«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері» «Мәдениет және дін»



бет1/24
Дата11.12.2023
өлшемі131.22 Kb.
#486160
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері



«Ислам және қазақтың мәдени дәстүрлері»
«Мәдениет және дін» пәні қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерінің шығу негізі мен оның дінмен сабақтастығын талдап көрсетуге арналған пән болып табылады. Бұл пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер дін мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып арасындағы мәселелерді қарастырғанда дін мен дін тарихы, қазақ халқының басынан өткізген рухани үдерістер тарихы қарасытырылып, белгілі бір дәстүр негізінде қай кезеңдегі діни үдерістер ықпалы болғандығына мән беріледі. Сонымен қатар, дін өзгерген жағдайда оның мәдениетке, салт-дәстүрге ықпалы қаншалықты дәрежеде болатыны қарасытырылады. Сол себепті, сабақта алғашқы басты назар аударылатын мәселе – дін мен мәдениеттің арақатынасы. Діннің мәдениет қалыптастырушылық әлеуетінің қарастырылуы, керісінше дәстүрдің дінге, діни танымға ықпалы қанша деген мәселелер жан-жақты қарастырылуы тиіс. Сонда біз дін мен мәдениет арақатынансын айқын аңғаратын боламыз.
Одан кейінгі қарастырылатын мәселе дәстүрдің қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен оның киелілік сипатының қалыптасу негіздерін анықтауға мән берілу керек. Бұл жерде дәстүрдің қалыптасуына ықпал еткен Тәңірлік негіздің дәстүрге киелілік сипат беретін басты фактор екендігі ескерілуі тиіс. Дәстүрдің киелілік сипаты бар кезде халықтың рухани тірегі мықты болады. Кез-келген халықтың, сырттан келген діннің ықпалымен, дәстүрі киелілік сипатынан ажырар болса, онда халық өзінің негізгі рухани-мәдени болмысынан ажырап, өзге діннің ықпалымен басқа мәдени негіз қалыптастыруға мәжбүр болады. Тарих сахнасына басқа халық шығады. Сол себепті, кез-келген халықтың дәстүрлік негізі көздің қарашығындай қорғалуы тиіс.
Дәстүр тек мәдениетпен шектелмейді, мемлекеттің құрылымдық жүйесі мен билік те халықтың салт-дәстүрімен тығыз байланыста қалыптасады, дамиды. Мысалы, билеуші мен билік жүйесінің қалыптасуы өздігінен болмайды. Тәңірлік аян мен сол аянды қабылдаған тұлғаның өзіне келген аян негізінде халықты соңына ерте білуі, халыққа басшылық жасай білуі ол тұлғаға киелілік сипат береді. Ол өз қалауымен емес, өзіне келген аян негізінде халыққа басшылық жасады. Міне осы негізде мемлекет пен мемлекеттің билік жүйесі қалыптасады. Осы жүйені бекітудің сан алуан сипаты, жолы бар. Мысалы, түркілік билік жүйесінің негізі рулық, тайпалық жүйе. Бұл жүйенің сақталуының киелілік сипаты бар. Өйткені, бұл жүйелер мемлекеттің тірегі. Олар ыдырайтын болса, мемлекеттің билік жүйесі күйрейді. Демек, түркі халықтарындағы рулық, тайпалық жүйелердің сақталуы киелі болып саналады. Сондықтан түркілік дәстүрде осы жүйені сақтаудың рационалдық жолы жасалған. Ол жеті атаға дейін некелік қатынаста қыз алысуға тыйым салу. Жеті атаға дейінгі некелік қатынас бұзылып, қыз алысатын болса, қатаң жазалау шарасы осымен тікелей байланысты. Демек, бұл мысалдардан қазақтың кез-келген дәстүрінің киелілік сипаты бар екенін көреміз. Осы мәселе студенттерге кеңінен түсіндірілуі тиіс.
Келесі кезекте түркі тарихындағы діни, рухани үдерістерге талдау жасалынып, ол үдерістердің түркі халықтарының тарихи тағдырында қандай өзгерістерге себеп болғаны қарастырылып, түркі мәдениетінің осы күнге дейін сақталып қалуының себептері және қазақ халқының қалыптасу кезеңдері көрсетіледі. Мысалы, түркілер ислам дінін VIII ғасырдың екінші жартысында қабылдады. Бұл түркі мәдениетінің өзгеруі мен мемлекеттік жүйесінің күйреуіне әкелді. Себебі, ислам дінінің келуімен түркі қоғамындағы қатынастарды реттеуші дәстүрлі жүйе күйреп, орнын Ислам шариғаты басты. Қоғамдық қатынастар өзгерді. Бұл некелік қатынастардың өзгеруіне әкелді. Бұл өз кезегінде ру, тайпалардың ыдырауын тездетті. Рулық, тайпалық жүйе ыдыраған соң мемлекеттік жүйе күйреп, орнын абсолюттік билікке негізделген мемлекетті басқарудың парсылық жүйесі қалыптасты. Түркілерді өз мәдениетіне қайта бет бұрғызып, мемлекеттік жүйесін қайта қалпына келтірген Қожа Ахмет Йасауи болды. Оның сопылық тариқаттың түркілік бағытын қалыптастыруы, дін тілін, мәдениет тілін, әдебиет тілін, мемлекет тілін түркілендіруі түркі мәдениетінің толық қайтадан қалыптасуына ықпал етті. Одан кейігі кезеңде түркілер арасында рухани, мәдени өмірдің бар саласы түркіленді. Алтын Орда дәуірінде Йасауи жолының өзінің шырқау деңгейіне көтерілген кезеңі болды. Ол жолдан шегіну Алтын Орда мемлекетінің күйреуіне, Өзбек ұлысының үшке бөлінуіне, Қазақ хандығының ыдырауына тікелей ықпалын тигізді. Қазақ халқының өзінің мемлекеттігінен айырлуы осы өзінің дәстүлі діні мен мәдениетін сақтай алмауына байланысты болғандығы түсіндірілуі, осы мәселелердің барлығы нақты тарихи фактілер негізінде көрсетілуі тиіс.
Қазіргі күнгі еліміздегі діни, рухани өзгерістер мен ол өзгерістердің халық санасына қаншалықты ықпал етіп жатқандығы, оның еліміздің болашағына қайдай қауіп туғызыр ықтималдығы студенттерге түсіндірілу тиіс.
Қорыты айтқанда, бұл пәнді оқыту студенттерге дін мен дәстүдің өзара сабақтастығын, діннің мәдениет қалыптастырушылық ролінің қаншалықты жоғары екенін, дәстүрлі діні мен мәдениетінен ажыраған халықтың өзінің рухани, мәдени дербестігін де, мемлекеттігін де сақтап тұра алмайтындығы ұғындырылуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет