Қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының 140 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: кеңестік және қазіргі көзқарас» тақырыбына ғылыми-практикалық конференцияның баспасөз баяны



Дата25.02.2016
өлшемі23.57 Kb.
#19475



Қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлының 140 жылдығына орай «Алаш қозғалысы: кеңестік және қазіргі көзқарас» тақырыбына ғылыми-практикалық конференцияның

баспасөз баяны


Өткізілу орны мен уақыты: Тараз қаласы, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының мәжіліс залы, Төлеби көшесі 61, 2013 жылдың 23 қаңтары, сағат 11.00.

Ұйымдастырушы: «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы

Мақсаты: Ел Тәуелсіздігін көксеген Алаш зиялыларының қызметін насихаттау, Алаш қозғалысының басында тұрған көрнекті қоғам қайраткері А.Байтұрсыновтың мол мұрасын паш ету

Мазмұны: Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылы – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

Алаш қозғалысы – 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды.



1929 ж. маусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е.Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 1937 ж. тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8 «халық жауы» есебінде атылған.

Қазіргі таңда өскелең ұрпақ Алаш қозғалысына қатысқан зиялылардың еңбегін бағалай бермейді, сондай-ақ олардың ел үшін, қазақ халқы үшін төккен терін, қызметін жетік түсінбейді. Алаш зиялылары азаттықты аңсап, ел Тәуелсіздігін жырлап, егемендік, қазақ елі үшін өлім жазасына кесілген. Осы орайда шарада белгілі тарихшы, ғалым-профессорлар осы турасында нақты ғылыми баяндамалар жасап, бүгінгі күні жетіп отырған Тәуелсіздігімізбен тікелей байланыстырмақ.



Сонымен қатар конференцияда қазақтың ұлы қоғам қайраткері А.Байтұрсынұлы мен Алаш қозғалысы туралы слайд көрсетіледі.

Қатысушылар: «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық филиалы, жоғары оқу орындары, тарихшылар, профессорлық-оқытушылық құрам, «жасотандықтар» және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

БАҚ: Республикалық және облыстық БАҚ өкілдері.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет