Қытайдағы конфуциандық Смағұлова К.Қ



Дата29.02.2016
өлшемі77.71 Kb.
#29969
УДК 811.58

ОӘЖ 10.02.22
Қытайдағы конфуциандық
Смағұлова К.Қ.
әл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы, Қазақстан

sgulshat72@mail.ru
Аннотация. Аталмыш мақалада конфуциандықтың рөлі, әлеуметтік-саяси жағдай, діни наным-сенім еркіндігі және оның саясатта орын алуы, интеграциялық үрдіске тартылуы сияқты мәселелері кешенді түрде талданған. Қытай этносының сат-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, қоғамдағы орны сипатталған. Сонымен қатар, мақалада Қытайдағы діни наным-сенім ерекшеліктері және конфессияаралық қатынастардың даму үрдістері қарастырылған.
Түйіндеме сөздер: идеология, конфуциандық жүйе, әлеуметік-саяси жағдай, ұлттық бірлік, конфессияаралық қатынастар.

Шығыс Азия халықтарының көпшілігінде қалыптасқан діни жүйелердің ерекшелігі олардың терең синкретизмі еді. Келімсек діндер көбінесе жергілікті өріс алған діндермен тамаша жымдаса отырып, әртүрлі дәстүрлі жергілікті діни нанымдарды өзіне сіңірді. Мәселен хань (қытай) этносының халықтық діни нанымдарында бір жағынан буддалық түсініктердің белгілері болса, екінші жағынан конфуцилік моралдық-этникалық ілім мен қытайдың байырғы діні – даосизм элементтері ұштасып жатады, бұл дін пантеонның шектен тыс кеңдігімен, тақуалық табыну және мистицизмнің көрінуімен сипатталады.

Конфуциандық Қытайдың негізгі үш дінінің бірі болып айқын табылады. Конфуцияшылдық ежелгі Қытайда б. д. д. VI ғасырдың орта шенінде қалыптасқан философиялық жүйе [1]. Конфуциандықтың басталуын Конфуциймен ( Кун-цзы 551-479 ж. б.д.д.) байланыстырады, алайда оның қызметі қытай ғалымдары сипаттағаннан кішкене өлшемдермен ерекшеленуі және тек оны ұстанушылар мемлекетте бастаушы мәнге ие болып, өзінің алғашқы ұстаздарын жоғары дәрежеге көтеруге тырысуы әбден мүмкін.

Шаруалардың рента-салықтарының есебінен өмір сүрген конфуциандық орталықтандырылған мемлекет жеке жер иеленудің шектен тыс дамуына қолдау көрсеткен жоқ. Жеке сектордың күшеюі жол берілген шектерден асып кетті және бұл қазынаның кірістерінің төмендеуіне және барлық әкімшілік жүйенің бұзылуына алып келді. Дағдарыс пайда болып, осы сәтте император мен оның шенеуніктерінің бұрыс басқарғандары үшін жауапкершіліктері туралы конфуциандық тезис әрекет етуін бастады. Дағдарыс еңсеріле бастады, алайда онымен бірге жүрген көтерілістер жеке сектор қол жеткізген нәрсенің бәрінің күлін көкке ұшырды: ел соғыс өртіне шырмалып, билікті шаруалар қатарынан шыққан жетекшілер немесе барлығын экспроприациялаған (бір топтың жеке меншігінен, бұрынғы әлеуметтік артықшылығынан айыру) басқа тайпаның басқыншысы қолына алған кезде жеке меншік иелерінің құқықтарына қандай кепілдіктер болмақ? Дағдарыстан кейін жаңа император және оның қоршаушылар кейпіндегі билік күшейе түсті, ал жеке сектор бәрін қайта басынан бастау керек болды.

Әлеуметтік қатынастарда конфуциандық шамамен осындай рөл ойнады. Қытайдағы орталық билікке үнемі белгілі бір деңгейде орталық әкімшіліктің құдіреттілігін бейтараптандырып және шектеп отырған әртүрлі қуатты рулық қауым немесе корпорациялар – қолөнер және сауда бірлестіктері, жерлестер ұйымдары, секталар, құпия қауымдар, т.б. қарсы тұрды. Олар қатаң патернализм, темірдей тәртіп және қатал дәстүрдің (бұл корпорациялардың көбісі, соның ішінде секталар мен құпия қауымдар көп жағдайда конфуциандық емес, дао-буддалық болуына қарамастан) конфуциандық қағидаларына негізделді. Сондықтан дағдарыстар мен көтерілістер кезеңінде және орталық билік әлсіреген уақытта олар жергілікті биліктің функцияларын орындауда және қарапайым тәртіпті қорғауда, сонымен қатар, жаңа биліктің теңдесі жоқ идеологиялық және ұйымдастырушылық тірегі ретіндегі конфуциандықпен бірге оңайлықпен жаңа билік қайта туындаған жергілікті негіз ретінде де олар аз рөл атқарған жоқ.

Ақыр аяғында, конфуциандық елдің Аспанмен және Аспанның атынан әлемді қоныстанған әртүрлі тайпалар және халықтармен өзара қарым-қатынастарда реттеуші ретінде болды. Конфуциандық инь-чжоу кезеңінде билеуші ұлы Аспан атынан Аспан асты елін басқарған «Аспан ұлы» император культін қолдады және оны мадақтады. Уақыт өте келе, ғаламның орталығы, әлемдік өркениеттің шыңы, ақиқаттың, даналықтың, білімнің және мәдениеттің шоғыры, Аспанның қасиетті тілегінің жүзеге асырылуы саналған Аспан асты елінің, Орталық мемлекеттің шын мәніндегі культі қалыптасты. Осы кезден бастап барлық әлемді өркениеттік Қытай және шеткі аумақтарда қоныстанған және қараңғылық пен надандықта бос ғұмыр кешіп жатқан және жалғыз ғана қайнар көз, әлемнің орталығы – Қытайдан білім мен мәдениетті алған мәдениетсіз варварлар деп бөлуге қадамдар жасалды. Шетелдіктердің Қытайға кез-келген сапары Аспан ұлының сюзеренитетін ұлы Қытайдың мәдени құндылықтарын қабылдауға дайын болу ретіндегі мойындау ретінде қарастырылды. Қытайдың көптеген көршілері – Орталық империяны кездейсоқ жаулап алған, тіпті өздерінің династияларын құрған – ғұндар, тоба, монғолдар, маньчжурлар уақыт өте келе үнемі қытайланып отырды және бұл қытайлықтардың санасында өздерінің мәдениетінің артықшылығы жөніндегі ойды нығайтты. Император тағынан орын тепкен басқыншы-варварлар балама болмағандықтан әкімшіліктің конфуциандық жүйесін қабылдауға тура келді және бұл да конфуциандықтың мәңгілігі мен мүлтіксіздігі және олар реттеліп отырған қытай империясы мен қытай өркениеті туралы концепцияны растады.

Конфуциандық дін бе? Қытай империясының нақты жағдайларында конфуциандық негізгі дін рөлін ойнады, ресми мемлекеттік идеологияның қызметін атқарды. Олар алдыңғы қатарға шығарып, мұқият таратылған және корпорациялар шеңберіндегі және қатаң белгіленген, көнелік абыройымен сипатталған нормалар аралығындағы индивидтің рухани жетілуіне бейімделген әлеуметтік этика мәні жағынан соқыр және боялған мистиканың баламасы, тіпті басқа діндердің негізінде жатқан сенім экстазы болды. Бұл алмасу рационалды бастама көне заманда эмоция мен мистиканы ығыстырған дәл осы Қытайда қисынды және табиғи болды, жоғары тәңір ретінде рақымшылыққа бейім Аспан және ұлы пайғамбар ретінде елестер мен сыр ашуларға жақын дін оқытушысы (Иисус, Моисей, Мұхаммед немесе Будда болсын) емес, данагөй Конфуций болды.

Дін ретінде қабылданбай отырып конфуциандық жай діннен де артық болды. Конфуциандық – бұл сонымен қатар, саясат, әкімшілік жүйе және экономикалық-әлеуметтік үрдістердің жоғарғы реттеушісі, бүкіл қытайлық өмір салтының негізі, қытай қоғамының ұйымдасуының қағидасы, қытай өркениетінің квинтэссенциясы. Дәл осы конфуциандықтың арқасында және оның көнелік культі мен консерватизмін қосқанда, қытай мемлекеті және қоғамы тек екі мың жылдан астам уақыт бойы өзгеріссіз өмір сүріп қана қойған жоқ, сонымен қатар, консервативтік инерцияның алып күшіне ие болғаны соншалық, ресми идеология ретіндегі конфуциандықты жойған және бұл доктринаны мүлдем жойған революцияға толы XX ғасыр өзін конфуциандыққа келіп тірелетін және онымен нәрленетін консервативті дәстүрлердің барлығын жеңуші ретінде есептеуіне әлі алыс.

Классикалық кітаптардың ішінен Конфуцийдің шығармасы ретінде сөзсіз, тек Чуньцюді («Көктем және күз», Лудың шежіресі б.з.д. 722-481 жж.); және оның Ши-цзинді («Өлеңдер кітабы») редакциялауы мүмкін. Конфуций шәкірттерінің санын қытай зерттеушілері 3000-ға жуығы анықталса, соның ішінде, 70 шәкіртін анықтаса да, біз шын мәнінде аты-жөнімен танымал тек 26 шүбәсіз шәкіртін атай аламыз; олардың арасында Янь-юань сүйікті шәкірт болған [2]. Конфуцийдің ілімдері неден тұрғанын енді анықтауға болмайды, себебі барлық классикалық кітаптар бізге кейінгі кезеңдердің редакцияларымен жетті.

Алғашқы конфуциандықтың ілімдері өзінің негізгі қағидасы ретінде әр адамға тән өмір сүру мен рахат көру ықыласын ала отырып, тек этика мен саясат мәселелерімен айналысып, метафизикалық мәселелерді және адамзат санасы түсіндіре алмайтын нәрселерді қарастырған жоқ. Қабір өміріне және жындардың бар екендігіне сенуге екеуі де дәлелденген болуы үшін емес, бұл дін белгілі бір дәрежеде адам өмірінің игілігіне септігін тигізетін болғандықтан жол берілді. Осыған сай, ізеттілік ұлдары мен ата-баба культі не қатысты талаптар да күшейтілді.

Конфуциандықта Конфуцийдан кейінгі екінші тұлға болып Мэн-цзы саналады. Конфуциймен салыстырғанда, оның өмірі туралы мәліметтер аз. Оның отаны Конфуцийдікі секілді анықталады, туылған жылы – б.з.д. 371, өлген жылы – б.з.д. 288 жыл. Оның атымен аталған кітапқа сәйкес, Мэн-цзы конфуциандық доктринаның ынталы таратушысы болды. Халықтық наным-сенімдерге, әртүрлі тәңірлерге (көп жағдайда, шамандық) табынуға жол бере отырып, конфуциандық танымал діндер – буддизм, даосизмге қатысты оқшауланған және салмақты жағдайға ие болды және буддизм, даосизмге өзара күрес жүргізуге жол бере және олармен бейбіт қатар өмір сүре, өз қолына бірте-бірте қытайлық өмірдің барлық құрылымын шоғырландыра отырып, оны алғашқы қайраткерлері бағыттаған жолмен жүруін жалғастырды.

Халықтың діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін конфуциандық бір жағынан, қатаң анықталған ата-бабаларға табынумен және одан туындайтын дәстүрлер, екінші жағынан, мемлекеттік құрметке лайық немесе халықтың құрметіне ие тұлғалардың культін мойындаумен шектелді. Құрметтің негізгі пәні ретінде ата-бабалар атқаруы тиіс.

Барлық династияның тақсырлары, билік етуші тақсыр, мемлекетке пайда әкелген барлық тұлғалар (жер өңдеуді, жібек өсіруді, т.б. ойлап табушылар, ұлы ғалымдар – Конфуций және оның 86 шәкірті) немесе оның бөліктері (чэн-вандар – «қаларды қорғаушылар») мемлекеттік құрметке ие болды [3]. Құрметке пайдалы іс-әрекеті жөнінде жергілікті басшылық және халық император алдында куәлік еткен кез-келген адам ие бола алды. Халықтық құрмет ештеңеден қысым көрмейді; әр елді-мекенде жергілікті құрметтелетін (тіпті, бір отбасымен) рухтар көп. Белгілі бір күні рухтың моласына немесе ғибадатханасына (мемлекеттік құрметтегі) жоғарғы шенеунік немесе отбасы мүшелері келіп, тізе бүгіп иілуді белгілі бір мәрте рет жасайды, кесте алдына май шамдарын жағады, кейде жеуге жарамды нәрселерден құрбандықтар қояды; оның көмекшісі жеке параққа жазылған арнайы дұға оқылып, ол аула ішіндегі мәрмәр мүсінге немесе рухтың бейнесіне қарама-қарсы тұрған бағана фонарында өртеледі. Мемлекеттік құрметке ие тұлғалар құрметіне арналған рәсімдерді шенеуніктер формальді қабылдайды [4]. Осылайша, діни істердегі қытайлық индифферентизм түсінікті болады; қытайлық буддист немесе мұсылман, ғасырлық дәстүрлер мен үкіметтік санкциялар нәтижесінде жалпыға міндетті күшке ие болған конфуциандық дәстүрлермен келіседі.

Екі мың жылдан астам уақыт бойы конфуциандық қытай этносының сана-сезімдерін қалыптастырды, олардың сенімдеріне, психологияларына, жүріс-тұрыстарына, ойлауына, сөйлеуіне, қабылдауларына, олардың тұрмысына және әдет-ғұрыптарына әсер етті. Бұл жағынан конфуциандық әлемнің ұлы діндерінен қалыспайды, тіпті кейде асып түседі. Конфуциандық өзінің реңіне Қытайдың барлық ұлттық мәдениетін, халқының ұлттық мінезін қосты. Ол ескі Қытай үшін теңдессіз бола алды.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Li Mingsheng. Xibu da kaifa - Xin shejiede zhongda zhengci. – Wulumuqi. - 2000. – 3 ye.

2. 110 Кожин П.М. Государство и религиозные организации в Китае // Проблемы Дальнего Востока. – 1986. – № 4. – С. 147

3. Конфуций - http://china.kulichki.com/

4. Xinhua. Xin Shijiede shaoshu minzu wenti // Renmin ribao. – 1987. – № 4. – 8 ye.
References
1. Li Mingsheng. Xibu da kaifa - Xin shejiede zhongda zhengci. – Wulumuqi. - 2000. – 3 ye.

2. Kozhin P.M. State and religious organizations in China // Far East problems. – 1986. - № 4. – P.147.

3. Confucies - http://china.kulichki.com/

4. Xinhua. Xin Shijiede shaoshu minzu wenti // Renmin ribao. – 1987. – № 4. – 8 ye.


Smagulova K.K.
Confucianism in China
Summary. This article considers the versatile role of confucianism, socio- political situation, the freedom of confession and its place in policy, processes of integration. The place traditions and customs of Chinа folks in Chinese society are also described. In this way articleconsiders the processes of development features of religious identities and confessional relations in China.

Keywords: idea, the system of confucianism, socio-political situation, national identity, confessional relations.
Смагулова К.К.
Конфуцианство в Китае

В данной статье всесторонне рассматриваются роль конфуцианство, социально-политическое положение, свобода вероисповедания, а также занимаемое ими место в политике, процесс интеграции. В том числе описывается традиции и обычаи китайских народов в обществе. Таким образом, в статье также рассматриваются процессы развития особенностей религиозной самобытности и конфессиональных отношений Китая.



Ключевые слова: идеология, система конфуцианство, социально-политическое положение, национальная идентичность, конфессиональные отношения.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет