2012 жылы 1,77 триллион теңге көлемінде күтілуде, бұл 2011 жылғы деңгейге қарағанда 9



Дата23.02.2016
өлшемі125 Kb.
#6771









Облыс экономикасының жалпы дамуын сипаттайтын өндірілген өңірлік жалпы өнім көлемі 2012 жылы 1,77 триллион теңге көлемінде күтілуде, бұл 2011 жылғы деңгейге қарағанда 9,1% жоғары. Облыс экономикасының нақты өсімі 107,0 % деңгейде болжануда.

Бұл көрсеткішті қалыптастырудағы негізгі құрамдас өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс, кәсіпкерлік сияқты салалар болып табылды.

Өнеркәсіп өндірісі 14,9% өсім және 118,4% табиғи көлем индексімен 943,2 млрд. теңге құрады, осының ішінде, тау-кен өндіру саласында өндіріс көлемі 82,0 млрд. теңгеге, өңдеу өнеркәсібінде 25,3% өсіммен 791,7 млрд. теңгеге дейін жеткізілді. Бұл ретте, түсті металлургияда тауарлы өнім – 29,6%, машина жасауда 45,9% өсті.

Бұл Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының, сондай-ақ «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020» бюджеттік бағдарламаларының, «Инвестор 2020», «Өнімділік 2020» және «Экспортер 2020» салалық бағдарламалар мен өңірлер аумақтарын дамыту бағдарламалары шеңберінде атқарылған шаралардың нәтижесі болып табылады.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа технологияларды енгізу жөнінде тұрақты жұмыстар жүзеге асырылып, өңдеу өнеркәсібінде жаңа өнім түрлері мен қайта жасау орындары игерілді. Үш жыл ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде 195,4 млрд. теңгеге 29 инвестициялық жоба енгізілді. Шығарылған өнім өндірісінің көлемі 170 млрд. теңге құрады, 3 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды, бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі 1,7 млрд. теңге құрап, 1 жұмыспен қамтылғанға шаққанда еңбек өнімділігі 25,9 % өсті.

Өңірдің индустриялық-инновациялық инфрақұрылымының бірден- бір белсенді элементі таукен-металлургия жабдықтарының Конструкторлық бюросы болып табылады. Кәсіпорын конструкторлық-технологиялық құжаттаманың 45 түрін әзірлеп, 36 тәжірибелік бұйым түрлерінің үлгілерін дайындап шығарды.

2012 жылы өңірдің индустриялық-инновациялық әлеуеті Қазақстан Республикасының ресми делегацияларының 15 ресми сапары, алыс және жақын шет елдер делегацияларының сапарлары, сондай-ақ өңірден тыс, мәселен, Шығыс Қазақстанның Алтай өңіріндегі, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылдордадағы, Татарстан Республикасындағы күндері, V Астана экономикалық форумы, Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының IX Форумы сияқты шаралардан көрініс тапты. Инвестициялар тарту мақсатында 30 астам көрмелер ұйымдастырылып, облыс кәсіпорындарымен танысып, көру сияқты 45 шара болып өтті, оның ішінде Бельгия, Германия, Израиль, Қытай, Чехия, Норвегия, Ресей, Хорватия, Оңтүстік Корея, Канада және Франция елдерінің бизнес орталарымен кездесулер.

Сатып алудың қосымша жүргізілген талдауы бойынша қазақстандық қамту үлесі 169,6 млрд. теңге сомасына 88,7% құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7 пайыздық тармаққа артық.

Өңір мен ұлттық компаниялардың өзара тығыз байланысының арқасында облыс кәсіпорындарының 2012 жылы тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алу бойынша келісім-шарттар сомасы: 2011 жылғы деңгейге «Қазмұнайгаз» АҚ 53,3 %-ға, «Қазақтелеком» АҚ - 2,4 есе, «Самырұқ-Энерго» АҚ 12%-ға; «KEGOC» АҚ - 43%-ға, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ- 5,3%- ға өсіммен құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 69,4 бірлік құрады, онда 231,2 мың адам қамтылды, олар 6,2% өсіммен 464,3 млрд. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмыстарын орындады және қызмет көрсетті.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 22,9% өсіммен 427,5 млрд. теңге құрады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша тұтыну бағасы индексі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 106,1% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,1 пайыздық тармаққа және 2011 жылғы осындай көрсеткіштен 1 пайыздық тармаққа төмен. Бұл ретте, 2012 жылы тұрғындарға қызмет көрсету бойынша (109,2 %) және азық түлік тауарлары тобы бойынша (106 %) біршама өсім байқалды Азық-түлік емес тауарларының бағалары салыстырмалы алғанда тұрақты түрде қалды (103,4%).

Бағаны тұрақтандыру және оның өсуіне жол бермеу мақсатында атқарушы органдар мынадай тиісті шаралар қабылдады:

1) 719 азық-түлік тауарлары жәрмеңкелері өткізіліп, оларда 2 млрд. теңге соманың өнімі сатылды;

2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру және оның өсуіне жол бермеу мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорына 739,8 млн. теңге сомаға азық-түлік тауарлары сатып алынды, 500 тонна жеміс-көкөніс өнімдері, 700 тонна бакалея тобы тауарлары сатылды.

3) азық-түлік тауарлары бағасының өсу фактілері бойынша жедел ден қою және тиісті шаралар қабылдау үшін азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары топтары бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі;

4) 4 768 меморандум, осының ішінде 91 ірі өндірушілер және толайым сатушылар, 215 – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер және 4462 – сауда обьектілерімен 10%-дан артпайтын ең аз сауда жүктемелерін қолдану туралы меморандумдар жасалды;

5) тауарлар арзан бағамен сатылатын қосымша әлеуметтік бөлімдер желісі ашылды;



Облыстың сыртқы сауда айналымы көлемі 1,3 есе өсіммен 4,9 млрд. АҚШ долларын құрап, сауда теңгерімі оңды қалыптасып, 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемі 229,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 13,6 % жоғары.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің табиғи көлем индексі 6,3 % өсті. Саладағы еңбек өнімділігі 14,4 % артып, 1157 мың теңге құрап отыр.

Астық өндірудің - 7,4%, күнбағыс - 25,5%, картоп -5,1%, көкөніс -8,4%, ет өндірудің - 4,5% және сүт өндірудің - 2,2% өсімі қамтамасыз етілді.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлық өнімінің көлемі 67,4 млрд. теңгеге немесе өткен жылмен салыстырғанда 8,1% өскен.

Өткен 2012 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға барлық қаржыландыру көздері бойынша 0,9% өсіммен 23,2 млрд. теңге тартылды, оның ішінде субсидиялар көлемі 8,2 млрд. теңге құрады.

Бұл ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алаңдарын 3,4 % -ға арттырып, суармалы жерлердің алаңдарын 5 мың гектарға, жаңбырлатып суаруды 2,4 мың гектарға кеңейтуге мүмкіндік берді. Тамшылап суару алаңдары екі есе ұлғайтылып, 700 гектар құрады.

Машина-трактор паркін жаңарту үшін 3,5 млрд. теңге сомасына жаңа ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды.

Ауыл шаруашылық дақылдарын ылғалқорсақтаушы технология бойынша өңдеу 348 мың гектар құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 20 % артып түсті.

Топырақтың құнарлылығын арттыру және ауыл шаруашылық дақылдардың шығымдылығын арттыру үшін 5,7 мың тонна субсидияланған минералдық тыңайтқыштар сатып алынып, енгізілді. Органикалық тыңайтқыштарды енгізу көлемі 369 мың тонна құрады.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 4 мың басқа арналған екі асыл тұқымды репродуктор құрылды, облысқа шет елдік селекцияның 1100 асыл тұқымды мал басы сатып алынып, әкелінді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 7029 сиыр мен 393 бұқа сатып алынды. «Жайләу» бағдарламасы бойынша 8 мың ұсақ мүйізді мал басы сатып алынып, ауылдық үй шаруашылықтарына берілді.

Ірі қара мал басының төлін бордақылау үшін 42,7 мың басқа арналған 261 бордақылау алаңы құрылып, жұмыс істеуде, оның ішінде 2012 жылы 3,7 мың басқа 16 алаң құрылған. Бордақылау алаңдарында ет өндірісінің өсімі 11,8% құрады.

700 сиыр басына арналған төрт сүт-тауар фермасы құрылды, оның ішінде біреуі - Глубокое ауданының «Бобровка плюс» ЖШС, толығымен автоматтандырылған және роботталған. Бүгінгі күні облыста 17,5 мың басқа арналған 54 сүт-тауар фермасы бар, ондағы сүт өндіру көлемі 2011 жылмен салыстарғанда 13,5% өсті.

Селекциялық-асылдандыру жұмысын жақсарту үшін облыста асыл тұқымды мал шаруашылығының 232 субъектісі құрылып, жұмыс істеуде, оның ішінде ет бағытындағы мал шаруашылығында – 47, сүт-25, қой шаруашылығында – 64, жылқы шаруашылығында - 47, марал өсіруде- 11 және ара шаруашылығында -36.

Бұл, өз кезегінде, ірі қара мүйізді мал отарының жалпы құрылымындағы асыл тұқымды малдың меншік салмағын 6,9 %, қой мен ешкінің меншік салмағын 8,7%, жылқы – 7,1%, марал- 72% ұлғайтуға мүмкіндік берді, бұл республикалық көрсеткіштерден жоғары.

Семей қаласында жылына 43 млн. дана жұмыртқа өндіру көлемімен 138,6 мың мекиен тауыққа арналған құс фабрикасының құрылысы басталды.

Қайта өңдеу өнеркәсібінде 19 кәсіпорын жаңғыртылды, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша қосымша 26 жаңа шағын өндіріс ашылды. Бұл етті қайта өңдеудің меншік салмағын 33,2 % -ға, сүт бойынша - 20,6%, астық, күнбағыс, қарақұмық бойынша 100% -ға жеткізуге мүмкіндік берді.

Жалпы агроөнеркәсіптік кешен бойынша облыста 11,4 млрд. теңге сомасына 119 инвестициялық жоба іске асырылды. Іске асырылған жобалардың ішінде неғұрлым маңыздылары – құны 3,1 млрд. теңге «Өскемен құс фабрикасын қайта құру және жаңғырту» жобасы, құны 500 млн. теңгеден астам «Бобровка плюс» ЖШС «400 бас сиырға арналған сүт-тауар фермасын құру», жобаның бірінші сатысының құны 1350 млн. теңге Семей қаласындағы «Шығыс Бойлер» ЖШС «Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын бройлер еті өндірісіне қайта бейіндеу», құны 1450 млн теңге Үржар ауданында «Батуа» ЖШС соя өндірісі үшін суару желісі мен оған инфрақұрылым құру.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,0% өсіммен 263,4 млрд. теңге құрады.

Инвестициялардың жалпы көлемінің 23,1% өңдеу өнеркәсібіне, 22,7% - тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге, 8,8% - көлік және үйіп, жинауға, 8,2% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 7,7% - энергиямен қамтуға бағытталды.

Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері бойынша кәсіпорындардың меншік қаражаттары - 59%, республикалық бюджет қаражаттары – 20,6%, жергілікті бюджет қаражаттары – 6,7%, шет елдік инвестициялар -0,4%, қарызға алынған қаражаттар – 13,2% құрады. Республикалық бюджет қаражаттарының басым бөлігі денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге (18,2%); жергілікті бюджеттің қаражаттары білімге (37%); меншік қаражаттарының 31,9% өңдеу өнеркәсібіне, шет елдік инвестициялардың 67,2% көлік пен үйіп, жинауға; қарызға алынған қаражаттардың 43,9% тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруге бағытталды.

Аумағы 244,0 мың шаршы м. тұрғын үй іске қосылды, бұл 2011 жылғы деңгейден 1,5% жоғары.

Тұрғын үй құрылысы саласында оңды серпін байқалады. Тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру көздерінен салынған инвестициялар көлемі 44,3% өсіммен 20,3 млрд. теңгені құрады.

«Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы шеңберінде облыс бойынша 10 көпқабатты тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Өскемен, Курчатов, Риддер қалаларында, Абай, Шемонаиха, Глубокое аудандарында пәтерлер сатып алынды.

Тұрғындардың қаражаты есебінен 157,1 мың шаршы метр (2425 пәтер) немесе жалпы көлемнің 64,4% салынды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй құрылысы аяқталып, Өскемен қаласында 114 жеке тұрғын үй, Зырян қаласында - 1 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл кезеңде 118,2 млрд. теңге соманың немесе өткен жылғы деңгейдегіден 22,7% артық құрылыс жұмыстары орындалды.

Мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің көлемі 2011 жылғы деңгейден 18,1% өсіммен 64,2 млрд теңгеге жетті.

Соңғы жылдары облыстың барлық өңірлерінде тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай кірістерінің тұрақты артқандығы байқалады. 2012 жылдың қараша айында облыс тұрғындарының кірістері 2011 жылғы осындай кезеңге 9,5% өсіп, 47 мыңнан астам теңге құрады. Орташа айлық атаулы жалақы қаңтар-қараша айлары ішінде 16,4% өсіммен 82,8 мың теңгені құрады.

Банктердегі депозиттер көлемі бойынша облыс Қазақстан өңірлері арасында бұрынғыдай алғашқы бестікте тұр. Тұрғындардың салымы 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға жыл басымен салыстырғанда 21% өсіп, 144,6 млрд. теңге құрады, бұл жалпы депозиттер көлемінің 89,7% құрайды.



Туризм саласында Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының Шебер-жоспарын әзірлеу аяқталуда, оны әзірлеуге «Қазақстандық индустрияны дамыту институты», «IPK International» АҚ қазақ-неміс сарапшылары тартылды. Жобада туристік индустрияны дамытудың 3 негізгі және 3 екінші дәрежелі кластерлері анықталды, инвесторларды тартудың бизнес-үлгілері енгізілетін болады.

Облыс 6 ірі халықаралық туристік көрмелер мен биржалардың жұмысына қатысты, шет елдік, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттық турлар өткізілді.

Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 12,5 % артып, 2,5 млрд. теңге құрады.

Энергетика саласында 6,8 млрд.кВт сағ электр энергиясы өндірілді, желіге 6,4 млрд. кВт сағ жіберілді, ал тұтыну 8,6 млрд. кВт сағ құрады, яғни энергия тапшылығы 2,2 млрд. кВт сағатты құрап және оның күннен күнге өсу беталысы байқалады.

Қайта өндірілетін энергия көздерін қолданатын су электрстанцияларында электр энергиясын өндіру үлесі өндірістің жалпы көлемінің 60% -нан астам құрайды, бұл республиканың басқа бірде-бір өңіріне тән емес.

Облыс су қорының шағын да, ірі де су электр станцияларын салуға кең мүмкіндігі бар екендігін атап өткен жөн. Бағалауларға қарағанда, өңірдің әлеуетті суэнергияресурстары 60 млрд.кВт сағатқа жуық, олардың технологиялық пайдалануға болатындары - 20 млрд.кВт сағатқа жуық. Жылумен қамту мәселелерінде негізгі жұмыс көлемі (95% немесе 6,2 млрд. теңге) қазіргі жылумен қамту жүйесін қайта жаңарту мен жаңғыртуда Семей қаласының үлесіне келеді.

Жылыту мезгілінің басталу кезеңіне облыстың барлық жылу көздерінде қажетті отын қоры қамтамасыз етіліп, 41 қазандық және 14 турбоагрегат, 288 қазандық, 700 км жылу желілерін, 755 км су құбыры мен кәріз желілерін және 3225 км электр желілерін жөндеу толық көлемде орындалды.

12 объекті (олардың ішінде 11 сумен қамтамасыз ету объектісі және 1 су бұру объектісі) салынып, пайдалануға берілді, бұл 2,0 мыңнан астам халыққа орталықтандырылған сумен қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік берді, 13 объектіде жұмыс жалғастырылуда. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу орташа республикалық 72% көрсеткіште 82,0%, оның ішінде ауыл халқының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі орташа республикалық 42% көрсеткіште 60,5% құрады.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңғырту үшін республикалық бюджеттен 812,5 млн. теңге бөлініп, олардың есебінен 52 үй, оның ішінде Өскемен қаласында – 37 кондоминиум обьектісі және Семей қаласында – 3 үйге жөндеу жүргізілді, қосымша 10 үй көктемгі кезеңге ауыстырылатын болып табылады. Облыстың қалған қалалары мен аудандарында 12 үй жөнделді.



Жол жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың жалпы көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 30% артып, 7,9 млрд. теңге құрады. «Жол картасы» бағдарламасы мен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде жалпы 1 млрд. теңгеден астам сомаға жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 38 көше мен жол жөнделді, аудандық маңызы бар 67,5 км автомобиль жолына ағымдағы және орташа жөндеу жүргізілді.

Қалбатау – Семей автожолының 870-906 шақырымдарының, («Трансремстрой» ЖШС), 792-828 шақырымдарының(«Гордорстрой» ЖШС), 729-733 шақырымдарының, 756-761 шақырымдарының («Автодорсервис» ЖШС) учаскелерінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жобаларды аяқтау 2013-2014 жылдары жоспарлануда. 2012 жылы аталған автожолдың 828-870 шақырымдары пайдалануға берілді.

«Көгілдір бұғаз» демалыс базасына кірме жол» автомобиль жолын қайта жаңарту жүргізілуде. Жұмыстар 2010 жылы басталған. Объектіні 2013 жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарлануда. Қайта жаңарту боййынша жұмыстарды жүргізу барысында бұрғылау-жару жұмыстары, жаяу соқпақтар салу жұмыстары атқарылып, 158 мың шаршы метр асфальт бетон қоспасы жабылды.

Аягөз ауданында ұзындығы 12 км «Шынқожа-Мыңбұлақ-Ақшәулі» автомобиль жолы қайта жөнделді, сондай-ақ, 137 км жергілікті маңызы бар автожол мен елді мекендер көшелері орташа жөндеумен қамтылды.

700 млн. теңге қаражат бөлініп, Өскемен қаласындағы Үлбі өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірін қайта жаңарту жұмыстары басталды.

Қыс уақытында жолдарды күтіп ұстау үшін 826 қар тазалау техникасы пайдаланылады, 15 жол техникасы сатып алынды.

Елді мекендерді тұрақты жолаушы қатынастарымен толық қамту мақсатында 14 халықаралық бағытта қызмет көрсету қайта басталып, 2 жаңа бағыт («Өскемен-Ақсуат», «Семей-Старая крепость») ашылды.

2012 жылғы 6 шілдеден бастап Астана күнін атап өту құрметіне Қазақстанда бірінші рет қалааралық және халықаралық бағыттарға терминал арқылы билеттерді электрондық сату жүйесі іске қосылды. Бүгінгі күні электрондық жүйе арқылы сатылған немесе брондалған билеттер үлесі 25% құрайды.

Автобустарда барлық «Өскемен-Астана» бағыты бойы жолаушылар үшін Wi-Fi технологияны пайдаланып, жаһандық интернет желісіне тегін шығу мүмкіндігі жасалған, сондай-ақ, автобустарда GPS-навигация жабдығы орнатылған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2012 жылы алты вокзалға, оның ішінде Защита станциясы вокзалына күрделі жөндеу жүргізілді. 2012 жылғы 20 тамыздан бастап, «Алматы-Защита» қатынасындағы поездің жүру кестесіне Шалабай станциясында аялдау енгізілді.

Облыстың автомобиль, қалалық электр, өзен және әуе көлігі 20 млн. жолаушы тасымалдады, бұл 2011 жылдағыға қарағанда 74,5% көп. Жүк айналымы 11,3 млрд. т/км құрады.

Қоршаған ортаны қорғау саласында қоршаған ортаны тұрақтандыруға бағытталған мынадай қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар кешені орындалды:

- құрамында сынап бар пайдаланылған аспаптар мен өнімдерді залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою), Өскемен қаласындағы тазалау құрылғыларының тұнбаларын тазалау, биотехникалық іс-шаралар;

- Өскемен қаласындағы өңірлік автоматтандырылған өндірістік экологиялық мониторинг ақпарат жүйесінің (ӨАӨЭМАЖ) тәулік бойы және Экологиялық қауіпсіздік орталығының (ЭҚО) жұмыс істеуі қамтамасыз етілді;

- Зырян қаласының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобасы әзірленді;

- анықталған радиоактивті ластану ошақтарын жою;

- «Жасыл Жапырақ» республикалық акциясы өткізілді.

Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі гранты және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаттары, оның ішінде: 24,3 млн. АҚШ доллары - Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі қарыз қаражаттары, 45,4 млн. АҚШ доллары - республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаттары есебінен жалпы құны 69,7 млн. АҚШ доллар «Өскемен қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру» жобасы іске асырылуда.

Облыстың елді мекендерін көркейту жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 5,8 мың км көше мен жол, 906 гектар саябақ, алаңдар аумақтары, көппәтерлі тұрғын үйлердің 22,9 мың аула аумақтары тазартылды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін бөлінген 589 орын қанағаттанарлық жағдайға келтірілді, 447 заңсыз үйінді жойылды. 250,5 мың түп ағаш көшеті және бұта отырғызылып, 52,5 мың шаршы метр гүлзар жасалды.

364 ескерткіш, обелиск пен олардың маңындағы аумақтар жөнделіп, көркейтілді.

Жалпы бұл іс-шараларға 308,8 мың адам қатысып, еңбекақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 2,7 мың адам тартылды.

Өңірлік даму шеңберінде 2012 жылы облыстың тірек ауылдарын дамыту үшжылдық бағдарламасын іске асыру басталды.

Жобаларды іске асыруға 10,8 млрд. теңге, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуға – 4,1 млрд. теңге, кәсіпкерлікке – 1,5 млрд. теңге, инфрақұрылым мен көркейтуді дамытуға – 3,2 млрд. теңге, әлеуметтік салаға – 2,0 млрд. теңге бағытталды.

14 шағын наубайхана, 3 тігін цехі, 29 дүкен салынып, іске қосылды, 22 қызмет көрсету саласы объектісі ашылды.

19 мектеп пен 5 ауылдық клубқа жөндеу жүргізілді, 23 жол жөнделді, 56 көше жарықтандырылды, 29 саябақ көркейтілді, 12 хоккей, 6 футбол және 18 спорт алаңы орнатылды.

Құрамына Зырян, Риддер, Курчатов және Серебрянск қалалары кіретін Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында 2012 жылы моноқалаларды жайластыруға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы трансферттер есебінен 447,5 млн. теңге бөлініп, игерілді.

Барлық моноқалалар бойынша квартал ішіндегі жылу желілерін, жарықтандыруды, қалалар көшелерінің жол қабаттарын, бұзылған ғимараттарды жөндеу, аллеяларды көгалдандыру және безендіру, аула, балалар саябағы аумақтарын, балалардың ойын алаңдарын көркейту жұмыстары орындалды.

2012 жылы халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша 5,3 млрд. теңге бюджет қаржысы игерілді, бұл 2011 жылғы деңгейден 11,3% артық.

Тірік-қозғалу аппаратында бұзушылықтары бар балаларға әлеуметтік көмек көрсету саласы кеңеюде. 2012 жылдың ішінде аталған қызмет түріне жұмсалған қаржы көлемі 12% өсіп, 223,1 млн. теңгені, қызмет түрлерімен қамтылған балалар саны 185 –ті құрады.

1152 мүгедек жалпы үлгідегі қарттарға және мүгедектерге арналған дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған, оларға көрсетілетін қызметтердің жалпы сомасы 330,8 млн. теңгені құрайды.

Өтемақы қаржыларын беруге, мүгедектер мен қарттардың шипажайлар мен емжайларға барып емделуіне облыстық бюджеттен 179 млн. теңге бөлінді, бұл 2011 жылғы деңгейден 7% артық. Шипажайлар мен емжайларға барып емделген ардагерлер мен қарттар саны 2341 адамды құрады, олардың ішінде 20 мүгедек бала бар.

132 мыңнан астам шығысқазақстандық жалпы сомасы 2,2 млрд.теңге болатын қолжетімді әлеуметтік көмек түрлеріне ие болды. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар тұрмысы төмен 50 мың азаматқа 209 млн. теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетті.

Облыс өңірлерінде 250 қайырымдылық асханалары жұмыс істейді, оларда 20 мыңнан астам адамға ыстық тамақ берілді, бұл мақсатқа жұмсалған жалпы қаржы сомасы 106 млн. теңгені құрады. Мұқтаж адамдарға киім және аяқ киімдер тарататын 130 пункт жұмыс істейді, олар арқылы 4 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді.

2012 жылы облыс бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек түрлерін алғандар саны 2011 жылмен салыстырғанда 19% азайды және 27,5 мың адамды құрады.

Өңір экономикасын дамыту, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мақсатында қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтылған азаматтар саны 22% азайып, 27,5 мың адамды құрады.

Шемонаиха ауданы Выдриха ауылындағы ардагерлер мен мүгедектерге арналған «Уба» шипажайында 100 төсек-орынды қосымша корпус пайдалануға берілді.

Глубокое ауданы Винное ауылында мүгедек балаларды иппотерапия әдісімен оңалтуға арналған жабық ат спорты манежі ашылды.

Ағымдағы жылы Зимовье психоневрологиялық дәрігерлік әлеуметтік мекемесінде 150 төсек орынды демалыс корпусы ғимаратының құрылысы және Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы бұрынғы аурухана ғимаратын 80 төсек орынды психоневрологиялық дәрігерлік әлеуметтік мекеме етіп қайта жаңарту бойынша жұмыстар аяқталмақ.

Ағымдағы жылы бұрынғы Греховка кенішінің ғимаратын мүгедектерге арналған оңалту орталығы етіп қайта құру жұмыстары басталады.



Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Бағдарламаны жүзеге асыруға 7,2 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша оқыту және жұмысқа орналастыруға көмек көрсету жөніндегі шаралармен 14,1 мың адам қамтылды, жұмысқа орналасу деңгейі 91,5% құрады.

Екінші бағыт бойынша 738 жобаға 1,9 млрд. теңге шағын несие берілді, 1261 жұмыс орны құралды.

Үшінші бағыт бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бағдарламасы аясында тұрғын үй салуға 1,8 млрд. теңге бөлінді. 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй және 114 бір қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Риддер, Семей және Өскемен қалаларында, Көкпекті ауданында тұрғын үйлер салу жалғастырылуда.

Инфрақұрылым жобаларын іске асыруға 968,8 млн.теңге бөлінді, оның 965,5 млн. теңгесі немесе 99,7% игерілді. 104 жоба іске асырылды, 477 жұмыс орны ашылды.

2012 жылға арналған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жергілікті өзін- өзі басқаруды қолдауға 75,3 млн.теңге бағытталды, бұл бағыттағы жоспар 77,7 млн.теңгені құраған болатын. Облыстың 45 елді мекенінде 52 жоба іске асырылды.

Жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде жұмыспен қамту органдарына жүгінгендер саны 29 мың адамды құрады, олардың ішінде 18,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, жұмысқа орналастыру деңгейі 79,7% құрады.

Облыс бойынша тіркелген жұмыссыздар қатары 3983 адамды құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 12,4% төмен.

Экономиканың түрлі салаларында 18,7 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

281 рет өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкелерінің нәтижесінде 2114 адам жұмысқа орналасты.



Өңірлік Жол картасы бағдарламасы аясында жалпы сомасы 3,9 млрд. теңгені құраған 170 жоба іске асырылды, 2089 жұмыс орны ашылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2012 жылы жұмыссыздық деңгейі 0,1 пайызға төмендеп 5,1% құрады.

2012 жылы денсаулық сақтау саласына 43 млрд. теңге бағытталды, бұл 2011 жылғы деңгейден 1,4 есе артық.

Облыстың 3 қаласында шағын диагностикалық орталықтар ашылды, 5 жылжымалы дәрігерлік кешен жұмыс істейді, дәрігерлік құтқару пункті құрылды. Есепті кезең ішінде 124 шалғай елді мекеннің 74 мыңнан астам адамы тексеруден өткізілді.

Бүгінгі таңда радиологиялық орталықтың 1, 2–ші кезектегі ғимараттары салынып бітті, ағымдағы жылы 3-ші кезектегі ғимараттың құрылысы аяқталады. Семей қаласында 300 орынды көпбейінді қалалық аурухананың және Өскемен қаласындағы облыстық қан орталығының құрылысы жалғасуда. Ағымдағы жылы Семей қаласында жедел жәрдем станциясының және 9 ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары жоспарлануда.

20 денсаулық сақтау нысанына 377 млн.теңгенің сомасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Әйелдер босанатын және балаларға арналған бөлімдерді, кардиохирургия және алғашқы жедел дәрігерлік көмек көрсету нысандарын материалдық-техникалық жарақтау жұмыстары жүзеге асырылды.

Ресей, Корея, Жапония, Израильдің жетекші клиникаларымен, халықаралық ұйымдармен, Қазақстанның жетекші клиникалары және ұлттық орталықтарымен серіктестік даму үстінде. Израиль, Оңтүстік Корея тәрізді мемлекеттермен жасалған меморандумдар аясында мекемелерді заманауи дәрігерлік құрал-жабдықтармен жарақтау, дәрігерлерді жетекші медициналық мекемелерде оқыту жұмыстары жүргізілуде. Облыстың емдеу-профилакториялық ұйымдарының дәрігерлері Израиль елінің дәрігерлерімен бірге 86 ота жасады, олардың 24-і кардиохирургия бойынша.

528 мыңға тарта адам тегін және амбулаториялық деңгейде жеңілдетілген дәрілік көмек алды, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 13% артық.

Облыста Онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда, онкологиялық көмекті қаржыландыру 3 млрд. теңгеге дейін көбейді, алайда қатерлi iсiктермен сырқаттану 1,7% өсіп, өңір республика бойынша соңғы орындарда қалып отыр.

Осылардың нәтижесінде әлеуметтік елеулі көрсеткіштердің тұрақтануы байқалды. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ана өлімі 40,8%-ға, нәресте өлімі 13,2%-ға, туберкулезбен аурушаңдық 8%-ға төмендеді.

Өткен жылы білім беру жүйесінің қызметіне 9,6 млрд.теңге немесе 2011 жылғы деңгейге 15,9% өсіммен 70,1 млрд. теңге бағытталды.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде мектеп алды білім берумен қамту 9,7% өсіммен 95,7% -ға жетті.

2335 орындық 17 бала бақша босатылып, коммуналдық меншікке қайтарылды, оның ішінде 8 бала бақша өтеусіз негізде кері қайтарылды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 114 пәндік және мультимедиалық кабинеттер сатып алуға қаржы бағытталды. Нәтижесінде мектептердің жаңа үлгіде түрленген кабинеттермен жарақталуы 46,8%-ға дейін өсті.

669 мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалды.

Жазғы демалыс уақытында балаларды сауықтыру демалысы ұйымдастырылды, жаз уақытында 148,2 мыңнан астам немесе балалардың 97% жазғы демалыспен қамтылды.

Жетім балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілері санының жыл сайын төмендеу үдерісі байқалады, ол 2012 жылы 270 балаға азайып, 1229 бала құрады. 652 бала асыранды отбасыларына орналастырылып, 62 баланы отбасылар асырап алды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

Жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру жұмысы жандандырылды, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санын төмендетуде тұрақты беталыс байқалды. Қамқорлықта 2352 бала бар, 121 бала қамқоршылық отбасыларында. 2012 жылы балалар мемлекеттік ұйымдарынан 89 бала қамқоршылыққа және қамқорлыққа (2011 жылы – 65 адам) берілді, 62 баланы асырап алды (2011-66 адам), 131 бала отбасына қайтарылды (2011 жылы - 76).

Тұрғын үй жинақ банкінде жинақтау шоттарын ашу бойынша жұмыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ облыс балалар үйінің 1299 тәрбиеленушісіне және қамқорлықтағы 66 балаға шот ашылған. 2006 жылғы кезеңнен балар үйінің түлектеріне 10, оның ішінде 2012 жылы 2 пәтер бөлінген болатын.

907 жетім бала қамқоршылық ұйымдарына бекітілген. «Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі» АҚ 58 млн. теңгеден аса ақша аударған.

Соңғы нәтиже – жұмыспен қамту және кадрларды дайындау сапасын арттыруға бағытталған техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту жалғасуда. Осы жобаның аясында пилоттық режимде 5 кәсіп бойынша (дәнекерші, сылақшы, тас қалаушы, электрмонтер, тракторшы-машинист) тәуелсіз сертификаттау жүзеге асырылған болатын.

Техникалық және кәсіби оқу орындарының рейтингі негізінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және облыс қалалары мен аудандарының өңірлік кеңестерінен, салалық басқармалар мен салалық кеңестерден мамандар дайындауға өтінім беру схемасы әзірленген.

530 орынға арналған 2 балабақшаның, 12 мектептің, оның ішінде апатты жағдайдағылардың орнына 10 мектептің құрылысы аяқталды, Семей қаласындағы бұрынғы бала бақша ғимараты кері қайтарылды. Одан басқа 585 орынға арналған 11 жеке бала бақшалар (Глубокое, Ұлан, Зырян, Зайсан аудандарында, Семй, Риддер қалаларында).

Апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 18 мектептің құрылысы биылғы жылы аяқталады. Одан басқа 2013 жылы 16 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда, оның ішінде апаттық жағдайдағылардың орнына 15 мектеп.

Мәдениет саласында 2011 жылғы деңгейге 16,6% өсумен 4,9 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайту үшін – 162,7 млн.теңге, күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізуге – 315 млн. теңге қаржы бөлінді.

373,7 млн.теңге сомаға 14 мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді. Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет үйі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Өткен жылы 80 астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Астана қаласында «Шұғылалы Шығыстан – Еңселі Елордаға» мерекелік іс-шаралары өткізілді, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Шығыс Қазақстан облысының күндері ұйымдастырылды. Облыстық Достық үйі «Достықтың жол картасы» аясында Павлодар облысында болып қайтты.

III Халықаралық бал фестивалі, ІІІ Халықаралық «Шығыс шынары» жыр мүшәйрасы, «Ағажай Алтай» фестивалі, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық фестиваль-конкурсы, республикалық ақындар айтысы, Әсет Найманбаев атындағы республикалық дәстүрлі халық әндерін орындаушылар байқауы өтті, Татарстан Республикасында, Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде, Түркияның Бурса ауданында Шығыс Қазақстан облысының күндері өтті.

Тұңғыш Президент Күнін тойлау кезінде «Туған ел - алтын бесігім» облыстық акциясының қорытындылары шығарылды.

Туризм, дене шынықтыру және спорт саласына 2,97 млрд.теңге қаржы бөлінген болатын, бұл 2011 жылғы деңгейден 11% -ға артық.

56 спорт құрылыстары, оның ішінде Абай, Үржар, Зайсан, Жарма және Күршім аудандарында дене шынықтыру –сауықтыру кешендері, 8 футбол алаңдары, 34 хоккей қораптары, 8 спорт алаңдары пайдалануға берілді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қаражатының есебінен № 24 мектептің аумағында жабық хоккей модулі пайдалануға берілді.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде дене шынықтырумен ұдайы айналасушылар саны 2011 жылмен салыстырғанда 3% өсіммен 295,3 мың адамды немесе 21,2% құрады.

3 мыңға жуық спорттық- бұқаралық шаралар өткізілді, оған 450 мыңнан астам адам қатысты.

3 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді, онда 96 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады.

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік серіктестіктің түрлерінің бірі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі белсенді түрде дамып келеді.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша 10,1 млрд. теңге жалпы сомадағы 4071 меморандум қабылданған.

Біріккен Араб Әмірліктерінен инвесторлардың қатысуымен Өскемен қаласында мешіт салынды, Күршім ауданында балалар лагері жөндеуден өтті, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС Өскемен қаласының № 24 мектебінің аумағында хоккей модулі салынды, AES компаниясының тобымен Семей қаласында балабақша жөндеуден өтіп, ашылды.

Мындай нысандардың құрылысы басталды:

- Сауд Аравиясы инвесторларының есебінен балалар туберкулез ауруханасы;

- «Казцинк» ЖШС – Риддер қ. және Зырян ауданында хоккей модульдерінің, жүзу бассейнінің, жекпе-жек сарайының құрылысы;

- «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС - мәдениет үйлері, мектептерге жапсарлас жайлар, жекпе-жек сарайының құрылысына бірлескен қаржыландыру;

- «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ – медицина орталығы;

- «Қазатомөнеркәсiп» ҰАК» АҚ – жеңіл атлетика манежі;

- Бақыршық тау-кен өндiру кәсiпорны – Жарма ауданында балабақша.

Жыл сайын облыс қалалары мен аудандарындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық қонкурсқа қатысады. 2008-2013 жылдар кезеңінде конкурсқа 323 кәсіпорын қатысқан. Демеушілік, қайырымдылық көмек бойынша 2012 жылы іске асырылған жобалардың жалпы құны 71,2 млн. теңгені құрады.

2012 жылғы конкурстың нәтижесі бойынша Шемонаиха ауданынан «Шығыс ауыл шаруашылық өнімі» ЖШС «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясында жеңімпаз деп танылды. Семей қаласынан «Ибраев и К» ӨК - «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясының лауреаты атанды.



Ауылды елді мекендерде әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау бойынша жұмыс жүргізілді.

2012 жылы республикалық бюджеттен көтерме жәрдемақы төлеу үшін 36,5 млн.теңге сомасында қаражат бөлініп, игерілді.

322 маманға, оның ішінде білім беру саласында – 244, денсаулық сақтау саласында – 62, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында - 1, мәдениет саласында – 9, спорт саласында 6 маманға көтерме жәрдемақы берілді.

187 маманға жалпы сомасы 390,7 млн.теңгеге тұрғын үйге несие берілді.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарын оқыту үшін облыста мемлекеттік тілді оқыту бойынша 8 орталық қызмет етеді.

Мемлекеттік тілді оқытуға тартылған тыңдаушылардың саны 2,6% өсіп, 327,0 мың адамды құрады. Мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдардың үлесі 2011 жылға 4,0% өсіммен 72% құрады.

Одан басқа, 80 этномәдени бірлестіктер жанында демалыс мектептері мен үйірмелер құрылған, онда ана тілден басқа мемлекеттік тілді де оқиды.

Қоғамдық өмірдегі негізгі салаларда мемлекеттік тілдің талап етілу дәрежесі 3% өсіммен 58% құрады.

Мемлекеттік органдарда жалпы іс жүргізу көлемінде мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес көлемі 13% өсіммен 93,3% құрады.

2012 жылы өткізілген іс-шаралар кешені өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға ықпалын тигізді.

Тұрғындарға стратегиялық маңызы бар құжаттарды, мемлекет саясатын насихаттау және түсіндіру бойынша құрамы 3172 адамнан тұратын барлық деңгейлердегі 521 ақпараттық-насихат топтары жұмыс жүргізді. Барлығы тұрғындардың түрлі санаттарымен 8885 мыңнан астам кездесулер өткізіліп, 850 мыңнан астам адам қамтылды.

Жыл басынан облыс әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңестің 6 отырысы, Проблемалы мәселелерді талқылау жөніндегі сараптамалық топтың – 22, оның ішінде 8 көшпелі, Саяси клубтың - 6, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі - 4, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі кеңестің -2, ақпараттық саясат жөніндегі кеңестің 2 отырысы болып өтті.

Дін туралы жаңа заңнаманы, діни ағымдардың мәнісін түсіндіру бойынша дінтанушылардың, діни конфессиялар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 150 астам көшпелі кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараларға 37 мыңға жуық адам қатысты. Қоғамдық-саяси жағдайды және ішкі саясат мәселелерін зерттеу үшін 30 әлеуметтік зерттеулер өткізілді.

Қазіргі уақытта «OTAU TV» ұлттық спутник теледидары абоненттерінің саны – 14270 адам.

Қалалар мен аудандарда ҮЕҰ қолдауға арналған қаржыландыру көбеюде. 2011 жылғы деңгейге 22,5% өсіммен жалпы сомасы 32 млн. теңгеге 21 жоба қолдау алған.

Облыста 87 жастар ұйымы белсенді әрекет етуде. Олардың қатысуымен және бастамасымен 2050 шара, оның ішінде 6 жастар форумы, 1020 дөңгелек үстелдер, 55 семинар-тренингтер, 15 конференциялар, жастар көшбасшылары үшін 1 көшпелі мектеп өткізілді.



Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға - 116,5 млн. теңге, оның ішінде қалалар мен аудандарда 37,9 млн. теңге, жастар бастамасын қолдауға 30 млн. теңгеден жоғары, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 17,7 млн. теңге бөлінді.

Семей және Өскемен қалаларында екі Жастарға арналған ресурс орталығы құрылып, жұмыс істейді.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша жұмыстарды жетілдіру және үйлестіру мақсатында облыста Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма, облыстық «Жастар бастамасын дамыту орталығы» құрылды, ұқсас орталықтар қалалар мен аудандарда құрылуда.

Жастарды жұмыспен қамту бойынша «Демеу» кадр агенттігі» пилоттық жобасы іске асуда, 196 жас адам жұмыспен қамтылды.

«Зияткерлер клубы», «Шығыс» облыстық пікірталас орталығы жобалары қолдау алды.

Облыстар жастар арасында көңілді тапқыштар клубы қозғалысын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні көңілді тапқыштар клубында 3000 жуық жастар әрекет ететін 300 аса команда бар. 2012 жылдың нәтижесі бойынша Көңілді тапқыштар клубының Өскемендегі филиалына «Үздік филиал» номинациясы берілді.

«Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі», «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары табысты жүзеге асырылуда. Студенттік құрылыс отрядтары мен жастар еңбек отрядтары және «Жасыл Ел» отрядтарының қозғалысы дамып келеді.

Өскемен қаласының ЖОО-ның негізінде студенттер және оқитын жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің, темекі шегудің және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын «Студенттік қауіпсіздік қызметі», «Қыран» полицияға жәрдемдесу отряды әрекет етеді.

Облыста қылмыстың алдын алу және облыс аумағындағы жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды.

Тіркелген қылмыстар саны 15,7% артқан. Бұл республика бойынша қылмыстың өсуінің ең төмен көрсеткіштерінің бірі (Солтүстік Қазақстаннан кейін- 13,4%).



Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 11,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 1,4 млрд. теңге күрделі шығыстарға (ғимараттар мен құрылғыларды материалдық-техникалық жарақтау мен күрделі жөндеуге).

Облыстың ішкі істер органдарын материалдық-техникалық жарақтауға, оның ішінде ІІД Құрама отрядын жарақтауға, Жедел басқару орталығын жаңғырту және одан әрі дамытуға, көліктік қамтамасыз етуге 11,4 млрд. теңге бөлінді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыр қылмыстар санын 6,2 %, аса ауыр қылмыстар санын 36,1% төмендетуге мүмкін болды.

Қылмыстарды ашу көрсеткіші республика бойынша ең жоғары болып табылады, аса ауыр қылмыстарды ашу деңгейі -83,3%, ауыр қылмыстар- 62,1%.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл болйынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ерекше назар есірткі заттарын әзірлеу және таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыс топтарын анықтауға, Өскемен және Семей қалаларында көше қылмыстарының алдын алу және оларды ашу бойынша полицияның кешенді күштерінің жұмысына аударылады.

2012 жылдың ішінде облыс басшысының облыс өңірлеріне 101 жұмыс іссапары жүзеге асырылды. Жұмыс сапары барысында 190 елді мекенде, 380 нысанда, оның ішінде 98 білім беру, 159 – бизнес, 22- АӨК, 44 - ТҮКШ, 43 басқа салалардың нысанында болды.

Халықпен 160 кездесу өткізілді, оған 36 мың адам қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Қазақстан халқына Жолдауына, сондай-ақ 2012 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңесте, өңірлерді дамыту мәселелері жөнінде берген № 01-7.9 тапсырмаларына сәйкес ағымдағы жылға мынадай міндеттер айқындалды.

Мыналарды қамтамасыз ету:

- мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды;

- Кедендік Одақ шеңберінде кәсіпкерлік байланыстарды кеңейтуді;

- индустриялық-инновациялық бағыттағы инвестициялық жобаларды іске асыруды; АӨК дамытуды;

- Өскемен және Семей қалаларының индустриялық аймақтарында инвестициялық жобаларды орналастыруды;

- облыстың Индустрияландыру картасын актуалдандыру және «Бизнестің жол картасы – 2020» және Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстарды;

- ауылда кәсіпкерлікті дамытуға ықпалдасуды;

- ет бағытындағы ірі қара мал өсіру бойынша асыл тұқымды репродукторларды, шет елдік селекцияның асыл тұқымды малының төлін сатып алу және өнеркәсіптік негізде сиыр етін өндіруді арттыруды;

- озық технологиялар бойынша егістік алаңдарын бір мезгілде олардың құрылымын оңтайландырумен, ауыл шаруашылық дақылдарын егуді әртараптандыра отырып, кеңейту;

- РФ Татарстан Республикасының жұмыс тәжірибесін қолдана отырып, сүт және ет өндіру бойынша отбасылық фермалар құру жөніндегі жұмысты;

- электр-, сумен қамтуды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін және энергия үнемдеуші технологияны және энергияның баламалы көздерін енгізуді;

- медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды;

- телемедицинаның, көліктік медицинаның одан әрі дамуын қамтамасыз етуді;

- бұрын басталған білім беру және денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға енгізуді;

- қазақ драма театрының, жеңіл атлетика манежінің, Жекпе-жек сарайының, жабық жүзу бассейнінің және Бизнес орталығының құрылысын аяқтауды;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттік жатақханаларын қайта жаңарту және күрделі жөндеу жүргізуді;

- мемлекеттік-жеке серіктестік механизмі арқылы жастардың білім алуға қол жетімділігін кеңейтуді;

- EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмеге дайындық бойынша жұмыстарды бастауды,

- Шығыс Қазақстан облысында туризмді кластерлік дамытудың Шебер-жоспарын іске асыруды;

- қазақстандық футболдың 100 жылдығына дайындық және оны атап өтуді;

- «Шығыс Қазақстанның дәстүрлі музыкалық мұрасы» антологиясын шығаруды;

2. Мыналарды өткізуді қамтамасыз ету:

- Жасыл экономика форумын;

- Тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша Республикалық форумның;

Қойылған міндеттерге қол жеткізу 2013 жылы экономиканың нақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

- жалпы өңірлік өнімді 7%-ға;

- өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемін 10%-ға;

- ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің көлемін 5%-ға;

- құрылыс жұмыстарының көлемін 10%-ға;

- көлік қызметтерінің көлемін 10-ға%;

- бөлшек сауда айналымын 10%-ға;

- байланыс қызметтері көлемін 5,6%-ға;



- бағаның өсуін 8% артпайтын деңгейде ұстап тұруға.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет