Қысқартулар мо – мемлекеттік орган аж – ақпараттық жүйе тэн – техникалық-экономикалық негіздеме тт – техникалық тапсырма мсж – мемлекеттік сатып алу жоспары ЭҮӨШ – «электрондық үкімет»



бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
#124003
  1   2   3   4   5   6   7






Қысқартулар

МО – мемлекеттік орган

АЖ – ақпараттық жүйе

ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме

ТТ – техникалық тапсырма

МСЖ – мемлекеттік сатып алу жоспары

ЭҮӨШ – «электрондық үкімет» өңірлік шлюзі

Жоба
Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2013 жылғы « » ______

№ бұйрығымен

бекітілген



Ақпараттық технологияларды қолдану

тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі
1. Жалпы ереже


  1. Осы Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген.

  2. Әдістеме мемлекеттік орган қызметінің айқындылығын арттыру және үдерістерін оңтайландыру үшін облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – мемлекеттік оргадар) ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау жөніндегі рәсімдердің жиынтығын анықтау үшін арналған.

  3. Осы Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;

2) ақпараттық технологиялар – ақпартты жинауды, құруды, сақтауды, толтыруды, өңдеуді, іздеуді, шығаруды, көшіруді, тапсыруды және таратуды қамтамасыз ететін технологиялық кешенде біріккен әдістердің, өндірістік үдерістердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы;

3) электрондық нысанда ғана ведомствоаралық электрондық құжат айналымы – бұл қағаз тасығышта қайталаусыз, мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың - мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы ЭҚЖ қатысушыларының арасындағы 10 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат формасында мемлекетті орган – электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысының қызметінде туындайтын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істердің номенклатурасы тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы.

4) тек электрондық нысанда ғана ішкі құжат айналымы – ол қағаз тасығыштарда қайталаусыз бір мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі - - мемлекеттік басқарудың тиісті саласындағы электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысы арасындағы 10 жылға дейін сақтау мерзімімен электрондық құжат формасында мемлекетті орган – электрондық құжат айналымы жүйесінің қатысушысының қызметінде туындайтын мемлекеттік органмен бекітілген құжаттар мен істер номенклатурасының тізбесінің құрамына кіретін электрондық құжаттар алмасуы;

5) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

6) мемлекеттік органдардың Интранет-порталы – мемлекеттік ақпараттық жүйе болып табылатын және ұжымдық жұмыс құралдарымен, қажетті ақпараттық ресурстармен, ұйымдық міндеттердің және ақпарат алмасу шешімімен мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету үшін арналған ведомствоаралық корпоративтік ақпараттық жүйе;

7) тіркеу файлы, хаттамасы, журналы немесе лог (англ. log) – хронологиялық тәртіпте оқиғалар туралы жазбаларымен файлы;

8) электрондық құжат айналымының жүйесі (бұдан әрі - ЭҚЖ) – электрондық құжаттармен алмасу жүйесі, қатысушылар арасындағы қарым-қатынас «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен және «Электрондық құжат айналымының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен реттеледі;

9) толықтай автоматтандырылған функция – ақпараттық жүйелерде үдерістерінің (кезеңдері, қадамдары), оны құрауыштарының барлық операциялары орындалатын, мемлекеттік органның функциясы болып табылады.

10) ішінара автоматтандырылған функция – ақпараттық жүйелерде үдерістерінің (кезеңдері, қадамдары), оны құрауыштарының кейбір бөлігі орындалатын, мемлекеттік органның функциясы болып табылады

4.Тиімділігіне бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың орталық мемлекеттік және жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалау жүйесінің аясындағы бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптамалық қорытындыны қалыптастыру жөніндегі Сараптамалық комиссиясы жұмыс органының кіші тобы болып табылатын лауазымды тұлғалардың санынан Жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылады.

Министрліктің ақпараттық технологияларды қолдануын бағалау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен жүзеге асырылады.

5. Бағалау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен бекітілген орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүргізудің кестесіне (бұдан әрі – Кесте) сәйкес жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік органдар ақпараттық технологияларды қолдануын бағалау бойынша есепті осы Әдістемеге 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлікке, және Министрлік Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынады.

7. Жұмыс тобы Министрлікпен жүргізілген тексерулердің нәтижелерін пайдалану және электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйелерінен алынған деректермен салыстырып тексеру арқылы, олардың нақтылық мәніне, мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерге талдау жүргізеді.

8. Министрлікпен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен даярланған мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау нәтижелері туралы қорытынды Әдістемеге -қосымшаға сәйкес форма бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне ұсынылады.



  1. Мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесі критериялар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Нәтижелі критерия:

  1. Интернет-ресурстың тиімділігі;

2. Үдерістік критериялар:

  1. Ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі;

  2. Мемлекеттік органның ішінара/толық автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі;

  3. Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану.

  1. Әрбір критерия бойынша көрсеткіштер анықталады да, оған сәйкес тиісті балл қойылады. Баллдар Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін бағалаудың критериялары мен көрсеткіштеріне сай қойылады.

Баллдар ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі критериялардың маңыздылығы дәрежесін ескерумен қойылған. Атап айтқанда:

1) «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі» критериясы бойынша мемлекеттік органның жұмыс істейтін ақпараттық жүйелері тиімділігін анықтауға бағытталған осы критериядан шыға отырып 35 балл қойылды. Бағасы екі аспектіні құрайды: ұйымдық және техникалық, онда ұйымдық тарап мемлекеттік органның қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыру деңгейін анықтауға бағытталған, ал техникалық тарап мемлекеттік орган ақпараттық жүйелерінің функционалдығын бағалауға бағытталған;

2) «Мемлекеттік органның ішінара/толық автоматтандырылған функциялар (үдерістер) үлесі» критериясы бойынша мемлекеттік органның ішкі қызметін автоматтандырғандай, мемлекеттік органмен халық пен бизнестің тікелей байланысын және әкімшілік кедергілерді қысқарту, халық пен бизнеске қызметтер көрсеткен кезінде, мемлекеттік орган функцияларын (үдерістерін) автоматтандыруға бағытталған, ақпараттық технологияларды қолдану ескерумен 20-ға тең баллдардың ең көп саны қойылды;

3) «Интернет-ресурс тиімділігі» критериясы бойынша Қоғам алдындағы мемлекеттік органдардың айқындылығы мен есеп беруге тиістілігін қамтамасыз етуге жолданған осы критериядан шыға отырып 25 баллдар қойылды;

4) «Ведомствоаралық ақпараттық жүйелерді пайдалану» критериясы бойынша мемлекеттік орган қызметінің деңгейін оңтайландыруға және анықтауға, құжаттармен жұмыс жасаған кезінде жеделдікті арттыруға, құжатты құру, өңдеу және жөнелту уақытын қысқартуға, қағаз құжат айналымы үлестерін азайтуға бағытталған осы критерияны ескерумен 20 баллдар қойылды.

Мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау келесі формула бойынша Әдістемеге 3-қосымшада көрсетілген белгілі бір салмақты баллдарға сәйкес критериялар мәні сомасы ретінде анықталады:


N= P1 + P2 + P3 + P4
мұнда N – мемлекеттік органмен ақпараттық технологияларды қолдануды бағалаудың жалпы баллы, P – критерияның мәні.

  1. Критериялар мәнінің есебі келесі формула бойынша Әдістемеге 3 қосымшаның кестесінде көрсетілген баллдардың көрсеткішіне сәйкес осы критерияның барлық көрсеткіштер сомасынан шыға отырып жүзеге асырылады:


P = (Сi*Vi) + (Сi+1*Vi+1) + (Сi+2*Vi+2) + …
мұнда P – критерияның мәні, C – көрсеткіштің мәні, V – көрсеткіштің баллы, i – осы критерия үшін 1-ден бастап көрсеткіштердің санына дейін интервалы.


  1. «Интернет-ресурстың тиімділігі» критериясы кбойынша бағалау




  1. Бағалау келесі параметрлері бойынша жүргізіледі:

1) интернет-ресурстың gov.kz домендік атауында жұмыс істеуі және тіркелуінің бар болуы;

2) Интернет-ресурсқа қолжетімділігі;



3) Ақпараттың толықтығы мен сапасы.

Параграф 1. «Интернет-ресурстың gov.kz домендік атауында жұмыс істеуі және тіркелуінің бар болуы» параметрі бойынша бағалау


  1. Интернет-ресурста gov.kz домендік атауының бар болуы деп «Ақпараттық технологиялар. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың Интернет-ресурстары. Талаптары» 2190-2012 ҚР СТ–на сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін арналған gov.kz домендік атауы, Интернеттің ашық ақпараттық-коммуникациялық желісінде мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы ретінде бір мағыналы ұстанымдалатын интернет-ресурста бар болуымен түсіндіріледі.

  2. Мемлекеттік органның қызметін бағалау барысында осы көрсеткіші ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі және Министрлік мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында gov.kz домендік атауының бар болуын және оның gov.kz домендік атауында жұмыс істеуін тоқсан сайын, аптаның әртүрлі күндері мен тәуліктің уақытында тексереді.

  3. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында gov.kz домендік атауы бар болған кезде оған баллдардың барынша көп саны 2 балл беріледі. gov.kz домендік атауында тіркелген мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жоқ болғанда оған 0 балл беріледі. Егер, мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсы gov.kz доменінде тіркелген болса, бірақ gov.kz домендік атауымен жұмыс істемесе, 0 балл қойылады.


Параграф 2. «Интернет-ресурстың қол жетімділігі» параметрі бойынша бағалау


  1. Интернет-ресурстың қол жетімділігі пайдаланушылармен интернет-ресурсты пайдаланудың қарапайымдылығы мен қолайлығының дәрежесі, мүмкіндіктері шектелген тұлғаларды қоса алғанда, сондай-ақ ақпаратты
    әртүрлі форматтарда: гипермәтіндік және көшірмелеу үшін файл форматында алу мүмкіндігі болып түсіндіріледі.

  2. Мемлекеттік органның қызметін бағалау барысында осы көрсеткіші ақпараттық технологияларды қолдануды бағалау барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі және Министрлік Әдістемеге
    4-қосымшаға сәйкес тоқсан сайын интернет-ресурсты талдау жолымен тексеруді жүргізеді.

«Интернет-ресурстың қол жетімділігі» көрсеткіші бойынша бағалау мәні Әдістемеге 4-қосымша кестесінде көрсетілген, индикаторлар бойынша баллдарды қосу жолымен анықталады.


Параграф 3. «Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» параметрі бойынша бағалау


  1. Интернет-ресурста толық ақпарат деп «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналасқан мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысымен анықталған тізбесі ақпараттың бар болуымен түсіндіріледі. Ақпараттың өзектілігі деп ақпараттың уақыттың ағымдағы кезеңімен сәйкестігі дәрежесімен түсіндіріледі. Ақпараттың толықтығы мен өзектілігінің көрсеткіші бойынша есеп Әдістемеге 5 қосымшада көрсетілген индикаторлар бойынша жүргізіледі.

  2. Осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі тоқсан сайын, Әдістемеге 5 қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың тілдік болжамасын талдау жолымен мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсын тексереді.

  3. «Ақпараттың толықтығы мен өзектілігі» көрсеткіші бойынша бағалаудың мәні Әдістемеге 5 қосымшаның кестесіне сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде интернет-ресурстың тілдік болжамдары бойынша баллдарды қосу және нәтижені көрсеткіштің 100 баллға тең ең үлкен мәніне бөліп, кейіннен 15-ке көбейту жолымен жүзеге асырылады.

Осы көрсеткіш бойынша бағалауды жүргізген кезде, сондай-ақ Әдістемеге 6 қосымшаның кестесіндегі ескертуде көрсетілген интернет-ресурс сапасына ықпал ететін критериялар ескеріледі. Кемшіліктерді анықтаған жағдайда, әрбір анықталған кемшілік үшін параметрдің салмақтық мәнінің 50 (елу) пайызынан аспай, параметрдің салмақтық мәнін 0,1 баллға шегеру жүргізіледі.


  1. «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің нәтижелілігі» критериясы бойынша бағалау




  1. «Ведомстволық ақпараттық жүйелердің тиімділігі» критериясы бойынша бағалау көрсеткіштер бойынша есептеледі:

1) Есептік кезең ішінде ақпараттық жүйелерді енгізу мерзімдерінің сақталуы;

  1. Ақпараттық жүйелерді бағынысты органдарда және жергілікті атқарушы органдарда тираждау;

  2. Мемлекеттік органдардың «электроныд үкіметтің» компоненттерімен ведомстволық ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру үлесі;

  3. Ведомстволық ақпараттық жүйелер арқылы автоматтандыруға жататын функциялар санынан автоматтандырылған функциялардың үлесі;

  4. Ведомстволық ақпараттық жүйелерді пайдалану жиілігі.

  1. Осы критерий бойынша мемлекеттік органдағы барлық ведомстволық ақпараттық жүйелері (ақпараттық жүйелер, интернет-ресурстар, порталдар) бағалауға жатады.

  2. Осы критерий бойынша мемлекеттік органдардың үлгілік үдерістерді (мынадай кадрлық есепке алу, бухгалтерлік есепке алу, жұмыс уақытын есепке алу және т.с.с.) автоматтандыруға бағытталған ақпараттық жүйелері бағалауға жатпайды.

  3. Егер мемлекеттік органда ведомстволық ақпараттық жүйелері болмаған жағдайда, осы критериясы бойынша бағалау жүргізілмейді де, 0 балл қойылады.

  4. Егер мемлекеттік органда ведомстволық ақпараттық жүйелер жоқ, бірақ оларды әзірлеу бойынша іс-шаралары бар болған жағдайда, мемлекеттік органға осы критериясы бойынша 10 балл қойылады.

  5. Егер, жүйесі жұмыс істемесе, онда мемлекеттік органға осы критериясы бойынша 0 балл қойылады.


Параграф 1. «Есепті мерзімде ақпараттық жүйелерді енгізу мерзімдердің сақталуы» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Осы көрсеткіш бойынша бағалау барысында Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің КеңсесіМО АЖ әзірлеу және енгізуді жоспарлаудың деңгейін анықтайды.

  2. Осы көрсеткіш бойынша тиісті нормативтік – техникалық құжаттамаларын берумен, есепті мерзімде өндірістік және/немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілген, МО АЖ бағалауға жатады. Нормативтік – техникалық құжаттамаларына техникалық-экономикалық негіздеме техникалық тапсырма немесе техникалық ерекшелігі кіреді.

  3. Бағалау мемлекеттік органдардың жолдаған мәліметтер бойынша өткізіледі.

  4. Егер МО АЖ енгізу мерзімдері нормативтік – техникалық құжаттамада көрсетілген мерзімдерге сәйкес келмеген жағдайда, 2 балл шегеріледі.

  5. Мемлекеттік органмен есепті мерзімде өндірістік және/немесе тәжірибелік пайдалануға енгізілген, МО АЖ-не нормативтік - техникалық құжаттамасы ұсынылмаған жағдайда, 2 баллы шегеріледі.

  6. Егер МО АЖ енгізу мерзімдері нормативтік – техникалық құжаттамада көрсетілген мерзімдерге сәйкес келген жағдайда балл шегерілмейді.


Параграф 3. «Бағынысты органдарда және жергілікті атқарушы органдарда ақпараттық жүйелерді тираждау» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша бағалау барысында бағынысты ведомствода және жергілікті атқарушы органдарда ведомстволық ақпараттық жүйелерді енгізу және қажеттілігінің деңгейін анықтайды.

  2. Тираждаудың қажеттілігі МО АЖ-де сақталған, мәліметтерін қарау жолымен анықталады. Егер мәліметі жергілікті атқарушы орган мәліметіне кіретін болса, МО АЖ ЖАО-да тираждалды деп саналады. Егер МО АЖ мәліметі құрылымдық бөлімшелер мәліметіне кіретін болса, МО АЖ бағынысты органда тираждалды деп саналады.

  3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда бағалау осы ішкі критериясы бойынша келесі көрсеткіштері бойынша жүргізіледі:

- «Бағынысты органдарда көбейтіп тарату ;

- «Жергілікті атқарушы органдарда көбейтіп тарату»;

- «Тираждалған МО АЖ толтыру» (тек қана жергілікті атқарушы органдар үшін).


  1. Бағалау МО АЖ клиенттік болжамасын қарау жолымен орындалады. Қарау шектеулі қол жетумен, мемлекеттік органда МО АЖ бар болған жағдайда, МО АЖ-не қол жеткізу мемлекеттік органмен беру жолымен жүзеге асырылады.Көбейтіп тарату МО АЖ клиенттік болжамы арасындағы «сұраныс-жауап» қағидаты бойынша операциялар орындалған жағдайда орындалды деп есептеледі.

  2. «Бағынысты органдарда көбейтіп тарату» параметрі бойынша бағалаудың есебі МО АЖ орнатылған мемлекеттік орган бөлімшелерінің санын МО АЖ тираждауға жататын мемлекеттік орган бөлімшелерінің санына бөліп, кейіннен коэффициентке көбейту жолымен жүзеге асырылады:

1) орталық мемлекеттік органдар үшін:

x1= ,


2) жергілікті атқарушы органдар үшін:

у1= ,

мұндағы x1, у1– осы параметрі бойынша бағалау;

m – МО АЖ орнатылған бөлімшелер саны;

l – МО АЖ тираждалуы тиіс бөлімшелердің саны;

k1 – орталық мемлекеттік органдар үшін коэффициенты 5-ке тең (егер ЖАО-да МО АЖ көбейту қажеттігі болмаса, коэффициенті 10-ға тең);

k2 – жергілікті атқарушы органдар үшін коэффициенты, 5-ке тең (егер ЖАО-да МО АЖ көбейту қажеттігі болмаса, коэффициенті 10-ға тең);

n – ақпараттық жүйелердің саны;

i – ақпараттық жүйенің реттік нөмірі.

Мысалы, МО АЖ мемлекеттік органда, осы МО АЖ көбейтіп таратылуға жататын, 10-бөлімшелерінің 5-де орнатылған. Осы параметрі бойынша есептеу кезінде орталық мемлекеттік органдар үшін 3-ке тең коэффициенті пайдаланылады (5/10*5 = 2,5 балл), жергілікті атқарушы органдар үшін 3-ке тең коэффициенті пайдаланылады (5/10*5 = 2,5 балл).



  1. «Жергілікті атқарушы органдарда көбейтіп тарату» параметрі бойынша есебі МО АЖ орнатылған, ЖАО санын МО АЖ көбейтуге жататын, ЖАО санына бөлу жолымен жүргізіледі:

  1. орталық мемлекеттік органдар үшін:

x2= ,


  1. жергілікті атқарушы органдар үшін:

у2= ,
мұндағы, x2,у2 – осы параметрі бойынша бағалау;

m – МО АЖ орнатылған, ЖАО саны;

l – МО АЖ көбейтіліп таратылатын, ЖАО саны;

k1 – орталық мемлекеттік органдар үшін коэффициенті 5-ке тең;

k2 – жергілікті атқарушы органдар үшін коэффициенті 3-ке тең;

n – ақпараттық жүйелердің саны;

i – ақпараттық жүйелердің еттік нөмірі.

Мысалы, осы МО АЖ көбейтіп таратуға жататын, 16 ЖАО-нан 5-де орнатылған. Осы көрсеткіш бойынша баллдарды есептеген кезде, орталық мемлекеттік органдар үшін коэффициенті 4-ке тең коэффициенті (5/16*4=1,25 балл) қолданылады, жергілікті атқарушы органдар үшін 3-ке тең коэффициенті 2 (5/16*2=0,62 балл) қолданылады.



  1. Егер орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері жергілікті атқарушы органдарда көбейтіп таратуға жатпаса, онда орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері тек қана «Бағынысты органдарда көбейтіп тарату» параметрі бойынша бағаланады.

  2. Егер жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері басқа жергілікті атқарушы органдарда көбейтіп таратуға жатпаса, онда жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері «Бағынысты органдарда көбейтіп тарату» және «Көбейтіліп таратылған МО АЖ толтыру» параметрлері бойынша бағаланады.

  3. «Көбейтіліп таратылған МО АЖ толтыру» параметрі бойынша бағалау тек қана жергілікті атқарушы органдарда жүргізіледі. Егер, көбейтіліп таратылған МО АЖ жергілікті атқарушы органда толтырылса, МО АЖ-дегі жұмыс регламентіне сәйкес жүргізіледі, онда ең жоғары балл (2 балл) қойылады. Басқа жағдайда, 0 балл қойылады.

  4. «Бағынысты органдарда және жергілікті атқарушы органдарда ақпараттық жүйелерді тираждаукөбейтіп тарату» көрсеткіші бойынша жалпы балл параметрлері бойынша бағаларын сомалау жолымен анықталады.


Параграф 4. «Ведомстволық ақпараттық жүйелерді «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен ықпалдастыру үлесі» көрсеткіші бойынша бағалау


  1. Министрлік және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы көрсеткіш бойынша бағалау барысында «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен МО АЖ ықпалдастыру және олардың басқа мемлекеттік органдарға керектігін анықтайды. Ықпалдастыру мемлекеттік органдар ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық алмасуды және деректерді беруді ұйымдастыру үшін желіаралық қосылу мүмкіндігінің болуы деп саналады. Ықпалдастыру керектігі Мемлекеттік тіркелімдегі, Депозитарийдегі, техникалық-экономикалық негіздемеде, техникалық тапсырмада, сондай-ақ бекітілген жоспарлар мен бірлескен бұйрықтардағы мәліметтерін талдау жолымен анықталады.

  2. Осы көрсеткіш бойынша егер МО АЖ мемлекеттік қызметті орындауға бағытталса, ведомстволық ақпараттық жүйелерді «электрондық үкімет» құрамдас бөліктерімен («Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры, «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры, «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры, «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры, «электрондық үкімет» шлюзі/«электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі) ықпалдастыруы бағалауға жатады.

  3. Бағалау жіктеуіштерді, анықтамалықтарды пайдаланумен, тікелей мемлекеттік органда жүргізіледі. Мемлекеттік органның қызметкері МО АЖ жұмыс үдерісі көрсетілімі кезінде ықпалдастыру жүзеге асырылған МО АЖ-не сұранысын жібереді.

  4. Осы көрсеткіш бойынша мемлекеттік органның барлық ақпараттық жүйелері бағалауға жатады және барлық ықпалдастыруы есепке алынды:

- ықпалдастырудың жауабы алынған кезде, іске асырылған деп бағаланады (1 балл);

- қажетті ықпалдастыруы жоқ болса, ықпалдастыру іске асырылмаған деп бағаланады (0 балл);

- расталған ресми хатпен, басқа мемлекеттік органның бас тарту себебі бойынша, ықпалдастыруы болмаған кезде, ықпалдастыруы іске асырылмаған деп саналады, бірақ мемлекеттік органға 1 балл шегеріледі. Сол уақытта 2 мемлекеттік органдар арасындағы ықпалдастыру бойынша бірлескен жұмыстары туралы бекітілген жоспары бар болған жағдайда, ықпалдастырудан бас тартқан мемлекеттік органның 2 баллына шегеру жүргізіледі;

- ықпалдастыру бойынша жұмыстары аяқталмаған кезде, ықпалдастыруы іске асырылмаған деп есептеледі(0 баллов);

- ықпалдастыру қажет болмаған кезде осы критериясы бойынша МО АЖ бағаланбайды және есептеу кезінде есепке алынбайды.


  1. Осы көрсеткіш бойынша қорытынды баллын есептеу МО АЖ әрбір ықпалдастыруы бойынша баллдарын қосу және МО АЖ бойынша қажетті ықпалдастырудың жалпы санына бөлу, кейіннен коэффициентке көбейту жолымен жүргізіледі:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет