А. Н. Мороховский дерексіз лексиканы мәдени сөздерге, ғылыми терминдерге және идеологиялық сөздерге қарама-қарсы қояды. Себебі, біріншіден, атқаратын қызметінің, екіншіден, пайда болу тәсілдерінің, үшіншіден, беретін ұ



бет1/2
Дата07.11.2022
өлшемі25.34 Kb.
#464176
түріСабақ
  1   2
когнлингв 8


Жоспары:

  1. Ойлау және таным кеңістігі.

  2. Тіл мен сөйлесім әрекетінің сабақтастығы.

  3. Жеке тұлғаның, этностың қалыптасуына таным мен тілдік қатынастың әсері.

  4. Тілдік тұлға мен эпикалық сана бірлестігі.

Концепт сөздерді анықтау принциптері кей кездерді субъективті түрде жүргізілуде. Мысалы, «Тілдің логикалық анализі» мәселесі мен айналысушы топтың өкілдері көптеген концепт сөздерді «философиялық ғылыми категориялар» және «практикалық философия ұғымдарын беруші сөздер» деп шектеуге тырысады. Концепт сөздерге былай қарай оларды бірнеше ондаған сөздерге ғана сыйдырады. Ал тілдегі қаншама мыңдаған сөздер, соның ішінде дерексіз ұғымдағы сөздер, сол ондаған концептінің аясына сыя бермейді.


А.Н.Мороховский дерексіз лексиканы мәдени сөздерге, ғылыми терминдерге және идеологиялық сөздерге қарама-қарсы қояды. Себебі, біріншіден, атқаратын қызметінің, екіншіден, пайда болу тәсілдерінің, үшіншіден, беретін ұғымдардың әртүрлілігіне байланысты. Ғылыми терминдерді жеке тұлғалар жасайды, олардың алған қоятын міндеті – тілдегі кейбір түсініктерді, ұғымдарды сол әлеуметте бар концептілерді орнықтыру, олар рухани сананы, түсінікті қамтиды. Мәдени сөздерді әлеумет жасайды, олардың міндеті – тілдегі кейбір түсініктерді, ұғымдарды сол әлеуметте бар концептілерді орнықтыру, олар рухани сананы түсінікті қамтиды. Идеологиялық сөздерді жекелеген тұлғалар дүниеге әкеледі, әлеумет оны қабылдайды. Олардыі міндеті – үгіт-насихат, тапсырма және иллюзиялық түсінікті, яғни болмысты әсерлеп түсіндіруді қамтиды. А.Н.Мороховскийдің көзқарасы бойынша, мәдени сөздердің терминдерден айырмашылығы мынада: терминдер бір тілден екінші тілге оңай ұғынылады. Ал мәдени сөздерді екінші бір тілге дәл аударып беру үлкен қиындықтар туғызады, себебі олардың әрқайсысында сол ұлт мәдениеті, менталитеті бейнеледі.
Біздіңше, дерексіз сөздердің өзі де концепт (мәдени сөздер) бола алады. Өйткені олардың мағынасы да қандай да бір рухани-мәдени ұғымды береді. Сондай-ақ сөздердің «мәдениленуі» рухани немесе дерексіз категориялардың негізінде ғана емес, сонымен бірге әдет-ғұрыпты сипаттайтын, адамның жекелеген қасиеттерін білдіретін сөздердің (тұрмыс, мінез-құлық, кедейлік, батырлық т.б.) тіптінақты іс-әрекеттердің (ән салу, суға жүзу, аңға шығу, балық аулау, егін салу) негізінде де жүзеге асады. Жекелеген халық үшін бұл сөздер жалпы мәдени мағынаға ие бола алады. Өйткені олар қандай да бір мәдени ерекшелікті білдіреді.
Мәдени концепт сөздердің аясы нақты, жинақтаушы заттық лексиканың есебінен кеңейе алады. Мысалы, «үй», «отбасы», «соғыс», «қару», «қайың», «тары» т.б. көптеген өсімдік пен жануарлардың, тұрмыстық заттар мен құбылыстардың атаулары жетелеген ұлттық өзіндік менталитеті байланысты ерекше концептілік мән алуы ықтимал. Сөйтіп, заттар мен құбылыстарды таңбалаушы тілдік бірліктер мәдени компоненттерімен ерекшеленеді. Мысалы, американдықтар үшін жүгері сыйлы қонаққа даярланатын тағам болса, орыс халықтары үшін картоп – күнкөріс көзінің бірі. Орыстар үшін картоп – бақшалық дақыл ғана емес, мәдени мазмұнға ие атау.
Сөздердің мәдени концепті қатарына енуі олардың прагматикалық, семантикалық сипаттарына байланысты. Біз концепт сөздерді мәдениеттің екі жағы іспетті материалдық және рухани мәдениеттің өзара байланысы ретінде қарастыру бағытын ұстандық. Рухани мәдениетті жан-жақты әрі терең танымдық зерттеу – тілдегі бүкіл сөздерді концептіге жіктеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі тіл ғылымында концепт терминнің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара қарым-қатынасының күшеюіне байланысты. Логикада «концепт» термині «ұғым, түсінік» терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сөйтіп, концепт ұғымын «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі» ретінде тани отырып, біздің дүниетанымымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде қарауды жөн көрдік.
Дегенмен, концепт терминін «рухани мәдениеттің тірек сөздері» мағынасында ғана түсінбейміз, себебі, тірек сөз концепт сөзіне емес, «мәдени концепт» тіркесіне балама ретінде қолданылады.
Ресей тіл білімінде «концепт» термині алғаш рет 20-30 жылдары қоршаған орта құбылыстарының тіл әлемінде бейнелеу мәселесін зерттеуге байланысты пайда болды. Д.С.Лихачев, В.В.Колесов сияқты зерттеушілер өз кезінде дұрыс атала қоймаған, бірақ қазіргі уақытта өзекті болып табылатын орыс философы С.А.Аскольдов – Алексеевтің 1928 жылы «Русская речь» жинағында жарық көрген «Концепт и слово» деген еңбегіне сілтемелер береді. С.А.Аскольдов-Алексеев концептіні былайша түсінетінін айтады: «...некое общее понятие как содержание акта сознания, которые остается <...> весьма загадочной величиной, почти неуловимым мельканием чего-то в умственном кругозоре, происходящим при быстром произнесении и понимании <...> слов: Концепт есть мысленное образование, которое замещает нам в процессе мысли множество предметов одного и того же рода». Ғалым теориясының назар аударар жағы – біздіңше, дерексіздіктің үлкен деңгейіне дейін ұмтылатын концептінің әрбір элементі иерархиялық біріккен құрылымда айқындалуы. Оның түсіндіруі бойынша, концепт сөз бен оның мағынасының арасына дәнекер болады. Тілдік қолданыста адам санасы сөздердің ұғымдарын пайдалана алмайды, сондықтан мағыналық элемент ретінде ұғым емес, ықшамдалған ең алғашқы ойдағы түсінік – ментальдық белгілер пайдаланылады. Осылар концепт болып табылады. Егер автордың пікіріне жүгінсек, концепт ықшамдалған түсінік емес (не свернувшееся понятие), «а «эмбрион» понятия, так как раньше и в нем потенциально заложено та семантическая структура, те общие и частные смысли, которое затем разворачиваются понятие». Концепт уақыт пен кеңістіктегі сөздердің идеялық – туыстық байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Нақтылы және потенциялды (әулетті) сөздердің мағыналары, ұқсас мағыналы сөздердің байланысы, олардың беретін ассоциациялары бір тірек сөз концептіге бірігеді.
Орыс және шетел ғалымдарының концепт пен сөзге байланысты «ұғымның жұмырланған көлемі» («закругленных объемах смысла»), «мағына беріктігі» (о «принципиальном значений»), «уақыттан тыс мағына» (о «вневременном содержаний») сияқты ой-пікірлері А.А.Потебняның сөздің «ішкі формасы» туралы іліміне жақын.
Алғашында, сөздің пайда болу кезеңінде, концепт оның «ішкі формасы» ретінде, яғни тілді қолданушының санасында оған дейін бар мағыналарды жаңа сөзбен бірге пайда болған жаңа мағыналармен байланысты. Содан кейін, сөздің игеру кезеңінде, концепт бірде концеп-бейнеге (егер ол айтылымның тек сыртқы тұлғасына ғана ұмтылса), бірде ұғымға (егер оның мазмұндық жағы дамыса) түрленіп отырады. Бірақ бейне мен ұғым – бұлар концепт емес, оның сөздің мәдени – тілдік игерілу нәтижесінде пайда болған жаңа түрі. Бұл кезде концепт бейне мен ұғымды түсіндіре алады. Нәтижесінде, белгілі бір тілдік мазмұнмен байланысты сөздің ұғымдық жағы сол берілген сөз арқылы мәдени түсінудің кілті деп есептеуге болатын мәдени символдарға дейін дами алады. Соңында сөздің мәдени-тілдік танымның шеңбері тұйықталып, концепт сөздің ұғымдық құрылымының бөлігі ретінде және сонымен бірге осы құрылымды түсіну кілт ретінде мәдениет элементтерін айқындай алады.
В.В.Колесов концепт ұғымын қазіргі зерттеулерде кездесетін мәдени ұғымымен байланыстыра келіп былай дейді: «Концепт – сөздің мағыналық толығуының негізгі нүктесі, сонымен бірге дамудың нәтижесіндегі алғашқы мағына соңғы нүкте, яғни қазіргі мәдениеттегі атары молайған ұғым концепт бола алады». Бұл теориялық жақтан барлық сөздер мәдени мағыналы бола алады деген ойларды дәлелдей түседі және сөздің мәдени-тілдік табиғатын зерттеуде «концепт» терминін қолданудың қажеттігін нақтылайды. «Тілдің логикалық анализі» мәселесін шешуші топтың еңбектерінде де «концепт» терминіне байланысты осылай айтылады.
Сонымен бірге жағдайды білудің өзгеше модельдері – фрейм, схема сияқты ұғымдармен «концепт» термині ұқсас. Тілді логикалық тұрғыдан талдау еңбектерінде қолданбалы лингвистика мен логикада қолданылатын, негізінде, ағылшын және латын тілдеріндегі сөздердің сәйкес мағыналарына сүйенетін халықаралық терминология пайдаланылады. «Үлкен ағылшын – орыс сөздігінде» «concept» сөзі «ұғым, идея», сонымен қатар «жалпы түсінік» дегенді білдіреді. «Шетел сөздерінің сөздігінде» «concertus» сөзінің этимологиясы латынша «ой, түсінік» дегендердің аудармасы ретінде беріледі. Концептіде сөздің мағыналық дамудың барлық мүмкіншіліктері айқындалып жиналады. В.В.Колесов «концептус» сөзіне – «барлық көмескі синкретті белгілерді бір сөздің бойында байланыстырушы ұғым» деген анықтама береді.
Концепті адамның өмір тәжірибесін бейнелей отырып, толығуға, өзгеруге икемді болып, логикалық тұрғыда біріккен динамикалық құрылымда келеді. Концептінің арқасында сөздің ескі және жаңа мағыналары уәжделген және тиянақты болып табылады. Уәжділіктің негізін концептінің құрылымынан іздеу керек. Сөздің ішкі мағыналық құрылымы оның сыртқы құрылымымен байланысты. «Ішкі құрылым үшін ол берілген сөздің барлық сөз қолданыста түпкі мағынасының негізі болып, ал сыртқы құрылым үшін оның барлық мағына категоряиларының үлгісі (моделі) ретінде қызмет атқарады». Бұл тұрғыда концепт – сөздің барлық мағынасына ортақ ұлттық ұғым.
Сөздің әртүрлі мағынасы концепт болады деген көзқарас та бар. Концепт қандай да бір сөздіктен мағынаның орнын басса, ол контекстен, жалпы жағдайдан барып белгілі болады. «Концепт не непосредственно возникает из значения слова, а является результатом столкновения словарного значения слова с личным и народным опытом человека». Тілдегі концептілер жүйесі жеке адамның да, тілді қолданушы барлық адамның да сөздік қорындағы потенциалды (әлуетті) мүмкіншілігін ашатындықтан, оларды «концептілік өріс» (Д.С.Лихачев биосфера, идеосфера терминдеріне ұқсастыра отырып «концептосфера» деп атайды) деп атауды ұсындық. Сонымен «тары» және оған қатысты атауларды төрт сатылы иерархиялық құрылымда көрсетуге болады: 1) лексион; 2) сөздердің мағынасы; 3) концепт сөздер; 4) бір-біріне бағынышты концептілер жүйесін біріктіретін – концептілік өріс. Концептілік өріс жеке бір адамның, бүкіл бір топтың, тұтас бір халықтың мәдени дәрежесін айқындайтын концептілердің арасындағы байланысты қарастырады. Осымен байланысты «тары» концептісінің тілдік экспликациясы ретінде жеке сөздер, символдар, фразеологизмдер, тұрақты теңеулер, перифразалар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, прецеденттер, шығармалардың аттары да қамтылады.
Тұрақты сөз оралымдары - өз табиғатында лексикалық қорды байытатын, суретті сөз тіркестері мен ойды әсерлі жеткізу амалдарын жүзеге асыратын, көркемдік құрал. Сондықтан да тұрақты тіркестерде астарлы ой, концептілік тірек ұғым/мәдени концепті категориялары/, таным үлгілері басым. Яғни тілдің кез келген бірлігі мәдени концепт болып табылады.

№10 Практикалық сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет