Iv тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Мәдениеттің дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата08.10.2023
өлшемі202.5 Kb.
#480122
  1   2
Есмакаева ГБ 10 с БЖБ ҚТ


IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Мәдениеттің дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Бөлім

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы. Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы

Оқу мақсаты

10.4.1.7 Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау
10.4.2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениеті саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау
10.4.3.3 Ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау

Бағалау критерийі

Білім алушы:

  • Мәдени мұралардағы халық ауыз әдебиетінің алатын орнын атап көрсетеді

  • Кеңес үкіметі кезіндегі мәдениет саласындағы жаңалықтарды (бағыттар мен жанрлар) ажыратады

  • Ұлттық мәдениетке қатысты қорытынды жасайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма



1. Қазақ халқының әдеби мұрасында табылатын үндестікті талдаңыз



a) қазақ халқының әдеби жәдігерінің құндылығын айқынданыз ................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
b) қазақ халқының музыкалық жәдігерінің құндылығын айқынданыз
...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2. Кеңес үкіметі кезіндегі мәдениет саласындағы жаңалықтарды (бағыттар мен жанрлар) ажыратыныз

a) Әдебиет саласында дүниеге келген туындыларда көтерілген мәселелерді айқынданыз


Автор / Туындысы

Туындыда көтерілген мәселелер

С.Сейфуллин
«Тар жол, тайғақ кешу»

 

Б. Майлин
«Күлпаш»



М. Әуезов
«Қараш-қараш оқиғасы»


С.Мұқанов
«Ботагөз»



Ғ. Мүсірепов
«Қазақ солдаты»


b) Қазақстанның кескін картасында белгілеңіз


Ашылған ғылыми мекемелер, жоғары оқу орындары......................................
Өндіріс орындары...............................................................................................

c) Кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы мәдениеттің дамуының жетістіктері мен кемшіліктерін талданыз


3. Ұлттық мәдениетке қатысты қорытынды жасаныз
Халықаралық мәдени кеңістікке ықпалдасу
Қазақстандық мәдениет жаһандық мәдени диалогтың белсенді қатысушысына айналуға және Қазақстан Республикасының әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне жәрдемдесуге тиіс. Осы мақсатқа табысты қол жеткізу үшін қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімінің өзіндік моделін нығайту және дамыту жөнінде әрі қарай жұмыстар жүргізу қажет. Сондай-ақ "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының: азаматтық теңдік; еңбекқорлық; адалдық; ғалымдық және білімділік даралығы; зайырлы ел құндылықтарын жан-жақты ілгерілетуді және танымал етуді жүзеге асыру қажет. Елдің музей кластері және "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасына ұқсас тарихи-мәдени мұраны сақтау, зерделеу және танымал ету бойынша "Мәңгілік ел" ұлттық жобасын іске асыру ғылыми-зерттеу жұмысының әлеуетті базасына айналуы мүмкін. Осы жобаны іске асыру ұрпақтардың рухани сабақтастығы мен өзіндік сәйкестенуін қамтамасыз етеді.Бұл бағытта басты назар беделді шетелдік сарапшыларды, ғылыми-зерттеу институттары мен консалтингтік ұйымдарды тарта отырып, материалдық және материалдық емес мұраны одан әрі қорғауға және танымал етуге аударылады. Тарихи-мәдени мұраны қорғаудың, консервациялаудың, реставрациялау мен реконструкциялаудың әлемдік үздік практикаларын кеңінен қолдану өнертану мен музейтануды, тарихи, археологиялық, этнографиялық ғылымдарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Халықтық білім мен шеберлікті, бейнелер мен тілді, жанұялық және рәсімдік-мерекелік өмірдің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын беретін қоғамдастықтарды қолдау Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын сақтауға ықпал етеді.Материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізілімін қалыптастыру, жүйелендіру және үнемі жаңартып тұру, Қазақстанның бүкіл өңірлерінде оның элементтеріне түгендеу жүргізу және материалдық емес мәдени мұра элементтерін ЮНЕСКО-ның тізіміне кеңінен ілгерілету қажет. ЮНЕСКО, ИКОМОС (Ескерткіштер мен көрнекі орындарды сақтау жөніндегі халықаралық кеңес), ТҮРКСОЙ (Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы), ИСЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы) және тағы басқалар сияқты шетелдік жетекші ұйымдармен ынтымақтастық еліміздің тарихи-мәдени мұрасын қорғау және қалпына келтіру бойынша кешенді міндеттерді іске асыруға, отандық өнердің барлық бағыттарын дамытуға және оны мемлекетімізден тыс жерлерде белсенді түрде танымал етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, Қазақстан әлемдік мәдениет пен өнерді, тарихи ғылымды, археология мен өнертануды дамыту орталықтарының біріне, кәсіптік шеберлікті арттыру мен шығармашылық өсудің жетекші халықаралық мектебіне айналуы мүмкін.
Зерттеу мен талдау сұрақтары:
a) Халықаралық мәдени кеңістікке ықпалдасудың мағынасын талданыз .......................................................................................................................................................
b) Мақсатқа қол жеткізу үшін жүргізілген жұмыстарға баға беріңіз
.......................................................................................................................................................
c) "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру жолдарын ұсыныныз
.......................................................................................................................................................



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет