Қызылорда қаласы әкімдігінің Қаулысы «8» сәуір 2014 жыл №1760



Дата24.02.2016
өлшемі83.5 Kb.
#17751
Қызылорда қаласы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ
«8» сәуір 2014 жыл № 1760

2014 жылға арналған

субсидияланатын басым ауыл

шаруашылық дақылдарының

түрлері бойынша егістіктің

оңтайлы себу мерзімдерін

айқындау туралы

  «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



  1. Қызылорда қаласы бойынша 2014 жылғы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімі мен басым дақылдардың түрлері бойынша оңтайлы себу мерзімдері 1 және 2 қосымшаларға сәйкес айқындалсын.

  2. «Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдансын.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Ахатовқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



ҚАЛА ӘКІМІ Н. НӘЛІБАЕВ

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2014 жылғы _______ ______

№____ қаулысына 1 қосымша




Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді қаланың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ұсыну мерзімдері.


р/с

Субсидиялау түрлері

Өтінімдерді ұсыну мерзімдері.

1

Жеміс-жидек дақылдарымен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға және өсуіне жұмсалған шығындардың құнын ішінара өтеуге арналған субсидия

15.04.2014ж



2

Басым ауылшарашылығы дақылдарының егіс көлемдерін субсидиялау

20.06.2014ж

3

Сатып алынған минералды тыңайқыштардын құнын ішінара субсидиялау

20.06.2014ж

4

Гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардын құнын арзандатуға субсидиялау

20.06.2014ж

5

Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидия

25.06.2014ж

Қызылорда қаласы әкімдігінің

2014 жылғы _______ ______

№____ қаулысына 2 қосымша


Қызылорда қаласы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің


р/с

Дақылдардың атауы

Ерте көктемде егілетін дақылдар мерзімі

Көктемде егілетін дақылдар мерзімі

басталуы

аяқталуы

басталуы

аяқталуы

1

Күріш







28.04.

2014 жыл


30.05. 2014 жыл

2

Дәндік жүгері







28.04. 2014 жыл

25.05. 2014 жыл

3

Мақсары

23.03.

2014 жыл


12.04. 2014 жыл







4

Картоп

12.04.

2014 жыл


1.05.

2014 жыл


1.06.

2014 жыл


10.06. 2014 жыл




Көкөніс дақылдары













5

оның ішінде: жуа

20.03.

2014жыл


1.04.

2014 жыл


25.04. 2014 жыл

15.05. 2014 жыл

6

Сәбіз

20.03.

2014 жыл


1.04.

2014 жыл


25.04. 2014 жыл

15.05. 2014 жыл

7

Қызанақ







20.04. 2014 жыл

12.05. 2014 жыл

8

Қияр

23.04.

2014 жыл



5.05.

2014жыл


5.06.

2014 жыл



15.06. 2014 жыл

9

Қырыққабат

10.04.

2014 жыл


20.05.

2014 жыл


25.04

2014 жыл



10.05.

2014 жыл





Бақша дақылдары













10

оның ішінде: қауын







28.04.

2014 жыл



30.05.

2014 жыл


11

қарбыз







28.04.

2014 жыл



30.05.

2014 жыл


12

асқабақ







28.04.

2014 жыл



30.05.

2014 жыл


13

Мал азығындық шөптер (жоңышқа)

15.03.

2014 жыл



10.04.

2014жыл







оңтайлы себу мерзімдері


Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы №221 қаулысын және 2012 жылғы 22 наурыздағы «Тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №322 қаулыларымен бекітілген Қағидаларды орындау мақсатында, Қызылорда қаласының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің бюджеттік субсидиялар сомаларын қарау және бекіту жөнінде ұсыныстар енгізуге, бюджеттік субсидиялар алуға арналған тізімдерін айқындау үшін және субсидиялардың сомасын анықтау үшін құрылған қалалық ведомствоаралық комиссиялардың жұмыс органыны «Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне егілген басым дақылдардың егіс көлемдеріне, тыңайтқыш (органикалықтарды қоспағанда) құны шығындарын арзандатуға арналған субсидияны, жеміс-жидек дақылдарының, жүзімдіктердің және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің 1 тоннасына берілетін субсидияларды алуға ниет білдірген қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің басшылары, төмендегі тиісті құжаттарды Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі №1760 қаулысымен бекітілген 1-қосымшасында көрсетілген мерзімдерінде тапсырулары қажеттігін хабарлаймыз.
Тапсырылатын құжаттар

2014 жылы егілген басым ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемдеріне берілетін субсидияны алуға тапсырылатын құжаттар:

1. өтінім;



  1. заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесімен (жеке тұлға үшін-жеке басын куәландыратын құжаттың және дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерімен);

  2. жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатың және (немесе) қаржы лизингі шартының көшірмелері;

  3. осы Қағиданың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын;

  4. нөмірі көрсетілген банктік шоттың бар екендігі туралы банк анықтамасының екі данасымен ұсынады.


Тыңайтқыштардың (органикалықтарды қоспағанда) және гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын арзандатуға арналған субсидияны алуға тапсыратын құжаттар:


  1. өтінім;

  2. заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы не дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерімен;

  3. клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметінің органы берген құжаттың көшірмесін;

  4. жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмесін;

  5. нөмірі көрсетілген ағымдағы шоттың шоттың бар екендігі туралы банктің анықтамасын;

  6. тыңайтқыш сатушы берген шот-фактуралардың, тауар-көліктік жүкқұжаттың түпнұсқаларын (тыңайтқыштарды өндірушіден және (немесе) тыңайтқыш жеткізушіден алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және тыңайтқыш жеткізушіден ағымдағы жылы сатып алған АШТӨ үшін);

  7. кедендік жүк декларациясының, тауар-көліктік жүкқұжаттың, шот-фактураның (инвойс) көшірмелерін (телнұсқаларын) (тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы 4-тоқсанда және ағымдағы жылы шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алған АШТӨ үшін);

  8. гербицид жеткізуші берген шот-фактуралардың, тауар-көліктік жүкқұжаттың түпнұсқаларын;

  9. сатып алынған тыңайтқыштар мен гербицидтерге арналған сәйкестік сертификаттарының көшірмелерін ұсынады.


Жеміс-жидек дақылдарының, жүзімдіктердің және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына арналған субсидияны алуға тапсыратын құжаттар:


  1. осы Қағиданың 6 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін-шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін);

  3. жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының

көшірмесін;

  1. жұмыс жобасының көшірмесі;

  2. жеміс шаруашылығы және/немесе жүзім шаруашылығы бойынша жұмыстарды орындауға маманның біліктілігін растайтын лицензиялардың, куәліктердің, сертиыикаттардың, дипломдардың көшірмесінен тұратын өтінім береді;

  3. өткен жылдары субсидия алған АШТӨ осы Қағиданың 27-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген субсидияларды алу үшін тиісті Қағиданың 6 – қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;

  4. өткен жылдары жасалған жеміс (жеміс-жидек) дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу актісінің көшірмелерін;

  5. өткен жылдары субсидиялар алғаны туралы куәландыратын құжаттардың көшірмелерін;

  6. уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша алдыңғы жылдары алынған субсидиялардың мақсатты және тиімді пайдаланылғандығы туралы есептің көшірмесі.


Тұқым шаруашылығын қолдау барысында жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына берілетін субсидияны алуға тапсыратын құжаттар:



  1. өтінім;

  2. заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін-шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін);

  3. жер учаскесіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының

көшірмесін;

  1. Қазақстан Республикасының қорғалған өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдарын сатып алған жағдайда – лицензиялық шартты, ол бойынша патент инсі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;

  2. ай сайын 1-күнге қарай элиттұқымшарлар бөлінісінде сатып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат;

  3. элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін тұқымшар немесе тұқым тұтынушы сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді, элиталық тұқымдардың сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін), тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесін, сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тиеп-жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін ұсынады.

Қалалық ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы

«Қызылорда қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі»

мемлекеттік мекемесі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет