Источник: ИС ПАРАГРАФ, 23.08.2012 15:04:52
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы
1998 ж. 24 наурыздағы № 213-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
I-тарау. Жалпы ережелер
|
(1 - 6 баптар)
|
2-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды жоспарлау
|
(7 - 12 баптар)
|
3-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу және ресiмдеу
|
(13 - 21 баптар)
|
4-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама
|
(22 - 24 баптар)
|
5-тарау. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау мен оны күшіне енгізу тәртібі
|
(25 - 29-1-баптар)
|
6-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жариялау
|
(30 - 35 баптар)
|
7-тарау. Нормативтік құқықтық актілердің уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
|
(36 - 43 баптар)
|
8-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді ресми түсіндіру
|
(44 - 45 баптар)
|
9-тарау. Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру мен есепке алу
|
(46 - 48 баптар)
|
|
|
|
|
Түпнұсқада мазмұны жоқ
I-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 81-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт;
1-1) заң техникасы - нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
4) заңнама - белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;
5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң;
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;
7) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі - нормативтік құқықтық актілердің реквизиттерін және осы актілер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік есебінің бірыңғай жүйесі;
8) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі - олар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нормативтік құқықтық актілердің (өзгерістері мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтіндерінің жиынтығы;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен қабылданатын заң;
10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;
11) нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі - мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;
12) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау;
12-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі - Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Респуб ликасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі;
13) нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны;
14) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау;
15) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын заңнамада белгіленген өз құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, өзге де мемлекеттік органдар);
16) уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.
06.03.02 ж. № 298-II ҚР Заңымен ;16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред .қара) ; 2008.04.07 № 57- ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың деңгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады , бұған Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалатын ерекшеліктер қосылмайды.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртібін реттемейді.
3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшін жою тәртібі реттелмейді.
4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бірақ осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында келтірілген талаптарға сай келмейтін және құқықты іске асыру және құқық қолданушылық мәні бар нормативтік құқықтық актілерді, атап айтқанда:
1) мемлекеттік емес ұйымдардың, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік актілерін;
2) уәкілетті орган болып табылмайтын мемлекеттік ұйымдардың нормативтік актілерін;
3) техникалық және технологиялық нормалар қамтылған нормативтік актілерді әзірлеу, табыс ету, қабылдау, күшіне енгізу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібі белгіленбейді.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген нормативтік актілер құқық нормаларын камтымауға тиіс.
06.03.02 ж. № 298-II Заңымен; 16.06.04 ж. № 566-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III Заңымен (бұр. ред .қара) ; 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі және туынды түрлері
1. Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.
2. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
7-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
1-1) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды
1-2) 2008.04.12. № 97-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2007.18.06 № 262-III ҚР Заңымен 1-3) тармақшамен толықтырылды; 2008.04.12. № 97-ІV ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1-3) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты - мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижесінің сипаттамасын қамтитын көрсетілетін мемлекеттік қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-4) мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi - мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-5) тармақшамен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 1-5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-5) мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi - көрсетілетін мемлекеттiк қызметтердi алушылар, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейлерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үнемі жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт;
4. Туынды түрлердегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрлердегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен бір тұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
16.06.04 ж. № 566-II ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды ; 2007.29.06. № 271-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 3-1- бап өзгертілді
3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерімен реттелетін қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының кодекстері:
1) бюджеттік;
2) азаматтық;
3) азаматтық іс жүргізу;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық;
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық;
10) кеден;
11) 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12) еңбек;
13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
14) әкімшілік жауапкершілікке тартуға байланысты;
15) қылмыстық жауапкершілікке тартуға байланысты;
16) қылмыстық іс жүргізу ;
17) денсаулық сақтау саласы сияқты бір тектес аса маңызды қоғамдық қатынас тар ды реттеу мақсатында қабылданады.
17.10.01 ж. № 248-II; 06.03.02 ж. № 298-II; 16.06.04 ж. № 566-II (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді; 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
4-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстері;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтiк қаулылары;
7-1) 2007.27.07. № 315-III ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |