232
ИМАНИ ГҮЛ
болғандықтан жаратты» дей алмақпыз?!
Мейірімді дәрігер ауру жандарға жаны ашып, көмек
көрсетпек ниетпен тегін емдесе, ауру адамдар:
«Бұл
дәрігер бізді емдеуге зәру» дей ала ма?! Немесе, мейірімді
дәрігер сол ауру адамның ауруларына шипа болар әр
түрлі
дәрілерді «іш» деп бұйырса, әлгі ауру жан:
«Бұл
дәрігер маған бұл дәрілерді ішкізуге зәру-ау, шамасы»
демесі анық. Міне, тура осы сияқты Алла Тағала біздің екі
дүниеде де бақытты болуымыз үшін, рухани дертіміздің
дауасы ретінде намаз, ораза, зекет сияқты ғибадаттарды
біздерге парыз еткен.
Сөз түйіні, Алла Тағала
«Самад», «Ғани» яғни, ешбір
нәрсеге
мұқтаж емес, керісінше өте бай. Күллі жараты-
лыс атаулы Оған мұқтаж. Сұрақтың жауабын осы жерде
нүктелеп, мына бір тұсты баса айта кетуді жөн көріп от-
ырмыз.
Егер Ұлы Жаратушымыз адам баласына ғибадат жа-
сауды парыз етпеді деп санаған күннің өзінде біздер Оның
ұлылығы мен шексіз құдіретінің,
теңдессіз шеберлігі
мен ұлықтығының алдында таң қалып, өз еркімізбен
бас иіп, Оның жалғыз Құдайлығын (улуһиәтын) мойын-
дап жан тәнімізбен ұлықтауға, сан түрлі
мақтау айтып
ғибадат жасауға тиіс болар едік. Адамды жоқтан жара-
тып, һәм оған өзге жаратылыстардан үстем етіп ақыл-ой,
сана-сезім сыйлаған, сан алуан жақсылығы мен рызық -
несібесін толассыз төгіп, айналасындағы күллі жараты-
лысты қызметіне жүгірткен Ұлы Иесіне адам баласының
өз еркімен алғыс -шүкірін білдіруі, Оның алдындағы
қарыздар екенін мойындап тағзым етуі оның ұмытылмас
міндеті әрі адамдық қасиетінің
асыл талабы болса ке-
рек.