Источник: ИС ПАРАГРАФ, 26.02.2015 10:17:41
Қазақстан Республикасының
Заңы
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы
(2015.14.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
|
(1-2-баптар)
|
2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу
|
(3-7-баптар)
|
3-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жалпы талаптар
|
(8-13-баптар)
|
4-тарау. Энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар
|
(14-16-баптар)
|
5-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік қолдау
|
(17-19-баптар)
|
6-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттері
|
(20-21-баптар)
|
7-тарау. Қорытынды ережелер
|
(22-24-баптар)
|
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жеке және заңды тұлғалар қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) аккредиттеу туралы куәлiк - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi орган беретiн, заңды тұлғалардың энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізу құқықтылығын куәландыратын ресми құжат;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Біліктілік комиссиясы - энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі орган;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілері - мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;
3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім - Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторы - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ, энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектордың субъектілері;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
6) терможаңғырту - үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетін, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара;
7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы - үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
8) шартты отын - техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік;
9) энергетикалық аудит (энергия аудиті) - энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
10) энергетикалық ресурстар - запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері);
11) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану - энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейіне қол жеткізу;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) энергетикалық тиімділік - өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 12-1) - 12-3) тармақшалармен толықтырылды
12-1) энергия-аудиторлық ұйым - энергия аудитін жүргізу құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
12-2) энергия аудиторы - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға;
12-3) энергия-сервистік компания - меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;
13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы - энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
14) энергия үнемдеу - пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу - энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы уәкiлеттi органның энергия аудитiн немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлауды және (немесе) олардың біліктілігін арттыруды жүргізуге заңды тұлғалардың құқықтылығын ресми тану рәсiмi;
16) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшы (бұдан әрі - сарапшы) - Біліктілік комиссиясы аттестаттаған жеке тұлға;
17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
18) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
19) энергия үнемдеуші жабдық - энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабдық;
20) энергия үнемдеуші материал - энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін материал.
2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғандардан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеу
3-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында техникалық реттеуді жүзеге асыру;
2) энергетикалық ресурстарды өндіру және тұтыну саласындағы теңгерімді тарифтік саясат пен баға белгілеуді жүзеге асыру;
3) энергия үнемдейтін жабдықтар мен материалдарды пайдалануды қоса алғанда, энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды ынталандыру;
4) энергетикалық ресурстардың тиімді пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
5) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік артықшылықтарын насихаттау, осы салада қоғамдық білім беру деңгейін арттыру;
6) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады;
3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
4) - 15) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
16) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17) - 19) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
20) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
5-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізуді ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6-1) - 6-14) тармақшалармен толықтырылды
6-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекітеді;
6-2) энергия тұтынудың нормативтерін, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың электр желілеріндегі қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін бекітеді;
6-3) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-4) Мемлекеттік энергетикалық тізілім операторын айқындайды;
6-5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін бағалау тетігін бекітеді;
6-6) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бір бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
6-7) көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілейді;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-8) технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілейді;
6-9) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекітеді;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-10) энергия аудитін жүргізу тәртібін бекітеді;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-11) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекітеді;
6-12) энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі әзірлейтін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекітеді;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 6-13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-13) оқу орталықтарының қызмет тәртiбiн айқындайды;
6-14) орталық атқарушы органдардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы жөніндегі есептерінің нысанын және оларды ұсыну мерзімдерін бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;
8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-баптың 9) тармақшасы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемін өнімнің, үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бірлігіне, энергия аудиті қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейін жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектілерінің, оның ішінде энергия тұтынудың нормативтерін сақтамайтын мемлекеттік мекемелерді қамтитын тізбесін қалыптастырады және өзінің интернет ресурсында орналастырады;
10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ технологиялық әзірлемелерді жүргізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
11) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуді жүргізеді және аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекітеді;
13) аккредиттеу туралы куәлік алған заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 13-1) - 13-5) тармақшалармен толықтырылды
13-1) оқу орталықтарына, энергия аудиторларына және сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
13-2) энергия аудиторларының және сарапшылардың тізілімін жүргізеді;
13-3) энергия аудиторларына және сарапшыларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
13-4) Біліктілік комиссиясын құрады;
13-5) Біліктілік комиссиясының қызмет тәртібін әзірлейді және бекітеді;
14) 2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.14.01. № 279-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15) оқу орталықтарының тізілімін қалыптастырады;
2015.14.01. № 279-V ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |