Ішкі су көлігі кемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы талаптарын бекіту туралы


Кеме қайықшаларын (қайықтарын) және құтқарушы құралдарды



бет2/3
Дата30.06.2016
өлшемі391.29 Kb.
#168487
1   2   3

9. Кеме қайықшаларын (қайықтарын) және құтқарушы құралдарды
пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
      83. Ішкі суда жүзетін кемелер «Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2011 жылғы 9 наурыздағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6871 нөмірмен тіркелген) Ішкі суда жүзетін кемелерді жасау қағидаларына сәйкес және жүзу кемелерін құруда құтқарушы қайықтармен штаттық орындарға орналастыратын, қолдануға тиімді және жеке құрамға белгілі, құлыптанбайтын, жөнделіп тұрған заттармен жабдықталады. Кеме қажеттілігі үшін команданың жағалауға шығуы, кемеге жағалаудан азық-түліктер әкелу және басқа да мақсаттар үшін құтқарушы қайықтарды қолдануға болмайды.
      84. Команданың жағалауға шығуы, түрлі кеме жұмыстарын орындау, тереңдікті өлшеу және басқа жұмыстар үшін кеме жұмысшы қайықтармен қамтамасыз етіледі.
      Кемеде жеке және штаттан тыс қайықтарды ұстауға тиым салынады.
      85. Жұмысшы қайықтардың борттары құтқарғыш сым арқандармен қамтылған, форштта (ең басында) жалпақ жазумен кетпейтін бояумен кеменің аты және иесі көрсетілген жазу бар.
      86. Жұмысшы қайықтың су үстіндегі борты толық жүк тиелген кезде 0,3 борт биіктігін құрайды.
      87. Құтқарушы қайықтар толық жабдықталады, қапталады және дереу қолдануға дайын тұрады. Су ағып түсу үшін тетік ашық болады, ал олардың тығындары тетікпен бірге бұралған шығыршыққа байланады.
      88. Әрбір құтқарушы қайық, оны үнемі қадағалап отыратын, қайықты күтетін кеме командасының бір мүшесіне бекітіледі және ол суға түскен соң, дабыл белгісі бойынша басқаруды жүзеге асырады.
      89. Капитан пайдалануға кемені жүргізер алдында, пайдалану кезінде айына кемінде бір рет кішкентай қайықтардың құрылғыларын, құтқарушы қайықтар мен жұмысшы қайықтардың дұрыстықтарын тексеруге міндетті.
      90. Моторлы кеме қайықтарын басқару кемені, балшық сорғыш кемені басқа да моторлы жүзу құралдарын басқаруға құқық беретін дипломдары (куәлік) бар экипаж мүшелеріне рұқсат етіледі. Қалған экипаж мүшелері қажет болған жағдайда кәсіпкерлік – кеме иесі дайындаған бағдарлама бойынша оқытудан, кәсіпкерлік жетекшісі тағайындаған комиссияға емтихан тапсырған соң, тиісті куәлік алғаннан кейін моторлы қайықты басқаруға рұқсат беріледі.
      91. Кішкентай қайықтарды суға түсіру және көтеру кезінде ауыр жүк көтеретін шығырларды, тежеуіштерді, қайықтың көтеріп-түсіретін құрылғыларын реттеулерін тексеру қажет. Ауыр жүк көтеретін шығырларда, тежеуіштерде, көтеру-түсіру құрылғыларында ақаулар немесе жөндеулер табылса, сонымен қатар, шлюп-талдар шырмалып немесе ширатылып қалса кішкентай қайықты көтеруге және түсіруге тиым салынады.
      Кішкентай қайықта авариялық-құтқару жабдықтар болмаса жолға шығуға тиым салынады.
      92. Кішкентай қайықты түсіру механикаланбаса, шлюп – талдардың бұраңда қалақтары үстіне таралып жатса кішкентай қайықтар бірқалыпты қозғалыстағы қолды шлюп-талдардың көмегімен, бұраңда қалақтарды тетік немесе үзбелер арқылы қайырумен суға түсіру.
      93. Әрбір кішкентай қайықты суға түсірер алдында қайырмалы тығынның орнын, корпусты тексеріп және ағыстың болмауына көз жеткізу қажет.
      94. Кішкентай қайықты суға түсіру және олардың борттан жүріп кетуі тек вахта бастығының рұқсатымен жасалады. Осы жұмысты орындаушыға сақтандырғыш жұмыс кеудешесі кигізіледі.
      95. Кішкентай қайықта бір адамның шығуына тиым салынады.
      96. Ерекше жағдайларда, сүйретпелі кемедегі қысқартылған команда штатында (2 адам), бір адамның қайыққа шығуына келесідей талаптарды орындаған жағдайда рұқсат етіледі: кішкентай қайыққа шығушы кеме қайықтарын пайдаланудың қауіпсіз әрекеттері бойынша және құтқарушы құралдарды қолдану бойынша нұсқау алған және міндетті түрде сақтандырғыш жұмыс желеткесін киген.
      97. Тоқтайтын діңгектері мен басқа да алдыңғы бөліктерінің қайықты түсіру аумағында сына тәрізді үлестері болады, ал ойылған аумағында қайықтарды бөгетсіз суға түсіретін және көтеру үшін бағыттаушы брустар орнатылады.
      98. Қайықты қайық құрылғыларының көмегімен қайықты толық сыйымдылығы ескірілмей түсіру-көтеру кезінде қажетті жағдайда онда екі-үш адам болады; қалғандары басқышпен түседі және көтеріледі (шторм басқышпен).
      99. Отырғызу және түсіру алдында қайықтың үлкені жолаушыларды отырғызу (түсіру) кезегін қояды, мұқият болуларын ескертіп және әрқайсына отырғызу алдында орындарын көрсетеді.
      100. Адамдарды отырғызу-түсіруге және жүктерді тиеу-түсіруге қайық тек айлаққа тоқтаған кезде ғана рұқсат етілді. Кеме бортында тұрған қайыққа түсуге, одан шлюп-талдың көмегімен көтерілуге, сонымен қатар кеменің бортынан қайыққа секіруге тиым салынады.
      101. Жүктерді және адамдарды тасымалдауды вахтаның бастығымен тағайындалған және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамаланған қайықша бойынша үлкеннің басшылығымен жүргізу керек.
      102. Жолаушылар мен жүктерді қайықтағы белгіленген жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтерімділік нормалары артса жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға, сонымен қатар жүктерді банкілерге және олардың деңгейінен асыра қоюға тыйым салынады.
      103. Бір адамның есептік салмағы 75 килограмм қабылданады.
      104. Жолаушылар қайыққа аударылуды немесе айырылуды болдырмайтындай жағдайда орналастырылады.
      105. Қайықты кеменің жүруіне түсіріп және көтерген кезде толқынды немесе таза ауада фалинді кеме үстіне жеткілікті ұзындыққа шығарып және оны мұқият бекіту қажет.
      Кемені суға түсірген кезде қайықтың алдынғы жағы суға малынады, содан артқы жағы жайлады, сосын тұмсықты шлюп-талдар түсіріледі. Алдыңғы жағын көтеру кезінде шлюп-талдар кері бағытта алынады.
      106. Қайық кеме бортынан алыстап кеткенде фалинь бауын тек қайық командирінің (қолды) бұйрығымен беріледі. Қайықтың тұмсығы тойтарыла орғытып итерілуі қажет. Қайықты кеме бортынан, айлақтан итеріп жіберуге, оларға қолмен жармасуға немесе ұстауға жол берілмейді.
      107. Қайықта тиым салынады:
      1) транцевті тақтайда және бортта отыруға, тұруға;
      2) банктерде жүруге;
      3) қайық тұрақта тұрған және ол кеме бортына жақындаған немесе алыстаған кезде планширде қолын ұстауға;
      4) қайық командирінің рұқсатынсыз орындарды ауыстыруға немесе көшіруге;
      5) румпельге бар денесімен соғылуға;
      6) егер қайық парус қоюға ыңғайлы болмаса, оған парус қою;
      7) судың жиналып қалуына;
      8) отты ашық түрде қолдануға және шылым шегуге болмайды.
      108. Дауыл кезінде қайыққа шығу тек аварияға ұшыраған кемеге, авария кезінде суға батқандарға және басқа да оқыс жағдайларда көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда рұқсат етіледі. Дауыл соғып тұрғанда қайықпен кеме бортына ық жақтан келу қажет.
      109. Қайықтың қозғалысы кеме жүрісінің шамасындағы мүмкіндігі бойынша жүзеге асады. Қайықтың жетекке алынған, зәкірлі және байлаулы арқандар аумағында қозғалуына тиым салынады. Жүзіп келе жатқан кемелермен қиысуға немесе олармен параллельді жақын қашықтықта қозғалуына тиым салынады.
      Қайықта кеме ағысымен перпендикулярлы курспен ағыс майданына қиысу керек.
      110. Қайықты кеме рөліне жетекке алу кезінде қайыққа алынады және бекітіледі, бұл ретте адамдарға қайықта болуға тиым салынады.
      111. Аспалы моторларды іске қоспас бұрын бейтарап қозғалыстағы айналу бағытын өзгерте алатын құрылғылардың орнатылуына көз жеткізу қажет. Машинаның «алға» және «артқа» айналу бағытын өзгертетін тетікті басқару органына салу кезінде реверсивті аспалы моторларды іске қосуға тиым салынады.
      112. Аспалы моторды іске қосу кезінде қолға жіберілетін бауды орауға тиым салынады.
      113. Қайықта жанғыш заттар қорын металды сыйымды ыдыста сақтап, тығынмен нығыз жабу қажет. Осы мақсатта әйнекті және пластмассалы ыдысты қолдануға тиым салынады.
      114. Моторлы қайықтың қозғалу кезінде шұғыл бұрылу ең аз жылдамдықта атқарылады.
      115. Бұлтты, қар жауғанда немесе қараңғы уақытта көрінуді шектеп отыру кезінде моторлы және еспелі қайықтарға 6 км/с жылдамдықта осы Қағидалар талаптарын сақтай отырып, қозғалуға рұқсат етіледі. Сондықтан да қайыққа 360 градус көріну жиегі бойынша дабыл алауы қондырылады.
      116. Қайықтың қабылдау орнына тойтарлы ілмек пен лақтырғыш арқанмен вахташы болуға міндетті. Қажет болған жағдайда қайыққа кеме бортына қайықтың фалиннің көтеретін лақтырғыш арқан беріледі. Адамдарды отырғызу және түсіру үшін қайықты қабылдау кеменің қисық қоршалған жерлері аз аймақта және суағар, бу шығаратын тесіктер жоқ жерде жүргізіледі.
      117. Қайықты дөңгелекті кеме бортына қабылдау тек машина тоқтап тұрған кезде қажет. Жүзіп келе жатқан кемеге қайық кеменің жүруіне қарай, ал тұрған кемеге ағысқа қарсы жүріп жақындайды.
      118. Егер қайық жүзіп келе жатқан кеме бортына, балшық сорғыш кеме және т.б. соңғылар тоқтайды, ал қозғалысты тоқтату мүмкін болмаған жағдайда, ең аз жылдамдықпен машинамен қарсы борттан қабылданады.
      119. Құрамды жетекке алатын кемеге қайықты тұмсық жағынан қабылдайды, оны артқы жағынан алуға тиым салынады.
      Құрамсыз келе жатқан кемеге немесе құрамды буксир-итермешіге қайықты артқы жағынан қабылдауға рұқсат беріледі.
      120. Қайықты кеме бортына авариялық жағдайларды қоспағанда, жүзетін учаскелер үшін қиындық тудыратын толқындардың аударылып-төңкерілуінде, жүйектер мен басқа жағдайларда қабылдауға тиым салынады.
      121. Қайықтарды қабылдау және басқыштарды орнату орындарында ұзындығы 25 метр болатын құтқарғыш шеңбері ілінеді, оған еркін жіберіледі және қабылдау кешкі уақытта жарық түсіріледі.
      122. Кішкентай қайықтарды кеме үстіне бекіту және қаптау кезінде қайық құрылғыларымен жұмыс кезінде борттын қоршалмаған аумағында жүруге болмайды.
      Кішкентай қайықтарды қаптау, кішкентай қайықтарды кемеге бекіткеннен кейін іске асырылады. Қапталған кішкентай қайықтың үстіне тұруға және қасында болуға болмайды.
      123. Борт сыртына адам құлаған жағдайда оған тез арада құтқару шарын немесе көкірекше лақтырып және қауіпсіздік кестесі бойынша әрекет жасау керек «Борт сыртында адам».
      124. Түнгі уақытта суға кеткен адамды іздеген кезде кеме прожекторының жарығы түсіріледі. Құтқару қайығына ақ алау қойылады 360 градус көрінетіндей болып.
      125. Құтқарып жатқан адамды құтқару қайығының алдынан немесе артынан көтеру керек. Егер адамды көтере алмау жағдайында тәуекелге бармай суға кеткен адамды сақтықпен ыңғайлы жерге қайықты апарып көмек жасау керек.
      126. Жеке құтқару құралдарын қарауды кеме капитаны (командирі) айына кем дегенде үш рет тексеру керек.
10. Арқандап байлап қою жұмысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету
      127. Арқандап байлап қою құралдары кеменің сенімді тұруын және басқа кемелермен соқтығысып қалуын қамтамасыз етеді.
      Айлақтағы тұрақ немесе басқа кеменің борты, айрықша ылғал ауа райы кезінде жұмсақ кранц қолданылады.
      128. Арқандап байлап қою құралдарының жеке бөлшектері (арқан, шығыр имек, ) сенімді байланады және кемені тұрақта қазықтап байлап қою кезінде қатты байлануын қамтамасыз етеді.
      129. Арқандап байлау жұмысына темір, өсімдікті және синтетикалық арқандар қолданылады. Жөнделмеген қазықтап байлап қою құралдарын қолданылуға тиым салынады, істен шыққан немесе сертификат талаптарына сай келмейтін стопорлы шынжыр, блогтар, скобалар.
      130. Темір арқандарды ширатылған, езілген жерлері бар, үзілген жерлерді арқандап байлап қоюға рұқсат етілмейді.
      131. Барлық арқандап байлау жұмыстары кеме экипажы бөлімі кезекшісінің басшылығымен жүргізіледі. Арқандап байлап қою жұмысымен айналысып жатқан экипаж мүшелері сақтандырғыш желет және қолғап киюі керек. Қазықтап байлап қою жұмысының алдында кеме желісі бойынша кезекшісінің басшысымен кеме тораптары немесе радиостанциялар арқылы байланыс орнатылады. Түнгі және қараңғы уақыттарда арқандап байлап қою жұмыстары жүргізіліп жатса ол кезде міндетті түрде прожектор жарығы түсіріледі.
      132. Арқандап байлап қою жүргізіліп жатқан кезде бөтен адамдардың болуы және арқандап байлап қою жұмысымен айналыспайтын экипаж мүшелеріне арқандап байлап қою жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде болуға тиым салынады.
      133. Кемені арқандап байлап қою кезінде, кеме теңіз деңгейінен төмен айлақта және борттан төмен болған жағдайда арқанды байлау көтеріледі.
      134. Арқандап байлап қою жұмысын жүргізер алдында қазықтап қою механизмдерін іске қосуға дайындап қою керек: шынжыр барабандардан айырылып тұрғанын және тежегіште сенімді тұрғанын, зәкір шынжырының бұрандада бекітіліп тұру керек.
      135. Арқандап байлап қоюды қолмен келтіру механизмдерін тек қазықтап байлап қою механизмдерін іске асырылған кезде қолданылады, қалған уақытта штат орындарында сақталады.
      136. Қазықтап байлап қою арқандарын жағаға немесе басқа кемеге арқансыз лақтыруға болмайды. Байлап қою арқандарын лақтырған кезде «Сақтан!» деп айқайлау керек. Байлап қою арқанының ұшына рұқсат етілген жүктерді пайдалануға болады.
      Ескертпе. Байлап қою арқандарын лақтырған кезде лақтырған немесе қабылдаушы адамның арасы 1 метрден алшақ болмауы тиіс.
      137. Егер кеменің ескі винтіне арқандап немесе ескіш дөңгелегіне байлап қою арқанды құлаған жағдайда тез арада арқанның қасынан кетіп кеме бөлімі кезекшісінің басшысына тез арада хабарлау керек.
      138. Барабан арқылы байлау арқандарын тартып алу кезінде зәкірді кемеге тартып алатын шығыр орнынан кетуге болмайды.
      139. Арқандап байлап қою жұмыстары кезінде тиым салынады:
      1) байлау арқанын керген кезде немесе байлау арқанын араластырған кезде;
      2) барабан айналып жатқан кезде байлау арқанын лақтыруға немесе жинауға болмайды;
      3) фальшбортта және ұштары бекітіліп тартылған сым арқанның қасында болуға;
      4) кеменің жүрісі кезінде қолды шынжырға 1 метр жақындатып ұстауға;
      5) кнехтердің, кипті планкалардың, роульстердегі арқан бұралаң бұрыштардың ішкі жағында болу;
      6) байлау арқанын ұстаған қолдан сырғанатуға;
      7) арқандап байлау кезінде байлау арқанының үстінде жүруге және айлақта жүруге;
      8) шынжырды кеменің толық тоқтап болмайынша байлауға.
      140. Байлау арқанын фальшборттан жоғары 0,9 м немесе клюзда сақталып тұрған арнайы ілгіштер арқылы беру керек.
      141. Кемені шлюздаған кезде байлау арқанының жағдайын бақылап, қатты күштеуінен, босату керек.
      142. Кемені (кемелерді) орнату кезінде жанасты арқанды шлюпкаға қарай кіргізу керек. Арқан бухтаға кеме артқы жағында немесе ортаңғы бөлігінде болу керек. Шлюпкада екі адамнан кем емес адам болуға рұқсат етіледі. Кемеден жанасты арқанды бөшкеден кеткенше дейін жинауға болмайды.
      Бөшкеде жанасты соңы болса оның берілуі кеме палубасынан тойтарыс ілмекпен өткізу керек.
      143. Жабдықталмаған жағалауға экипаж күшімен кемені арқандап байлау кезінде, вахта басшысы кеменің тұмсық бөлігін жағалауға абайлап келтіріп, жасанды арқанды ауыстыру және бекіту уақытында қозғалыссыз күйінде машина мен рульдік құрылғының көмегімен ұстап тұрады. Бұл жағдайда арқандап байлау жұмысын екі адамнан кем емес жасайды, вахта басшысы бұйрығымен орындалады. Біреуі кемеде трапты беріп және бекітеді немесе уақытша орнатады, екіншісі жағалауға өтіп жасанды арқанды бекітеді. Егер кеме борты қазықтап байлап қою жерінен биік болған жағдайда жоғарыда айтылған жағдайларды сақтай отырып, байлау арқанын лақтыру арқылы екінші экипаж мүшесіне береді.
      144. Егер жанасты соңы жағаға байланса, айлақта немесе басқа кемеде өзінің экипаж күшімен, кезекшінің басшысы кемені тоқтатып байлау арқанын сол объектіге жақындатып ұстауы міндетті. Кеменің объектіге келмейінше борттан секіріп байлау арқанын бекітуге болмайды.
      145. Екі кемені бір-біріне арқандап байлау тек бір желіде болған және ең жай жүріс кезінде жүргізіледі.
      146. Арқандап байлау үшін берілген арқанға талаптар:
      1) палуба асты бөлмелерде кіру жолын кеспеу және конструкциялармен жабдықтарға қол тигізбеу;
      2) бір ғана бағыттаушы құрылғы арқылы өту.
      147. Байлау шынжырының соңғы ұшын бір-біріне ұшқындамас үшін ажырату керек.
      148. Шынжыр арқанды жинау тек сол орында бекітілгеннен кейін ғана, арқанның байланғаны және сол жердегі адамдардың қауіпсіздік орнына кеткеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
      149. Кемені айлақ жанынан кнехтке тарту кезінде жанасты арқанның түпкі соның қолымен тартысу қосымша шлагтарды кнехтке лақтыруға қалдыру қажет. Байлау арқанын кнехтаға байлаған кезде жаймен ұстау керек.
      150. Арқанды кнехтаға немесе арқандап байлап қою тумбасына ілген кезде қолды негізгі арқаннан ұстап салу керек.
      151. Байлау арқанын кнехтаға іледі содан соң кнехтанын екі ілмегіне сегіздік етіп байлайды.
      152. Темір байлау арқандарын темір тартпа сақтаған дұрыс, арқанның соңын барабан тартпасына жіңішке жіппен байлау керек.
      153. Арқан тартпасымен жұмыс жасар алдында мыналардың дұрыстығына көз жеткізу керек:
      1) тартпадағы ленталық тежегіштің дұрыстығына;
      2) тартпадағы арқанды айналдыру қондырғысының дұрыстығына;
      154. Вьюшкаға жанасты арқанды орау және орнату кезінде өте төмен еңкеюге болмайды.
      155. Палуба бойынша керекті мөлшерде шлагтармен таратылғаннан кейін ғана бухтадан жанасты арқанды беруді болады.
      Шатасқан арқан немесе қазықшалар бар арқанды беруге сондай-ақ бухта немесе шлагтар ішінде орналасқан жанасты арқанды беру кезінде болмайды.
      156. Арқандау жұмыстарын біткеннен соң барлық артық арқандар жиналады ал, байлау механизмдері энергия көздерінен айырылады.
      157. Автоматты арқандарды серпу қауіпсіз орында жүзеге асырылады.
      Автоматты арқанды қарау үшін кемені байлау кезінде қоршаудың сыртына шығуға тиым салынады.
      158. Капронды шынжыр арқандарды қолдану кезінде олардың, шексіз созылғыштығын, тайғақтығын, жылудың әсерінен тез тозып (күн сәулесінен, жылу көздеріне жақын болуы) және үйкеліп қалатынын есте сақтау қажет.
      Капронды тежеуіштерді бекітетін арқандар орнына қолдану кезінде міндетті түрде қауіпсіздік шараларын ескере отырып, сақтау керек.
      159. Капронды шынжыр арқандардың үйкелуін азайту үшін төмендегідей талаптарды сақтау қажет:
      1) шығырдың, шынжырдың, үзбелі арқандардың, роульстердің атанақтарының жоғары жұмсақ және қылау мен тотығу;
      2) шынжыр арқанды алу кезіндегі барабанның диаметрі капронды арқанның алты диаметрінен кем болмау;
      3) блоктың тегершігінің диаметрі кемінде капронды арқаннан алты - сегіз диаметр, ал тегершіктің жалпақтығы арқанның диаметрінен 25% -ға артық;
      4) байлауда ұзақ тұрған кезде астының үйкелетін орына төсеніш немесе олардың желкендерін тыстау қажет.
      160. Капронды шынжыр арқанды кеменің шынжырларын бекітіп ұстап тұратын жабдықтың орнына қолдануға болмайды.
      161. Капронды шынжыр арқанды байлайтын арқандардың орнына қолдану кезінде тізбекті жабдықтарды қолдануға тиым салынады.
      162. Капронды шынжыр арқандармен жұмыс істеу кезінде созылмалы шынжыр арқан серіппе секілді және бірден өз ұзындығының қалпына келуге тырысатындығын есте сақтау қажет.
      163. Капронды шынжыр арқандар тексеруге жиі түседі және ай сайын жарамсыз болады. Талшықтары үзілген, үйкелген, жарылған, ширатылған жіптердің араласқан және басқа да ақаулары бар капронды шынжыр арқандарды пайдалануға тиым салынады.
      164. Шынжыр арқанды шығырдың атанақтары немесе қақпалары арқылы алу кезінде көбірек шлагтарды қою және шынжыр арқанды қолмен атанақтан 1 м жақындатпай ұстау қажет.
      165. Шығыр мен қақпалар жұмысын басқарушы тұлға олардың шынжыр арқанды алу кезінде бірқалыпты жұмыс жасауын қадағалап, шлагтардың атанақтан босанып және ұшып кетпеуін болдырмау қажет.
      166. Тығыз толтырылған шынжырдың еріп кетуін болдырмауда шынжырды атанақтан бірте-бірте босатуға болмайды. Шынжыр шығырдың, қақпаның қозғалысында босаңсиды.
      167. Арқандау механизмдердің атанақтарына ол айналуы кезінде қосымша шлагтарды жайғастыруға болмайды.
      168. Арқандау операциясы алдында капронды шынжырлар кеменің үстіне созылады. Шынжырды орамынан шығаруға тиым салынады.
      169. Капронды бекіткіш арқанды жамаған кезде жұмысшының қолдары оттың қабырға жағында болу қажет.
      170. Синтетикалық бекіткіш шынжырлардың шлаг сандары кнехт жамалған жүк кемелері үшін жүк көтерімділігіне, тіркеп сүйреулерді-қуаттылығына, жолаушылар-судың сыйымдылығына байланысты анықталады. Кеменің жүк көтерімділігі (қуаттылығы, су сыйымдылығы) көбірек болса, сондай артықшылықта шынжырдың шлагтарын кенхтға жамау керек. Шлагтардың орташа саны 8 болу керек. Жоғарғы шлагтар созылмалы тежеуіштен жасалатын айқастармен бекітіледі.
      171. Жабдықтарды босату кезінде шынжырдың керілген жағында жүруге тиым салынады.
      172. Аспалы бортты крандармен кеме үстінде және қоршауда, қоршалмаған леердегі жұмыстар борт сыртындағы жұмыстар кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, орындалады.
      173. Кемеге немесе жағаға жақындаған уақытта қондырмасы бар крандарды қоршаудан салуға тиым салынады. Олар екінші үстінен салынады.
11. Тіркеп сүйреу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз
ету
      174. Тіркеп сүйреу бойынша барлық жұмыстар вахта бастығының басшылығымен орындалады.
      175. Тіркеп сүйреу ретінде бастапқы диаметрінен 10%-ға жуығы тозған немесе тотыққан сымдары бар болат шынжырларды, олардың жалпы санынан алты диаметр ұзындықтағы 10 % айырылған сымдарды қолдануға тиым салынады. Бұл талаптар тіркеу құрылғыларының кешеніне кіретін шынжырларға да қатыстырылған.
      Тіркеп сүйреу темір ілгектер мен бөлшектерде (қадалық істік, қапсырма, жапқыш қапсырма) жарылу, сондай-ақ тіркеп сүйреу доғалар сынған болса тіркеп сүйреу шығаруға болмайды.
      176. Барлық тіркеп сүйреу қақпалардың екі жағынан, көрінетін жеріне «Тіркеп сүйреуден сақтаң!» қауіпсіздік белгісі ілінеді.
      177. Тіркеп сүйреу шынжырдың тіркеп сүйреу жүкарбаның атанағындағы ең түпкі арты қажетті жағдайда оны еркін өршітуге тез беруге болады.
      178. Кемені, тіркеп сүйреу кезінде тіркеп сүйреу ілгектің жанында, тіркеп сүйреу арқанның жұмыс істеп тұру аумағында, сондай-ақ сүйреу шығыры және ілгектің алдында орналасуға болмайды.
      179. Тіркеп сүйреу-итергіш үшін (жүк теплоходтарын) ауыр жүк құрамын қалыптастыру рейдтік флоттары порттарында (айлақ) жүргізіледі. Рейдті тіркеп сүйрегіштің команда мүшелері мен рейд капитандары құрамдарды қалыптастыру кезінде сақтандырғыш жұмыс желеткелерімен жұмыс жасайды.
      180. Тіркеп сүйреуден (итергіш) өту үшін баржаны тіркеп сүйреу (итергіш) экипаж командасыз қызмет көрсету кезінде баржада тіркеп сүйреуден баржаға екі жақты леерлік қоршау өтпелі басқышы бекітіледі. Командасыз баржада арқандап байлау мен зәкірді көтеру және қайтару бойынша жұмыстарды орындайтын экипаж құрамдары жұмысшыларды сақтандыру кеудешелермен жұмыс жасайды. Тіркеп сүйреудің (итергіш) вахтасының бастығы осы орындалған жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және бақылайды.
      181. Тіркеп сүйрегіш шынжырлардың қауіпті борттық созылуы пайда болатын кезіндегі оңтайлы орындауларда басқа да сақтану шараларының қатарында осы Қағидаларында көрсетілген кеме ені шегінде соңғы тіркеп сүйрегіш арқаларда тіркеп сүйреу шынжырларды ұстап тұратын шектеу құрылғыларын қолдануды ұсынады. Құрылғы тіркеп сүйрегіш шынжырдың темір ілгектен немесе тіркеп сүйрегішінің жүкарабсынан еркін босатылуына кедергі болмайды.
      182. Тіркеп сүйреу шынжырды қолмен беру және алу кезінде борт пен шынжырдың шынжыр берілетін немесе алынатын арада жүруге тиым салынады. Ауыр тіркеп сүйреу шынжырды өткізгішпен берген дұрыс.
      183. Тіркеп сүйрегіш арқанын гакқа орнатуды тығыз бекітілген арқан кезінде тез және қауіпсіз берілуі қамтамасыз етілуіне сай жүргізілу керек. Тіркеп сүйрегіш арқанды гакқа орнатқан кезде оның шетінде тұру керек.
      184. Барлық сүйретілген кемелер толық шыққанда, олардың зәкірлері және жанасты арқандары таңдалып және бекітіліп, сүйретілген кемелерді байланыстыратын арқандары тартылып және растайтын дабыл берілгенін құрылым қозғалысын бастайды.
      185. Тіркеп сүйрегіш шынжырдың шоқырын салу мен алуға тек шынжыр әлсізденген кезде рұқсат етіледі. Шоқырды (әлсізденген) өршітуді жұлқусыз істеу қажет. Қақпадағы шоқырды тіркеп сүйрегіш шынжырға салу кезінде адам тіркеп сүйрегіш шынжыр ауыса алатын горизонталды жазықтықтан төмен жүруі қажет.
      Адамдарға тіркеп сүйрегіш шынжырдың шоқыры жиналып және буксирлеу басталған соң кеменің артында жүруге болмайды.
      186. Кеме қозғалысы кезінде тіркеп сүйрегіш шынжырды борттан қақпаға көтеруге болмайды; тіркеп сүйрегіш шынжырды борттан қақпаға кеме қозғалмай тұрған кезде көтереді. Тіркеп сүйрегіш шынжырды борттан қақпаға көтеру кезінде жұмысшыларға борт пен көтеріліп жатқан тіркеп сүйрегіштің арасында жүруге тиым салынады.
      187. Тіркеп сүйрегіш темір ілгектен босату кезінде жұмысшыларға тіркеп сүйрегіштің қақпадан кеменің тиісті бортына аударылып жатырғандығын ескерту қажет. Тіркеп сүйрегіш қолға аударып жатырғанда аударудың қарсы жағында тұру қажет.
      Тіркеп сүйрегіш шынжырды босату кезінде тіркеп сүйрегіш қақпаның астында тұруға болмайды.
      188. Тіркеп сүйрегіш шынжырды қолға алу кезінде вахта басшысы шынжырдың алу немесе өшіктіру жылдамдығын бұзбайтындай кеменің мүлде жай қозғалуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте ол жұмысшылар мен шынжырдың жағдайын үнемі қадағалап отыруы қажет.
      189. Тіркеп сүйреуді аяқталған соң, барлық шынжырларды өзінің штаттық орнына салу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет