Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптарын бекіту туралы


Қауіпті және палубалық жүктерді тасымалдау бойынша



бет3/3
Дата30.06.2016
өлшемі391.29 Kb.
#168487
1   2   3

12. Қауіпті және палубалық жүктерді тасымалдау бойынша
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
      190. Қауіпті жүктерді тасымалдау, тиеу 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады:
      1) «Кемелермен тасымалдауға арналған қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы» 2005 жылғы 27 мамырдағы № 517;
      2) «Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643;
      3) «Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі № 839;
      191. Қауіпті шығындарды меншіктенушілер немесе сондай шығындармен айналысуды жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың азаматтық - құқықтық жауапкершіліктері «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті экологиялық сақтандыруға жатады.
      192. Қауіпті жүктерді тасымалдауға қабылдауға дейін жүк жіберуші нысан бойынша өтініш жазады, өтініште жүк жіберуші жүкті тиеу, түсіру және жүкті тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, арнайы киімдер мен қорғану құралдарын қолдану, ыдыстардың (қапталғандар) бұзылуын, ішіндегілерінің ұсақталуын және ағып кетулерін болдырмау, қауіпті жүк төгілген немесе құйылған орынды зарарсыздандыру, сондай-ақ жүк тасымалдаудың қауіпсіздігі үшін радиактивті ластану жағдайларында адамдарды, орын мен жүктерді қатерсіздендіру бойынша жеткілікті нұсқау береді.
      Жүк жіберушінің өтініші жүкпен бірге белгіленген жерге дейін барады.
      193. Команда құрамы кемеге қауіпті жүкті қабылдар алдында порт әкімшілігі мен жүк жіберушілерден жүктің ерекшілігі, қауіпсіздік ережелері, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережесі туралы нұсқаулық алады.
      194. Кеме командасына қауіпті жүкті тасымалдау алдындағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықты 1-ші штурман (капитанның 1-ші көмекшісі), ал машина командасына механик өткізеді.
      195. 1-ші штурман (капитанның 1-ші көмекшісі) кемеге тиеліп жатқан қауіпті жүктердің бумалары (қаптары) және ыдыстары келесі талаптарға сай болуын қарайды:
      1) қауіпті жүктер стандарттарға немесе техникалық талаптарға сай және жүкті тиеу, тасымалдау және түсіру кезіндегі қауіпсіздікке кепілді сапалы, мықты, таза және дұрыс қаптар мен ыдыстарда қапталады немесе салынады;
      2) әйнек немесе басқа да материалды қауіпті сұйық заттарды (шөлектер, баллондар, канистрлар, құмыралар, битондар, бөшкелер, бактер және т.б.)тасымалдауға арналған ыдыстар, олардың бітеулігін, заттардың көлікке тиеу кезінде ағып кетпеуін (құйылып, тасып) қамтамасыз ететін жақсы тығыздалған тығындармен жабылады;
      3) шөлмектерде және басқа да әйнек немесе керамикалық ыдыстардағы қауіпті сұйық заттар ағаш жәшіктерде, торларда немесе еркін кеңістікті борпылдақ орама материалдармен толтырылған қоржындарда салынады.
      196. Қауіпті жүктер дұрыс қапталмаса, ыдыста уатылып немесе ағып кетпеуі үшін, бекітілген стандартқа сай емес (техникалық талаптарға) және маркілері қойылмаса тасымалдауға қабылдауға тиым салынады.
      197. Қауіпті жүктерді қайта тиеу жұмыстары кезінде кемеге жақындап келіп, арқандап байлауға тиым салынады.
      198. Қауіпті жүктерді тиеп болған соң, аралық,сөккіш, бағандар мен сыналардың көмегімен бекіту қажет. Жарылу қауіпі бар жүктерді астынғы бөлімдер мен кеме үстінде орнату ұшқындамайтын құралдардың көмегімен атқарылады.
      199. 1-ші штурман қауіпті жүктерді бортқа қабылдауда (газдың иісін, улы заттардың ағып кетуін мезгілінде табу және т.б.) бақылауға және қажетті жағдайда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
      200. Тасымалдау кезінде арнайы қадағалауды қажет ететін қауіпті жүктерді тасымалданатын жүктің ерекшелігін жақсы білетін жүк жіберушінің жол серігі бастап алып жүреді.
      201. Жарылуға қауіпті қоспа бар және улы булар бөлетін жүктерді, сонымен қатар, тұтанғыш және жанғыш заттарды тасымалдау кезінде жүк қоятын астыңғы бөлімдер мұқият желдетіледі.
      202. Жүктердің ыдыстары бұзылған немесе айрықша иістерді және қауіпті, ауада зиянды және қауіпті қоспалардың пайда болуы кезінде астыңғы бөлімдер ашылып, желдетіледі. Ауада қауіпті иістердің жоқтығы анықталғаннан кейін және осы Қағидада көрсетілген шараларды сақтай отырып, адамдар астыңғы бөлімге жіберіледі.
      203. Егер тиеу, тасымалдау және түсіру кезінде қауіпті жүктердің бір бөлігі радиоактивті заттармен шашылған, төгілген немесе ластанған болса, онда жүктің ерекшелігіне қарай, анық тобына сәйкес:
      1) шашылған қауіпті жүкті ағаш күрекпен ағаш жәшікке жинап алып, оны қауіпсіз жерге шығару қажет, ал төгілген қауіпті затқа құм себіп жою қажет;
      2) жүк иесін немесе оның жолсерігін, олар болмаған жағдайда, экологиялық қауіпсіздікке жауапты (эколог, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор) санитарлық бақылау органы мен әскери күзет өкілдерін және қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығын қауіпті жүк шашылған немесе төгілген зарарсыздандырған орынды көрсетуге апарады;
      3) радиоактивті заттармен ластанғандарды жоюға тез арада шара қолдану;
      4) қауіпті заттар шашылған немесе төгілген жерлерде жүруге тиым салу.
      204. Жүкті сақтауға мүмкін болмаған немесе жүк адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірсе кеме немесе басқа жүгі барлар кеменің өзендер мен арықтарда жүру жолында жағалауларға түсіріліп, зиянсыздандырады, ал теңіз, көл немесе бөгендерде жүру жолында осылай жағалауға түсіріп және зиянсыздандырады, болмаған жағдайда, борт сыртына шығар тасталады және оның орнын шектеледі (кез-келген жағдайда жағалауға түсіруге және зиянсыздандыруға жататын улы және радиоактивті заттар шыққаны үшін.
      205. Кемеде қауіпті жүгі бар ыдысты ашуға тиым салынады. Ыдысты тек жүк жіберушінің жазбаша түрдегі рұқсат хатымен және оның көрсеткен барлық қауіпсіздік шараларын қабылдағаннан кейін түзетуге болады.
      206. Қауіпті жүк ішінде бос ыдыстар жүк жіберуші ыдысты лас қалдықтардан толық босатқаннан соң, сонымен қатар оның ішін және сыртын тазалағасын тасымалдауға қабылданады.
      207. Қауіпті жүктермен авариялық жұмыстарды орындаушы тиісті қорғану киімдерімен және қажетті құрал – жабдықтармен жабдықталады.
      208. Қауіпті жүктерді түсіргеннен кейін, трюмдер (астыңғы бөлімдер) әкелінген жүктердің қалдықтарынан мұқият тазартылады, жуылады, қажет болған жағдайда зиянсыздырылады. Бұл жұмысты санитарлық бақылау өкілінің қадағалауымен өткізеді.
      Қауіпті жүктермен жұмысты аяқтағаннан кейін барлық жұмысшылар санитарлық тексерістен өтеді.
      209. Кемеде үнемі қауіпті жүктерді тасымалдайтын авариялық құтқару командасының мүшелері қауіпті жүктермен авариялық құтқару жұмыстарының әдіс-тәсілдері бойынша оқыту және білімдерін тексеру курстарынан өтіп, тиісті куәлік алады.
      210. Тиеу-түсіру жұмыстарының механикаландырылған тәсілі салағы 20 килограммнан жоғары жүктер үшін, сондай-ақ 3 метрден жоғары биіктікке жүкті көтерген кезде міндетті болып табылады.
13. Жағалаудағы өндірістік учаскеде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету
      211. Кірмежолдары және ғимаратқа кірмежолын, жағалау өндіруші аумағына еркін кірумен қамтамасыз етіледі. Өрт инвентарына, қосымша есік және сыртқы өрт баспалдағына қолжетімді, сондай-ақ түнгі уақытта жарықтандырылған.
      212. Жағалаудағы өндірістік аумағы участкесінде тазалық сақталып, жүйелі түрде қоқыстан тазартылып отырады. Қыста қардан және мұздан уақтылы тазаланады және құммен немесе шлакпен себіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет