Қызбергенова Гүлғаным Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің Кітапханашысы Тақырыбы: «Болашықты нұрландырған –Тәуелсіздік.» Мақсаты



Дата04.07.2016
өлшемі77.94 Kb.
#178254
Қызбергенова Гүлғаным
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

Кітапханашысы
Тақырыбы: «Болашықты нұрландырған –Тәуелсіздік.»

Мақсаты: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу.

Туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру.


Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздерінің суреті.

«Қазақстан» атты энциклопедиялық кітабы. «Отан отбасынан

басталады», «Отан үшін отқа түс, күймейсің», т.б. нақыл сөздер.

Жоспар: 1. Ел тарихынан шағын түсінік.

2. Өткен жылдар жемісі.

3. «Қазақстан ХХІ ғасырда» оқушылар шығармасы

4. «Қазақстан Республикам менің» атты әдеби музыкалық монтаж.


І. Кіріспе: «Желтоқсан» әні «Ата толғауы» күйінің орындалуымен

1. Бастаушы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай күніне орай 5 класс дайындаған «Болашақты нұрландырған –тәуелсіздік!» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!


2. Бастаушы: Сіздерді 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға гүл сыйлаймыз.

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы, келе берер!

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған ... дегендей, Республикамыз бүгінде тәуелсіз мемлекет. Республикамыздың мемлекеттік рәміздері-Әнұраны, Туы, Елтаңбасы бар. Қазақстан Әнұранымен –айбатты.

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім-сөйлер сөзім,

Туған жерім-сағынарым,

Мәңгі-бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Әнұран орындалады.

Елтаңбасымен -еңселі:

Елтаңбабсы елімнің,

Неткен көрем әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

Туымен -тұғырлы:

Жарасқан байрақтың мәні бар,

Көк аспан, күн, қыран-сәні бар.

Көк байрақ ашық көк кеңісім,

Алтын күн-белгісі жеңістің.

Алтын күн-көтерген ел құсы-

Халқымның батырлық белгісі.

Көк байрақ күш беріп әр істе

Ерлерді жеткізген Жеңіске

Желбіреп тұр байрақ аймақта

Елжірей қараймыз байраққа.

Киелі байрақта аруақ, бақ

Иеді басын ел ардақтап.

Көк туды қастерлеп, сүйіп те

Көтеріп ұстаймыз биікке!
1. Бастаушы: Өткен тарихымыздан аздаған түсінік. ХV ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізде жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. ХV ғасыр басындаға дүрліккен ел шұбыра қашып, ақтабан шұбырынды болды. Жұрт Алакөлге аялдап, қасиетті қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды бірлікке Төле би шақырды.
2. Бастаушы: ХVІІІ-ХІХ ғасырларды халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен ақ орыс қазақ халқын аздыра бастады. Ұлан-ғайыр даламыз империя меншігіне айналды. Халқымыздың басынан қара тұман серпілмеді. ХХ ғасырдың 16- жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп, қарсылық көрсеткендері оққа ұшырады, қаншасы өз жерінде қырғын көрді. Жаяу жалпы, үй-күсіз Қытай жеріне жетті. Жаны ашыған жан жоқ. Балаларын бір шелек бидайға сата бастады.
1. Бастаушы: біздің 1917 жылы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата жұртын тастап, көшуге мәжбүр болды. 1923-1933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 миллиондай халықтың 2,2 миллионы опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық, тағы өлім. Әл жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап кетуге мәжбүр болды. Бүгінде Атамекенін тастап кеткен халқымыздың саны 1 миллион 578 мың.
2. Бастаушы. 1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батарлары фашизмнен букіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.

1986 жылы желтоқсанды отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін әлемге паш етті.


1. Бастаушы: «орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Ерлеріміздің арқасында қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелссіз қазақ мемлекеті жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі маңыраған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Ән: «Елім менің»

1. Бастаушы:

ІІІ. «Қазақстан ХХІ ғасырда»

ХХ ғасыр ұлы оқиғаларға толы болды.

Өткен ХХ ғасырда

Неше алуан күйге ендік.

Жұлдыз ұшып, жер қазған,

Мол білімді игердік.


2. Бастаушы: Біздер бүгінгі оқушылар болсақ, ертеңгі ХХІ ғасырдың азаматтарымыз.

Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен,

Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.

Бақ орнаған осынау кең далаға

Мұрагермін, оған да иемін мен!

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

1. Бастаушы: біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, елімізді әкелеріміз бен ағаларымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармаймыз.

1-оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далада жылап келіп уанғам,

Бұл даланы көріп алғаш қуанам.

2-оқушы: Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ жері өнерлі, өсиетті,

Египетті билеген Бейбарыстай,

Елі текті, киелі, қасиетті.



3-оқушы:

Қазақ жері –қонақжай төрлер жері,

Қазақ елі –қас сақтай ерлер елі.

Елі кедей болмаған, жері байтақ,

Едігедей, бабырдай шерілер елі.

4-оқушы: Мәнге толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз ғып тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы.

Сәнге толы қазағымның тірлігі,

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі.



5-оқушы:

Ел болдың, ерік алдың астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлкеттің шежіресі

Нұрсұлтан атымен басталады.

6-оқушы: Балдай дәмен орманның татып елім,

Егемен деп аталды атың,елім.

Аталардың жан беріп жете алмаған,

Орындашы арманын батыл, елім.



7-оқушы:

Бақтың құсы әр адамға қоын бір,

О, тәңірім бізді баққа жолықтырІ...

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!...

8-оқушы: Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!



Ән: «Өз елім»

Бастаушы: Көрініс: «Билердің даналығы». (Үш би)

1.Бастаушы: Жаңаша көзқарас ұстаған,

Жастарды ілгері бастаған.

Болашақ бағытты нұсқаған,

Астанам-жас қалам, бас қалам!



Ән: «Астанам»

2.Бастаушы: Егемен болмай ел болмас,

Етек жеңі кең болмас.

Терезесі тең болмас,

Енді қазақ кем болмас!


1. Бастаушы: Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де көресіңді азаппенен.

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсынқайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.


1. Бастаушы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен 5 класс оқушыларының Тәуелсіздік күніне орай дайындаған «Болашақты нұрландырған –Тәуелсіздік» атты әдеби-музыкалық кешіміз аяқталды.
2. Бастаушы: Көңіл қойып тамашалағандарыныңызға рахмет! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!



Мектеп кітапханашысы



Қызбегенова Гүлғаным Әнуарбекқызы

Ырғыз. 2014 жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет