Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар



Дата08.07.2016
өлшемі347.16 Kb.
#185524

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда министрінің

2012 жылғы ___ қыркүйектегі № ___ бұйрығына


қосымша

Қазақстан Республикасы

Экономикалық даму және сауда министрінің

2010 жылғы 1 шілдедегі № 100 бұйрығымен

бекітілген

Іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін қамтитын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар
1. Жалпы ережелер


  1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингісінің негізгі ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарғысында (бұдан әрі - № 931 Жарғы) белгіленген.

  2. Осы әдістемелік нұсқаулық стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу бойынша уәкілетті органдарға әдіснамалық көмек көрсету мақсатында әзірленген және іске асыру туралы есепті жасаудың нысандары мен тәртібін белгілейді.

  3. № 931 Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы, мемлекеттік бағдарламалар, аумақтарды дамыту бағдарламасы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға жатады.

  4. Мониторинг – стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру барысы туралы есептерді және басқа да ақпаратты жинау, жүйелендіру, талдау және қорытындылау.

  5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі мыналарды:

тиісті құжатты іске асырудың ағымдағы жай-күйі туралы ақпаратты алудың тұрақтылығын;

тиісті құжатты іске асыруда мемлекеттік органдардың іс-қимылының келісімділігін;

өзгеріп отыратын сыртқы және ішкі факторларды есепке ала отырып, тиісті құжатты уақтылы өзектендіруді қамтамасыз етеді.


  1. Мониторинг мыналарды зерделеу және талдау үшін ақпаратты үнемі жинау арқылы жүзеге асырылады:

ресурстарды пайдалану;

жоспарланған қызметті орындау;

жоспарланған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу.


  1. Белгілі бір қызметті, іс-шараларды, тікелей және түпкілікті нәтижелерді (нысаналы индикаторларды) жүзеге асыруға арналған шығындар мен ресурстар, сондай-ақ осы қызметтің сапалы нәтижелері мониторингтің мәні болып табылады.

  2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторінгісінің негізгі нәтижесі мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштеріне толық және уақтылы қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.

  3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына мониторинг жүргізу үшін мыналар ақпараттар көзі болып табылады:

ұлттық және ведомстволық статистика;

төменгі деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мониторингісінің, сондай-ақ сол арқылы іске асырылатын басқа да құжаттардың қорытындылары;

мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есептер;

бюджеттердің орындалуы туралы есептер;

сарапшылардың есептері мен қорытындылары, басқа да көздер.


  1. Әдістемелік нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

нысаналы индикатор - мақсатқа қол жеткізу деңгейін өлшеуге мүмкіндік беретін оның сандық мәні;

нәтиженің көрсеткіші – міндеттерді шешу дәрежесін анықтауға мүмкіндік беретін, санмен өлшенетін көрсеткіш;

көрсеткіштер – нысаналы индикаторлар және нәтижелердің көрсеткіштері;

көрсеткішке қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган – нысаналы индикаторға және (немесе) нәтижелердің көрсеткішіне қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік орган, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

квазимемлекеттік сектор ұйымдары – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олар аффилиирлеген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;

бірлесіп орындаушы орган – нысаналы индикаторларға және нәтижелер көрсеткіштеріне жету қызметіне байланысты және өзінің құзыреті мен функционалдық міндеттері шегінде аталған мақсаттарға жету үшін жауапты стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру бойынша ведомствоаралық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылатын орталық мемлекеттік органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, ведомстволық бағынысты және басқа ұйымдар.


2. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есеп


  1. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі әзірлеуші мемлекеттік орган жасайтын құжаттарды іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

  2. Іске асыру туралы есеп:

1) құжаттың деректемелерін:

құжаттың атауын, нөмірін, күнін;

әзірлеуші мемлекеттік орган мен бірлесіп орындаушыларды;

іске асыру мерзімін, оның ішінде кезең-кезеңімен;

2) жоспарланған және нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар және міндеттер нәтижелерінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларға қол жеткізілмеу себептерін;

3) орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалына ықпалы туралы ақпаратты;

4) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсете отырып);

5) құжаттың іске асыруға қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;

6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;

7) шешілуіне осы құжат бағытталған проблемалар мен міндеттердің шешілу деңгейі туралы ақпаратты, құжатты іске асырудың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуі тиіс);

8) игілік алушылардың қанағаттанушылығының деңгейі, оның ішінде жоспарланғанға қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпаратты (осы ақпарат құжатқа бағалау өткізілген жылғы есепке енгізілуі тиіс);

9) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

10) тұжырымдар мен ұсыныстарды, оның ішінде құжатты түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері жөніндегі, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі туралы және басқа ұсыныстарды қамтиды.


  1. Іске асыру туралы есеп қоса берілетін нысандарға сәйкес қалыптастырылады және талдамалық жазбаны қамтиды.

  2. Талдамалық жазбада мыналарды баяндау қажет:

1) өткізілген талдаудың қорытындылары, іске асыру туралы есепте келтірілген қажетті түсiнiктер және ақпаратты жинактау;

2) есепті кезенде жоспарланғаннан іс жүзіндегі нәтижелердің ауытқуы болған жағдайда, түпкілікті нәтижелерге ықпал еткен себептер мен факторларды ашып көрсету қажет;

3) орындалған және орындалмаған жоспарланған іс-шаралар және олардың орындалмау себептері, орындалмаған іс-шаралардың өңірдің, елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайына ықпалы туралы ақпаратты;

4) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, бөлінген қаржы қаражатының игерілуі туралы ақпаратты (көлемі мен пайдаланылмау себептерін көрсетіп);

5) құжаттың іске асырылуына қатысатын түрлі тараптардың өзара іс-қимылын талдауды;

6) құжаттың іске асырылу барысына ортаның сыртқы әсерін талдауды;

7) мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;

8) жоспарланған іс-шараларды іске асыру тиімділігін арттыруға және жоспарланған мақсаттарға, міндеттерге, көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған есепті кезеңде қабылданған шаралар;

9) есепті кезеңде стратегиялық және бағдарламалық құжатты, мемлекеттік органның стратегиялық іске асыру қорытындысы туралы қажетті тұжырымдама;

10) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын одан әрі іске асыру, қосымша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе қолданыстағыларды түзету, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау немесе тағы басқа жөнінде ұсыныс.



  1. Іске асыру туралы есеп қағаз тасығышта және электронды түрде ұсынылады.


3. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есепті ұсыну тәртібі

3.1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есепті ұсыну тәртібі

16.Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі (бұдан әрі – Стратегиялық даму жоспары) жылына бір рет жүргізіледі.

17. Стратегиялық даму жоспарының мониторингін:

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;

нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

бірлесіп орындаушы орган жүргізеді.

18. Стратегиялық даму жоспарының мониторингін тиісті нысаналы индикаторға қол жеткізуге жауапты әрбір мемлекеттік орган жүргізеді.

19. Егер нысаналы индикаторға қол жеткізуге бірлесіп орындаушы орган қатысатын болса, онда ол осы нысаналы индикаторға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органға, төмендегі ақпаратты ұсынады:

бірлесіп орындаушы органға бекітілген көрсеткіштерге нақты қол жеткізуге шолуды, оларға байланысты көрсеткіштерге қол жеткізілмеген себептерін,

көрсеткіштерге қол жеткізудегі проблемалардың сипаттамасын және олардың шешуін,

бірлесіп орындаушы орган жауапты болған іс-шаралардың орындалуы және іс-шаралар орындалмаған жағдайда олар қабылдайтын шараларды қамтитын ақпаратты ұсынады.

20. Нысаналы индикаторларға кол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға бірінші басышының қолы қойылған жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты ұсынады.

21 Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.

22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру туралы есеп пен стратегиялық даму жоспарының мониторинг бойынша қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

23. Іске асыру туралы есеп пен стратегиялық даму жоспарының мониторингі бойынша қорытынды жобасы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі кажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
3.2. Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасын іске асыру туралы есепті ұсыну тәртібі

24. Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасының мониторингі (бұдан әрі осы бөлімде – Болжамды схемасы) жылына бір рет жүргізіледі.

25. Болжамды схеманың мониторингін:

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;

елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасын іске асыру нәтижелерін сипаттайтын, көрсеткіштерге (индикаторларға) қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

бірлесіп орындаушы орган жүргізеді.

26. Көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган өзінің құзыреті шегінде Болжамды схеманы іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы орган ұсынатын ақпарат негізінде аталған көрсеткіштердің мониторингін жүргізеді. Өткізілген мониторинг туралы ақпаратты бірлесіп орындаушы органның басшысының қол қоюымен бірлесіп орындаушы органдар ұсынады.

27. Көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде өткізілген мониторинг туралы ақпаратты осы мемлекеттік органның басшысы қол қойып ұсынады.

28. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдардан алынған ақпарат негізінде Болжамды схеманы іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.

29. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру туралы есепті және Болжамды схеманың мониторингі жөніндегі қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

30. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ұсынған іске асыру туралы есеп пен Болжамды схеманың мониторингі жөніндегі қорытындының жобасы қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жағдайда қорытындының жобасын пысықтайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

3.3 Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті ұсыну тәртібі

31. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингі жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет жүргізіледі.

32. Мемлекеттік бағдарламаның мониторингін:

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;

мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган;

бірлесіп орындаушы орган жүргізеді.

33. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға бірлесіп орындаушы орган басшысының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады.

34. Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейінгі мерзімде бірлесіп орындаушы органнан алынған ақпарат негізінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

35. Іске асыру туралы есепке мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысы қол қояды.

36. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есеп негізінде жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша олардың әрқайсысы бойынша қорытынды жобалар қалыптастырады және оларды іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 25 наурызына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

37. Іске асыру туралы есеп пен мемлекеттік бағдарлар мониторингі бойынша қорытындылардың жобалары қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жағдайда қорытынды жобаларын пысықтайды және қорытындыны іске асыру туралы есептермен бірге есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
3.4 Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті ұсыну тәртібі
38. Аумақты дамыту бағдарламасының мониторингі мемлекеттік органдар ұсынған ақпарат негізінде жылдың қорытындылары бойынша жылына бір рет өткізіледі.

39. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламасының мониторингін:

облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;

нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

бірлесіп орындаушы орган жүргізеді.

40. Ауданды (облыстық маңызы қаланы) дамыту бағдарламасының мониторингін:

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдары;

нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

бірлесіп орындаушы орган жүргізеді.

41. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының мониторингін жүргізу үшін:

- құжатты іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

- облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік органнан алынған ақпарат негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қол қоюымен веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

42. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.

43. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының мониторингін жүргізу үшін:

- құжатты іске асыруға қатысатын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы ақпаратты ұсынады;

- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы бірлесіп орындаушы мемлекеттік органнан алынған ақпарат негізінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан дейінгі мерзімде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастырады және оны бірінші басшының қол қоюымен веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

44. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органында веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.

3.5. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есепті ұсыну тәртібі

45. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мониторингін операциялық жоспарды іске асыру барысын талдау негізінде әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.

46. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының мониторингі есепті жылдың қорытындысы бойынша жылына бір рет жүзеге асырылады.

47. Мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептерді дайындайды және оларды есепті кезеңнен кейінгі жылдың 20 ақпанына дейін бірінші басшының қол қоюымен веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.

48. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кірмейтін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі Президент Әкімшілігі айқындайтын тәртіпте жүзеге асырылады.

49. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, оларға қатысты қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілмейтін мемлекеттік органдар мониторинг қорытындылары бойынша жасалған іске асыру туралы есепті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей ұсынады.

50. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган стратегиялық жоспарларды іске асыру туралы есептер негізінде қорытындылар жобаларын қалыптастырады және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады.

51. Мониторинг бойынша қорытындылар жобалары қаралғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі қажет болған жағдайда қорытындылар жобаларын пысықтайды және қорытындыларды есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейін іске асыру туралы есептермен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.

52. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарларды іске асыру жөніндегі есептерді дайындайды және оларды бірінші басшының қол қоюымен веб-порталға (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) жыл қорытындылары бойынша есепті жылдан кейінгі 20 қаңтарынан кешіктірмей орналастырады.

Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда веб-портал болмаған жағдайда, іске асыру туралы есеп облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің веб-порталында орналастырылады.


4.Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асыру туралы есептерді толтыру тәртібі
4.1 Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру туралы есептерді толтыру тәртібі
53. Көрсеткіштерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыруға қатысатын қоса орындаушы орган Елдің Стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамдық схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды және аумақты дамыту бағдарламаларын мониторингілеу бойынша іске асыру туралы есепті тиісті мемлекеттік органға осы Әдістемелік нұсқаулыққа 1-қосымшада берілген нысанға сәйкес береді.

54. Кезеңділік бойынша есептілік жыл қорытындылары бойынша құрылады.

55.Есептілік мынадай тәртіпте толтырылады:

«Есепті жыл» жолы бойынша жыл көрсетіледі, оның қорытындылары бойынша есеп ұсынылады.

«Іске асыру кезеңі» жолы бойынша мемлекеттік бағдарламаны, аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңі көрсетіледі.

«Мемлекеттік орган» жолы бойынша есепті жасайтын және беретін (әзірлеуші органы, бірлесіп орындаушы орган ретінде) мониторингті жүргізуге жауапты мемлекеттік органның атауы көрсетіледі.

56. «20__ жылға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыттары» жолы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады. Мұнда оның шеңберінде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылатын тиісті онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағытының атауы көрсетіледі.

57. 1-бөлім. «Мақсаттарға қол жеткізу».

1) Бірінші бағанда:

-«Стратегиялық (Негізгі) бағыттар» және «Стратегиялық мақсат» жолдары бойынша оларға қол жеткізу нысаналы индикаторға қол жеткізумен қамтамасыз етілетін құжатты стратегиялық мақсатты іске асыру оларды дамытуға бағытталған елді/аумақты дамытудың басым (шешуші) бағытының, қызметтің негізгі бағыттары немесе салалары көрсетіледі. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде осы жолдар толтырылмайды.;

-« Нәтиженің мақсатты индикаторы/көрсеткіші» жолы бойынша оларға қол жеткізуге мемлекеттік орган жауапты болатын көрсеткіштердің (тиісті стратегиялық мақсаттың) атауы көрсетіледі,

2) Екінші бағанда көрсеткіштердің өлшем бірлігі көрсетіледі;

3)Үшінші бағанда көрсеткіштерге нақты қол жеткізуді растайтын ақпарат көздері көрсетіледі;

4) Төртінші бағанда нәтижелерге қол жеткізуге бірлесіп орындаушы органды қоса алғанда жауапты орындаушылар көрсетіледі;

5) Бесінші бағанда есепті жылға бекітілген стратегиялық немесе бағдарламалық құжаттың тиісті көрсеткіштерінің жоспарлы мәні көрсетіледі;

6) Алтыншы бағанда есепті жыл үшін көрсеткіштердің нақты мәні көрсетіледі;

7) Жетінші бағанда көрсеткіштердің нақты және жоспарлы мәнінің сәйкес келмеу себептері туралы ақпарат келтіріледі.

58. 2-бөлім «Іс-шараларды орындау» мемлекеттік бағдарламаны және аумақты дамыту бағдарламаларын іске асыру туралы есепті қалыптастыру кезінде толтырылады:

1) Бірінші бағанда іс-шараның реттік нөмірі көрсетіледі.

2) Екінші бағанда іс-шараның атауы көрсетіледі.

Өткізілетін іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бекіткен бағдарламалық құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі тиіс;

3) Үшінші бағанда іс-шараны аяқтау нысаны көрсетіледі.

4) Төртінші бағанда іс-шараны орындауға жауапты органдар көрсетіледі.

5) Бесінші бағанда іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды орындау мерзімі көрсетіледі.

6) Алтыншы бағанда оларды орындау бойынша іс-шаралар және қабылданатын шаралар орындалмаған жағдайдағы себептерді көрсете отырып, іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат көрсетіледі.

59. 3-бөлім «Ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты талдау».

Осы бөлімдегі ақпарат бірлесіп орындаушы органның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде қол жеткізілмеген нысаналы көрсеткіштер бөлінісінде келтіріледі:

1) Бірінші бағанда:

«Нәтиженің көрсеткіші, нысаналы индикаторы» жолы бойынша бірлесіп орындаушы органның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде есепті жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізілмеген (орындалмаған) көрсеткіштердің атауы көрсетіледі,

«Бірлесіп орындаушы орган» жолы бойынша ведомствоаралық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылатын және көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттеріне байланысты болған органның атауы көрсетіледі.

2) Екінші бағанда көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органның көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат келтіріледі.

60. 4-бөлім. «Сыртқы әсерді талдау»

1) Бірінші бағанда сыртқы факторлар және олардың көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жағымды және жағымсыз әсері көрсетіледі.

2) Екінші бағанда көрсеткішке жету үшін жағымсыз салдарды игеру бойынша қабылданған нақты шаралар және (немесе) оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органның сыртқы факторларының жағымды әсерін пайдалану туралы ақпарат көрсетіледі.

61. 5-бөлім. «Қаржылық қаражаттарды игеру» мемлекеттік бағдарламаны және аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есепті қалыптастыруға арналған.

1) Бірінші бағанда құжатты қаржыландыру көзі көрсетіледі.

2) Екінші бағанда есепті кезеңге жоспарланған қаржылық қаражаттар сомасы көрсетіледі.

Егер бағдарламаны қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары болса, онда осы бағанда түзетілген бюджет сомасы көрсетіледі.

3) Үшінші бағанда есепті жыл үшін қаржы қаражатының нақты игерілген сомасы келтіріледі.

4) Төртінші бағанда қаржы қаражатының игерілмеу себептері көрсетіледі.

5) Осы бөлімнің соңында «Жиынтығы» деген жолда есепті кезеңнің соңына бағдарламалық құжатты іске асыруға жоспарланған және игерілген қаржы қаражатының жалпы сомасы көрсетіледі.

Қаржы қаражатының сомасы екінші және үшінші бағандарда мың теңгеде көрсетіледі.

62. Есеп осы Әдістемелік нұсқаулықтың 14-тармағында жазылған талаптарды қамтитын талдамалық жазбахаттан тұруы тиіс.

Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамдық схемасын іске асыру туралы есепті толтыру кезінде талдамалық жазбахатты әрбір схема бойынша, бұл ретте санмен өлшенбейтін көрсеткіштерге қол жеткізу/қол жеткізбеу туралы ақпараттарды көрсете отырып, аумақтық кеңістіктік дамудың барлық жоспарланған бағыттары бойынша алға жылжуды аша отырып құрылымды түрде жазу ұсынылады.


4.2. Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті толтыру тәртібі
63. Стратегиялық жоспарды іске асыру туралы мониторинг бойынша есептің нысаны осы Әдістемелік нұсқаулықтың 2-қосымшасында берілген.

64. Кезеңділігі бойынша есеп жыл қорытындысы бойынша құрастырылады.

65. Есеп мынадай тәртіпте толтырылады:

1) «(мемлекеттік органның атауы)» деген жол бойынша стратегиялық жоспарды әзірлеуші мемлекеттік органның толық атауы көрсетіледі.

2) «(жоспарлы кезең)» деген жол бойынша стратегиялық жоспар әзірленген жоспарлы бесжылдық кезеңнің есепті жылы көрсетіледі.

3) «(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық немесе нормативтік құқықтық актінің атауы)» деген жол бойынша оның деректемелерін (нөмірі мен, күнін) көрсете отырып мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық немесе нормативтік құқықтық акті көрсетіледі.

4) «(Есеп кезеңі)» деген жол бойынша есепті кезең (есепті жыл) көрсетіледі.

5) «(Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды)» деген жол бойынша мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары көрсетіледі (деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан келтіріледі).

66. 1 «Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу» бөлімі.

1) бірінші бағанда мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін нысаналы индикатордың, міндеттердің, тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің және іс-шаралардың атаулары көрсетіледі.

2) екінші бағанда іс жүзінде қол жеткізілген индикаторлардың (статистикалық деректер, есептеу формулалары және т.б.) дұрыстығын растайтын ақпарат көздері көрсетіледі.

3) үшінші бағанда нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің өлшем бірліктері көрсетіледі.

4) төртінші бағанда есепті кезеңдегі нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің жоспарлы мәндері көрсетіледі.

5) бесінші бағанда нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің нақты мәндері көрсетіледі.

6) алтыншы бағанда көрсеткіштердің нақты және жоспарлы мәндерінің сәйкес келмеу себептері, іс-шаралардың орындалмау себептері туралы ақпарат келтіріледі.

7) «Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін іс-шаралар» деген жол бойынша тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілетін іс-шаралар көрсетіледі.

67. 2 «Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуды талдау» бөлімі.

1) бірінші және екінші бағандарды толтыру үшін деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының 4-«Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» бөлімінен келтіріледі.

2) үшінші бағанда іске асырылуы есепті кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған іс-шаралардың нақты орындалуы көрсетіледі.

3) төртінші бағанда жоспарлы мәні орындалмаған жағдайда олардың орындалмау себептері көрсетіледі.

4) екінші, үшінші және төртінші бағандар «Стратегиялық бағыт» және «Мақсат» деген жолдар бойынша толтырылмайды.

68. 3 «Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау» бөлімі.

1) бірінші-үшінші бағандарда толтырылатын деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының 5-«Ведомствоаралық өзара іс-қимыл» бөлімінен келтіріледі.

2) төртінші бағанда міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шараларға қол жеткізу бойынша есепті кезеңде нақты орындалу келтіріледі.

3) бесінші бағанда мақсаттың, міндеттің жоспарлы мәні орындалмаған жағдайда мақсаттарға, міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізуде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шараларға қол жеткізілмеу себептері көрсетіледі.

4) «Стратегиялық бағыт» және «Мақсат» деген жол бойынша деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарынан толтырылды.

69. 4-«Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау» бөлімі.

1) бірінші-үшінші бағандарда толтырылатын деректер мемлекеттік органның бекітілген стратегиялық жоспарының 6-«Тәуекелдерді басқару» бөлімінен келтіріледі.

2) төртінші бағанда тәуекелдерді басқару іс-шараларының нақты орындалуы келтіріледі

3) бесінші бағанда мақсаттарға, міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жоспарлы мән орындалмаған жағдайда мақсаттарға, міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізуде мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шараларға қол жеткізілмеу себептері көрсетіледі.

70. 5-«Бюджеттік бағдарламаларды талдау» бөлімі.

1) «Сипаттау» деген жол бойынша бағдарламаның кысқаша мазмұны, яғни осы бағдарламаны іске асыру неге бағытталғаны және шығыстардың қандай түрлері көзделгені көрсетіледі.

2) «Бюджеттік бағдарламаның түрі» деген жол бойынша бағдарламаның мазмұнына байланысты:

мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беру;

бюджеттік кредиттер беру;

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру;

күрделі шығыстарды жүзеге асыру;

мемлекеттің міндеттемелерін орындау бойыша бюджеттік бағдарламаның түрі көрсетіледі.

3) біріншісінен бастап төртіншісін қоса алғанға дейінгі бағандарда толтырылатын деректер есепті кезеңдегі 7-«Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімнен келтіріледі.

4) бесінші бағанда іс-шаралар көрсеткіштеріне қол жеткізудің нақты деректері келтіріледі.

5) алтыншы бағанда жоспарлы мәндегі бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген жағдайда, нәтижелерге қол жеткізілмеу себептері, ал бюджет қаражатының көлемі бойынша – игерілмеу себептері көрсетіледі.

71. Есеп осы Әдістемелік нұсқаулықтың 14-тармағында баяндалған талаптарды қамтитын талдамалық жазбахаттан тұрады.
5. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын мониторингілеу жөніндегі қорытынды
72.Іске асыру туралы есептің негізінде қорытынды дайындалады.

Стратегиялық мен бағдарламалық құжаттарға бағалау жүргізілетін жылы мониторинг қорытындысы қалыптастырылмайды.

73. Мониторинг қорытындысы мыналарды қамтуы тиіс:

1) деректемелер (стратегиялық және бағдарламалық құжат бекітілген актінің атауын, нөмірін, күнін, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын, әзірлеуге жауапты мемлекеттік органды, бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды, іске асыру мерзімдерін, оның ішінде кезеңдер бойынша);

2) есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелер, оның ішінде есепті кезеңдегі аралық мәнімен қоса нақты қол жеткізілген нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштері (аралық немесе түпкілікті мәнге қол жеткізілмеген жағдайда қол жеткізілмеу себептерін көрсету);

3) есепті кезеңге жоспарланған іс-шаралар саны, орындалған және орындалмаған (себептерін көрсете отырып) іс-шаралар тізбесі;

4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылу барысына ықпал ететін факторларды талдау;

5) іс-шараларды орындауға есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген, қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, іс-шараларды орындауға арналған бюджеттік және өзге де қаржы қаражаты туралы ақпарат;

6) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер;

7) жауапты орындаушы мемлекеттік орган стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат;

8) алдыңғы бағалаудың нәтижелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ақпарат;

9) қорытындылар мен ұсыныстар.




Іске асыру туралы есепті жасаудың

нысандары мен тәртібін қамтитын

стратегиялық және бағдарламалық

құжаттарға, мемлекеттік органдардың

стратегиялық жоспарларына

мониторинг жүргізу жөніндегі

әдістемелік нұсқаулықтың

1-қосымшасы
_______ жылға дейінгі
Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының іске асырылуы туралы есеп

Есепті жыл




Іске асырылу кезеңі(мемлекеттік бағдарламалар аумақтарды дамыту бағдармалары үшін)




Мемлекеттік орган







(мониторинг жүргізуге және есепті жасауға жауапты мемлекеттік органның атауы)

20_______ жылға дейінгі Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының стратегиялық бағыты (мемлекеттік бағдарламалар үшін)

1. Мақсаттарға жету

Атауы

Өлшем бірлігі

Ақпарат көзі

Жауапты орындаушылар

20_______ жылдың жоспары

20_______ жылдың фактісі

Ауытқу себептері


1

2

3

4

5







Стратегиялық бағыт

Стратегиялық мақсат

Нысаналы индикаторлар



















2. Іс-шараларды орындау



Іс-шара

Аяқтау нысаны


Жауапты орындаушылар

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

1

2

3

4

5







3. Ведомствоаралық өзара іс-әрекетті талдау

Нысаналы индикатордың/нәтиже көрсеткішінің атауы

Бірлесіп орындаушы орган

өзара іс-әрекетті талдау

1

2






















4. Сыртқы әсерді талдау

Сыртқы әсер факторлары және олардың нысаналы индикаторға/нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу әсері

Қабылданған шаралар

1

2

5. Қаржы қаражатын игеру

Қаржыландырудың көзі

Жоспар, мың.теңге

Факт, мың.теңге

Пайдаланбаудың себебі

1

2







1 көз










2 көз










......










Барлығы










6. Талдамалық жазба.

Бірінші басшы







(қол, қолдың толық жазылуы)



Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)әкімі







(қол, қолдың толық жазылуы)


Іске асыру туралы есепті жасаудың

нысандары мен тәртібін қамтитын

стратегиялық және бағдарламалық

құжаттарға, мемлекеттік органдардың

стратегиялық жоспарларына

мониторинг жүргізу жөніндегі

әдістемелік нұсқаулықтың

2-қосымшасы
Мемлекеттік органда стратегиялық жоспарының

 ____________________________________________________________________


 (әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

______________________жылдарға арналған,


(жоспарлы кезең)

20____жылғы «___»_____________№ ______

_________________________________________________________бекітілген


(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген құқықтық немесе нормативтік құқықтық актінің атауы)
Есепті кезең:______________________

1. Іс-шаралар мақсаттарына, міндеттеріне, нысаналы индикаторларына және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу

Стратегиялық бағыты 1.______________________________________

Мақсаты 1.1. __________________________________________________________

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалар коды ____________________________________________________________________



Нысаналы индикатордың, міндетің және қол жеткізудің түпкілікті мерзімін (кезеңін) көрсете (отырып) тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көздері


Көр.

өлшем



Есепті кезең


Қол жеткізбеу себептері


Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

 

Нысаналы индикаторлар




 

 

 

 

 

….

 

 

 

 

 

Міндеттер


Тікелей нәтижелер көрсеткіштері


 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу іс-шаралары


 

 

 



 

 

 

 

 

2. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытудың талдауы

Мемлекеттік органның есепті жылға стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын іске асыру бойынша жоспарланған іс-шаралары

Нақты орындау

(есепті кезеңдегі мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған іс-шаралар)




Қол жеткізбеу себептері


1

2

3

 

 

 

 

 

 

3. Ведомствоаралық өзара қарым-қатынастың талдауы

Қол жеткізу үшін ведомствоаралық қарым-қатынас талап етілетін міндеттер көрсеткіштері


Ведомствоаралық қарым-қатынасты жүзеге асыратын мемлекеттік орган


Міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоспарланған шаралар


Есепті кезеңдегі міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын шаралардың нақты орындалуы


Есеп кезеңдегі мақсаттар, міндеттер және міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері

1

2

3

4

5

Стратегиялық бағыт

Мақсаты

Міндеттергі

 

 

 

 

4. Сыртқы тәуекелдерді басқаруды талдау

Ықтимал тәуекелдердің атауы


Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қолдынбаған жағдайдығы ықтимал салдарлар


Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар


Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың нақты орындалуы

Орындалмау себептер

1

2

3

4

5

Сыртқы тәуекелдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ішкі тәуекелдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Бюджеттік бағдарламалардың талдауы

Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері


Көрсеткіштің атауы

Көр.өлш

Есепті кезең


Нәтижелерге қол жеткізбеу /бюджет қаражатының игерілмеу себептері


Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

Бюджеттік бағдарламаның атауы

 

Сипаттамасы

 

Бюджеттік бағдарламаның түрі


Мазмұнына байланысты

 

іске асыру әдісіне байланысты

 

ағымдағы/даму

 

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы

 

 

 

 

тікелей нәтижелер көрсеткіштері

 

 

 

 

соңғы нәтижелер көрсеткіштері

 

 

 

 

сапа көрсеткіштері

 

 

 

 

тиімділік көрсеткіштері

 

 

 

 

бюджеттік шығыстардың көлемі


Бағдарлама бойынша барлығы


 

мың. тг.

 

 

 

оның ішінде:

кіші бағдарлама бойынша






мың. тг.










кіші бағдарлама бойынша




мың. тг.










6. Талдамалық жазба.

Мемлекеттік органның жауапты хатшысы (Бірінші басшысы)







(қол, қолдың толық жазылуы)





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет