Использование интерактивной доски в процессе обучения русскому языку и литературе



бет3/3
Дата03.07.2016
өлшемі275 Kb.
#174338
түріСеминар
1   2   3

Үй тапсырмасы: Синтаксистік тіркестерді пайдаланып, «Менің сыныптасым» атты тақырыппен шағын шығарма жазып келу.


ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР:
ІІІ деңгей тапсырмалары:

1. Конверттегі сөздерден тұрақты сөз тіркесін құрастырып мағынасын ашып айт.

2. Мына берілген сөз топтарының қайсысы сөз тіркесі, қайсысы күрделі сөз екенін айырып, дәптеріңе бағанға бөліп жаз:

Қара торы, қара торы қыз, кетіп қалды, үйде қалды, он сегіз, ақ сары, арғы шеткі.
ІІ деңгей тапсырмалары:

1. Оқулықтағы 250-жаттығуды оқып шығып, қарамен жазылған сөздердің сөз тіркесі, күрделі сөз және тұрақты тіркес екенін анықтап дәптеріңе топтап жаз.

2. 254-жаттығуды оқып шығып, қарамен жазылған сөз тіркестерін түріне қарай ажыратып (есімді ме, етістікті ме), бөліп жаз.

І деңгей тапсырмалары:

(шығармашылық тапсырмалар)

1. Синтаксистік тіркестерді (сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес) пайдаланып, сыныптас бір оқушыға мінездеме бер.

2. Тұрақты сөз тіркесі – ойды көркемдеп, әсерлеп жеткізу құралы. Ендеше сен ойыңды әсерлі де көркем жеткізуде тұрақты сөз тіркесін қолданасың ба? Қанша тұрақты сөз тіркесін білесің? Дәптеріңе жазып мағынасын ашып келтір.



ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІІ деңгей, 1 сұрақ
Конверттегі тұрақты сөз тіркестері:

Сөздің майын тамызу әдемі сөйлеу

Шашпауын көтеру – жағымпаздану

Тонның ішкі бауындай − өте жақын, өз адамындай

Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес.


ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІІ деңгей, 2 сұрақ
Сөз тіркесі: қара торы қыз, кетіп қалды, үйде қалды
Күрделі сөздер: қара торы, он сегіз, ақ сары, арғы шеткі

ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІ деңгей, 1 сұрақ

250 - жаттығу.



Сөз тіркесі


Күрделі сөз


Тұрақты тіркес


Өскелең мәдениеті
Үнді Қытай, Византия мемлекеттерімен

сауда-саттық жасап
Мақтанышпен айтамыз.
Әбу Насір әл-Фарабидің есімі


Көне түркілер
Тұран жерінде
Түркі қалаларында
Сауда-саттық
Қол өнер
Жібек жолының бойына
Бағдат обсерваториясы




Жол ашқан



ЖАУАП ПАРАҒЫ. ІІ деңгей, 2 сұрақ

254-жаттығу


Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркесі


Шәкірттерінің бірі
Дос болған адам




Балалары еді
Қазақ балалары да болған
Орыс балалары еді
Ізерлей ізденіп
Құныға кітап оқып
Домбыра тартып,
ән салып,
жаза бастайды
өлеңдер болады




Сөздің



майын


тамызу


Шашпауын



көтеру


Тонның


ішкі



бауындай



Ағама


жеңгем



сай,



апама



жездем



сай






Класы : 5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдаулары.

Сабақтың мақсаты. Білімділік: Оқушыларды Қазақстан Республикасның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауға Жолдауларын оқып, олардың негізгі көздеген мақсатымен таныс болу. Оның маңыздылығы мен құндылын сарапқа салу.

Тәрбиелік: Жаңаша ойлай алатын парасат-пайымы әлдеқайда жоғары, ел болашағын анықтайтын, жан-жақты ХХІ ғасырдың саналы азаматын қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілікпен, үлкен құрметпен, жауапкершілікпен қарайтын «Мен – Қазақстандықпын!» деп ұрандайтын патриот тұлғаларды қалыптастырып, осы жолда тәрбие беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау ұшқырлығын, жинақтау, талдау жасай білу қабілеттерін дамытып, алдына мақсат қойып сол жолда күресе алатын және өзіндік жеке ой-пікірі бар жаңа мемлекеттің жаңа азаматын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: 1. Н.Назарбаев. «Қазақстан-2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.

2. «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» (Жолдау) «Егеменді Қазақстан». 1 наурыз 2005 жыл.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы мен тұжырымдамасы. «Егеменді Қазақстан». 2004 жыл 16 қазан.

4. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». «Ақтөбе» газеті. 1 наурыз 2007 жыл.

5. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы». «Қазақстан мұғалімі» 20 қаңтар 2004 жыл.

6. Н.Назарбаев. Қалың елім қазағым. Алматы – 1998 жыл.

7. Н.Назарбаев. Әділеттің ақ жолы. Алматы – 1991 жыл.

Сабақтың барысы және оның мазмұны:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың зейінін ұйымдастыру.

  2. Өткен сабақтан алған білімдерін бекіту.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

«Игі мақсатқа тура жүрген жетеді» (Фирдоуси).

«Егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез келген жол алып баруы мүмкін». (халық даналығы).

«Жоспар – белгілі бір жұмыстың алдын-ала жобаланған жобасы». (Қазақ тіліні сөздігінен. 243 бет).

Мұғалім сөзі: Жоспардың түрі әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, бір күндік жоспар, бір айлық жоспар немесе жылдық жоспар. Адам алдына мақсат қойып, соны жоспарлап бекітеді. Мәселе жалпы жоспарлауда емес, нені қалай жоспарлауда.

«Саясаткер биыл өтетін сайлаудың жағдайын ойлайды, қайраткер биыл туған баланың тағдырын ойлайды» деген сөз бар екен. Иә, бүгінгі халықтың болашағын, келер күнін ойлап, тағдырына бар ниетімен алаңдаған қайраткер ағаларымыздың атқарып жатқан нәтижелі істері осы сөздің куәсі. Ең алдымен ауызға алатынымыз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Азия құрлығының өзіне көшбасшылық бестік ішінде Жапонияны, Қытайды, Оңтүстік Кореяны атаса, Қазақстанның сол құрамға кіруі, әлемнің ең шапшаң дамушы он елінің бірінші ондығына енгізілуі тегіннен тегін емес. Дегенмен, айтар ауызға жеңіл болып көрінгеніме, бұл жетістік асқан қиындықпен және Президентіміздің саяси ерік-жігерін, жүргізіп отырған саясатының аса шеберлігімен келді.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел болашағы үшін жасаған стратегиясы мен халыққа жасаған Жолдаулары:

Қазақстан-2030» стратегиясы. Қазақстан Орталық Азия Барысына айналады. Бұл стратегия 1997 жылы 11 қазанда жарияланды. Стратегияда жеті бағыт бөле көрсетілген.



Ұзақ мерзімді басты мақсаттары:

  1. Ұлттық қауіпсіздік

  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы

  3. Экономикалық өсу.

  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

  5. Энергетика ресурстары.

  6. Инфрақұрылым. Көлік және байланыс.

  7. Кәсіби мемлекет.

Ұлттық қауіпсіздік қамы. Америка Құрама Штаттары бастаған әлемдегі ең ірі бес мемлекет еш уақытта соғыс ашпайтынына кепілдеме берді. Оның ішінде екі ұлы көршімз – Ресей мен Қытай бар. Еліміздің аймағы, сондай-ақ көршілермен шекарасы тұңғыш рет Халықаралық актілермен заңды түрде бекітілді. Қарулы әскерімізді қалыпастыру процесі жүріп жатыр.

Астананың Ақмолаға көшірілуі – ұлттық қауіпсіздігімізге тікелей жол ашты, т.б.



2004 жыл қаңтар айы – «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

2004 жыл 11 қазан №1459 Жарлық – ҚР-нда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Онда 4 бағыт көрсетілген. Олар:

1) 12 жылдық жалпы орта білім.

2) Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім.

3) Бакалавриат – магистратура – докторантура.

4) Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі.

2004 жыл 19 наурыз – «Бәсекеге Қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Жолдауы.

2005 жыл 18 ақпан – «Қазақстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауы.

2007 жыл 28 ақпан – «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Бұл Жолдау 2 бөлімнен, 6 тараудан, 10 міндеттен, 30 бағыттан тұрады.

І бөлім 6 тараудан тұрады.

ІІ бөлім ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындайды.

26 бағытта «Қазақстан халықтарының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты» қарастырылған. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».

17 бағыт – «Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату.

17 бағыттың 6-міндеті – осы заманғы білім беру жүйесі.
Сабақты бекіту.

Сабақты қорытындылау.


Уақыты: 7. 04. 07

Класы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Әңгімедегі бейнеленген күз суреті.

Сабақтың мақсаты. Білімділік: Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесінен бейнелеген күз суретін тауып, оның адам өмірімен байланыстылығы туралы танып білу.

Дамытушылық: Оқушыларды өз тұсынан кейбір ізденіс жасауға, шырғамашылық бағытқа жетектеуге арналған жаттығуларды жалғастыру. Оқушының ойлау қабілетін, қиялын, есін дамыту.

Тәрбиелік: Адам табиғат бөлшегі екенін айтып, бұл екеуінің бір-біріне ықпалы мен етер әсерін түсінікке негіздей отырып, табиғатты сүю, оны қорғауға тәрбиелеу, жағымды эмоциясын қалыптастыру; Шығарма сюжеті арқылы елдің қиын-қыстау кезіндегі ұлт зияоыларының қуғын-сүргінге ұшырау жөнінде мағлұмат ала отырып, оларды патриоттылыққа тәрбиелеу, көркем әдебиетке деген құрмет сезімін тудырып, оны сүйіп оқуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топтық жарыс.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың барысы және оның мазмұны:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың зейінін ұйымдастыру.

  2. Үй тапсырмасын сұрау. Қ.Ысқақ. «Қоңыр күз еді» повесін оқып, мазмұнымен танысып келу.

Өтілетін сабақ.

Оқушыларды 3 топқа бөлеміз. Олардың тақырып мазмұнын қаншалықты игергенін байқау үшін 3 кезеңнен тұратын жарыс ойынын ұйымдастырамыз. І тур. Әр топ өз қалаулары бойынша әңгіменің бір бөлімінен көрініс қояды. Қойылған көріністің мәнділігіне (әр топтың сауаттылығы), орындау шеберлігіне мән беріп, тиісінше баға береміз.



ІІ тур бойынша 3 топ бір-біріне сұрақ қояды. Қойылған сұрақтың саны мен жауабына қарай әр топқа 1 фишкадан беріп отырамыз.

ІІІ тур. Әр топ «Повесть не себепті «Қоңыр күз еді» деп аталады?» деген проблемалық сұраққа жауап іздеп, өз орталарынан бір өкілді дайындап жібереді.

Бағалау. Соңында жеңімпаз топ анықталып, топ ішінде белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма: Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасын оқып келу; «Қоңыр күз еді» повесті бойынша көркемдегіш құралдарды теріп жазып келу.

5-сабақ


Жаттығу жұмысы
Күні, айы: 07.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру

  2. Сабақтың мақсатын айту.

  3. «Өз жартыңды тап» оқыта үйрету ойыны

Сабақтың жүру жоспары.

Жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі.



1-тапсырма. Әрбір оқушыға тапсырма беріледі. «Синтаксис» тақырыбы бойынша материалды пысықтап, басты ұғымдарды бөліп атап, тезис конспект немесе жоспар-конспект жасайды. Жұп құрайтын оқушылар жұптасының келтірген дәлелінің кітап теориясымен қаншалықты жанасатынын қадалағап отырады. Дайындалуға 10 минут беріледі.

Оқушылар бір-бірін бақылау мақсатында жазбаша орындаған тапсырманы болғаннан кейін дәптерлерін ауыстырады немесе ауысша айтады. Жұмыс бір уақытта жүргізіліп жатады.



2-тапсырма. Бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық ізденістеріне қарай құрылады. Қосымша материалдармен (көркем әдебиет мәтіні, газет-журнал мәтіні, т.б.) жұмыс жүргізіледі. Оқушылар өздері алып келген материалдарын жұп құраушылар бір-бірімен ауыстырады да, мұғалім жетекшілігімен бекітілген мәтін бөлігінен сөз тіркесін тауып, оны байланысу тәсіліне, байланысу түріне қарай ажыратады.

4. Бағалау

5. Үй тапсырмасы. «Синтаксис» бөлімі бойынша қайталау.



2-сабақ

Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркес
Күні, айы: 07.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру

  2. Сабақтың мақсатын айту.

  3. Үй тапсырмасын тексеру. Тау бөктерінде қоңыр күздің күн батар

алдындағы суретін естеріне сақтап, сұлу суреттерін көрсететін сөз тіркестерінің байланыстарына қарай бөлек-бөлек талдап, жазып келу. Жыл мезгілінің бір әдемі көрінісіне суреттеп жазу.

  1. Жаттығулармен жұмыс. 1) 251-жаттығу. Оқып шығып, әр сөйлемдегісөз тіркесін, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді бөлек-бөлек жазу.

Сөз тіркесі: қазақ халқының, рухани мұраға, зор ілтипатпен, көңіл бөлген ғалым, қазақтың батырлық жырының, кітап шығарды, елеулі үлес, т.б.

Күрделі сөздер: Мәскеу қаласындағы, КСРО халықтары, «Ер Едіге»

Тұрақты тіркестер: Ауыз әдебиеті, естен шығарма, татар сөздерінен түгелдей ьазарту жұмыстар жүргізу, т.б.

2) 252-жаттығу. Өздері класта отырып, күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді тауып жауып жазып, солардан сөз тіркестерін құрау. Содан кейін сөйлем етіп жазу.

Үлгі: жерден жеті қоян тапқандай – тұрақты тіркес. Мысалы: Асқар жерден жеті қоян тапқандай қуана жүгіріп келді.

3) Карточкамен жұмыс жүргізу.

5. Бағалау.

6. Үй тапсырмасы: Әдебиет оқулығындағы Қ.Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесінен тұрақты сөз тіркесі мен күрделі сөздерді табу.



2-сабақ. Диктант.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу, тексеру.

2. Сабақтың барысын айту.

Оқушыларды диктант жаздыра отырып, олардың жазу сауаттылығын және өтілген сабақтардан алған білімдерін тексеру.



ІІІ. Терме диктант

ІV. Мәнерлеп оқып шығу

V. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, оларды байланысу тәсілдері мен түрлеріне қарай ажырату.

VІ. Сабақты қорытындылау

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Сөз тіркесі туралы түсінік.
Күні, айы: 10.03.07.

Класы: 7 «А»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Сөйлем сөз тіркесінен құралады» деген тақырыпта шағын баяндама жасау.

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 5 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 3 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға сөз тіркесі туралы түсінік беру, сөз тіркесі мен күрделі сөздің айырмашылықтарын айырып көрсетіп, ұғындыру, сөз тіркесінің айрықша белгілерімен таныстыру, қолданыстағы сөз тіркесі мен тұрақты тіркес, күрделі сөздердің айырмашылықтарын ажырата білуге дағдыландыру.



ІV. Грамматикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба тарқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 244-жаттығу. Сөздердің байланысын тауып, басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге сұрақ қою арқылы байланысу тәсілдері мен түрлерін анықтау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 245-жаттығу. Сөз тіркестерін тауып, қалай байланысып тұрғанын көрсетіп, байланысу түрлеріне қарай ажырату.

Анкеталық сұрақтар:


  1. Қазақ тілі сабақтарында осы жүйемен оқу ұнайды ма?



  1. Оқыта үйрету ойынының ерекшеліктері бар ма?


  1. Сабақта оқу материалын түсіну мен меңгеруге ойындар тиімді ме? Несімен тиімді деп ойлайсың?


  1. Осындай жүйе бойынша қазақ тілі сабақтары жүргізілсін бе?


КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Сөз және оның мағынасы. Сөздердің лексикалық мағынасы мен өзгеру сипаты.
Күні, айы: 24.09.07.

Класы: 5 «Ә»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 28-жаттығу. Жаратылыстану пәнінен өтіліп жатқан пораграф бойынша тақырып қойып, жоспар жасау, мазмұнын баяндау, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындау.

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 5 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 3 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға сөз туралы, оның лексикалық мағынасымен өзгеру сипаты, сөздердің тура және ауыспалы мағынасы, көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру.



ІV. Лексикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба тарқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 30-жаттығу. Мәтіндегі толық мағыналы сөздер мен мағынасы толық емес сөздерді бөлек-бөлек теріп жазу.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 29-жаттығу. «Лексика» деген сөзге түсінік беріңдер. Тіліміздегі сөз байлығын көрсететін «Түсіндірме сөздіктен» мағыналы сөздер мен мағынасыз сөздерге бес-бестен сөз жинап, карточка жасау.

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

1-сабақ. Эвфемизм мен дисфемизм
Күні, айы: 14.ХІ.07.

Класы: 5 «Ә»

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, класты тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тоқсан бойынша қайталау

ІІІ. Модульге кіру, оның құрылымы мен мақсатын айту. Модуль құрылымы 8 сағаттан, кіріспе бөлімі – 1 сағат, сөйлесу бөлімі – 6 сағаттан, қорытынды бөлімі – 1 сағаттан құралады.

Оқушыларға лексика тарауына жататын эвфемизмдер мен дисфемизмдер туралы түсінік беру, оларды бір-бірінен ажыратуға дағдыландыру, тұрақты тіркестерді (фразеологизм) ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы ретінде таныту, мақал-мәтелдердің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын жаттығулар орындату барысында үйрету.



ІV. Лексикалық тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіру (Жаңа тақырып). Оқушыларды өтілген материалдар бойынша сұрақ-жауап түрімен білімдерін тексере отырып, тірек-сызба арқылы жаңа тақырыпты түсіндіреміз.

V. Бекіту. 104-жаттығу. Мәтіндегі дөрекі, әдепсіз (дисфемизм) сөздерді тауып, адамға қалай әсер ететінін айту.

Өңшең, бірі өліп, бірі қалу, Қоянжырық, бітеу қара, ожар, томырық, топас заман адамы, хайуанырақ, ит жылмаң, ұры көз, таңертең көрсең, кешке дейін есіңде тұрмайтынғ көр білте жүзді жігіттер.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: 107-жаттығу. Өздерің халық ауыз әдебиеті үлгілерінен, көркем әдебиеттерден табу, эфвемизм, дисфемизм құбылыстарына мысал тауып жазу.


ЭВФЕМИЗМ


ДИСФЕМИЗМ







Бір нәрсенің не құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу болған жағдайда, оларды басқа да сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту

- ойды көркемдеп, бейнелеп жеткізудің тәсілі



Әдепті сөзді әдепсіз,

дөрекі сөздермен

ауыстырып айту

- кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын береді



Мысалы:

«мылжың» - «сөзуар»

«өтірік айту» - «қосып айту»

«ұрланды» - «қолды болды»

«ұрлық жасамау» - «ала жібін аттамау»

«өлді» - «о дүниеге аттанды, жан тәсілім етті, қайтыс болды, дүние салды».



Мысалы:

көк көз, қисық, ши бұт,

бауырсақ, маймақ, айыр сақал, бадырақ, тапал, боқмұрын, қолынан боқ келмеу, боғымен жасты баламен ойнау, боқтан өзгені сөз қылу, боғы ботқа болу, топас, кекеш.

(





  • екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі;

  • бір ғана мағына білдіреді;

  • бұрыннан қалыптасқан жүйе;

  • сыңарлары орнын ауыстыруға,

басқа сөзбен алмастыруға келмейді;

  • даяр қалпында жұмсалады;

  • сөйлем құрамына бір бүтін тұлға ретінде еніп,

бір ғана сұрақ қойылады;

  • ойды көркемдеп, әсерлі жеткізудің құралы





Қабақ шытысты – ұрысып қалу

Іші тарлық – қызғаншақтық

Су жүрек – қорқақ

Тас бауыр – мейірімсіз

Зығырданы қайнау – ашулану

Тайға таңба басқандай – анық

Бармағын тістеп қалды - өкініп қалу


МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР





Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды.




Ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады.










Мысалы: Көп алғысы көгертер. Әлін білмеген әлек. Күш – бірлікте. Жалқау - жарты кісі, т.б.


Мысалы: Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол. Нарды сөкпе, нанды теппе.

Отан – елдің анасы, ел – ердің анасы.




А й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы



Мақалдар

Мәтелдер

Тура мағынада ұғынылады

Жауға жаныңды берсен де, сырыңды берме.

Астарлы мағынада ұғынылады

Қалауын тапса, қар жанар.

Екі бөлімді болады, бірінші бөлімде шарт немесе жалпы пайымдау, екіншісінде қорытынды пікір айтылады.

Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы

Мағынасы алшақ болмай, тұспалмен айтылады, сөйлем аяқталмай, толымсыз болып келеді.

Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар.


Бақылау диктанты
Сиқырлы гүлдер
Бүгін күн қатты ысып кетті. Самат басына ақ қалпағын киіп алып, гүлдерге су құйып жүр. Кенет көзі оң жағындағы сабағы белінен сынып, басы салбырап қалған раушан гүліне түсті. Дереу қолындағы су құйғышын жерге қойып, гүлдің басын көтеріп еді, онысынан ештеңе шықпады. Былқ-сылқ еткен гүлдің басы икемге келер емес. Жанында жұдырықтай тас жатыр екен. Көше жақтан біреудің лақтырып жібергені білініп-ақ тұр. Самат бірдеңе деп бұрқылдап, үйге қарай жүгіріп кетті де, үйден екі кішкене шыбық, дәке алып шықты. Әлгі гүлдің сынған сабағын жазып, екі шыбықтың ортасына салды да, оны дәкемен орады. Гүл бастапқы қалпына келіп, басқа гүлдермен қатарласа жайқалып кетті (Р.Бектібаев, 100 сөз).

Бақылау диктанты

Мейірім

Көктем. Мамыр айы маужырап, қырат пен сай-саланы қыс бойы мекендеген қар еріп, сылдырап жылға-жылғамен ағады. Төңірек тегіс түрленіп, көк шөп қаулап өсуде. Ақ, сары, қызыл гүлдері көздің жауын алған тау бөктері түкті кілемдей құлпыра түскен.

Терең көлдің маңайы жыл құстарының ызу-қиқу шуылына толы.

Бір күні шопан қыстауының қорасына зып беріп ана үйрек ұшып

кірді. Мұны Жасұлан байқап қалды да, дереу әжесіне келіп хабарлады.

Әжесі екеуі күні бойы аңдыды: ана үйрек қораға ұя салыпты. Балапан басып алмақшы.

(Т.Әбдірайым, ___ сөз)


Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның

4 «б» класс оқушыларынан қазақ тілі пәні

бойынша алынған бақылау диктанты

Бақылау жұмысына қатысқан оқушы саны – 23

Оның ішінде:

«5» - 5


«4» - 6

«3» - 11


«2» - 1
Бақылау диктантын жазу барысында

оқушылардың жіберген басты қателіктері:

Көмектес септігінің жалғауын шылаудан айыра алмау – 8

Шылауды көмектес септігінен айыра алмау – 2

Тиісті тыныс белгісін қоймау – 3

Орфографиялық норманы сақтамау – 18


Ақтөбе қаласындағы №32 мектеп-гимназияның

4 «г» класс оқушыларынан қазақ тілі пәні

бойынша алынған бақылау диктанты

Бақылау жұмысына қатысқан оқушы саны – 26

Оның ішінде:

«5» - 8


«4» - 11

«3» - 5


«2» - 2
Бақылау диктантын жазу барысында

оқушылардың жіберген басты қателіктері:

Көмектес септігінің жалғауын шылаудан айыра алмау – 3

Шылауды көмектес септігінен айыра алмау – 4

Тиісті тыныс белгісін қоймау – 5



Орфографиялық норманы сақтамау – 21
Бақылау диктантын алушы: қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі Құлдан Ш.С.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет