1. Жаңа Қазақстан контекстіндегі тілдік сананы жаңғыртудың лингвистикалық құралдары мен әзірлемелері БНҚ бойынша
Жоспардағы тапсырмалар:
1. Түрткі сөздерді (слова-стимулы) экологиялық параметрі (Г.Исаевамен бірге) мен тұрмыстық параметрі бойынша анықтау;
2. Психолингвистикалық ассоциациялық тәжірибе үшін сауалнама дайындау (қатысушылар саны, жас ерекшелігі және өңірлік параметрлер бойынша т.б. іріктемелерді айқындау);
3. Қазақстанның 5 өңірі бойынша психолингвистикалық ассоциациялық тәжірибе жүргізу
4. ҒЖБССҚК ұсынған журналда 1 ғылыми мақала жариялау
Орындалған тапсырмалар:
Түрткі сөздер (слова-стимулы) экологиялық, тұрмыстық параметрлері бойынша анықталды. Түрткі сөздер жинақталды.
ҒЖБССҚК ұсынған журналға 1 ғылыми мақала әзірленді.
2. Мәдени-репрезентативті және жарнама мәтіндерінің ішкорпустарын әзірлеу БНҚ бойынша
Жоспардағы тапсырмалар:
1. Жарнама ішкорпусының мәтіндік базасын жинақтау
2.Көліктегі жарнама мәтіндерінің метабелігіленімін қою
3. Жарнама мәтіндерінің метабелгіленіміндегі тақырыптық топтарды редакциялау
4. Жарнама модельдерін анықтау жұмыстарына қатысу.
5. . ҒЖБССҚК ұсынған журналда 1 мақала жариялау.
6. Жарнама мәтіндер ішкорпусының НОРМАТИВТІ НҰСҚАУЛЫҒЫН әзірлеу.
7. 15 қарашада «Асқар Жұбанов оқулары-3» аясында Жарнама мәтіндер ішкорпусына арналған ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ өткізу.
Орындалған тапсырмалар:
1. Жарнама ішкорпусының мәтіндік базасын жинақтау жұмысы басталды. Маркерлер сөздігіне материал жинақталуда.
2. Көлік жарнамасының метабелгіленімі қойылды. Сыртқы жарнаманың метабелгіленіміне (орфографиялық қателер, макро, микро топтары бойынша) түзету жұмыстары жасалды.
3. Жарнама нарығындағы және қазақ тіліндегі жарнама мәтіндерінің тілдік өзгерістерін талдау негізінде 1 мақала әзірленді. Материал есепке дайын.
4. ҚР БҒССКК ұсынған журналға 1 мақала (бірлескен)жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: |