Исмаил Раджи әл-Фаруки ислам өркениетінің Өнері мерзімді басылымдардың 24-топтамасы


Исмаил әл-Фаруки (1986 ж. қайтқан) ‒ палестина-



Pdf көрінісі
бет13/13
Дата17.09.2024
өлшемі4.76 Mb.
#503705
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
RED-full-Kazakh-The-Arts-of-Islamic-Civilization

Исмаил әл-Фаруки (1986 ж. қайтқан) палестина-
лық-американдық философ, көреген және салыстырмалы 
дін саласындағы беделді адам. Исламның ұлы заманауи 
зерттеушісі, оның білімпаздығы дінді зерттеуді, ислами 
ойларды, ғылымға деген көзқарастарды, тарих, мәдениет, 
білім, конфессияаралық диалог, эстетика, этика, саясат, 
экономика және ғылымның ұлы салаларды қамтитын ис-
ламтану ғылымының барлық спектрін қамтыды. Оның 
ХХ ғасырдағы ұлы мұсылман ғұламаларының бірі болға-
ны сөзсіз.
Ислам өркениетінің кез келген аспектісін қарастырғанда
оның түпкі себебі мен шығармашылық негізі Құранға не-
гізделген деп қарастырылуы керек. Ислам мәдениеті шын 
мәнінде «Құран мәдениеті»; өйткені оның анықтамалары, 
құрылымдары, мақсаттары және осы мақсаттарды жүзе-
ге асыру әдістерінің барлығы Алланың Мұхаммед (с.ғ.с) Пай-
ғамбарға түсірген уахилар сериясынан алынған. Алланың бұл 
аяны болмаса, мәдениеттің пайда болуы мүмкін емес еді; бұл 
аян болмаса, ислам діні де, ислам мемлекеті де, ислам филосо-
фиясы да, ислам құқығы да, ислам қоғамы да, исламдық саяси 
немесе экономикалық ұйым да болуы мүмкін емес еді. Ислам 
мәдениетінің бұл аспектілері негізі мен уәжі, іске асырылуы
және мақсаты жағынан Құранның аясында қарастырыла-
тыны сияқты, ислам өркениетінің өнерін де Құраннан туын-
дайтын және соған сүйеніп іске асырылатын эстетикалық 
көрініс ретінде қарастыру керек. Иә, Ислам өнері шын мәнінде 
Құран өнері. Олай болса, ислам өнерінің Құран арқылы көрі-
нетін бояуларын, иірімдерін, пішіндері мен дыбыстарын қалай 
қарастыруға болады? Осы мәселе зерттеудің тақырыбы 
болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет