Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы «1» қазандағы



бет1/7
Дата29.02.2016
өлшемі0.57 Mb.
#31951
  1   2   3   4   5   6   7

Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы «1» қазандағы

№ 727 қаулысымен мақұлданған

Қызылорда облысының 2015-2019 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы






Атаулары

1.

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және мақсатты индикаторлары, басымдықтары, тенденциялары, болжамы

1)

Қызылорда облысының 2013 жылғы және 2014 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы

2)

Экономикалық саясаттың басымдықтары және 2015-2019 жылдарға арналған мақсатты индикаторлар

3)

2015-2019 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

2.

2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлері

1)

2015-2017 жылдарға арналған негізгі бюджет параметрлерінің болжамы

2)

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары

3)

2015-2017 жылдарға арналған жергілікті басымды бюджеттік инвестициялардың тізбесі




  1. Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және мақсатты индикаторлары, басымдықтары, тенденциялары, болжамы

1) Қызылорда облысының 2013 жылғы және 2014 жылдың 8 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясы


2013 жылы облыста экономиканың тұрақты өсуін және халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасын тапты.

Нәтижесінде 2013 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) 4,0 пайызға артып, 1 332,7 миллиард теңгені (бұдан әрі – млрд. теңге) құрады. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ 1 817,6 мың теңгеге жетті.

ЖӨӨ өсуіне, өңдеу саласындағы – 17,2 пайызға, құрылыстағы – 16,9 пайызға, сауда саласындағы – 13,6 пайызға, инвестицияда – 40,2 пайызға, көлік саласындағы – 4,4 пайызға өсу қарқыны ықпал етті.

Жалпы, 2012 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 0,4 пайызға өсті. Өнеркәсіптің құрылымы бойынша басымды өсім өңдеу өнеркәсібінде – 117,2 пайыз, электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 114,7 пайыз.

Қазақстанның индустриаландыру Картасы шеңберінде Қызылорда облысында 181 миллиард теңгені құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда.

Аймақтық индустриаландыру Картасына енгізілген 23 жобаның шамамен құны 78 млрд. теңге болатын 14 жобасы 2010-2013 жылдары жүзеге асырылып, нәтижесінде 800-ге тарта жаңа жұмыс орындары құрылды.

2013 жылы ішкі рынок динамикасы тұтынушылар сұранысының өсуімен айқындалады. Жыл қорытындысымен нақты көріністе елеулі өсім сауда саласында көрініп, 2012 жылға қарағанда 22,2 пайызға артқан. Бұл халықтың нақты кірістерінің 2013 жылы 6,8 пайызға өсуінен және экономикадағы инфляциялық процестердің баяулауынан болып отыр.

Сонымен қатар, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі ұлғайып, 371,9 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы деңгейден 40,2 пайызға жоғары.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 150,4 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылға 116,9 пайыз.

Көлік қызметі (жүк тасымалдау) жыл қорытындысымен 7,9 пайызға, көлік айналымы 2,2 пайызға өсті.

Инфляция деңгейі 3,7 пайыз шеңберінде тұрақтанды.

Экономиканың өсуі еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруына мүмкіндік берді. Экономикалық белсенді халыққа шаққандағы жұмыссыздық деңгейі 2012 жылғы 5,3 пайыздан, 2013 жылы 5,2 пайызға дейін қысқарды.

Экономиканың нақты секторындағы өсімнің арқасында екінші деңгейлі банктерде депозиттік база ұлғайды. 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда халықтың депозиттеі 22,1 пайызға өсіп, 34,8 млрд. теңгені құрады. Банктердің экономика саласына берген несиелері 113,8 млрд. теңгені құрады немесе 29 пайызға артты.

Макроэкономикалық жағдайдың жақсаруы жағдайында 2012 жылға қарағанда 2013 жылы барлық деңгейдегі бюджеттер үшін кірістердің және шығыстардың өсуінің жалпы тенденциясы қалыптасты.

2013 жылы облыстың бюджеті 179 млрд. теңгеге жетті, бұл 2012 жылға қарағанда 39 млрд. теңгеге артық.

Сонымен қатар, даму бюджеті 2012 жылмен салыстырғанда 18,2 млрд. теңгеге немесе 44 пайызға артты.

2013 жылы облыс бюджеті өзінің әлеуметтік бағытын сақтады. Әлеуметтік саланы дамытуға облыс бюджетінің 57 пайызы бағытталды, оның ішінде білім саласына – 32,0 пайыз, денсаулық сақтау саласына – 16,3 пайыз.

Сонымен бірге, 2014жылдың 8 айының қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіштер нәтижесі 100 пайыздан төмендеу болды. Бұл өнеркәсіп өнімдері, инвестиция тарту, құрылыс жұмыстарының көлемі.

Өнеркәсіпте қалыптасқан жағдай бірінші кезекте жұмыс жасап тұрған кен орындарының сулануына байланысты мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты. Соның нәтижесінде есепті кезеңде 787,8 млрд. теңге өнім өндірілді немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 96,6 пайыз. 6,6 миллион тонна (бұдан әрі – млн.) мұнай өндіріліп, 2013 жылдың сәйкес кезеңіне 94,0 пайызды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар және құрылыс жұмыстары болатын болса, олардағы төмендеушілік «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолы және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының құрылыстары сияқты ірі жобалардың аяқталуымен байланысты.

Сонымен қатар, облыста әртараптандыру арқылы экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және облыс өнеркәсібі құрылымында өңдеу секторының үлесін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдануда.

Осы мақсатта металлургиялық кластер құру бойынша жұмыстар басталды. Металлургия, шикізат (мұнай, газ, уран) өндірумен бірге, алдағы уақытта халықты мамандандырылған жұмыспен қамти отырып, өңір экономикасының базисы болады.

Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 4,3 млрд.теңгені құрайтын, 583 жұмыс орны құрылатын 4 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде 1 жоба - Қызылорда қаласында «Хуа ю Интернационал» ЖШС «Химиялық реагенттер өндірісінің көлемін ұлғайту жобасы» іске қосылды. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сомасы 547,4 млн. теңге болатын 1237,2 тонна химиялық реагенттер өндірілді, немесе жоспарлы қуаттылығы 106,0 пайызға игерілді.

Ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында тағы да 3 жобаны (құрама жем өндірісі, ас және техникалық тұз, мия тамырын өсіру және өңдеу бойынша) іске қосу жоспарлануда.

Экономиканың басқа салаларында оң ілгерілеушіліктер байқалады.

2014 жылдың қаңтар-тамызында көлік саласында жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9 пайызға өсіп, 59,8 млн тонна жүкті құрады.183,8 млн. жолаушы тасымалданып, бұл жолаушы тасымалының 12,1 пайызға өскенін көрсетеді.

2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 161,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 115,9 пайыз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі ағымдағы бағамен 14,6 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдың тиісті кезеңіне 102,6 пайыз.

Жұмыспен қамту саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы») бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы 7274,2 млн. теңге бөлінді.

Жыл басынан бері «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қатысушылары болып және әлеуметтік келісім-шартқа қол қойғандар 7213 адам, оның ішінде жұмыссыздар 81,2 пайызды (5869 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 17,9 пайыз (1295 адам).

Есепті кезеңде, нақты секторда жаңа өндірістер ашу, шағын бизнесті дамыту және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру есебінен 6937 жаңа жұмыс орны құрылды. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайыздық пунктке төмендеп, 5,0 пайызды құрады.

Тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың тамыз айында 2013 жылдың желтоқсанына қарағанда 106,1 пайызды құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 104,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларға – 106,8 пайыз, ақылы қызметке – 106,9 пайыз деңгейінде қалыптасты. Дегенмен, облыс бойынша баға индексі өскенімен, бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы орташа республика бойынша бағалардан төмен болып қалуда.

Кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі бағытарының бірі - кәсіпкерлік субектілерін қаржы-несиелік қолдау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бастап, жалпы құны 22,2 млрд. теңгеден асатын 240 жоба мақұлданып, соның ішінде құны 19,7 млрд. теңге 202 жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы сомасы 2,8 млрд. теңгеден асатын 44 жоба іске асырылуда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2014 жылдың қаңтар-тамызында мемлекеттік бюджетке 58,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсімі түсті немесе болжамға 127,8 пайыз. Оның ішінде жергілікті бюджет бойынша болжам 136,9 пайызға орындалып, 47,5 млрд. теңге түсті.

2) Экономикалық саясаттың басымдықтары және 2015-2019 жылдарға арналған мақсатты индикаторлар

2015-2019 жылдары Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық саясаты Мемлекет Басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған стратегиялық шараларды жүзеге асыруға бағытталатын болады.

Орта мерзімді кезеңде әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі басымдықтары болып:

макроэкономикалық және қаржылық тұрақтылықты сақтау;

экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету;

қоғамды әлеуметтік жаңғырту.

Белгіленген басымдықтарға сәйкес келешектегі міндеттер айқындалды – ол экономиканың нақты секторын және тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды, білім жүйесін, денсаулық сақтауды дамыту және халықты әлеуметтік қолдау.

2015-2019 жылдардағы экономикалық саясаттың мақсаты – макроэкономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсімнің жоспарланған деңгейін тұрақты қамтамасыз ету болып табылады.

2015-2017 жылдары макроэкономикалық тұрақтылық стратегиялық құжаттардың тиімді жүзеге асырылуы және инфляцияны жоспарланған коридор 6,0 – 8,0 пайыз деңгейінде, ал 2018-2019 жылдары 5,0-7,0 пайыз деңгейінде ұстап тұру есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Инфляцияның өсуіне жол бермеу және оны жоспарланған коридор деңгейінде ұстау үшін ішкі рынокта бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өңірдегі азық-түліктің тұрақтандыру қорын қалыптастыруды қарастыратын кешенді іс-шараларды жүзеге асыру жалғасатын болады. Мұнай өнімдері, азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағасы рыногындағы жағдайға тұрақты түрде мониторинг жүргізілетін болады.

Жоспарланған деңгейдегі тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және экономикалық модернизацияны жеделдету, әзірленіп жатқан 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - ҮИИДБ) екінші бесжылдығында жүзеге асыру арқылы жалғасатын болады.

Алдағы жылдары тау-кен байыту фабрикасы мен Шалқия руднигін кеңейту, «Құрымсақ» ванадий кен орындарын игеру, полимер-труба зауытының құрылысы, шыны шығару өндірісінің құрылысын салу, «Кеңлік» кен орнында электр энергиясын өндіру мақсатында мұнайдың ілеспе газын өңдеуді ұйымдастыру, ірі торапты электр батырмалы қондырғыларды жинақтау өндірісін құру, цемент зауытының құрылысын салу және тағы басқа жобаларды жүзеге асыру қаралуда. «Бала-Сауысқандық» кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу жобасын іске асыру жалғасады.

2015 - 2019 жылдары құны 272,6 млрд.теңгені құрайтын ауылшаруашылығы, құрылыс, мұнай өндеу, машина құрастыру, металлургия және энергетика салаларын қамтитын 17 жобаны жүзеге асыру көзделуде, нәтижесінде 4,6 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылады деп күтілуде.

Өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында металлургия өнеркәсібін (сирек кездесетін металлдар, мыс, мырыш, ванадий рудалары базасында) одан әрі дамыту қаралуда. Машина жасау, құрылыс индустриясы және басқа да өнеркәсіптің өзге салаларының дамуын қамтамасыз ететін, өңір ішінде шикізатты барынша өңдеу, базалық металға шығу және жоғары шектегі өнімдер өндіру жоспарлануда.

Халықты қол жетімді тұрғын үйлермен, сапалы ауыз сумен және су бұру қызметін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын модернизациялау, халық үшін тұрғын үйге қол жетімділіктің артуын қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес 2020» бағдарламасы арқылы агроөнеркәсіп кешенін қолдауға баса назар аударылатын болады.

Егін саласында өндірісті әртараптандыру, дақылдарды өсіруде ғылыми негізделген ылғалды сақтайтын технологияларға өту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, жаңа және пайдаланбай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жалғасын табатын болады.

Мал шаруашылығы саласын әртараптандыру үшін «Ірі қара малы етінің экспорттық потенциалын дамыту» жобасын жүзеге асыру жалғасады. Жоба шеңберінде ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту, сондай-ақ жем-шөп өндірісі мен жайылымдық шаруашылықты дамыту бойынша жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

Осы орайда, облыстың экологиясын, Арал теңізін және көлдер жүйесін сақтау, топырақтың тұздануын және оның тақырлануын болдырмауда негізгі роль атқаратын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасын жүзеге асыру жалғасатын болады.

Байқоңыр қаласын дамыту, тірек елді мекендерді дамыту аумақты дамытудың басымдықтары болады. Негізгі акцент - әлеуметтік үйлесімсіздік мәселелерін шешу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру, салық салу базасын ұлғайтуға жасалады.
3) 2015-2019 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
2019 жылы ЖӨӨ нақты өсімі 5,1 пайызға өседі деп болжамдануда Жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткіші 2097 мың теңге деңгейіне дейін жеткізіледі.

Инфляция коридоры кезең аяғында 5,0 – 7,0 пайыз деңгейінде болжануда.

Жұмыссыздық деңгейін 4,7 пайызға дейін төмендету жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 3,5 пайызға артады, оның ішінде егін шаруашылығы – 2,5 пайызға, мал шаруашылығы – 5,0 пайызға.

Облыста өнеркәсіп өндірісінің негізін тау-кен өнеркәсібі құрайды. Келешекте ірі мұнай операторларының қолданыстағы ұңғымаларында мұнай қорының азаюы салдарынан бұл саланың өсу қарқыны төмендейтін болады. Болжам бойынша мұнай өндіру 2013 жылғы 10,6 млн. тоннадан 2019 жылы 8,4 млн. тоннаға дейін төмендейді.

Дегенмен, келешекте ванадий және қорғасын-мырыш кеніштері базасында олардың негізгі қоры шоғырланған жерлерінде металлургиялық кластерді одан әрі дамыту қарастырылуда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2019 жылы:

өнеркәсіп өнімдері көлемінің физикалық индексі 101,1 пайызды құрайды;

ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,5 пайызға артады;

құрылыс жұмыстары көлемінің нақты көлем индексі 1,6 пайызға артады;

байланыс қызметі 5,1 пайызға ұлғаяды;

көлік қызметі 1,5 пайызға өседі;

бөлшек сауда тауар айналымы 19,6 пайызға, көтерме сауда – 12,8 пайызға артады.


  1. 2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлері




  1. 2015-2017 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы

2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет параметрлері Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)», Қызылорда облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық болжамы негізінде әзірленді.

Мемлекеттік саясатты, сондай-ақ, облыстың бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге көтеруге және тұрақты экономикалық дамуға жетуге ықпал ететін жоспарлау және басқару жүйелерін дамыту мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру экономикалық мақсатқа лайықтылық және нәтижеге бағытталған принцип негізінде жүзеге асырылды.

Облыстық бюджет шығындарының жалпы көлемі, республикалық бюджеттен бөлінетін субвенцияны есепке алғанда 2015 жылы – 124,1 млрд. теңге, 2016 жылы - 129,4 млрд. теңге, 2017 жылы - 129,4 млрд. теңге сомасында болжамдалуда.


2) Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары
2015-2017 жылдары бюджеттің негізгі басымды шығыстары болып:

апаттық жағдайдағы мектептердің мәселелерін шешу;

негізгі тірек, тіректі елді мекендерді дамытуға, оларда жаңартылған әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар құруға, келешегі жоқ елді мекендерден халықты тартатын орталық ретінде қалыптастыруға жасалады. Облыс халқының қолайлы өмір сүруі үшін, кәсіпкерлік қызметті қарқынды дамыту, өткізу нарығында көлікке қол жетімділікті, энергиямен қамтамасыз етуді, тіршілік инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету үшін тірек елді мекендерін кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру;

«Балапан» бағдарламасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

білім, денсаулық сақтау, денешынықтыру және спорт, әлеуметтік саланың материалдық-техникалық базасын дамыту арқылы адами капиталды сапалы өсіру. Әлеуметтік инфрақұрылымды одан әрі дамытуды жалғастыру (балабақшлар, мектептер, емханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер, амбулаториялар, ауылдық клубтар және басқалары);

экономиканы энергетикалық, көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қаржыландыру;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, сумен қамтамасыз ету және су бұрғыш желілерді дамыту;

жұмыспен қамтудың белсенді түрлері және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іс-шараларын толыққанды іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамтуды көтеру табылады.


3) 2015-2017 жылдарға арналған жергілікті басымды бюджеттік инвестициялардың тізбесі Қызылорда облысының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамындағы 3- қосымшада келтірілген

Қызылорда облысының

2015-2019 жылдарға арналған

әлеуметтік - экономикалық

даму болжамына 1 - қосымша
2015-2019 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы


Көрсеткіштер

Жоспар

ланған жылдан бұрынғы, ағымдағы жыл, (2014ж)



Жоспарлы кезеңнің бірінші жылы

(2015 ж)


Жоспарлы кезеңнің екінші

жылы


(2016г)

Жоспарлы кезеңнің үшінші жылы

(2017г)


Жоспарлы кезеңнің төртінші жылы

(2018г)


Жоспарлы кезеңнің бесінші жылы

(2019г)


көрсеткіштерді бағалау

көрсеткіштердің болжамы

ЖӨӨ, млрд. теңге

1 372,9

1 415,5

1 463,6

1 522,2

1 590,7

1 671,8

ЖӨӨ-нің нақты өзгеруі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

102,8

103,1

103,4

104,0

104,5

105,1

жан басына шаққанда, АҚШ долларымен

10130

10320

10533

10796

11128

11520

Экономика салаларының ЖҚҚ

Өнеркәсіп, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

97,4

100,0

100,0

100,2

100,5

101,1

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

96,2

98,2

98,2

98,3

98,4

98,6

Мұнай өндіру көлемі, млн. тонна жылына

10,0

9,6

9,3

9,0

8,7

8,4

нақты көлем индексі алдыңғы жылға қарағанда %-бен

94,3

97,0

96,9

96,8

96,7

96,5

Табиғи газ өндірудің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

98,0

97,8

95,8

95,7

95,6

95,5

Түсті металл рудаларын өндірудің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

110,7

104,2

104,5

105,0

105,2

105,4

Тау-кен өнеркәсібінің басқа салаларындағы өнімдердің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

71,0

103,0

103,3

103,5

103,7

104,0

Тау-кен өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтердің нақты көлем индексі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

110,0

110,5

110,8

111,1

111,5

112,0

Өңдеу өнеркәсібі, алдыңғы жылға қарағанда %-бен

100,0

103,9

105,8



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет