Қызылжар ауылдық округі бойынша 2013 жылғы атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Қайрат Айтқұловтың есепті баяндамасының тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі44.5 Kb.
#8301
Қызылжар ауылдық округі бойынша 2013 жылғы

атқарылған жұмыстар бойынша округ әкімі Қайрат Айтқұловтың есепті баяндамасының тезистері

2013 жыл ішінде атқарылған жұмыстар мемлекет басшысының Жолдауларынан туындайтын тапсырмаларды орындауға, халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуына жұмыс жасауға, облыс басшысының берген тапсырмаларының іске асырылуы, бюджеттің орындалуы және бюджет қаражатының игерілуі, тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған басқа да мәселелердің қамтылуына, өткен жылғы есеп беру жиналыстарында тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерін іске асыруға бағытталды.

Селолық округке 3 елді мекен жатады. Олар Құрлыс селосы, Жаныс би және Шеңбертал ауылдары. Округ аумағының жер көлемі - 28,8 мың шаршы метрді құрайды. Округ бойынша жалпы халық саны - 2300.


Округте 3 орта мектеп, 3 балабақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық пункт, «Мәні» мәдениет үйі, орталықтандырылған модельдік кітапхана, пошта, электр желілерін тарату, телеарна тарату, байланыс бөлімшелері мен су шаруашылығы мекемесі халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ мектептер жанынан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, көркем-сурет мектебі және өнер мектебінің бөлімшелері қызмет жасауда.

Сонымен қатар қоғамдық негізде жастар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, әр елді мекенде ардагерлер кеңестері жұмыс жасайды. Олармен тығыз байланыс орнатылған. Мұнымен қоса округ көлемінде қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау барысында профилактикалық жұмыстар жүргізуде және қоғамның құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында полиция тірек пункті жанынан қоғамдық кеңес құрылып жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіп бұзушылық орын алған жоқ және оларды болдырмау шаралары үнемі назарда ұсталып отыр.

Селолық округте 63 ауыл шаруашылық құрылымы жұмыс жасайды. 5 өндірістік кооператив, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 селолық тұтыну кооперативі және 56 шаруа қожалығы бар. Мал басы барлық түрінен өсімді көрсетті. Оның ішінде мүйізді ірі қара - 4377, қой-ешкі - 13118, жылқы - 1298, түйе - 235 басты құрады. Ет 10242 цн, сүт 13268 цн, жүн 130 цн өндірілді. Округте шаруа құрылымдары мен жеке қожалықтың қатысуымен далалық алқаптан 17118 тн. табиғи шөп дайындалып, тасылып алынды.

Биылғы жылы жаңадан «Шора», «Ахмет» шаруа қожалықтары құрылды.

Селолық округте ветеринарлық қызмет жақсы жолға қойылған. Округтегі елді мекендердің тұрғындарының қосалқы шаруашылығы мен шаруашылық құрылымдарына ветеринариялық қызмет көрсетуге арналған қосымша ғимарат бар. Онда мал дәрігері, мал тұқымын асылдандырушы маман және аудандық мал дәрігерлік бөлімінің мал дәрігері қызмет көрсетуде. Қосымша Жаныс би, Шеңбертал елді мекендерінде 2 мал дәрігері мамандары жұмыс жасайды. Мал дәрігерлік шаралар уақытылы көрсетіліп келеді.

Қоғамдық табындағы мал тұқымын асылдандыру мақсатында «Күмісбек» ШҚ 2 бас, «Барс-62» ЖШС 2 бас, «Мақсат» ШҚ 2 бас, «Мағжан» ШҚ 1 бас, «Қостерек» ӨК 2 бас, «Науан» ШҚ 2 бас, «Шора» ШҚ 2 бас, барлығы 13 бас қазақтың ақбас бұқасы сатып алынып, кірістелді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Тұлпар» ШҚ-на 3 бас, «Гауһар» ШҚ-на 1 бас, «Кеңдала» ШҚ–на 1 бас асыл тұқымды бұқа малы кірістелсе, жеке қаражаты есебінен «Ғаламат» ШҚ–на 2 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды бұқа малы сатылынып алынды.

Округ дамуы көрсеткіштерінің бірі - салық базасының қамтамасыз етілуі мен салық жиналымы. Округ бойынша салық болжамы 6 298,0 млн теңге болса, нақты жиналғаны 6 087,6 млн теңге болып 96,7 пайызға орындалды. Қозғалыссыз тұрған құрылымдар және тұрғын-үй, көлік иелерімен жеке жұмыс жасалып салықтың жиналуына серпіліс берілді.

Округ бойынша кәсіпкерлік субъектілер саны - 89. Жеке кәсіпкерлер саны – 26, оның ішінде - 18 сауда нүктесі халыққа қызмет көрсетіп отыр. Округте кәсіпкерлікпен айналысатындардың жалпы тұрғындарға шаққандағы үлес салмағы артып келе жатыр. Шаштараз, монша, мебель цехын, наубайхана, сүт өндіру цехын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және басқа да кәсіптерді ашу жұмыстары шешімін табуға ұйымдастырылуда. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкіметіміз қабылдаған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алуға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Округ бойынша 3 елді мекенде телефон байланысы тұрақты жұмыс жасауда. Шеңбертал елді мекеніне Beeline ұялы байланыс желісін қондыру мақсатында келіссөздер жүргізілуде.

Жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы бойынша 2 адам кәсіптік оқуға, шаруашылық құрылымдарына әлеуметтік жұмысқа 18 адам орналасты. Ақылы қоғамдық жұмысқа 24 жұмыссыз тартылды. Жастар практикасы бағдарламасынан 5 жас маман өткізілді. Жыл басынан бері 16 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Құрлыс селосында орталықтандырылған су құбыры жұмыс жасап тұр. Жаныс би және Шеңбертал елді мекендерінде ауыз су құдықтары пайдаланылып келеді. Құдықтардың барлығына көктем және күз айларында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Құдықтар ақылы қоғамдық жұмыс негізінде күтімге алынған.

Тұрғын үй құрылысын салуға 12 азамат жер учаскесін сұрап өтініш білдірді. Құрлыс жүргізуге ниет білдіргендердің саны күні бүгінге дейін артып келеді.

Округтегі барлық әлеуметтік мекемелер мен кәсіпорындардың жылу жүйелері жұмыс жасауда. «Балдәурен»,«Гүлдер»,«Шаттық» балабақшалары қалыпты жұмыс жасауда.

«Мәні» мәдениет үйінде облыстық деңгейдегі аймақтық «Балдәурен» балалар ән – би байқауы және тоғызқұмалақтан Ж.Малдығұлов атындағы облыстық біріншілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар аудандық мұғалімдердің тамыз мәслихаты ұйымдастырылып, өткізілді.

Жаныс би, Шеңбертал ауылдарынан клуб үйі мен кітапхана ашуды қажет етеді. Қазіргі таңда Қызылжар кітапханасының көшпелі кітапханасы ұйымдастырылуда.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Құрлыс селосына 23 нүктеге көше жарық шамдары орналастырылып, іске қосылды.

Жазғы уақыттағы емдеу сауықтыру мақсатында Ақтөбе қаласына «Шағала» санаторийінде 8 бала, «Ақбөбек» лагерінде 15 бала, «Ақбота» сауықтыру орталығында 1 бала тынығып қайтты.

«Нұр Отан» ХДП Ақтөбе облыстық филиалының кезектен тыс XVI- конференциясына Темірастау медициналық пункті бастауыш партия ұйымының төрағасы Сүйеу Нұртілек қатысып келді.

Биылғы жылы Белшер ауылында өткен ауыл жастарының ХІІ-спартакиадасында округ құрамасы жалпы командалық есепте жүлделі бірінші орынды иеленді.

ҚР Конституция күні және Спорт күні мерекелерінің қарсаңында округ жастарының арасында футболдан және волейболдан спорттық жарыстар өткізілді.

Жастардың бұқаралық спортпен айналысуына және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында аптасына 2 рет волейбол ойыны өткізілуде.

Т.Жаманмұрыновтың 125 жылдығына орай және ауылшаруашылық күніне арналған ат бәйгесіне округтен 10 жүйрік ат қосылып, бас бәйгені «Есбол» ШҚ Сүйеубаев Сәкеннің аты жеңіп алды.

Құрлыс, Жаныс би, Шеңбертал елді мекендерінде қарттар күні мерекесіне орай шаруашылық құрылымдары және Темірастау орта мектебі ұжымының демеушілігімен ауыл ардагерлеріне арналған мерекелік концерт қойылып, мереке иелеріне дастархан жайылды.

«Осы дала – Отаным» атты Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі жергілікті жазушы Рахымжан Өтемістің жинағына біздің жерлестеріміз Қуандық Шаңғытбаев, Үмбетбай Уайдин, Мейірхан Ақдәулетұлы, Зәкіржан Кәлкенбаев, Тельман Сағынбайұлы, Қартбай Ізімов, Серғали Қоблашев, Талдыбай Сисенбаев, Берік Зейновтің жыр жолдары енді.

«Ақтөбе» газетіне кәсіптің ерекше түрімен айналысатын ауылдастарымыз Қази Баймағанбетова, Айнагүл Алиева, Гүлмира Тойбазарова, және құрылысшы жігіттер туралы мақалалар шығып, тұрғындарды кәсіппен айналысуға шақырды.

«Ән ғұмыр» атты ретро әндердің аудандық байқауында Б.Алманов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушылары Жолан Елназ бен Жолан Ерназ қатысып, жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты.

Тәуелсіздіктің 22 жылдығы мерекесіне орай Құрлыс селосында «Тәуелсіз елім бар» атты аудандық ақындар айтысы ұйымдастырылып, өткізілді. Айтысқа аудан бойынша 8 ақын қатысып, оның 4-уі Қызылжар округінің намысын қорғады.

Аудан әкімінің кубогы үшін мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спартакиадада аудан әкімінің ауыспалы кубогын округ командасы жеңіп алды.

Сондай-ақ осы жылдың желтоқсан айында округ көлемінде спорттың волейбол, стол теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ түрлерінен Құрлыс, Жаныс би, Шеңбертал командаларының арасында ауыларалық жарыс өткізілді.



Баспасөзге жазылу толығымен орындалды.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі Қ.Айтқұлов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет