Құқықтық сауаттылық – заман талабы Айтмагамбетова Б.И.
Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектебінің
11 «Ә» сынып жетекшісі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін толықтыру мақсатында тақырыпты талқылауға, саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру, өмірде қолдана білуге баулу.
Мұғалім сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құқықтық сауаттылық-заман талабы». Осыған орай, сынып оқушылары 3топқа бөліне отырып, әртүрлі тапсырмалар, мәліметтер дайындады.
І топ. Адам құқығы
1-оқушы: Қандай адам құқықтары бар және қандай комитеттер адам құқығымен айналысатындығы туралы сөз қозғаймыз. Сіздер қандай құқықтарды атай аласыздар?
(Оқушылар негізінен бала, оқушы, студенттік шақ кезеңдеріне қатысты құқықтарды атайды: аты-жөні, ұлты болу құқығы, сабақтан тыс уақытта еңбек ету құқығы, өз жалақысы мен стипендиясын жарату құқығы, отбасында өмір сүріп, тәрбиелену құқығы, дұрыс тамақтану, тұрғын үй және медициналық көмек алу құқығы, т.б ). «Адам құқығы» атты бейнежазба көрсетіліп, басқа да құқықтар кең ауқымда аталады. 2- оқушы: Әр жаста адам қандай құқыққа ие болады? Бұл сұраққа жауап беруде адамның жастарымен (0 жас, 6-7, 10, 14, 16, 17, 18, 20, 25, 30, 40) құқық түрлерін сәйкестендіріп, берілген пирамиданы толтыру тапсырмасын орындауды ұсынамын. (Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріліп, кейін топтар бір- бірінің тапсырманың орындалуын тексереді, бағалайды.) 3-оқушы: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қатысты бейнежазба көру ұсынылады. Байқағанымыздай, БҰ ұйымы мен оған қарасты мекемелер адам құқығы саласындағы жұмыстарды қарастырады. Елімізде адам құқығы мен олардың бостандығын қорғайтын ұйымдар бар.
ІІ топ. Құқық және міндет.
1-оқушы: Құқыққа қатысты құжаттар: Әр адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл адам құқықтары жайлы құжат, яғни, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы» 1948 ж 10 желтоқсанда БҰ ұйымының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы.
2- оқушы: Осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Бала құқықтары туралы» Конвенция БҰ ұйымында қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген. Конвенция – арнаулы мәселелер туралы келісім шарт.
3- оқушы: Еліміздің ХХ ғ. Өзінде КСРО құрамында болып тұрған кезде1936 ж 28 қаңтардағы алғашқы Конституциясы және қазіргі қолданыста жүрген 1995 ж 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституция адам және азамат құқықтарының қорғалуы жан-жақты қарастырылған орнықты құжат болып отыр.
4- оқушы: 1995 ж желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «балалар құқығы» Конвенцияға қол қойды. Осы Конвенция негізінде 2002 ж 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңы қабылданды. Бұл заң 9 тарау 53- баптан тұрады. Осы ережелерді бұлжытпай орындау- біздің парызымыз. Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі осы заң талаптарын, тәртіп талаптарын орындамаудан, білмейтіндігімізден туындап жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |