Ысқақова А. Ағасын ардақтаған азамат / Айнагүл Ысқақова // Орталық Қазақстан. – 2003. – 15 наурыз. –



Дата03.07.2016
өлшемі32.37 Kb.
#173784
Ысқақова А.

Ағасын ардақтаған азамат / Айнагүл Ысқақова // Орталық Қазақстан. – 2003. – 15 наурыз. – (Жақсының жүзі жарқын).
Қазағының мақтанышына айналған ұлағатты ғалым, іскер басшы әрі жазушы Евней Арыстанұлы өмірден ерте кетті. Тіршілігінде жоғары қызметтегі шенеуніктерден көп қысым көрді. Оның ғылыми еңбектері мен әдеби шыгармалары халқымен ол көз жұмғаннан кейін ғана табысты. Міне, осы бір істі қолға алып, Евекеңдей асыл азаматтың мол мұрасын жарыққа шығаруда және оның есімін халық зердесінде мәңгі қалдыруда айтарлықтай еңбек сіңірген азаматтың бірі — Хамзабай Бөкетов. Бүгінде 75 жасқа келіп отырған Хамзакеңді Бөкетовтанудың негізін салушы десек те артық емес.

Е.Бөкетов мұражайының ашылуының басы-қасында болып, ол жайында тарихи жәдігерлерді реттеуде және қолжазбаларың іріктеуде білдей бір ұжымның жұмысын атқарды. Соның арқасында бұл мұражай Қарағанды қаласының бірегей мәдени-тарихи орны болып отыр. Евнейдей үлкен азаматтың өмір жолы мен шығармашылық еңбегін бүгінгі жас ұрпаққа насихаттап отырған да осы мұражай қызметкерлері.

Хамзакең де бүгінгі мерейтойына ел қадірлеп, құрметтейтіндей еңбекпен келіп отыр. Малшының отбасында дүниеге келген оның балалық шағы қиындықпен өтті. Жетінші сыныпты бітіргеннен кейін бұғанасы қатпай жатып еңбекке араласты. Өйткені Евекең Алматыға оқуға аттанғандықтан, отбасын асырау өзіне жүктелді. Ағасы да институтты ойдағыдай аяқтап шықты. Аспирантураны да сәтті бітірді. Бір-біріне бас-көз болып өскен ағайындылар жастайынан қамқор болып өсуге тәрбиеленді. Сол үрдістің нәтижесі болар, Хамзакең Алматыға келіп, құрылыс техникумына түседі. Оны 1957 жылы бітіргеннен кейін Қарағандыға жолдамамен келіп, «Казстройэлектромонтаж» тресінің Қарағанды шаруашылық есептегі учаскесіне прораб болып орналасады. Осында шамалы уақыттан кейін учаске бастығына жоғарылатылады.

Хамзакеңнің еңбекқорлығы және ұйымдастырушылық қабілетінен болар, бұдан кейінгі өмір жолы осындай өрлеу, өсу жағдайында өтті. Жаңа ғана ұйымдастырылған Қарағанды қалалық электр желілері басқармасының бас инженерлігіне, 1962 жылы газ шаруашылығы басқармасының бастығы қызметіне тағайындалады. Бұл өз мамандығы болмаса да, қала әкімшілігі қоярда қоймай жүктеген міндет болатын. Өзіне бейтаныс шаруашылықтың қыр-сырын тез арада үйренуге тура келді. Газды тұрақты жеткізіп тұру ісін жолға қойды. Басқарманың жұмысын да жандандырды. Соның нәтижесінде болар, ұжым алғашқы сыйақыны алып үлгерді.

Еңбекқорлық, тәртіптілік, ұйымдастырушылық қабілет Хамзакеңнің бойында бала жасынан қалыптасқан. Оны қаланың бір ауданына атқару комитетінің төрағалығына да ұсынды. Бірақ орта білімі кедергі болады. Міне, осыңдай лауазымды қызметтер Хамзакеңнің бүкіл еңбек жолының қай кезеңінде де кездесіп тұрды. 1971 жылы облыстық жөндеу құрылыс тресіне бастық етіп ауыстырады. Бұл кезеңде қалада құрылыс қарқынды жүргізіліп жатқан болатын. Әрі өздеріне де жүктелер міндет азаймаса, кеміген жоқ. Кейбір қиындықтарға қарамастан трест екі жыл ішінде өндірістік тапсырмаларын тұрақты орындайтын ұжым қатарына қосылды, бірнеше рет министрліктің ауыспалы қызыл туын жеңіп алады. Бүкіл ұжымның еңбегін ұйымдастырып, алдыңғы қатарлы құрылыс ұйымы деңгейіне жеткізген Х.Бөкетовке осындай тыңғылықты әрі іскерлік басшылығы үшін саланың еңбек сіңірген қызметкері атағы беріледі.

Зейнеткерлікке шығар алдында Қарағанды облыстық атқару комитетіне күрделі құрылыс басқармасының бастығы қызметін атқарды. Күрделі құрылысты дамытуда және жылдық жоспарларды артығымен орындауға сыбағалы үлес қосқандығы үшін Хамзакеңе республикалық деңгейдегі дербес зейнетақы беріледі.



1992 жылы 19 шілдеде ҚарМУ-дің ректоры Ж.Ақылбаевтың бастамасымен Е.Бөкетовтің мемориалдық мұражайы ашылады. Осы мұражайды басқаруды Хамзакеңе жүктейді, Бұл ұсынысқа бірден келісе кетеді. Өйткені ағасының есімін мәңгілікке қалдыру, оның көптен арманы еді. Сол уақыттан бастап осы мұражайдың жұмысын ұйымдастырумен айналысып келеді. Өткен он жыл ішінде бұл мұражай мәдени-эстетикалық орталыққа айналды. Оған келген еліміздің бетке ұстар азаматтары мен зиялы қауымы қалдырған жылы лебіздерде шек жоқ. Бүгінге дейін Евекеңнің көптеген әдеби мұраларын жарыққа шығаруға баскөз болды. Ағасы туралы естеліктердің басын құрап, қазақ және орыс тілдерінде кітап етіп шығарды.

Хамзабай Арыстанұлының жалпы еңбек өтілі 60 жылды құрайды. Ол төрт медальмен және бірнеше грамоталармен марапатталған. Құдай қосқан қосағы Бикен апамызбен үш бала тәрбиелеп өсірді. Балаларының бәрі де жоғары білімді. Атасы мен апасына күн аралатып келіп тұратын немерелеріне көпті көрген ақсақалдың айтар әңгімесі мен шертер сыры аз емес. Өмірде өнегелі ғұмыры мен ғибратгы еңбегімен танылған Хамзакең ағасын ардақтап келе жатқан жан.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет