Туризм. Қала бойынша туризм инфрақұрылымының жалпы саны 51 субъектілерден құралады, оның ішінде туристік қызметті қамтамасыз ету субъектілер саны – 10 (7 туристік фирмалар, 3 жеке кәсіпкерлер), орналастыруды ұйымдастыру қызметімен айналысушылар саны – 41 (оның 13 – кәсіпорындар, 28-і жеке кәсіпкерлер).
Қызылорда қаласының туристік әлеуетін дамыту мақсатында «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында шағын бизнес нысандарын салу бойынша, Сырдария өзені жағалауында демалыс орнын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қорқыт ата атындағы әуежайды халықаралық деңгейде мәртебе алуы да өңірімізде туризм саласының дамуына тигізетін үлесі зор болады.
Туристік салада көрсетілген қызметтін жалпы көлемі 2012 жылы 443 548,2 мың теңгені құрады. Оның ішінде туристік фирмалармен орындалған жұмыстар мен қызметтердің үлесі 16 пайыз деңгейінде. Туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлермен орындалған жұмыстар мен қызметтердің көлемі 14 230,0 мың теңге болып, оның ішінде шығу туризмі бойынша – 13935,3 мың теңге, ішкі туризм бойынша – 294,8 мың теңге.
Өзекті мәселелер:
-
Туризмнің дамуы мақсатында туристерді жұмылдыру механизміне қызмет көрсететін қаладағы қонақ үй, көлікпен тасмалдауға, оның ішінде әуе жайдан және темір жол маршруттарынан экскурсовод қызметтеріне жеңілдіктер қарастыру;
-
Туризм, дене шынықтыру және спортты жан-жақты насихаттау деңгейінің төмендігі.
Ішкі саясат. Қызылорда қаласында жалпы ішкі саяси ахуал тұрақты. Аймақтағы ұлттар бірлігін сақтау, азаматтық қоғам институттарын дамыту және қолдау, ақпараттық кеңістіктің бәсекелестігін арттыру және жастарды дамыту үшін жағдай жасауда тиісті шаралар қабылдануда.
Қалада 11 ұлттық-мәдени орталық, 22 діни бірлестік, 9 саяси партияның филиалдары жұмыс жасайды. Оның 44 жастар ұйымы. Қазіргі таңда қалада 30-дан астам үкіметтік емес ұйым мен 23 жастар ұйымы белсенді жұмыс жүргізуде.
Қаладағы азаматтық қоғам институттары мен жергілікті атқарушы орган арасында әріптестік қарым-қатынас орнатылған.
Қаланың ақпараттық кеңістігінде 58 БАҚ тіркеліп жұмыс жасауда. Олардың 7-еуі электронды, 51-і баспа.
Қызылорда қаласында барлығы 207 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Бүгінгі күні әр тоқсан сайын қала әкімдігінде 3 кеңес отырысы өткізілді. Үкіметтік емес ұйымдар арқылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 2013 жылы 7,7 млн. теңге қаралып, өткен жылмен салыстырғанда 35,1 пайызға артты. Жыл басынан үкіметтік емес ұйымдар арқылы 7 әлеуметтік маңызды жоба жүзеге асырылуда.
«Регион Юг-Запад» қоғамдық бірлестігі «Қызылорда қаласының қоғамдық-саяси ахуалын, халықтың көңіл-күйіне тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру» әлеуметтік маңызды жобасы аясында қалада ай сайын мониторинг жүргізуде.
Қызылорда қаласында 14 мешіт тіркеліп, 12-і тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қала көлемінде діни ахуалды тұрақтандыру мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген 1,6 млн. теңгеге «Қала көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндірме шараларын ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды.
2013 жылдың 1-жартыжылдығында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып қаладағы өзекті проблемалар бойынша 7 дөңгелек үстел, 41 кездесу, 2 семинар-тренинг, 3 акция, 2 көрме, 1 байқау, 10 пресс-тур, 20 бейнеролик және 20 дәріс сабақтары ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде «Ақмешіт апталығы», «Ақмешіт ақшамы», «Кызылорда таймс», «Халық», «Ел тілегі» газеттері және «Қызылорда қоғамдық теледидары», «Қазақстан Қызылорда» телеарналары мемлекеттік тапсырысты орындап отыр.
Сонымен қатар, қала әкімдігі жанынан арнайы ақпараттық-насихаттық топ құрылып, қала әкімінің орынбасарларымен жоғарғы және орта оқу орындарының басшыларымен кездесу өткізді.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мемлекеттік саясатты ақпараттандыруға сүбелі үлес қосқан журналистерді көтермелеу мақсатында 27 маусым күні «Ұшқыр қалам» атты журналистер фестивалі ұйымдастырылды. Шарада қала әкімі бір топ журналистерді түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттармен марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Есепті кезеңде азаматтық қоғам институттарының қызметі негізінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатынасын оң қолдайтын тұрғындардың үлесі 87 пайызды құрауда.
Өзекті мәселелер:
-
Қала тұрғындарының ақпаратқа қол жетімділігін арттыру;
-
Мемлекет басшысының бастамасы негізінде қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік реформалардың жергілікті жерде жүзеге асырылу барысын БАҚ және ҮЕҰ-дар арқылы кеңінен насихаттау.
Қоғамдық қауіпсіздік. ҚР ІІМ және Генералдық прокуратураның біріктірілген бағыт ұйымының 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап қылмыстың барлық түрлерін толық тіркеу бойынша жасаған жұмысы қылмыстық істің өсуіне әкеп соқтырды, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 142,3 пайыз, 2012 жылы 72,0 пайыз, 2013 жылдың 11 айындағы жағдай бойынша 12,6 пайыз, оның ішінде 2011 жылы ауыр түрі 75,8 пайызға (219-дан 385-ке), аса ауыр түрі 47,1 пайыз (17-ден 25-ке), 2012 жылы 30,1 пайыз (316-дан 411-ге) құраған.
Сонымен қатар, қалалық Ішкі істер басқармасының қабылдаған профилактикалық шараларының нәтижесінде 2013 жылдың 11 айында ауыр және аса ауыр қылмыс түрлерінің саны 24,7 пайызға төмендеді.
Оған қоса, 2013 жылдың 1 қарашасында жол полициялары және әкімшілік құрылым бөлімшелерінің біріктірілген жұмыстары ұйымдастырылды.
Өңірде «әмбебап полицияларды» ендіру, әкімшілік полицияларды материалдық техникалық жарақтандыру бойынша қабылданған шаралар жиынтығы қалада әкімшілік тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.
Өзекті мәселелер:
-өткен жылмен салыстырғанда қылмыс санының артуы;
-жол көлік оқиғасы көбеюі салдарынан адам және материалдық шығынның артуы.
Инфрақұрылымдық кешен.
Байланыс және коммуникация. Қызылорда қаласында телекоммуникация кешені кең көлемде қызмет етуде. Байланыс операторлары ақпарат алмасуда сандық жүйеге көшуді және басқа да жаңа талапқа сай байланыс түрлерінің енуінде белсене қызмет атқаруда. Байланыс инфрақұрылымының дамуы өңір экономикасының дамуына, халықтың байланыс қызметіне сұранысының қанағаттануына бағытталған.
Коммуникация қызметінің кең тараған түрі телефон байланысы. Жылдан жылға халықты телефон байланысымен қамтамасыз ету қызметі артуда. 2011 жылы 1671,3 млн.теңгеге, 2012 жылы 1772,8 млн.теңгеге, 2013 жылғы 1 желтоқсанына 1741,9 млн.теңгенің телекоммуникация қызметі көрсетілді. Қызмет көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 7,6 пайызға артты. Жыл басынан бері 3801 дана телефон, оның ішінде 2853 данасы жеке тұрғындарға орнатылды.
Өзекті мәселелер:
- нарық қажетілігін, экономикалық тиімділікті ескере отырып, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желілерін кезең-кезеңмен қазіргі жағдайға сәйкес өзгерту;
- мемлекеттік басқару органдарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына жете ақпараттық қорларына тұрғындар мен шаруашылық жүргізу субьектілерінің қол жеткізуін қамтамасыз ету;
қалада жалпы пайдаланудағы телефон байланысы желілерінің барлық аналогтық АТС-тарын сандыққа ауыстыру.
Құрылыс. 2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 44,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 101,0 пайыз.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2011 жылы жалпы ауданы 157842 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2012 жылы берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 174052 шаршы метрді құрады.
Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2013 жылдың 1 қаңтарына жалпы ауданы 174052 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 27712, жергілікті бюджет қаржысы есебінен 16272, кәсіпорындар мен халық қаржысы есебінен 130068 шаршы метр, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 110,3 пайызды құрады.
«2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй бағдарламасы» шеңберінде 270 пәтерлік 12 жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп, оның ішінде 90 пәтерлік 4 тұрғын үй пайдалануға берілді.
Арендалық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен - 586,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен – 180,9 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бөлінген қаржыға Тасбөгет кентінің Амангелді көшесі бойында 24 пәтерлік төрт тұрғын үйлердің және 18 пәтерлік бір тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, барлығы 90 пәтер пайдалануға берілді.
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 787,0 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде:
- жас отбасылары тұрғын үйі бойынша төрт 50 пәтерлі, бір 40 пәтерлі және бір 30 пәтерлі, барлығы 270 пәтерлі тұрғын үйлерге 472,2 млн. теңге;
- кезекте тұрған азаматтарға арналған тұрғын үй құрылысы бойынша бір 36 пәтерлі, екі 24 пәтерлі және төрт 18 пәтерлі тұрғын үйлерге 314,8 млн. теңге.
2012 жылы «Тұрғын үй құрылысын жинақ жүйесі арқылы салу бағдарламасы» бойынша республикалық бюджеттен 512,0 млн. теңге және облыстық бюджеттен 51,2 млн. теңге қаржы бөлінді.
Жібек жолы көшесі «Жасөспірімдер үйі» құрылысына облыстық бюджеттен 334,4 млн. теңге қаржы бөлініп, пайдалануға берілді.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 539,5 млн. теңге қаржы қаралды, 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға 1500,0 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 22 шақырым ауыз су жүйесі, 13,75 шақырым тас жол, 15,8 шақырым электр желісі, 3,23 шақырым жылу жүйесі, 1,2 шақырым газ жүйесі жүргізілді. 2013 жылы инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру шеңберінде республикалық бюджеттен 1315,0 млн.теңгеге бөлініп, 74,7 км ауыз су, 5,2 км кәріз су, 18,3 км электр желілері, 1,1 км жылу желісі қаланың 7 тұрғын аудандарында салынып, 4 жаңа мөлтек аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Өзекті мәселелер:
- «Қазақстан Тұрғын үй-Құрылыс Корпорациясы» арқылы салынатын тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілерімен қамтамасыз ету мақсатында жоба сметалық құжаттамаларын дайындау үшін қаражат көзін қарастыру;
- бәсекеге қабілетті отандық құрылыс материалдарын өндірудің жеткіліксіздігі;
- инженерлік инфрақұрылым нысандарының жүйесін дамыту деңгейінің жетіспеушілігі;
- жеке тұрғын үй құрылыс жүріп жатқан аумақтарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Сәулет және қала құрылысы. «2008-2010 жылдарға Қызылорда облысының сәулет құрылысын дамыту» өңірлік бағдарламасына сәйкес, Қызылорда қаласының мемлекеттік сәулет құрылысы базалық кадастрдың автоматтандырылған жүйесін қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 61,7 млн. теңге бөлініп, техникалық тапсырмаға сәйкес жоспарланған жұмыстардың барлығы толықтай жүзеге асырылды.
Қызылорда қаласының мемлекеттік сәулет құрылысы базалық кадастрының автоматтандырылған жүйесінің ақпараттар базасын жаңарту және толықтыру мақсатында 2012 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 4,6 млн. теңгеге Қызылорда қаласының және 9 кент және ауылдық округтерінің ғарыштық суретін салу бойынша жұмыстар жасалды. Жаңартылған ақпараттар, онда қаланың жер учаскілері жөніндегі ақпараттар, алаңы 31,0 гектар электрондық картаға М1:2000 масштабында енгізілді.
2013 жылы Қызылорда қаласының мемлекеттік сәулет құрылысы кадастрінің автоматтандырылған ақпараттық-графикалық жүйесін (АИС ГГК) басқа да (Қызылорда қаласының әкімдігі, облыстық салық департаменті, облыстық әділет департаменті, жер кадастрі және тағы басқалар) автоматтандырылған жүйелермен біріктіру үшін жұмыстар басталды.
Сәулет құрылысының дамуын бақылау бойынша жұмыстарды үйлестіру, сонымен қатар құрылысқа жоспарланған нысандар бойынша бірыңғай архитектуралық келбет құру мақсатында жалпы көлемі 1800 гектар жергілікті жердің топографиялық суретін орындауға 2012 жылы облыстық бюджеттен 56,0 млн. теңге бөлініп, Қызылорда – Жезқазған трассасы бойында жалпы ауданы 980 га аумаққа түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленді. Жоба бекітілген бас жоспар мен Қарауылтөбе ауылдық округының даму сызбасының негізінде әзірленді және жаңа мөлтек аудан Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы №148 қаулысымен бекітілді.
980 гектар көбінесе аз қабатты тұрғын үй салу құрылысы үшін қаралған.Барлығы 481,2 мың м2 тұрғын үй салу жоспарлануда. Әр адамды 25 м2 тұрғын үймен қамтамасыз еткен жағдайда, мұнда 19,0 мың адам тұратын болады. Бұл бізге біріншіден ИЖС үшін жер учаскілерін алуға кезекте тұрған 4000–нан астам азаматтардың өтініштерін қанағаттандыруға, сонымен қатар, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне бағытталған барлық қажетті ұйымдардың құрылысын жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Сұлтан Бейбарыс көшесі мен аспалы көпірдің маңындағы аймақтарды қамтитын, жалпы көлемі 329 га аумақтың түбегейлі жоспарлау жобасы әзірленуде.
Сонымен қатар «Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы жалпы көлемі 1532 гектар (оның ішінде 70 га) және оң жағалауындағы 30 гектар аумаққа инженерлік-геологиялық және геодезиялық жұмыстарын жүргізу» жобасы жасалуда.
Өзекті мәселелер:
-
Қаланың жаңа аумақтарының түбегейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу;
-
Қалаға қарасты елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту;
-
Қала құрылысын жақсарудың кешенді сызбасын әзірлеу.
Жер қатынастары саласы. Қызылорда қаласының жер көлемі – 235 988,0 гектар, оның ішінде Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты елді мекен жерінің көлемі – 19 288,7 гектар, орман қорының жер көлемі – 6219,0 гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерінің көлемі – 8514 гектар, су қоры жерінің көлемі – 6762,7 гектар, жайылымдық, шабындық және егістік жерлерінің көлемі – 195 203,6 гектарды құрайды.
2011 жылы ауыл шаруашылық жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, көлемі – 9655,0 гектар жер учаскесі мемлекет қорына қайтарылды. 2011-2013 жылдар аралығында ҚР Жер кодексінің 48 бабын сәйкес сауда-саттық (конкурс, аукцион) арқылы қайта айналымға көлемі – 15 418,0 гектар ауыл шаруашылығы жерлері сатылды.
2012 жылы ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмай отырған көлемі – 7558,0 гектар ауыл шаруашылық жерлері анықталып отыр.
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет және Белкөл кенттерінің нақты межелес шекараларын белгілеу мақсатында қала әкімшілігі тарапынан 5,0 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскесін сұрап жазған арыздар саны – 50517 болып отыр. Қызылорда қаласы, Белкөл кентінің жер учаскесінің көлемін 2000,0 гектарға ұлғайтып облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасымен егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленуде. Аталған жер учаскесі 5000 жуық азаматтың арызын қанағаттандырады. 2005-2010 жылдар аралығында табысталған жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген 9162 жер учаскесіне қаулы жобасы әзірленді.
Қазіргі таңда ҚР Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық жер инспекциясымен мемлекет қорына сот тәртібімен қайтару жұмыстары жүргізілуде. Аталған жер учаскелері қайтарылған жағдайда кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады.
Өзекті мәселелер:
-
мақсатты пайдаланылмай отырған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару;
-
жер телімдерін табыстау үшін инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеуі.
Жол және көлік. Қызылорда қаласындағы облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 612 шақырымды құрайды, оның ішінде асфальт-бетонды жабындығы – 450, қиыршықтас – 88 және топырақты 74 шақырым.
2011-2012 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 59,2 шақырым болатын 61 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы қала бойынша «Қорқыт ата әуежайына кіре беріс жолына» облыстық бюджеттен бөлінген 1 800,6 млн. теңгеге жалпы ұзындығы 11,7 шақырым болатын жол торабы асфальтттанып, 3,0 шақырымына қара тас жайылды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 1301,4 млн. теңгеге Жібек жолы көшесі Бөкейхан көшесінен Сұлтан Бейбарыс көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,8 шақырым болатын жол торабына 59,0 мың м² қара тас, 46,0 мың м² асфальт жабындысы төселіп, 1,4 шақырымға аяқ су астаушалары салынып, тиісті жұмыстары толығымен аяқталды.
Сұлтан Бейбарыс көшесі Жібек жолы көшесінен Cырдария өзенінен өтетін көпірге дейін жалпы ұзындығы 1,6 шақырымға қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 155,2 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары толығымен аяқталды.
Сонымен қатар қалалық бюджеттен елді мекендердің 8 көшесіне (Ақсуат, Қосшыңырау, Талсуат, Караөзек, Қызылжарма, Белкөл, Қарауылтөбе, Ақжарма) орташа жол жөндеу жұмыстарына 111,3 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстары атқарылды.
Қала аумағындағы жаяу жүргінші жолдарын салуға және автотұрақтарын орташа жөндеуге барлығы 913,0 млн. теңге бөлінді, бөлінген қаржыға 23,9 шақырымды құрайтын 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 37 көпқабатты тұрғын үйдің аулаішілік жаяу жүргінші жолдары мен автотұрақтары жөндеуден өткізілді.
Қала бойынша 2013 жылдың 1 қаңтарына автокөліктермен 45250,9 мың тонна жүк тасымалданды. Жүк көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 101,0 пайызды құрады. Жүк айналымы 6539,2 млн.тонна-шақырым, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 10,1 пайызға артты. Жолаушы тасымалдау көлемі есепті мерзімде 168575,6 мың жолаушыны құрап, өткен жылғыдан 20,5 пайызға өсті. Жолаушылар айналымы 2857,1 млн.жолаушы-шақырымды немесе салыстырмалы кезеңімен 16,3 пайызға артты.
Өзекті мәселелер:
- қала көшелерінің қанағаттанарлық деңгейін 100 пайызға жеткізу (қазіргі таңда 83 пайызды құрауда);
- қаланың автокөлік жолдарын қайта жаңғырту, құрылысын салу, орташа және күрделі жөндеу есебінен жолаушылар тасымалын жақсарту;
- көліктік-логистикалық орталықтарды құру;
- жасанды жол қондырғыларының жетіспеушілігі.
Электрмен жабдықтау. Экономиканың және қала халқының электр энергиясына деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Энергетикалық консорциум құрылды, негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Қаланың энергия тәуелсіздігіне қол жеткізу;
Аумақтың жылу мен электрэнергетикалық ресурстарын тиімді қолдану мен дамыту бойынша өзара тиімді бірегей шаралар жүйесін құру;
Аумақтың жылу мен электрэнергетикалық әлеуетін дамытуға инвестициялар тарту.
2011 жылы 776900,4 мың квт сағ. электр энергиясы, 2012 жылы 1349129,2 мың квт сағ электр энергиясы өндірілді. 2013 жылдың 11 айында 1484,7 млн. квт сағ электр энергиясы өндіріліп, 20,7 пайыз өсімі қамтамасыз етілді.
2013 жылы республикалық және облыстық бюджеттерден «Қызылорда қаласының 10/0,4 кВ электрмен қамту жүйелерін дамыту (Сырдария ЭТТ аумағы)» жобасын жүзеге асыру мақсатында 431,5 млн. теңге бөлінді. Республикалық және облыстық бюджеттерден Қызылорда қаласындағы 2012 жылы басталған қуаттылығы 35 кВ 3 дана подстанциясын қайта жаңғырту жобасын аяқтауға 472,4 млн. теңге қаражат бөлінді.
Жарықтандыру бойынша облыстық бюджеттен бөлінген 293,0 млн. теңгеге қаланың 36,9 шақырым болатын 28 көшесіне және қосымша қалалық бюджеттен бөлінген 163,6 млн. теңгеге ұзындығы 12,6 шақырым болатын 12 көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды.
Сонымен қатар қалалық бюджеттен бөлінген 8,1 млн. теңгеге Қызылжарма, Талсуат ауылдық округтерінің түнгі жарық бағаналары орнатылды, қалған кент және ауылдық окургтерде жалпы ұзындығы 21,6 шақырым құрайтын 20 көшенің жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 1,2 млн. теңге бөлінді.
Өзекті мәселелер:
- электр желілері құрылғыларының тозуы;
- электр энергиясының балама көздерін дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- қолданыстағы электр желілерін қайта жаңғырту және модернизациялау;
Жылумен жабдықтау. Қызылорда қаласын жылумен жабдықтаушы- «Қызылордажылуэлектр-орталығы» МКК-ы және оның ішінде «Оңтүстік қазандық» филиалы.
«Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нан Киняев көшесіне дейінгі аралықта 2-кезеңіне республикалық бюджеттен 390,5 млн теңге, облыстық бюджеттен 45,6 млн теңге қаражат қаралып, 3,7 шақырымға жылу құбырларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
2011 жылы 696,6 мың Гкал жылу энергиясы, 2012 жылы 997,1 мың Гкал жылу энергиясы, 2013 жылдың 11 айында 572,0 мың Гкал жылу энергиясы өндірілді.
2013-2014 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына кәсіпорынның өз қаржысы есебінен негізгі және қосалқы қондырғыларын күрделі, ағымды жөндеуге – 1 034,23 млн.теңгеге қаражат қаралды және сонымен қатар магистралдық жылу құбырын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша 5 нысанға 291,3 млн.теңге республикалық бюджеттен бөлініп, ұзындығы 3 674 метр магистральдық құбырларға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ облыстық бюджет есебінен №№1,2 КЕ-25-14с маркалы қазандықтарын және Сырдария мөлтек ауданындағы дербес қазандықтың КВт-8,96 қазандығын, ПСВ-200У маркалы су қыздырғышын қайта жаңғыртуға 195,7 млн.теңге бөлінді.
Жылу желілерінің ұзындығы 204,9 шақырым, оның ішінде жаңалауды қажет ететіні 38,6 шақырымды құраса, 14,4 шақырымы жөнделген.
Өзекті мәселелер:
- Жылу желілері құрылғыларының тозуы;
- Жылумен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету қызметі сапасының төмендігі.
Сумен жабдықтау. 2011 жылы «Қызылорда қаласының су жүргізетін және арналық кәріз желілерін кеңейту және қалпына келтіру 2015 жылға дейін» жобасы бойынша - 2 515,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржыға төмендегідей жұмыстар атқарылды: 36,32 шақырым ауыз су жүйесі, 20,5 шақырым кәріз су жүйесі қайта жаңғыртылды, 4 дана КНС ғимараттары жөнделді, Тасбөгет қыстағындағы бас су жинау қоймасының құрылыс жұмыстары аяқталды, Тасбөгет қыстағындағы модульдық биологиялық тазарту станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілді, КНС-52 құрылысы жүргізіліп, аяқталды.
«Белкөл қыстағының ауыз және кәріз су жүйелерін қайта жаңғырту» жобасы бойынша республикалық бюджеттен 301,4 млн. теңге және қосымша қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 21,24 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға: 17,35 шақырым ауыз су жүйесі, 2,45 шақырым кәріз су жүйесі қайта жаңғыртылды, су жинау қоймасы қайта жаңғыртылды, 2-ші көтермелі насос станциясы, 2 дана ұңғыманы қайта құрылымдау жүргізілді, КНС –ті қайта жаңғыртылды, 4 дана дизельді электр станциясының құрылысы салынды, 1 дана ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
«Тасбөгет» кентінің ауыз су және кәріз су жүйелерін қайта жаңғырту нысаны бойынша республикалық бюджеттен 218,14 млн. теңге және облыстық бюджеттен 24,33 млн. теңге, барлығы 242,47 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауыз су жүйесі – 20,864 шақырым қайта жаңғыртылды.
2012 жылы «Қаланың су құбырлары және кәріз жүйелерін қайта жаңғырту -2015 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша –1818,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға: 27,4 шақырым ауыз су жүйесі, 5,1 шақырым кәріз су жүйесі, Тасбөгет қыстағындағы модульдық биологиялық тазарту станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілді, Тасбөгет қыстағындағы қолданыстағы бас су жинау қоймасының №1 сүзгі станциясын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, КБИ аудандарында ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртылды, ТЭЦ аумағында 2 дана су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жүргізілді.
2013 жылы «Қаланың су құбырлары және кәріз су жүйелерін қайта жаңғыртудың - 2015 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша – 2984,0 млн. теңге қаржы бөлініп, 12,9 шақырымға ауыз су және 4,6 шақырымға кәріз су жүйелері қайта жаңғыртылды, сонымен қатар 16 дана су бұрғылау ұңғымалары бұрғыланды. 2014 жылы жүргізілетін нысандарға жобалық-сметалық құжаттамаларын дайындауға 50,0 млн. теңге бөлінді, құжаттар толығымен әзірленді.
«Ақбұлақ» бағдарламасына енгізілген жобалар тиімді жүзеге асырылуда. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін қосымша 4 жоба орталық атқарушы органға жіберілді.
Ауыз су құбырларының ұзындығы 724,9 шақырым құрайды, оның ішінде 167,2 шақырымы жаңғыртуды қажет етсе, қайта жаңғыртылғаны 40,8 шақырым. Қала бойынша кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 370 шақырым құрайды, оның ішінде жөндеуді қажет ететіні 64 шақырым, жөнделгені 3,8 шақырымды құрап отыр.
2013 жылы 3 елді мекен (Тасбөгет, Белкөл кенттері және Қараөзек ауылы) бойынша тұрғын үйлерге 932 су есептегіш құралдары орнатыла отырып, 29,5 шақырым сервистік су құбыры желілері жүргізілді және 11 км ауыз су құбыры қайта жаңғыртылды.
Өңірдің өзекті мәселелерінің бірі бұл - облыс орталығын таза сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болатын. Оны шешу үшін 2013 жылы Қызылжарма орнын игеру жұмыстары басталды. Бүгінгі күні 16 ұңғыма бұрғыланды, жылдың аяғына дейін жұмыс жасап тұрған 1 ұңғыма қайта бұрғыланып, тағы 3 ұңғыма қосымша бұрғыланатын болады. Қажетті инфрақұрылымды жеткізу жұмыстары да жүргізілуде.
Өзекті мәселелер:
-
Қалаға қарасты елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;
-
Ауыз су құбырлары нысандарының құрылысын жүргізу және қолданыстағыларды қайта жаңғырту;
-
Сумен қамтамасыз ету жүйесі секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
-
Сумен қамтамасыз ету жобаларын жүзеге асыру барысында қазақстандық мазмұн үлесін арттыру;
-
Ыстық сумен қамтамасыз етілмеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |