Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы



бет1/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.86 Mb.
#125926
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Қызылорда қалалық мәслихатының

2013 жылғы 24 желтоқсандағы

кезекті 25 сессиясының

№ 3 шешіміне қосымша


Қызылорда қалалық мәслихатының

2011 жылғы 23 желтоқсандағы

№41/2 шешімімен бекітілген

Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға

арналған даму бағдарламасы

Қызылорда қаласы, 2013 жыл

Мазмұны


1.

Бағдарламаның төлқұжаты

2.

Ағымдағы жағдайға талдау

2.1

Қызылорда қаласының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы

2.2

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

Экономикалық даму

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылымдық кешен

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология

Мемлекеттік қызметтер



2.3

Қызылорда қаласының орта мерзімді қамтитын болашақтағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктері мен бәсекелестік басымдығына кедергі болатын негізгі қиындықтары, тәуекелділіктеріне кешенді сипаттама

2.4

Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеумен айналысатын қолданыстағы саясатын талдау

3.

Өңір дамуының көрінісі

4.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары.




1 бағыт: Өңір экономикасын дамыту;




2 бағыт: Әлеуметтік даму;




3 бағыт: Инфрақұрылым;




4 бағыт: Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;




5 бағыт: Мемлекеттік қызметтер.

5.

Қажетті қаржы

6.

Бағдарламаны басқару

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ




Бағдарлама атауы

Қызылорда қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы (Одан әрі - Бағдарлама)

Оны дайындауға

негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 18 маусымындағы №827 Жарлығына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін мұнан әрі құрылымдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 Жарлығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №371 Жарлығы


Өңірдің негізгі сипаттамасы


Қызылорда қаласы 2,4 мың шаршы км жалпы көлемімен, Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік орталығы, облыстың бүкіл аумағының 1,1% құрайды.

Қаланың әкімшілік-аумақтық құрамына 2 кент және 7 ауыл округтері кіреді. Халықтың саны 2013 жылдың 1 қаңтарына 254,0 мың адамды құрайды, халықтың орналасу тығыздығы әр 1 шаршы шақырымға 105,8 адамнан келеді.

Бағыттары


Өңір экономикасын дамыту;

Әлеуметтік даму;

Инфрақұрылым;

Ауылдық аумақтарды дамыту, экология;

Мемлекеттік қызметтер.


Бағдарламаның

мақсаттары

Қаланың дамуы және тиімді әлеуметтік-экономикалық әлеуеті негізінде тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ету.


Міндеттері


Экономиканың өңдеу саласын дамыту;

Балама энергия көздерін пайдалануды дамыту;

Агроөнеркәсіп кешені (одан әрі-АӨК) өнімдері экспорты және өндірісін тұрақты өсіру есебінен қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету;

Инвестициялық қолайлы ахуал құру, қарым-қатынасты нығайту және дамыту, қаржы салу үшін жағдай жасау;

Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті жетілдіру және әртараптандыру;

Қаланың инвестициялық жобаларында және тауар, жұмыс және қызмет түрлерін сатып алуда қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту;

Мектептегі білім беру деңгейін арттыру;

Мектепке дейінгі ұйымдар санын көбейту және мектепке дейінгі білім беруде ұсынылатын қызмет сапасын жақсарту;

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын жоғарылату;

Әлеуметтік мәні бар ауру зардаптарын төмендету және тұрғындардың денсаулығын жақсарту;

Қала халқын тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және ықпал жасау;

Кедейшілік деңгейін төмендетуге ықпал жасау;

Қала тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсету;

Мәдениет саласындағы отандық өнімдердің талап етілу өсіміне жағдай жасау;

Жергілікті деңгейде мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуы;

Бұқаралық спорт пен дене шынықтыру-сауықтыру қозғалысын дамыту;

Туристік имиджді қалыптастыру және ұсынылатын қызмет сапасын жоғарылату;

Мемлекет және азаматтық қоғам институттарының қарым–қатынастарын және мемлекеттік ақпарат саясатының тиімділігін арттыру;

Елдің даму Стратегиясын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту;

Азаматтық қоғам институттарының елдің стратегиялық дамуына қатысуын кеңейту;

Жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету;

Есірткі бизнесі, нашақорлық және қылмыстармен күрес тиімділігін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың өмір қауіпсіздігін қажетті деңгейде қолдау;

Техногенді апаттар мен төтенше жағдайлар салдарынан болатын шығындарды азайту бойынша шаралар қабылдау;

Байланыс және телекоммуникация саласында сапалы қызметпен қамтамасыз ету;

Жол инфрақұрылымын дамыту;

Көлік қызметін дамыту;

Қаланың коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығын дамыту;

Ауыз сумен жабдықтау жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Жылу беру жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Кәріз жүйелерінің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ету;

Қалаға қарасты ауылдық елді мекендерін дамыту;

Экожүйені қайта қалпына келтіруге және сақтау бойынша жағдай жасау;

Жергілікті атқарушы билік қызметінде тиімділікті арттыру

Мақсаттық

индикаторлар

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі;

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі;

Электр энергиясын шығаруды арттыру;

Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің нақты көлем индексі;

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі;

Негізгі капиталға тартылған инвестициялардың нақты көлем индексі;

Инновациялар саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың (технопарктер, бизнес-инкубаторлар, индустриялық парктер және т.б.) белсенділік деңгейінің өсімі;

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінде қазақстандық мазмұн үлесінің ұлғаюы;

Халықтың білімнің қолжетімділігі мен сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен қамту;

Халықтың медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі;

Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл;

1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімділікті төмендету;

Жұмыссыздық деңгейі;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;

Арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (қызмет алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санында);

Халықтың мәдениет саласы қызметтерінің сапасымен қанағаттану деңгейі;

Мемлекеттік тілді меңгерген халық үлесі;

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту;

Туристік қызмет саласында қызмет көрсететін ұйымдармен орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемін ұлғайту;

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;

Халықтың ішкі істер органдарына сенімінің болжамды деңгейі;

Төтенше жағдайлардан адами және материалдық шығынды төмендету;

Халықтың байланыс және коммуникациялар саласындағы қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі;

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі;

Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру, шаршы метр;

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;

Жүк айналымының көлемі;

Жолаушылар айналымының көлемі;

Тұрғындардың коммуналдық қызметтердің сапалылығына қанағаттанушылық деңгейі;

Тұрғындардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жетімділігінің деңгейін арттыру;

Жылумен қамту қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Халықтың су бұрғыш қызметтерімен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру;

Жоғары даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санын арттыру;

Зиянды заттар қалдықтарын тастауды азайту;

Халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтерді көрсету сапасына қанағаттанушылық деңгейі.

Қаржыландыру көздері мен көлемі


Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, қарыздық қаражат.

Қаржыландыру көлемі:

2011 жылы 40693 млн. теңге

2012 жылы 42333 млн. теңге

2013 жылы 48306,2 млн. теңге

2014 жылы 56937,1 млн. теңге

2015 жылы 19066 млн. теңге

Бағдарламаны қаржыландыру көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылға нақтыланатын болады.


2. ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙҒА ТАЛДАУ
2.1 Қызылорда қаласының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, оның облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері
Қызылорда қаласы 1938 жылдан Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы. Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. 10 әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма, Талсуат, Қарауылтөбе ауылдары. Қала теңіз деңгейінен 126-130 м биіктікте жатыр.

Қызылорда қаласы өндірістік өңір болып табылады, мұнда жалпы облыста өндірілген өнеркәсіп өнімі көлемінің үлесі 94,5% құрайды. Өнеркәсіп өнімі көлемінде кен өндірісінің үлесі 95,8 %.

Индустрияландыру картасы шеңберінде құрылыс материалдарын шығаруға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы өндеу өнеркәсібінің өсуіне мүмкіндік беріп, даму деңгейінің оң тенденциясы қалыптасты. Сәйкесінше, жоғары даму деңгейі құрылыс секторында байқалады, оның ішінде тұрғын үй құрылысы саласында.

Өндіріс саласында мұнай өндіру көлемінің төмендеуін айта кету керек, дегенмен өңірде электр энергияны өндіру көлемінің өсімі байқалады.

Қызылорда қаласы 2012 жылғы облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар рейтингісінде әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша – 1 орынға және серпінділік көрсеткіштері бойынша да 1 орынға ие болды.

Қызылорда қаласында Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2010-2013 жылдар ішінде Өңірдің индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 13604 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылды. Атап айтсақ, Казгермұнай акционерлік қоғамының газды тиімді пайдалану кешенінің 2-ші кезеңінің құрылысы, «Шапағат сүт» ЖШС–нің тәулігіне 30 тонна нан өнімдерін шығаратын зауыты, «УАД» ЖШС–нің битум және асфальтбетон зауыттары, «Азов Арал Агромаш» ЖШС-нің «ЖРВ-5 және ЖВП-4,9 күріш жаткаларын жинақтау өндірісі, «Шөгірлі» ШҚ-ның шағын сүт зауыты, «Алтын қамба Агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС-нің «Сауда логистикалық орталық және көкөніс сақтайтын қойма құрылысы», «КАИС Сервис» ЖШС-нің битум шығаратын зауыты, мал бордақылау алаңы мен шұжық цехы және спорт-сауықтыру кешені құрылысы (мұз аренасымен). Бұл өндірістерде жаңадан 413 жаңа жұмыс орындары ашылды.



Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жыл сайын артып, облыс бойынша салынған қаражаттың 50 пайызын құрады. Жалпы инвестиция көлеміндегі кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен игерілген инвестиция көлемінің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 76 пайыздан 86,6 пайызға өсті.

Облыста атқарылған құрылыс жұмыстарының үштен бірі Қызылорда қаласының үлесіне тиесілі. Жыл басынан құрылыс жұмыстарының көлемі 33,4 млрд.теңгеге орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 111 пайызға артса, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 92,6 мың м2 құрап, халық қаражаты есебінен іске қосылған тұрғын үй көлемі 18,6 пайызға артып, облыстағы үлесі 50 пайызды құрады.

Көлік әлеуетін негізгі сыртқы республикалық маңызды автомобиль жолдары, жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары және қала көшелерінің жолдары құрайды.

Самара-Шымкент (Орал, Қызылорда арқылы Ақтөбеге) Қызылорда қаласын Батыс Қазақстанмен автомобиль байланысымен қамтамасыз етеді; Қызылорда-Павлодар (Жезқазған және Қарағанды арқылы) Қызылорда қаласын Орталық Қазақстанның аудандарымен автомобиль байланысын қамтамасыз етеді; Қызылорда-Шымкент-Алматы Қызылорда қаласын Оңтүстік Қазақстанның аудандарымен байланыстырады.

Сонымен қатар, қалаға жергілікті маңыздағы облыстың аудандарымен шаруашылық байланысты қамтамасыз етуші жолдар қосылған.

Болашақта жүк және транзитті көлік ағымдарын қаланың сыртына шығару мақсатында Қызылорда қаласын, сол жағалауды қамтитын сыртқы айналма автомобиль жолдарының жүйесі салынады.

2015 жылға дейін Қызылорда қаласы көшелерінің жолдарының 244 км жөндеуден өткізіледі.

Қалалық көлік жүйесін жетілдіру кіші габаритті көліктерді үлкен сыйымдылықты көліктерге ауыстыруды қажет етеді. 2010 жылы қоғамдық жолаушылар тасымалдауда микроавтобустардың үлесі 70 пайызды құраса, қазіргі уақытта 60 пайыз деңгейінде. Болашақта қалалық және қала маңындағы маршруттар автопаркін кезең-кезеңмен жаңалау жоспарлануда, сонымен қатар отандық өнім өндірушілердің көлік құралдармен автопаркті жаңалауды ұсынған компанияларға артықшылықтар ұсынылатын болады.

Бүгінде қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала болып бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының, тауар мен қызметтің кең профилінің қалыптасуының, бюджет түсімдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері қарқынды динамиканы көрсетеді.

Жыл басынан бері бөлшек сауда тауар айналымы 88,3 млрд.теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 15,3 пайыз өсімді қамтамасыз етті немесе облыс бойынша көрсеткіштегі үлесі 85 пайызды құрады.

Экономика саласындағы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 2013 жылдың қаңтар-қазан айларында 108479 теңгені құрап, облыстық деңгейден 112,2 пайызға артық болды. Атаулы жалақы индексі 106,6 пайыз болса, нақты мәнде 101 пайызды құраса, халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табыстары өткен жылмен салыстырғанда 6,7 пайызға, нақты ақшалай табыстары 0,9 пайызға өсті.

Макроэкономикалық жағдайдың жақсару жағдайында есепті кезеңде қалалық бюджет үшін кірістердің және шығыстардың өсуінің жалпы тенденциясы қалыптасты.

Экономикалық өсім қалалық бюджеттің кіріс бөлігін көбейтуге мүмкіндік беріп, бір жылда 12,8 млрд. теңгеге артып (1,5 есеге), 36,5 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. Өз кірістері бір жылда 1,6 млрд.теңгеге өсіп, 10 айдың қорытындысымен 16,3 пайызға артық орындалды. Білім саласының шығындары – 1,6 пайызға, әлеуметтік қамсыздандыру – 2,4 пайызға, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы 1,5 есеге, көлік және коммуникация шығындары 4,0 есеге өсті. Жақын онжылдықта мұнай-газ өнеркәсібі елімізде экономикалық өсуді басты жылжытушы болып қалады. Болашақтағы аймақтың басты міндеті жетекші салалардағы дамудың индустриалдық және инновациялық импульстерін экономиканың басқа салаларына және әлеуметтік өміріне тиімді трансляциялау, жергілікті тауарлар мен қызметтерді тұтынудағы олардың ролін арттыру, халықты жұмыспен қамту мәселесі болып табылады.

Осыған байланысты мұнай және газ өндіруді көбейту үшін аймақта масштабты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және жаңа кен орындарында көмірсутекті шикізатты өндіруді бастау мүмкіндіктерін зерттеу қажет.

Потенциалды пайдаланудағы стратегиялық міндет қала территориясы арқылы өтетін автомобиль жол тораптарын дамыту, тасымалдың инфраструктурасын дамыту.

Алайда, қалада бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелер бар, осы бағдарлама соларды шешуге бағытталған. Қаланың әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай отырып, бұл материалдық –техникалық базаның әлсіздігінде екенін атап айтқан дұрыс, оны дамытуға, жетілдіруге және нығайтуға, жаңа обьектілер салуға бюджеттік қаржыландыру көлемі жеткіліксіз. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы кезең-кезеңмен шешілуде.

Жыл сайын қала тұрғындарының мәдени және ақпараттық талаптар және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы алшақтық өсіп келеді.

Ауыл клубтарының үштен бірі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қаланың еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың сай келмеуі, білікті жұмысшылар және техникалық кадрларға деген сұраныс, жұмысшы күші сапасының төмен болуы басты мәселе.

Ірі экономикалық міндеттерді шешуге және өңірдегі инновациялық процестерді дамытуға ғылыми потенциал толық шамада қатыспайды. Нақты өнім шығаруға экономиканың бағытталуы өте әлсіз. Қала экономикасы құрылымдарының жоғары диверсификациялануына қарамастан өнеркәсіпте шикізат салалары басымды роль атқарады, олар аралық өнімдерді шығарады (мұнай, газ).

Көліктік қызметтерге, электроэнергияға, жер және үй арендасына тарифтерді өсіру жағымсыз жағдайларды туындатады. Банктердің несие ресурстарын көптеген кіші кәсіпорындар ала алмайды.



2.2 Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
Экономикалық даму.

Өңірлік экономиканың дамуы. Қызылорда қаласында Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2010-2012 жылдар ішінде Өңірдің индустрияландыру картасына енгізілген жалпы құны 11945 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске қосылды. Атап айтсақ, Казгермұнай акционерлік қоғамының газды тиімді пайдалану кешенінің 2-ші кезеңінің құрылысы, «Шапағат сүт» ЖШС–нің тәулігіне 30 тонна нан өнімдерін шығаратын зауыты, «УАД» ЖШС–нің битум және асфальтбетон зауыттары, «Сабыр и К» ЖШС-нің май зауыты, «Азов Арал Агромаш» ЖШС-нің «ЖРВ-5 және ЖВП-4,9 күріш жаткаларын жинақтау өндірісі, «Шөгірлі» ШҚ-ның шағын сүт зауыты, «Алтын қамба Агроөнеркәсіп комбинаты» ЖШС-нің «Сауда логистикалық орталық және көкөніс сақтайтын қойма құрылысы» және «КАИС Сервис» ЖШС-нің битум шығаратын зауыты. Бұл өндірістерде жаңадан 300-ге жуық жұмыс орындары ашылды.

«Батыс Европа-Батыс Қытай» мегажобасы шеңберінде қала аумағында асфальт, битум шығаратын зауыттардың саны өскен. 2010 жылы іске қосылған асфальт және битум зауыты жылына 204 мың тоннаға жуық өнім шығарса, 2011 жылы «КАИС Сервис» мекемесімен қосылған асфальт зауыты жылына 63 мың тонна асфальт өнімін шығаруда. Жыл басынан бері қала бойынша асфальт және битум өндіру өткен жылмен салыстырғанда 37,8 пайызға артқан.

Сонымен қатар индустрияландыру картасынан тыс соңғы үш жыл көлемінде экономиканың басқа салалары (өндіріс, сауда, қызмет көрсету) бойынша жалпы құны 2180,8 млн.теңгені құрайтын 15 нысан іске қосылып, 527 жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында «Модульдік типтегі газ толтыратын бекеттің құрылысы», қағаз өнімдері мен салафан пакет шығаратын цехы, шағын кондитерлік цехы, жылыжайлар құрылысы, темір-бетон бұйымдарын шығаратын зауыты, Бизнес орталық және мейрамханалар, сауда орталықтары мен ойын сауық кешені және тағы басқа нысандар бар.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде несиенің пайыздық ставкасын мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен субсидиялау бойынша Қызылорда облысы бойынша 6203,3 млн.теңгені құрайтын 100 жоба мақұлданса, оның 80,2 пайызы немесе 4977,1 млн.теңгені құрайтын 77 жобасы Қызылорда қаласының үлесінде.

2010-2012 жылдар көлемінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде бағдарламаның «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жүргізу» бағыты бойынша Индустриалдық аймақты қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 1256,0 млн.теңгеге жол құрылысы салынып, электр желілері құрылысы жүргізілуде. Өнеркәсіп алаңы бойынша 600,4 млн.теңгеге жоба сметалық құжаттары әзірленіп, аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен қаржы бөлінген. Сыртқы инженерлік инфрақұрылым жеткізу үшін электр, газдандыру, телефон, ауыз су желілері, кәріз жүйесін жеткізу жұмыстары аяқталған. Бүгінгі күні көшені жарықтандыру, газ құбырын сынау, жолдың қатты қабатын төсеу жұмыстары атқарылуы қажет.

Бұл аймақтарда ірі өндірістік жобалар орналасатын болады. Олардың қатарында «Инновациялық құрылыс материалдарын шығаруға арналған өндірістік-құрастыру цехы», «Асфальтбетон зауыты», «Құрылыс материалдарын, металл черепицасы мен профнастил шығаратын цех», «Құрылыс блоктары мен брусчатка өндірісі», «Ірі торапты электр насос қондырғыларын жинау цехы» жобалары бар.

2013 жылы индустрияландыру картасынан тыс жалпы құны 1 659,3 млн.теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 65 жаңа жұмыс орны ашылды. Олар:

-мал бордақылау алаңы және шұжық цехы, құны 200 млн.теңге, 15 жаңа жұмыс орны;

-спорт-сауықтыру кешені құрылысы (мұз аренасымен) құны 1 459,3 млн.теңге, 50 жаңа жұмыс орны.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2013 жылы Қызылорда қаласы бойынша жалпы құны 4 973,5 млн. теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 889 жұмыс орындары ашылды.

2014-2015 жылдары картадан тыс жалпы құны 9423,4 млн.теңгені құрайтын 11 жобаны іске қосу жоспарланды. Жаңадан 569 жұмыс орнын ашу көзделуде. Сонымен қатар Аймақтық үйлестіру кеңесіне жалпы құны 2783,1 млн.теңгені құрайтын 5 жоба жолданып, оң қорытындысы алынды. Бұл жобалар 2014-2015 жылдар ішінде картадан тыс жүзеге асырылатын жобалар тізіміне енгізілді. Жобалар іске қосылған уақытта 126 жұмыс орындары ашылады.

Өнеркәсіп. 2011 жылы 1 021609,1 млн.теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндірілді, 2012 жылы 1043396,7 млн. теңге көлемінде, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 100,5 пайызды құрады. 2013 жылы 10 айында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 1044882,3 млн. теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі 2012 жылдың салыстырмалы кезеңімен 98,7 пайызды құрады.

Есепті айда 8802,8 мың тонна мұнай өндіріліп, салыстырмалы кезеңнен 97,1 пайызды құрады, табиғи газ өндіру 1222,7 млн. куб метрді құрап, 2012 жылдың салыстырмалы кезеңімен 94,4 пайызды құрады. Кен өндіру саласындағы мұнай және газ конденсатын өндіруші «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ, «ТорғайПетролеум» АҚ, «Қазгермұнай», КАМ, КОР, СНПС Айдан мұнай ірі компаниялары қала аумағында жұмыс жасайды.

Қаладағы құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар силикат және күйдірілген кірпіш, темірбетон бұйымдары мен әртүрлі фракциялы қиыршықтас, асфальтбетон, полимерқұбырлар, ағаш және ұсталық бұйымдар т.б. құрылысқа қажетті заттарды шығарумен айналысады.

Қазіргі уақытта қалада құрылыс материалдарын мыналар шығарады:

- темірбетон бұйымдары мен тауарлық бетон шығару бойынша («Құрылыс» АҚ, «КСМиК» ЖШС, «Айдан Инвест» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, т.б.) кәсіпорындар мамандандырылған;

- кірпіштердің әр түрін өндірумен («Қызылордаэкспортастық» ЖШС, «Асыл Ғани» ЖШС, «АСАР-Құрылыс» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС, «Қорған Қызылорда» ЖШС) кәсіпорындары айналысады;

- әртүрлі фракциялы қиыршықтас шығару бойынша («Компания ҚазПромҚызылорда» ЖШС, «АЖБ», «Тасбұлақ» ЖШС («КДСМ Қыран»), т.б. кәсіпорындар.

-асфальт, битум зауыттары бойынша «КАИС сервис», УАД ЖШС-тері, т.б. айналысады.

Одан басқа полимерлік құбыр жасау өндірісінде «Қуат» ЖШС мен «Полихимпродукт» ЖШС тұрақты жұмыс жүргізуде.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында өнім көлемі 17205,7 млн.теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 10,4 пайызға артты. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 1,7 пайызын құрады.


Өзекті мәселелер:

1. Қаланың өндіріс құрылымында елеулі дисбаланс байқалады- кен өнеркәсібі өңдеуші өнеркәсіптен басым түсуде – 98,1% және 2,2%. Бұл жағдайда экспорттық минералды ресурстарының түрлі шикізат бағаларының ауытқуына қала экономикасы әлсіздік танытады және бірнеше мұнай-газ компанияларына тәуелді болады. Осыған байланысты, қала экономикасы өндірісті өңдеу өнеркәсібі жағына қарай диверсификациялауды қажет етеді.

2. Индустрияландыру картасына енгізу үшін ірі инвестициялық жобаларды іздестіру;

3. Үдемелі индустриялық даму бойынша аймақтық үйлестіру кеңесінде оң шешім қабылданған жобаларға «Ғылыми өндірістік орталығы» Қызылорда филиалы арқылы жер телімдерін рәсімдеуді қысқа мерзімде дайындау;

4. Тауар өндірушілерді қолдау мақсатында төмен пайызбен екінші деңгейдегі банктерден несие алуға және несие алу мерзімін азайтуды нақты шешу бағыттарында жұмыс жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет