ИСЛАМ ДІНІ-ҒЫЛЫМ
Сабақтың мақсаты:
1.оқушыларға Ислам діні мен ғылымының егіз дүние екенін ұғындыру,жалпы имандылық ережелерінің сақталуы туралы мағлұмат беру;
2.оқушылардың сөйлеу тілін дамыту,өз өнерлерін көрсетуге жағдай жасау;
3.адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барсы.
1.Ұйымдастыру.
Ислам діні қазақ халқының негізгі діні болғандықтан баланы ерте жастан мұсылмандыққа тәрбиелеу-парыз.Өкінішке қарай мектеп бағдарламасында имандылық сабағы енгізілмеген.Алайда адамды инабаттылыққа жетелейтін бірден бір жол-мұсылмандық.Олай болса қазір,құрметті қонақтар мен оқушылар,осы дін әне мектеп төңірегінде әңгіме қозғайық.Ең әуелі мен сіздерді қонақтармен таныстырып өтейін.
1.Ауылымыздың құрметті азаматы әрі Ислам діні туралы уағыздаушы имам Токенов Жұмаш Ерғалиұлы.
2.Мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орын басарлары
Мұғалім: -Армысыздар қадірлі ұстаздар, оқушылар! Мектептің оқу-өндірістік жоспарына сәйкес Ислам әлеміне саяхат атты дөңгелек үстелді өткізгелі отырмыз. Осы шарамызға барлықтарыңызда қош келдіңіздер!
Мұндағы мақсатымыз: Оқушылардың Ислам діні туралы білімдерін кеңейту пәк дініміз Исламның ел тарихындағы рөлін көрсете отырып,оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Кешімізге ауыл имамы Токенов Жұмаш Ерғалиұлы ағаларыңыз қатысқалы отыр. Барлықтарыңыз осы кеште белсенділік танытып, атсалысуларыңызды сұраймын.
Біз Ислам діні туралы не білеміз?Кезекті оқушыларға берейік.
1-оқушы:Ислам діні алғаш рет Арабияда дүниеге келді.Оның негізін салушы-Мұхамед Пайғамбар.Өзінің мұсылман санайтын адам баласы төмендегідей 5 парыз ұстау керек.
1.Аллаға сеніп,Мұхаммедтің үмбеті екенін мойындау.
2.Дәрет алу,күніне бес рет намаз оқу.
3.Рамазан айында отыз күн ораза ұстау
4.Қажылыққа Меккеге бару.
5-жарлыға зекет беру.
2-оқушы:Өз жолына иланғандарға Мұхаммед Пайғамбар үйреткен ережелер
1.Ашуды тежеп ұста.Туыстардың қиянқы қылықтырын кешір.
2.Бір-біріңе кек сақтама.Біріңді-бірің қызғанба.Бірңді-бірің мазақтама.
3.Өзара аңдыспа.Басқаның сенімін алдама.
4.Заңсыз іске араласпа.
5.Біреудің осалдығын дабырлатпа.
6.Заңсыз бірдеңе алып қалу үшін пара беруші болма.
7.Хайуантқа қатыгездік жасама.
4-оқушы:мұхаммед Пайғамбар шындықтың шуағы мол екенін данышпандылықпен аңғарды.Шындық адамдарды жақсылыққа жеткізеді,өтірік күнаға батырады.”Ей адамдар,өтіріктен аулақ болыңдар” деп үндеді.Мейлі ер адам,мейлі әйел адам болсын,ондағы ең ұлы қасиет-адалдық.Өмірдің өз жанын өзі жаралайды,күнәғабата береді.
5-оқушы:”Қайрымдылықтың оң қолыңмен жаса,сол қолың білмей қалсын”
Дейді екен Пайғамбар.бірақ қайрымдылық қайыр-садақамен ғана шектелмеген.Айтарлық:біреулердің басқаларға жылы шырайы,жолдан адасқанған жөн сілтеу,жол үстінде аяаққа оралғы шөп-шалаң,тас-кірпіштерді алып тастау,соқырды кедергіден өткізіп жіберу,тіл қатқан адамдарға сыпайы сөйлесу,әлдебіреуді сабырға шақырып сабасына түсіру.
6-оқушы:Әке-шешенің Пайғамбар қатты құрметтеді.”Ұжымақ ананың табанында” деді ол
“Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы.Әкенің зеніші-Алланың реніші”.Бір күні Пайғамбарға әлдекім келіп:”Айтыңызшы,мен жақсылықты әуелі кімге жасауым керек?”деп сұрапты.”Өз анаңа”деді Пайғамбар.”Тағы кімге?”деді әлгі адам.”Анаңа”деп жауап береді Пайғамбар.”Сонан соң кімге?”деді сұраушы.”Өз әкеңе”деді Пайғамбар.
Видеоролик көру
7-оқушы:”Білім игеріңдер” деді Мұхаммед Пайғамбар өзіне ілескендерге.Білім іздеу-әрбір мұсылманның қиналғанда қуаткер,оңаша ой-
серік,жалғыздықта жолдас,бақытқа бастар ақылшы,торыққанда таяныш,адамдар арасында айбар,жауға қарсы жебе-сол білім болмақ.
8-оқушы:Әрбір мұсылман баласы ерекше таза киім-кешектің екі түрлі қызметі бар:адам денесін ыстық-суықтан қорғайды;сондай-ақ адамға көрік,сән береді.
9-оқушы:Мұсылман баласы ерекше қымбат кимге әуес болмағаны дұрыс.Әсіресе ер кісілер таза алтынна жасалған,қымбат жібектен тігілген кимдерден бойларын аулақ ұстағаны абзал.
10-Ислам діні жалпы алғанда щектен шыққан дүниеқорлықты,байлыққа,сән-салтанатқа құмар болуды айыптайды.Әйелдерге алтын,күміс тағынуға,қымбат кимдерді кюге рұқсат етілген,Бірақ мұнда да нысап,шек болуға тиіс.
11-оқушы:Арақ-шарап ішу Ислам дінінеде зор күнаға жатады.Әрбіреу маскүнем-шайтанның қызметшісі.Кейбіреулер “Бидайдан жүзімнен,балдан жасалған арақ-шарапты тұрған не бар? деп сылтауратады.Ислам дініінде қандай заттан жасалған болсада да адамның ақыл-ойын тұмандатып,жаман кейіпке түсіретін ішімдіктің бәрі(арақ па,шарап па,сыра ма,боза ма) арам қатарынан қосылады.
Мұғалім:Ал ендігі сөз кезегі Жұмаш Ерғалиұлына берейік
Ал қазір біздің балалар қандай исламдық терминдер біледі екен,тыңдап көрейік.
Аксауле: Ислам-бейбітшілік,бас июшілік
Сопы-көңілі таза адам
Пір-қарт,қария кісі
Шейх-тәлім-тәрбие беруші
Халифа-өкіл,орынбасар
Үммет-мұсылман топ
Айкүміс
Сүннет-жол,саят
Тәуфиқ-Иман- келтірушінің бірінші шарты
Әулие-берілгендер,достар,киелі жандар
Иншала-Алла қалғаны
Машалла-Алланын қалағаны
Мүбәрәк-құт-береке
Ғұсыл-жуыну
Қортынды.
1.Мұсылманның бірі парызы(Бес уақыт намаз оқу)
2.Пайғамбарымыздың аты кім?
3.Қай айда ораза тұтады?
4.Біздің билеуші иеміз кім?
5.Рамазан айында мешетке өткізілітін, жарлылырға берілетін төлем
6. Таңғы намазға шақыру рәсімі
Мұғалім: «...Иман сақтауға қорықпас жүрек, айналмас көңіл, босанбас буын керек. Яғни (оқу арқылы таныған) иманы бар деуге ғылымы жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап:ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті «шын» деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Алла өзі сақтасын! Әрнешік білмек керек, жоғарғы екі түрліден басқа иман жоқ», -деп қорытады Абай атамыз. Келгендеріңізге көп рахмет,келесі кездескенше сау – саламата болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |