Орындаған: Куданова М. Қабылдаған: Шынпейіс Г. Жоспар



бет1/2
Дата07.12.2023
өлшемі93.64 Kb.
#485863
  1   2
NACHFNLSEUZG07122023155709


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Факультет: Жаратылыстану ғылымдары
Кафедра: Биология


БӨЖ
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесіндегі салт-дәстүрлердің ролі

Орындаған:Куданова М.


Қабылдаған: Шынпейіс Г.
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Отбасы ұғымы
2.2 Қазақ халқындағы салт-дәстүрлер
2.3 Отбасы тәрбиесінде салт-дәстүрдің рөлі
2.4 Отбасындағы бала тәрбиесі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе
Қазақ халқы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға бай халық. Сол салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз халық тұрмыс–тіршілігінің өн бойына ғасырлар бойы тамыр тартып, қандық қасиетіне сіңіп, өшпей, жоғалмай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып бүгінгі заманға жетіп отыр. Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға ерекше көңіл бөлген. Бала – біздің өміріміздегі кездейсоқтық емес, заңды құбылыс. Оның дүниеге келу себебі адамның адамға қажеттілігінде. Бала өмірге келгенде оның өз орны айқындалады. Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз-шексіздікті танып білуге ұмтылады. Баланың салт-дәстүрді толық білуі оның белсенділігін, білімге құштарлығын арттырады. Балаға сеніммен қарау оны қуаттандыра түседі. Себебі бала-өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі, ерлі-зайыптылардың тіреу-діңгегі, сондықтан баланың дүниеге шыр етіп келген күннен бастап есейіп азамат болып кеткен күніне дейін оған жан-жақты қамқорлық жасап, аялы алақанында әлпештеп өсіріп, тәлім-тәрбие берген. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ атын осы кезге дейін қазақи салт – дәстүрлерімен, ырымдарымен, бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктерімен талай елді таң қалдырып келеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанның әр азаматының, ата-ананың, әрбір ұстаздың көздеген межелерінің бірі–сол ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып жасөспірімдер бойына сіңіру, ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі ала отырып, ұлттық салт-дәстүр үлгісінде тәрбиелеу. Сондықтан мен де өз халқымыздың салт-дәстүрлері, асыл қазыналары, асыл мұралары туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларына сіңіруде қолданылатын оқу-тәрбие құралдары ретінде жасаған жұмысым арқылы шамалы болса да үлес қосу.


II.Негізгі бөлім
2.1 Отбасы ұғымы
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу­меттік орта. Отбасы белгілі дәстүр­лер­дің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отба­сында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі.Адамның жеке басының алғашқы қа­лып­тасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғаш­қы адам­гершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақ­талып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адам­­ның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­наста, мәде­ниеттілікті тәрбиелеуде отба­сы­ – алғашқы қадам. Сондықтан отба­сы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өз­гер­­туге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый­­ластық, жарастық орнаған орта. От­ба­сы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының ең маңызды қызмет­те­рінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге кел­тіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеумет­тік-мәде­ни ортаның құндылығын қабылдат­тыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұр­пақ­қа жеткізу, бойына сіңірту, яғни бала­ларын өздерін қоршаған ор­таға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – әке-шешенің ең маңызды мінде­ті. Ата-ананың, басқа да отбасы мүше­лерінің өмір сүру тәжірибесі, жүріс-тұры­сы, өз міндеттерін таза атқару, бір-бірін құрметтеп сыйлауы – бәрі де үлкен мектеп, тәрбиелік мәселе. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бүгінде құл­дырауға ұшырауына байланыс­ты қоғамда бірқатар керітартпа әрекеттің пай­да бола бастағанын байқауға болады. Отбасы – баланың әлеуметтенуінің алғашқы факторы. Толық емес отбасын­да, бұл процесс отбасының қалыпты құры­лымының жоқтығынан өзгереді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйен­сек, кішкентай бүлдіршіндер ата-анасының ажырасуы салдарынан пси­хологиялық зардап шегетіні анық­талды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы туындаған кикілжіңдердің салдарынан бала­лар депрессияға ұшырайды және дамуының артта қалуына бейімді болып келеді. Осылайша ажырасу фактісі бала­ны ауыр психологиялық салдарға (құ­қық бұзушылыққа, суицидке, өз-өзіне сенім­сіздікке) душар етеді. Толық емес отбасының проблемасы – баланың әлеуметтенуінің бұзылу проблемасы.
Ол әрбір адам баласының кішігірім отаны. Отбасы – өмірдің мағынасы, мәні мен сәні. Жалпы, қазағымыз қашан да отбасы беріктігі мен шаңырақтың шайқалмауын жоғары қойған. Босағаның берік, керегенің кең, шаңырақтың биік болуын іргелі елдіктің негізі деп ұққан. Ата-бабаларымыз отау құрса, өле-өлгенше бір шаңырақта өмір сүрген. Тіпті ол кездері, болашақ жарын бұрын соңды көрмей, ата-анасы құда түсіп үйлендіретін де болған.Ал енді, әркім өз қалауымен, сүйген адамына қосылуға толық еркіндік берілген қазіргі қоғамда ажырасушылар қатары жыл өткен сайын көбейген үстіне көбейіп барады. Осыдан бірнеше жыл бұрын әрбір төртінші ерлі-зайыпты екі жаққа кететін болса, қазір әрбір екінші немесе үшінші жұп ажырасады екен. Бұл адам жанын түршіктіретін, болашағымызды бұлыңғыр ететін дүние.
Өмір болған соң, шыны-аяқ сылдырламайтын отбасы жоққа тән. Мұндайды қазақы менталитет жұртқа дабыра қылмай, отбасы-ошақ қасындағыны сыртқа шығармайтын. Қазір отбасындағы кикілжіңнің құқық қорғау қызметкерлерінің көмегінсіз шешілетіні кемде-кем. Себебі, ерлі-зайыптыны бір-бірінен бездіретін, ажырасудың ауылын сездіретін себептердің бірі-ащы суға құмарлық, жеңіл жүріс сынды аты да, заты да қорқынышты әдеттер. Қазір тіпті еркекті былай қойып, араққа салынған әйелдер де отбасының берекесін қашыруда. Ұйытқы болар ана, тәрбие берер әке зиян әдеттерімен өз бастарының күйін күйттеп жүрген отбасында қандай ұрпақ өсіп-өнеді? Тәжірибемнен байқағаным, некені бұзуға арызданатындардың көбісі жастар және 80-90 пайызының кәмелет жасқа толмаған бір немесе бірнеше балалары бар. Ажырасушылардың әрқайсысы әрқалай себептерді алға тартады. Бірі күйеуін кінәләса, енді бірі әйелін кінәләйді. Жараса алмадық, мінезіміз үйлеспеді дейтіндер де бар. Енді бірі күйеуім ішеді, жұмыс істемейді дейді.Ертеректе аталарымыз бен әжелеріміз жоқшылық пен тоқшылықты көрсе де, ажырасу туралы ойламаған. Себебі, қазақта ажырасу деген ұғым ешқашан болмаған. Текті қазақтың тәрбиесі оған жол бермеді.

2.2 Қазақ халқындағы салт-дәстүрлер


«Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері.».Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады. Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі. Салт дәстүр мәселесі. Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған. Балаларға қатысты салт — дәстүр: балаға ат қою — ата-ана үшін жауапты іс. Қазақ халқының ерекше бір көңіл бөлетін ғұрыптарының бірі — өмірге жаңа келген бөпеге ат қою. Әрбір ата-ана өзінің баласына әдемі әрі мағыналы есімді қоюды қалайды. Сондықтан болар ырымшыл халқымыз перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады. Балаға ат қойған кезде кез келген адамға емес, тағы да сол ырым қылып көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, аузы дуалы кісілерге баласының атын қойғызуды мәртебе санаған. Қырықтың бірі-қыдыр деп келіп қалған қонағына да ырымдап ат қойғызған екен. Бұл баламның атын пәленшекең қойып еді-деп соны тіпті айтып жүретін болған. Бірақ қанша ырымшыл әрі үлкен адамдардың атын қойғанымен балаға өте киелі, қасиетті, әулие абыздардың атын қоймаған. «Ол өте ауыр болады, бала көтере алмайды» деп түсінген мұны. Халқымызда азан шақырып, ат қою деген сөз бар. Баланың атын қояр кезде үш қайтара «Аллаһу акбар» деп азан шақырып, содан кейін баланың құлағына қойылған атты үш рет айтады. Баланың есінде сол есім қалады, құлағына сол есім сіңеді деген ырым бұл. Ал кейде бала тұрмай жүрген жағдайда «көз тимесін», «тіл тимесін» деп әртүрлі, тіпті құлаққа ерсі естілетін оғаш аттарды да қоятын болған. Отбасында ылғи қыз болғандықтын «ұлды болсын» деген ниетпен қыздарға Ұлбосын, Ұлмекен, Ұлбала деген сияқты аттар қойылған».
Бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі – өзіміздің қазақ халқы. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері туралы зерделеу барысында мен ең біріншіден халқымыздың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері–салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелеріне жүгінуім қажет. Өйткені, Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдар атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекешіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау ізгі дәстүрге айналған. Қасқа қатал, досқа адал болу – қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Олардың жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны ерекше, сондықтан осы ұғымдарды оқушылардың бойына сіңіруді жан-жақтылы жүргізу қажет деп ойлаймын. Қазақ халқы ұрпағын ерекше қадыр тұтқан. Бала-бауыр ет, балалы үй базар, баласыз үй мазар-деген баламалар ұлтымыздың өмір тәжірибесінен туған ой қорытындысының жауһары. Балаларға жақсы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар қалыптастыру жайлы ұлы Абай «Ғылым-білімді, әуелі, бала өзі іздеп таппайды, басында зорлықпен әки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша, бір бала ғылым-білімді қашан махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» , деген ұлағатты пікір айтқан. Ұлтымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын өз ұрпақтарына «бесік жыры» арқылы айтып сіңдіріп отырған. Бұдан көшпенді халықтың қоғамдық өмірінен туындаған халық педагогикасының қайнар көзі халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымен тамырласып жатқандығын аңғаруға болады».
Шілдехана күзету. Халқымыз ұрпақ көруді ерекше бақыт санаған, ол жалғыз ата-ананың қуанышы ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың қуанышы есептелген, баланы өмірдің жалғасы деп түсінген. Нәресте дүниеге келген күні «баланың бауы берік болсын» айтып бір түн күзетіп, жиылған ел-жұрт ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, үлкен мереке өткізіп, «Шілдехана» күзететін болған. Түрлі ойын-сауық өткізіліп, әркім әл-ауқатына қарай «шілдехана» күзету ырымын 2 -3 күнге жалғастыратын. Шілдехана-жаңа туылған бала мен жаңа босанған ананың құрметіне жасалатын ойын-сауық. Шілдехана күзетуге, негізінен,босанған ананың жақын маңдағы туыс-туғандары мен көрші-қоландарының жігіт-желең ,қыз-қырқындары, сондай-ақ, өнер сүйер ұлкен-кіші ауыл адамдары келеді. Онда әр күні кеште ел орынға отырып, малды қоралап, ас-су ішіп, ат-көлікткрді отқа қойған соң ,босанған ананың үйіне жиналып ән салып, күй тартып ,өзара айтысып, жаңа босанған ана мен нәресте әсем әнмен әлдилеп ,тәтті күймен тебетеді. Шілдехана әдетте бір апта ,тіпті 40 күнге дейін шам өшірмей жалғастырылады. Шілдехана күзетудің өзіндік ғылыми мәні бар. Жас босанған ана мен нәрестенің шошынып , түрлі жүйке ауруларына шалдығуының алдын алады. Жаңа туған нәрестені тұншығып қалуын немесе зиянды жәндіетердің шағып зақымдап кетуінің алдын алады. Жас босанған ана мен нәресте ән–күй, өлен-жырды тыңдап,тез сергиді. Бала болашақта ізгі ниетті, өнер сүйгіш, ақ көңіл, ашық-жарқын болады.
«Қалжа. Қазақ салты бойынша бала туылған күні сол отбасында той жасалып, ауыл ақсақалдарының батасын алып, маңайдағы абысын-ажын тағы басқа әйелдер сол үйге жиылып босанған анаға арнап қой сою кәдесі «қалжа» деп аталған. Қалжа сойылып малдың етін жеп болған соң, мойнын қырық күнге дейін керегенің басына іліп қояды, бұл баланың мойны берік боп қатсын деп ырымдаудан болған. Ер баланың «мені де әкем ұл туды деп, қалжа сойған» деген сөз содан қалған».
Бесік той. Жаңа туылған баланы бесікке бөлеу жорасы «бесік той» деп аталады. Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Үй иесі бір малын сойып ауыл әйелдерін және баланың кіндік шешесін шақырады, келген әйелдер балаға арнап шашу, жейде, тана-моншақ, үкі, тағы басқаларды әкеледі».

2.3 Отбасы тәрбиесінде салт-дәстүрдің рөлі


Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге қатысты сонау ежелден ккеле жатқан бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері болатын. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бірі Құраннан аят оқып, нәрестенің атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсімі өткізілетін. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптырылып, спорт жарыстары өткізілетін Ата-ана өздерінің ұлын үйлендіру қамын әрқашан ойластырып жүретін. Болашақ келінді бала кезінен іздестіре бастайтын. Тіпті балалар дүниеге келмей жатып-ақ атастыру рәсімі болатын. Құдаларды өнегелі, құрметті, текті жерден іздестіретін. Құда түсудің салт-дәстүрлері бойынша арнайы рәсім өткізілетін. Қазақтарда жеті атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.
Баланы үйлендіруге қатысты әдет-ғұрыптардың реті мынадай болатын: құда түсуге алдын ала келісу, ата-ананың құда түсуі, күйеудің қалыңдыққа ұрын баруы, келін түсіру тойы, неке қию рәсімі. Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізетін. Бұл салт-дәстүр құдалық рәсімінің орындалғанын көрсететін. Ал құдалық екі жаққа да белгілі міндеттер жүктейтін. Құдалықтан айнуға болмайтын.Құда түсудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін жігіт жағы қыздың қалыңмалын төлейтін. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетін. Оның мөлшері құда түсушілердің қаншалықты бай, ауқатты екендіктеріне қарай белгіленетін. Қалыңмалдың мөлшері 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейін жететін. Үйлену тойы кезінде құдалар бір-біріне киіт кигізетін болған. Ол түрлі қымбат бағалы киімдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бір-бірімен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдет-ғұрыптары неке қию рәсіміне ұласады. Қазақтардың дәстүрлі қоғамында қыздың жасауын берудің де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезінен әзірлене бастайтын. Қыздың жасауына киіз үй, кілем, текемет, сырмақ сияқты бұйымдар, киім-кешек түрлері мен ыдыс-аяқтар, әр түліктен тұратын мал басы және басқалары кіретін болған.Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көрді.
Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор.

2.4 Отбасындағы бала тәрбиесі


Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет .Баланың өмірге бейімдеуде мектеп , ұстаз және ата –ананың орны бөлек. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады . Адамгершілік –адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз-адамгершіліктің асқар шыңы . Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады . Адамгершілік негізі – имнадылық пен ізеттілікте .Ол әрбір отбасынан басталады . Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке , ізеттілікке ,инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған .Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді , қыз балаларға ибалық жасап жол беруді , жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық , кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие .Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді . Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс –әрекеті балалардың көз алдында өтеді . Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Әке –шешесі жақсы болса , балалары да жақсы тәрбие алып өседі . Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те , соншалықты жиі «жақсы әке –шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз.Әке –шеше болатын адамдар жақсы ата – ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды . Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксізболып табылады .Адамның қандай да бір іс –әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар мен идеалдарға сүйенеміз, тәрбие іс –әрекетінде мұндай нормалар жоқ. .. Әйел болуды , күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке –шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке –шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер , жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады . Және де біздің жүріс –тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі , бірқалыпсыз, кейде қарама –қайшылықта болып келеді . Балалар бір –біріне қаншалықты ұқсамайтын болса , әке мен шеше де бір –біріне соншалқыты ұқсас емес. Баламен қарым –қатынас та терең индивидуалды және бір –біріне ұқсамайтын болып келеді .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет