Ішімдіктіњ, нашаќорлыќтыњ, темекі шегудіњ адам µміріне зияны


V. «Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!»



бет3/4
Дата26.11.2022
өлшемі53.5 Kb.
#465825
түріСабақ
1   2   3   4
нашақорлық шын қорлық

V. «Біз болашақ салауатты, тәрбиелі білімді жас ұрпақпыз!»
“Темекі ” сөзінің бас әріптеріне мақал — мәтел немесе қанатты сөз жазу.
Т — тазалық денсаулық кепілі.
Е — екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені.
М — маскүнем арақтан өледі.
Е — ескермеген ауру жаман.
К — күлкі денсаулық кепілі.
І — ішің ауырса аузыңды тый.
Нашақорлыққа қарсы жарнама: «Сандар сөйлейді»
1. Жылқыны сеспей қатыру үшін 7 – 8 тамшы никотин жеткілікті.
2. Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, 1 жылда оның өкпесіне 1 литр шамасында шайыр (смола) жиналады екен.
3.Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымын бұзу үшін 1 дана темекі жетіп жатыр.
4.Бүкіл дүние жүзінде 1 млрд – тан астам адам темекі тартады екен.
5.Темекі зардабынан күніне 10000 немесе 3,5 млн адам қайтыс болады екен.
6.Қазақстан Республикасында 3,2 млн – дай, яғни 33% адам темекі тартады екен.
7.Жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлімнің 20% қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің 30%, өкпе қатерлі ісігінің 90% темекінің зардабынан болады екен.
8.Ішкен адамда алкоголь зардабы 21 созылады.
9.Этил спирті сырада 5 — 7%, шарапта 15 – 20%, ликер мен коньякта 40 – 50% , арақ пен вискиде 65 — 70% бар екен, ал этил спирті аса зиянды химиялық қоспа.
10.Ішімдік адам өмірін 10 – 15 жылға қысқартады.
11.Балаларға 10г. арақ, жасөспірімдерге 40 – 50г арақ қауіпті әсер етіп, өлімге душар етеді.
12.Маскүнемдердің балалардың 38% кемтар.
13.Нашаның 0,5 граммы иіскеу үшін, ал тамырға салуға 0,1 граммы сананы улауға жеткілікті.
14.Нашақорлардың ең төмен жасы 8 – 9 жас.
15.Есірткінің 130- дан астам түрі бар.
16.2005 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда ресми тіркелген нашақорлардың саны 40505, тіркелмегені қаншама. Олардың 1927 — сі кәмілетке толмағандар, 4420 – сы әйелдер.
17.Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі тәркіленеді екен.
VI. Бірінші байлық – денсаулық.
Тәрбие сағатының тақырыбына орай, жемістерде жасырылған ситуациялық сұрақтарға жауап беру. (сұрақтарға дұрыс жауап берген топ өздерінің себеттеріне жемістерін жинайды).
1. Таныс баланың күнде ішімдікті қолданбай тұра алмайтынын білсең не істейсің?
2. Достарың «арақ іш, ішпесең бізге жолама» деген жағдайда достарыңа қандай жауап қайтарар едің?
3. Сен ақшадан қысылған сәтте қолыңа арақ пен темекіні беріп, «осыны сатсаң, көп ақша береміз» десе не істейсің?
4. Бүгінгі тәрбие сағатының барысында жас жандарыңды неден аулақ ұстауға тырыстыңдар?
5. Қандай өмір сүруге дайынсыңдар?
6. «Өмірің өз қолыңда» деген қағидаға өз көзқарастарың қандай?
7.Өз басыңда темекіге деген қызығушылық болдыма?
8. Бірге жүретін жолдастарың темекіні қабылдайды деп олайсыңба?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет