Мектеп психологы: А.Х. Буртаева
“Науырзым аудандық білім бөлімінің
Жамбыл бастауыш мектебі”ММ
Қазіргі балалардың досы- компьютер, серігі-ғаламтор
Шектен тыс пайдалану нәтижесінде неге қол жеткіземіз?
Суицид- өте қауіпті дерт. - “Суицидтік мінез-құлық өмір түйсігі мен өлім түйсігі арасындағы ішкі өзара іс – қимыл салдары болып табылады”. Бұл адам үшін өмірдің мән – мағынасының жойылуы, өмірге деген құштарлығының төмендеуі.
- Әсіресе психологиялық қиындықтарға қарсы тұру қиын.
- Басына қиыншылық түскен адам өзін әртүрлі ұстайды.
- Біреулер уайым - қайғыға салынып, бойындағы үрей мен қорқынышты жеңе алмайды, ақыр аяғында о дүниеге аттанады. Ал енді біреулер болса бәрін соның ішінде ең бастысы психологиялық ауыртпалықты жеңіп, көп жағдайда өз өмірлерін құтқарып қалады.
Суицидтің себептері: - 58,6 % - отбасынан;
- 27% - достарынан;
- 13% - жолы болмаушылықтан.
Ең қауіпті айлар: Мамыр мен қараша. БАЛА ҚАШАН РЕНЖИДІ - Барлық сәтсіздіктерді саған артса, ренішті;
- Жетістіктері байқалмаса, ренішті;
- Егерде саған сенбесе, ренішті;
- Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренішті;
- Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы іспен айналысуға мәжбүрлегенде, ренішті;
- Түсінікті және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске айналғанда, ренішті;
- Үшінші тұлғалардан өзің туралы «жаңашылдық» білгенде, ренішті;
- Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренішті;
- Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда, ренішті;
РЕНІШТЕР НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ - Оқшаулануға;
- Қарым-қатынаста шеттеуге;
- «Қатынастарды анықтау» ұмтылысына, бұл қақтығысқа ауысуы мүмкін;
- Қоршаған жағдайды «қара түстерде» көруге деген ұмтылысқа;
- Рационалдыдан эмоционалдық ауытқудың артуына;
- Жүйке-психикалық шиеленісудің артуына;
- Белсенділіктің төмендеуіне;
- Танымдық белсенділіктің реніш объектісіне аударуға және, нәтижесі ретінде, түскен ақпаратты дұрыс бағалаудың шектелуіне әкеледі.
Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
БАЛАЛАР ӨМІР СҮРУДІ ӨМІРДЕН ҮЙРЕНЕДІ - Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.
- Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.
- Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.
- Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір сүруге үйренеді.
- Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды қабылдауға үйренеді. Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.
- Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.
- Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.
- Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге үйренеді.
- Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты табады.
Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер - Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар.
- Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар.
- Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет.
- Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет.
- Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз.
- Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз.
- Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз.
- Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет.
- Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!)
- Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.
- Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз.
- Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте маңыздысы, олармен әдепті болыңыз.
- Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз.
- Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді. Ол суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
БАЛАЛАРДА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК Мектепте: - Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз;
- Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау;
- Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз;
- Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет;
- Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу;
- Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру.
Достарыңызбен бөлісу: |