Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына 2012 жылға 5681,1 млн. теңге қаралып, 92,8 пайызы игерілді.
Жыл басынан бағдарламаға қатысушы ретінде хабарласқан 8498 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалды. Оның ішінде 6342-ы жұмыссыздар (74,6%), 1772-і өз бетінше жұмыспен қамтылғандар (20,9 %), 382-і аз қамтамасыз етілген азаматтар (4,5 %). Бос жұмыс орындарына 30 адам жұмысқа орналасты.
Бірінші бағыт бойынша «Оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу»–2870,1 млн.теңге қаралып, 87,3 % (2504,6 млн.теңге) игерілді. Кәсіптік даярлауға 1049 адам жолданды (жоспар 100).
Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қайта даярлау курстарына 1013 адам жолданып, 970-ы оқуды аяқтап, 273-і жұмысқа орналастырылды.
Барлығы оқу курстарын бітірген 3500 адамның 2036–сі (58,2 %) жұмыспен қамтылды, 411 адам – дәледі себептермен жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ (жоғарғы оқу орнына түскен, қоныс аударған т.б.), жұмыспен қамтылмағаны 1053 адам, оқуды 2012 жылғы қыркүйек-желтоқсан айларында бітіріп, бүгінгі күні сол азаматтарды жұмыспен қамту бағытында жұмыстар атқарылуда.
2629 (жоспар-1270) әлеуметтік жұмыс орындары 664 мекеме, кәсіпорындарда ұйымдастырылып (соның ішінде 144 өткен жылдан жұмысын жалғастырғандар), қатысушыларға 319,8 млн.теңге төленіп, бөлінген қаржы (319,8 млн.теңге) 100 пайыз игерілді. Соның ішінде 994 адам немесе 37,8 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар тәжірибесіне 1631 жас маман (жоспар-985) өз мамандығы бойынша 778 мекеме, кәсіпорындарға уақытша жұмысқа орналастырылып (бір айлық жалақысы 26,0 мың теңге), 171,1 млн.теңге қаржы төленді, немесе бөлінген қаржы (171,1 млн.теңге) 100 пайыз игерілді. Соның ішінде 188 адам немесе 11,5 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды.
Екінші бағыт бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге» – 954,9 млн.теңге қаралған, 100 пайыз игерілді.
Ауылда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында кәсіпкерлік негіздерін оқыту (5 күндік, 40 академиялық сағаттық) курстарына 431 Бағдарлама қатысушысы курстан өтіп, бөлінген қаржы 21,9 млн.теңге толығымен игерілді.
«Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы 14 несие ұйымдарымен келісім шартқа отырып, 509 адамға 933 млн.теңге шағын несие таратылды. (жоспар – 622 адам, 933 млн.теңге). Несие көлемі орташа 1,5 млн.теңгені құрады.
Үшінші бағыт. «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағытында 2011-2012 жылдары аралығында облыс бойынша 53 жеке және бір 60-пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталып пайдалануға берілді. 112 отбасы 561 адам қоныс аударды, соның ішінде 297 адам еңбекке жарамды азаматтар. Қоныс аударушыларға 6,6 млн.теңге субсидия төленді. 48 адам экономиканы әр–түрлі салаларына тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қалған отбасы басшыларымен жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамту бағытында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Соның ішінде: Арал ауданында-15 үй, Қазалы ауданында-8 үй, Қармақшыда – 30 үй, Қызылорда қаласында – бір 60 пәтерлік тұрғын үй салынды.
Төртінші бағыт бойынша әлеуметтік маңызы бар 22 жобаны 456,1 млн.теңгеге іске асыру (көшелерді орташа жөндеу – 17, білім нысанын күрделі жөндеу – 1, елді мекеннің орталық алаңын аббаттандыру – 2 және 2 ауылдық округті жарықтандыру) қарастырылған.
Жыл қорытындысымен 22 жобаның барлығы толығымен аяқталып, 207 жаңа жұмыс орындары құрылған.
Аймақта «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жөнінде атқарылған жұмыстарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы арнайы «Жұмыспен қамту-2020», «Программа занятости-2020» айдары ашылып ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізіліп келеді.
2012 жылдың 20 желтоқсанында барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен облыс әкімінің төрағалығымен кеңейтілген кеңес өткізіліп, бағдарламаның орындалуы және алға қойылған талаптар жөнінде баяндалып, 2013 жылы бағдарламаның орындалуы жөнінде әр-бір ауыл әкіміне индикаторлар қойылатын болды.
Достарыңызбен бөлісу: |