Қиял дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс



бет1/4
Дата01.11.2022
өлшемі0.87 Mb.
#463813
  1   2   3   4
Адам өмірінде қиялдың алатын орны және негізгі қызметтерін басқа да танымдық процестермен салыстыру




Адам өмірінде қиялдың алатын орны және негізгі қызметтерін басқа да танымдық процестермен салыстыру


Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субьективтік образдарын қайтадан жаңартып өңдеп бейнелеуде көрінетін тек адамға тән психикалық процесс.

Адамның қиялына тән кейбір ерекшеліктер:


жеке қызығушылықтары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді.


қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты.


Кішкентай баланың қиялы



Ересек адамның қиялы

қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады.



қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс.




Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер.




2. Қиялдың түрлері. Қиял екіге бөлінеді: ырықты (актив) қиял, ырықсыз (пассив) қиял.
Ырықты (актив) қиял
Қиялдың бұл түрі - адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.Қиялдың мұндай белсенді түрі балалардың ойнау әрекетінен де байқалады. Ырықты актив қиял үшке бөлінеді: қайта жасау, шығармашылық, арман.
Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордыңт. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Шығармашылық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүныңшығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет