Issn 2410-2725 Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық-саяси қызметінің Түркістан Республикасы кезеңінің кейбір мәселелері


Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 5(1) 2019



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата11.10.2023
өлшемі0.6 Mb.
#480444
1   2   3   4   5   6   7   8   9
s-ltanbek-ozhanovty-o-amdy-sayasi-yzmetini-t-rkistan-respublikasy-keze-ini-kei-bir-m-seleleri

Үлкен Алтай әлемі – Мир Большого Алтая – World of Great Altay 5(1) 2019 
 
ISSN 2410-2725 
тарихта қайшылықтарға толы, ауыр кезеңдер болатын. Жеке басқа табыну 
жылдарында жазықсыз опат болған қайраткерлердің өмірі мен қызметін 
зерттеудің зор тарихи маңызы бар, әріоның өмірі мен қызметін зерттеу – ол 
өмір сүріп, күрес жүргізген кезеңнің де тарихын зерттеу деген сөз.
Сұлтанбек Қожанов-Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ХХ ғасырдың 
20-
шы жылдардағы тарихында өзіндік орны бар, ерекше роль атқарған саяси 
қайраткер, сондықтан тақырыптың өзектілігі оның бүгінгі тарихымыз үшін 
қажеттілігі ешқандай да күмән туғызбайды деп ойлаймыз. Ғасырымыздың 
басындағы мемлекеттік көкейкесті мәселелерге белсене араласып ұлттық 
мүддені ешуақытта да есінен шығармаған қайраткеріміздің тарихын ескеруіміз 
жөн. Біз мақалада қайраткердің қоғамдық-саяси қызметінің алғашқы кезеңін, 
қызмет жасаған аймағына байланысты Түркістан кезеңі деп алып, соған тың 
архив деректеріне сүйене отырып тоқталамыз. 
Азамат соғысы жылдарында және одан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде 
Кеңес өкіметі жеңген Түркістан Республикасында өкіметтік ерекше орган 
ретінде әскери-революциялық комитеттер немесе революциялық комитеттер 
пайда болды. Кеңес өкіметі бұл революциялық комитеттердеге ерекше мән 
беріп, пролетариат диктатурасының төтенше органы деп білді. 
Революциялық комитет (ревком) – Кеңес өкіметінің уақытша төтенше 
органы еді. Азамат соғысы мен шетел интервенциясы кезінде социалистік 
төңкерістің жеңістерін қорғады. Азат етілген территорияларда кеңестік билік 
орнатып, сол жерлердің бірден-бір иесі болып, барлық билікті өз қолдарында 
ұстады. 
Ресейдің Орталық аудандарында құрылған губерниялық және уездік 
революциялық комитеттер 1920 жылғы 2-қаңтардағы Жұмысшы және шаруа 
Кеңестерінің "Губерниялық және уездік революциялық комиттеттерді тарату 
туралы" қаулысы бойынша өз жұмыстарын тоқтатты да, билік жергілікті 
Кеңестердің құзырына көшті. 
Ресейдің шет аймағы деп саналатын Түркістан Республикасында іс сәл 
басқалай болды. Кеңес мемлекетінің жанданып дамуына Түркістан майдан 
шеңберінің ортасында қалды әрі басмашылық қозғалыстың өрбуі өздерінің 
әсерін тигізбей қоймады. Осындай объективті жағдайлар республикада 
революциялық комитеттердің ұзақ уақытқа дейін қызмет жасауына әкелді. Түрк 
АКСР-нің 1920 жылғы 5 ақпандағы "Облыстық революциялық комитетер 
туралы" № 201 Уақытша ереже бойынша Түркістанның барлық облыстарында 
революциялық комитеттер облыстық атқару комитеттердің қолдауымен
барлық хұқықтарды пайдаланды. Орталық өкімет орындары Түркістан 
Республикасындағы саяси оқиғалар барысын жіті бақылап отырды. 1919 жылы 
ақпанда В.И. Лениннің қолдауымен құрылған Түркістан ісі бойынша ерекше 
комиссия құрылды. Бұл комиссия тарихта Түрккомиссия деген атпен белгілі. 
Түрккомиссия 1919 жылы 8-қазанда В.И. Ленин қол қойған қаулыға сәйкес 
құрылып, оның құрамына: Ш.З. Элиава (төрағасы), М.В.Фрунзе, В.В. Куйбышев, 
Ф.И. Голощекин және Я.Э. Рудзутак тағы басқа мүшелері енді (Из истории, 
1961). 
М.В. Фрунзеден басқа Түрккомиссия мүшелері Ташкентке сол жылдың
4-
қарашасында келді. Түрккомиссия мен жергілікті қызметкерлердің басты 
мақсаты өлкеде ұлт саясатын дұрыс жолға қою болатын. Октябрь рево- 
люциясынан бергі екі жылға жуық уақыт бойы Түркістан Республикасындағы 
негізгі басшылықты өз қолдарында ұстап келген орыс большевиктерінің 
жергілікті халықтарға қатысты жүргізген саясатынан қатты шошынған, оларға 
деген сенімі толық күйреген мүсылман коммунистері В.И. Ленин қол қойған 
ерекше мандатпен келген Түріккомиссияға зор сенім білдіре, үлкен үміт арта 


119 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет