескеріле отырып пруденциалдық нормативтер бекітілген, мысалы: бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің жоғары мөлшері, өтімділік коэффициенттері, ашық валюталық позиция лимиттері, банктің негізгі құралдарға және басқа қаржылық емес активтерге инвестицияларының жоғарғы мөлшері, банктердің Қазақстан Республикасының резиденттері еместер алдындағы міндеттемелеріне капитализациясы.
Екінші деңгейдегі банктер банктік қызметті келесі банктік операциялар арқылы жүргізеді: депозиттер қабылдау; заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу; қарыз, кассалық, аудару, есептеу, сенім, сейфтік, ломбардтық, банкаралық клиринг, төлем карточкаларын шығару және т.б. Тікелей банктік операциялармен қатар банктер арнайы банктік бағдарламалық қамтамасыздық, арнайы банктік әдебиетті, меншікті және кепілдегі мүлікті өткізу, кеңестер беру қызметтерін іске асырады. Заңға сәйкес Қазақстанда банктер банктік қызметке жатпайтын операциялар жүргізе алмайды. Тауарларды сату-сатып алу, сауданы ұйымдастыру, туризм қызметі және т.б.
Банктер ҚР территориясында және басқа елдерде еншілес банктер, филиалдар, өкілдіктер ашуға құқылы. Банк ашуға лицензия 2004 жылға дейін ҚР Ұлттық банкімен берілетін, 2004 жылдан бастап ҚР ҚҚА, ал 14.04.11ж. – өкілеттіктер қайтадан Ұлттық банкке берілді. Қазақстанда банктер тек қана акционерлік қоғам формасында құрылады, жарғылық капитал оның акционерлерінің құралдары есебінен қалыптасады, негізгі шешімдер акционерлер жиналысымен қабылданады. Жарғылық капитал акционерлерімен тіркелу кезіне 50% - ке төленуі керек және тіркелгеннен кейін 30 күнде толық төленуі керек.
Сонымен, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы банк жүйесінің даму кезеңдерін қарап, жетістіктерді атап өтуге болады. Дағдарыс кезіндегі және одан кейінгі жылдары қабылданған шаралар қаржы жүйесін реттеудегі іс-қимылдардың маңыздылығын көрсетті. Кәзіргі таңда банк секторы үшін өтімділік тәуекелі оншалықты қаіпті емес, себебі банктердің депозиттік базасы өсуде, халықтың несиелік белсенділігі төмендеді. Сондықтан бос құралдар көбеюде.
Достарыңызбен бөлісу: |