«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және оның алдын-алу мақсатында атқарылған шаралар туралы



Дата23.02.2016
өлшемі37.01 Kb.
#7534
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2014 жылдың қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және оның алдын-алу мақсатында атқарылған шаралар туралы

АҚПАРАТ
«Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 2014 жылға арналған іс-шаралар жоспары» (бұдан әрі – Жоспар) Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасынның (бұдан әрі – Басқарма) 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1261 бұйрығымен бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

Жоспардың 8-тармағын іске асыру мақсатында, Басқарманың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 1263 бұйрығымен басқармаға қарасты емдеу-алдын алу ұйымдарының заңгерлерінің заңдық техникамен жұмысты жетілдіру мәселелері бойынша тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылды.

Басқармаға қарасты емдеу-алдын алу ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық жоспарлар бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылып, атқарылған жұмыстары хаттамамен рәсімделді.

Облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету барысында медицина қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылық жағдайларының алдын-алу мақсатында Басқарманың және оған қарасты емдеу-алдын алу ұйымдарының «Сенім телефондары» жыл сайын жаңартылып, жарияланып тұрады және осы телефондар арқылы түскен ұсыныстар, арыз-шағымдар есепке алынып, белгіленген тәртіп бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында қала көшелерінде 2 билборд орнатылған. Аталған билбордтарда құқық қорғау органдарының сенім телефондары да көрсетілген.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оны халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында жергілікті басылымдарда көптеген мақалалар жарияланып, Қызылорда қаласы әкімдігінің веб-порталы арқылы халық назарына ұсынылды.

Атап өтетін болсақ, «Ақмешіт апталығы» газетінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 29 санында «Сыбайлас жемқорлықпен күресу-баршамыздың міндетіміз», 7 маусымдағы № 26 санында «Сыбайластықпен күресу күрделі мәселе», 20 ақпандағы № 7 санында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!»; «Кызылорда таймс» газетінің 2014 жылғы 13-20 ақпандағы № 7 санында «Мифы и реальность»; «Сыр бойы» газетінің 2014 жылғы 14 маусымдағы № 84-85 санында «Жемқорлықты анықтаудағы сот бейнефонографиялық сараптама» атты тақырыптарында материалдар жарық көрді. Аталған мақалаларда парақорлықпен ұсталған азаматтар туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары туралы баяндалған. «Қоғам ТВ» және «Қазақстан-Қызылорда» телеарналары арқылы жыл басынан бері 75-ге жуық сюжет көрсетілсе, наурыз айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты арнайы ролик әзірленіп, көрсетілді.

Онымен қоса, Басқарманың тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жолын кесу мақсатында оған бағынысты барлық емдеу-алдын алу ұйымдарында «Нұр Отан» партиясының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді. Сонымен қатар, баспасөз ақпараттық құралдарына сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсаттарында мақалалар жарияланды.

2014 жылдың 14 қарашасында «Самала» газетінің № 45 санында «Медицинада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», 2014 жылдың 15 қарашасында республикалық басылым «Жас Алаш» газетінің № 86 санында «Сыбайлас жемқорлық және оның көріністеріне жол бермеу басты назарда», 2014 жылдың 12 қарашасында «Ел тілегі» газетінің № 46 санында «Мұрты майланған жемқорлыққа қашан тосқауыл қоямыз?», «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында 2 мақала, 2014 жылдың 15 қарашасында «Ақмешіт апталығы» газетінің № 72 санында «Жемқорлықпен күрес толастамайды», 2014 жылдың 12 қарашасында аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетіне «Баршамыздың басты міндетіміз», 2014 жылдың 3 желтоқсанында «Ел тілегі» газетінің № 49 санында «Жемқорлық-індет, жою – міндет», 2014 жылдың 19 қарашасында «Жалағаш жаршысы» газетінің № 87 санды нөмірінде «Сыбайлас жемқорлық ауыр індет», 2014жылдың 28 қарашасында «Сыр дидары» газетінің № 22 санында «Мақсат-«нөлдік» төзімділік қалыптастыру», 2014 жылдың 22 қарашасында «Ақмешіт ақшамы» газетінің № 74 нөмірінде «Жемқорлық-індет, жою- міндет», 2014 жылдың 19 қарашасында «Қармақшы таңы» газетінің № 89 санында «Кеселмен күрес толастамайды», 2014 жылдың 13 қарашасында Арал ауданының «Құрылтай» газетінің № 46 санында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баршамызға ортақ іс» тақырыптарында мақалалар жарық көрді.

Азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын анықтау және құқық бұзушылық көріністерін болдырмау мақсатында денсаулық сақтау басқармасы мен оған қарасты емдеу-алдын алу ұйымдарында орнатылған арыз-шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктерге түскен арыз шағымдар мен ұсыныстар міндетті түрде тіркеуге алынып, шұғыл түрде шара қолданылады.

Басқарма мен оған қарасты емдеу-алдын алу ұйымдарында құқықтық мектеп құрылып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына түсіндірмелік семинар-кеңестер өткізілуде.

Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау бағдарламасын іске асыру мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты, тиімді және толық көлемде игерілуін қамтамасыз етілуі басқарманың алқа мәжілісінде облыстық маслихат депутаттарының және үкіметтік емес ұйымдарының қатысуымен жүйелі түрде қаралып тұрады.



Құзырлы органдар берген ақпарат бойынша сыбайлас жемқорлыққа бағытталған құқық бұзушылықты туғызатын факторлар зерттеліп, тиісті ұсыныстарға сәйкес жемқорлыққа жол берген кінәлі қызметкерлер жауапқа тартылады.

Жыл басынан бастап мемлекеттік қызметшілердің және басқармаға қарасты емдеу алдын алу ұйымдарының басшылары тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама талаптарын бұзу фактілері және сыбайлас жемқорлық тұрғысынан қылмыстық жауапқа тартылған тұлғалар болған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет