Из истории депортаций. Казахстан. 1935-1939 гг



Дата25.02.2016
өлшемі11.37 Kb.
#20547
“Из истории депортаций. Казахстан. 1935-1939 гг.” құжаттар жинағының екінші кітабы жарық көрді

04.02.2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет түрлерін шығару» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының құрастырушылар ұжымымен дайындалған «Из истории депортаций. Казахстан. 1935–1939 гг.» құжаттар жинағының екінші томы жарық көрді. Басылым Қазақстан халқы ассамбелясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатымен серіктестікте жарияланды.

Құжаттарының басым бөлігі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған жинақта тарихтың әлі толық зерттелмеген мәселелері – тұтас халықтардың жаппай саяси қудалануының қасіретті оқиғалары ашылып отыр.

Зерттеушілер бастамасымен ұсынылып отырған екінші том 1935–1939 жж. этникалық қоныс аударулар туралы мәлімет береді.

Жарияланып отырған құжаттар 1936 ж. Украинадан поляк және неміс шаруашылықтарын қоныс аудару, 1936–1937 жж. қоныс аударылған күрдтер, армяндар, түріктерді, 1937 ж. – кәрістерді, 1938 ж. – ирандықтарды қабылдау және орналастыру жәйттерін баяндайды. Жалпы 1920–1950 жж. Қазақстанға жүздеген мың жазықсыз жандар, 62 ұлт өкілдері қоныс аударғаны айқындалып отыр.

Орыстануға алып келген КСРО басшыларының ұлттық саясатындағы өзгерістерді бейнелейтін құжаттар жеке тарау болып бөлінді.

Кітаппен Қазақстан қалаларының орталық кітапханаларында танысуға болады.





СМОТРИТЕ ТАКЖЕ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет