Бозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі Құрметті ауылдастар!



Дата23.02.2016
өлшемі45.94 Kb.
#7363
Бозанбай ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы 2010 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі
Құрметті ауылдастар!
Біз бүгін 2010 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылау және 2011 жылы жоспарланған іс – шаралар талқылау үшін кездесіп отырмыз.

Осы уақыт ішінде 2010 жылы Қазақстанда ОБСЕ Саммиті өткізілді, Қазақстан жыл бойы саммиттің төрағасы болды. Қазақстанның жұмысы көпшілік мемлекеттер жақсы деп бағалады.

2010 жылы «Жол карта» бойынша Бозанбай ауылдық округіне төмендегідей қаражат бөлінді:

- Бозанбай орта мектебін жөндеу үшін - 79 000 000 теңге;

Бозанбай Мәдениет үйін жөндеу үшін – 12 000 000 теңге;

Бөлінген қаражат 100% жұмсалды. Жұмыспен қамту бөлімінде

тіркелген 33 жұмыссыз адам жұмысқа тартылды. Еңбекақы мөлшері 25 мыңнан 35 мыңға дейін болды. Дағдарыстың алдын алу бойынша жұмыспен қамту бөлімі арқылы 38 адам жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар:



  • 19 адам кәсіптік мамандық алып, жұмысқа орналастырылды.

  • Әкім гранты бойынша 4 адам түсті.

  • 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны 96 отбысы -244 бала алды.

  • Әлеуметтік көмек жәрдемақыны тағайындау бойынша 49 отбасы - 196 адам алды.

  • Тұрғын үй жәрдемақысын - 89 отбасы алды.

  • Жастар іс тәжірибесі бойынша - 3 адам алынды.

  • Жұмыспен қамту бөлімі арқылы 110 адам қоғамдық ақылы жұмыс істеді, еңбекақылары 15 мың теңгені құрады.

  • Бозанбай ауылында ЖҚС және дөңгелек жөндеу шеберхана ашылды, 4 жұмыс орыны ашылды.

Бұрынғы Екатериновка ауылы тұрғындардың қолдауымен Ақжартас ауылына ауыстырылды.

Ақжартас ауылында РМКК «Еңбек - Өскемен» филиалы ашылды, 910 гектар пайдаланбайтын жерлер егістік өсіру үшін берілді, бұрынғы Никитинка кеңшарының өндірістік қуаттарын мал шаруашылығын көтеру үшін берілді. Өткен 2010 жылы РМКК «Еңбек - Өскемен» филиалында 4 жұмыс орыны ашылды.

Көшелерді жарықтандыру үшін, аудандық бюджеттен Бозанбай ауылына Советская көшесіне 940 мың теңге бөлінді. Осы жұмысқа 5 адам тартылды.

Тұрғындарға картоп өнімін егу үшін 100 га жер бөлінді. Бөлінген жерлерге 140 отбасы картоп салды. 68 га жерге картоп салынды, қажет болса әлі де 32 га жерді бөліп беру мүмкіндік бар.

Жазғы маусымда «Восток - Молоко» ЖШС – мен келісімшарт арқылы тұрғындардан сүт жинау ұйымдастырылды, 1 литр сүттің бағасы 40 теңгені құрады.

Жыл бойы Өскемен қаласында ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін жәрмеңке өткізілді 5 тонна ет, 40 тонна картоп сатылды. Сонымен қатар, Бозанбай ауылында да жәрмеңке өткізіліп, 100 адам қатысты және 3 тонна ет, 5 тонна картоп және сүт өнімдері сатылды.

Округ бойынша барлығы жер - 951178 га.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық алқаптар - 87849 га.

Оның ішінде:


  1. Егістік жер - 12734 га

  2. Шабындық - 5890 га

  3. Жайылым - 69220 га

ШҚ қолданатын жерлері 01.07.2010 ж. барлығы -42266,07

Сонымен қатар ауыл шаруашылық алқаптар - 38505,0 га

Оның ішінде


  1. Егістік жер - 1571,3 га

  2. Шабындық - 3222,1 га

  3. Жайылым - 31502,2 га

  4. Тыңайған жерлер – 2209,4 га

ЖШС «ҚызылсуАгро», ЖШС «Ұлан» егістік жерлері бар.

Барлық бақшалық жер - 59,81 га

Оның ішінде:


  • көкеніс - 3,67 га

  • картоп - 56,14 га

Мұның ішінде, картоп:

Тұрғындар - 78,14 га, ШҚ - 8,0 га

Бозанбай ауылдық округі бойынша барлық ШҚ - 186

Оның ішінде мал ұстайтыны -23 ШҚ

Мал саны:


  1. Мүйізді ірі қара мал - 1525 бас

Сиыр - 600 бас

  1. Қой, барлығы -9390 бас

Саулық - 5435 га

  1. Ешкі, барлығы - 825 бас

Аналық ешкі - 431 бас

  1. Жылқы, барлығы - 1359 бас

Бие -451 бас

Тұрғындар, барлығы – 671 аула

Оның ішінде мал ұстайтын -736 аула

Мал саны:



  1. Мүйізді ірі қара мал - 3233 бас

Сиыр - 1373 бас

  1. Қой, барлығы -5359 бас

Саулық - 4165 га

  1. Ешкі, барлығы - 1093 бас

Аналық ешкі - 688 бас

  1. Жылқы, барлығы - 745 бас

Бие - 273бас

  1. Құстар, барлығы - 1255 бас

Мешин - 1059 бас

Бозанбай ауылдық округі бойынша 2010 жылы атқарылған ветеринарлық шаралар және аурудың алдын алу жұмыстары туралы


Диагностикалық зерртеулер:

- 5432 бас ірі – қара мал брузеллез ауруына зерттеліп, 5 (бес) бастан брузеллез ауруы анықталды. Ауру малдың еті Меновное кентінің шұжық өндіру цехіне өткізілді.

- 24430 бас ұсақ мүйізді мал қаны бруцеллез ауруына зерттеліп, 13 (он үш) бастан бруцеллез ауруы анықталды. Ауру малдар иесінің келісімімен Капай учаскесінде орналасқан мал қорымында жойылды. ДУК автокөлігімен 1417 м2 аумағында үй маныңдағы жердің заралсыздандыру жұмыстары өткізілді.

Сібір жарасы ауруына қарсы:

- 6350 бас ірі – қара мал;

- 23960 бас ұсақ – мүйізді мал;

- 1950 бас жылқы егілді.

Аусыл ауруына қарсы:

- 6300 бас ірі – қара мал;


  • 14550 бас ұсақ – мүйізді мал басына егу жұмыстары өткізілді.

9780 бас ірі – қара малға туберкулинизациялау жұмыстары атқарылды, мал басынан туберкулез ауруы анықталған жоқ.

Иесіз жүрген 25 ит жойылды («Доктор Айболит» ветеринарлық емханамен келісім – шарт бойынша иттерді жоюға 50 000 (елу) мың теңге бөлінді).

Бозанбай ауылдық округі бойынша тұрғындар арасында бруцеллез ауруы тіркелген жоқ.

Бозанбай ауылдық округі бойынша 2011 жылы жоспарлануда:



  1. Бозанбай ауылында ауылдық учаскелік аурухананы ауыстыру үшін бұрынғы Райкомпартия ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстар жүргізу.

  2. Бозанбай орта мектебінің интернатына бұрынғы аудандық статистика ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

  3. «Айголек» бала бақшасына бұрынғы «Россинка» бала бақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстырын жүргізу.

  4. Ауылдық учаскелік аурухананы психо - неврологиялық диспансер ашу үшін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

  5. «Жол карта» бойынша Бозанбай орта мектебінің сыртқы келбетіне күрделі жөндеу жұмыстар жүргізу

  6. Ұрықтандыру пунктін ашу.

  7. Базарда тауар өнімдерін өткізу бәсекелестіктерін жүргізе алатын шаруа қожалықтарын біріктіруді ұйымдастыру;

  8. Бозанбай және Алғабас ауылдарында екі мал сою алаңын ашу;

  9. Картоп және көкөніс өнімдерін өсіремін деушілерге қосымша 30 га жер телімдері беріледі;

  10. Алғабас ауылында клуб ғимаратын жөндеу, қоғамдық ауыз су құбырын орнату және Центральная көшесін жарықтандыруды жалғастыру;

  11. Бозанбай ауылы Аманжолов көшесін толықтай жарықтандыру;

  12. Тұшпара цехін ашып, өнімдерді өндеу;

  13. Техникалық қызмет көрсету станциясын ашу және учаскелік аурухана мен екі қабатты үйлердің канализациялық жүйелерін жөндеу;


Бозанбай ауылдық округінің әкімі А. Сембаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет