Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары мен 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттері



Дата03.07.2016
өлшемі48.5 Kb.
#174483
Қызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары мен 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттері


  1. Ауыз сумен қамтамасыз ету саласы бойынша

Республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі арқылы мақсатты трансферт есебінде облысқа бөлінген 038 және 010 бюджеттік бағдарламаларға министрліктер мен облыс әкімі арасында келісім жасалды.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне Республикалық бюджет қаржысы есебінен 2012-2015 жылдары атқарылатын басымдық инвестициялық жобалар тізіміне енгізу үшін облыс бойынша 40 жоба ұсынылды. Сметалық құны 4,1 млрд.теңге болатын Шиелі кентінің 8 ауылын Жиделі топтық су құбырына қосу жобасы бекітуге ұсынылды.

ҚР Үкіметінің 1.12.2011 жылғы №1428 қаулысына өзгерістер енуіне сәйкес биылғы ауыз су объектілеріне сервистік жүйелерді қосуға Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Су ресурстары комитетімен тиісті жұмыстар жасалып 10 жоба қосымша енгізілді.

Облыс әкімінің қатысуымен «Ақбұлақ» бағдарламасының облысты орындалуы туралы селекторлық мәжіліс өткізілді. Осыған сәйкес елді мекендер бойынша кезектілік тізімі жасалып облыстық мәслихат депуттарымен талқыланды.

2012 жылғы республикалық бюджетті нақтылауға Арал ауданының 5 елді мекеннің ішкі жүйелерін жаңғырту жобасын қаржыландыру және Шиелі мен Әйтеке би кентіне кәріз жүйелерін жүргізуге жоба жасау бюджеттік өтінімдері Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне ұсынылды.
2. Электрэнергетика саласы

«Қызылорда облысының аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту», «Арал ауданы Жақсықылыш кентінің 10/0,4 кВ электр жүйелерін қайта жаңғыртуға» және Қызылорда қаласының кернеулігі 35/10 кВ "Жанаарык", "Тасбугет", "Районная котельная" қосалқы станцияларын қайта жаңғырту" жобаларына ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агентігімен және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен келісім әзірленді;

2012 жылы 7 аудан орталықтарының электрмен жабдықтау жүйесін дамыту жұмыстарының жалғастыруға және «Арал ауданы Жақсықылыш кентінің 10/0,4 кВ электр жүйелерін қайта жаңғырту» жобалары бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде;

"Қызылорда қаласының кернеулігі 10/0.4 кВ электрмен жабдықтау жүйесін дамыту", "2011-2013 жылдары Қызылорда қаласының кернеулігі ТМ-10 күштік трансформаторын ТМГ-12-ге ауыстыру, қағаз және пластмассалы оқшауламалы

кабелдік желіні полиэтиленнен тігілген оқшауламасы бар кабельге ауыстыру", "Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі "Жосалы" 220/35/10 кВ қосалқы стансасын қайта жаңғырту" және Қызылорда қаласының кернеулігі 35/10 кВ "Жанаарык", "Тасбугет", "Районная котельная" қосалқы станцияларын қайта жаңғырту" жобаларын іске асыруға Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технология министрлігіне бюджеттік өтінімдер тапсырылды.

Қызылорда қаласының және елді мекендердің электр желілерін және қосалқы стансасын кеңейту және жаңғыртуға 11 жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге жұмыстар жүргізілуде;

«220 кВ «Құмкөл-Қызылорда» әуе желісінің құрылысына» және «Қызылорда қаласындағы электрэнергетика объектілерді салуға» жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінімдер жолданды.
3. 2012-2013 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы

2012-2013 жылу беру мауысымына дайындық жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында облыстық штаб құрылып, іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жылу энергия көздері бойынша станциялық және желілік жылу жүйелеріне сынақ жұмыстары қондырғыларға жүргізіліп, 2012-2013 жылдардағы жөндеу жұмыстарының кестелері жылу жүйелерінің бекітіліп, кестеге сәйкес тиісті шаралар атқарылуда.

Әлеуметтік-мәдени кешендерге қажетті отын қорын жеткізу кестесі бекітіліп, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-на келісуге ұсынылды.

Алдағы маусым кезінде негізгі отын көзі – ілеспе газдың жетіспеушілігіне байланысты жылу қуат көздерін қажетті мазутпен қамтамасыз ету мақсатында тиісті министрліктерге ұсыныстар берілді.
4. «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша

2011 жылдан бастап республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бөлінген 924,2 млн. теңгеге «Қызылорда қаласындағы «ҚЖЭО» МКК-нан Киняева көшесіне дейінгі магистралдық жылу жүйесін қайта жаңғырту» жобасы бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа, облыстың жылумен жабдықтау жүйесін дамыту мақсатында ағымдағы жылы облыстық бюджеттен бөлінген 44,3 млн. тенгеге облыс орталығының жылу жүйелерін қайта жаңғырту бойынша 8 жоба-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» Мемлекеттік бағдарламасы аясында 2011 жылы Қызылорда қаласының18 көпқабатты тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 395,0 млн. теңге бөлінді.


Бірінші механизм бойынша:

«Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» акционерлік қоғамын капитализациялауға бөлінген 120,0 млн. теңгеге «Мерей» мөлтек ауданындағы 6 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдау комиссиялары жүргізілуде.



Екінші механизм бойынша:

«Тұрғын үй қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның жарғылық қорын ұлғайтуға бөлінген 275,0 млн. теңгеге «Ақмешіт», «Мерей» және «Шұғыла» мөлтек аудандарындағы 12 көпқабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстары аяқталып, қабылдау комиссиялары жүргізілуде.

Бағдарлама аясында осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2012 жылға жоспарланған 812,5 млн. теңгеге 47 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу жоспарланып отыр.

Осы бағытта жергілікті атқарушы органдармен тиісті жұмыстар атқарылуда.


5.Газдандыру саласы бойынша

«Қызылорда облысын газдандырудың кейбір мәселелері туралы» алқа мәжілісі өткізілді;

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Қызылорда қаласының Жұмабаев, Бекниязов, Қорқыт ата көшелері және Железнодорожный тұйығындағы тұрғын үйлерді газдандыру» және «Қызылорда қаласының Алатау көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығы аумағында орналасқан үйлерді газдандыру» жобаларының құрылысын жүргізуге бюджеттік өтінімдер жолданды;

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне, Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан 14 бұрыптан 17 АГРС салуға және аудан орталықтарын газдандыруға жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бюджеттік өтінімдер жолданды;

«Қызылорда қаласының жылу қуат көздерін және тұрғын секторын ілеспе газға көшіру» және «Қызылорда қаласы Лапин көшесіндегі тұрғын үйлерді газдандыру» жобалары бойынша жоғарғы және төменгі қысымды газ құбырлары мен қондырғыларын төлқұжаттандыруға және тіркеуге 2012 жылға бюджеттік өтінім жолданды.

«Қызылорда қаласының Тасбөгет кентінің перспективалық дамуын газбен жабдықтау»;

«Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округін перспективалық дамуын газбен жабдықтау»;

«Қызылорда қаласындағы Талсуат ауылдық округін және әлеуметтік қамтамасыз ету нысанын газбен жабдықтау» жобалары бойынша жоба-сметалық құжаттамаларын жасауға тендер өткізіліп, жобалаушы мекемелер анықталды. Қазіргі кезде, жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен 52 арыз-шағымдармен жұмыстар атқарылып, арыз иелеріне жауап берілді.

2012 жылдың ІІ-жартыжылдықтағы міндеттері туралы
- Республикалық бюджетті нақтылау барысында қаржыландыруға ұсынылған жобаларды 2012 жылғы инвестициялық жобалары тізіміне енгізілуіне бақылау жасау.

- Облыс әкімінің қатысуымен 07.06.2012 жылы өткізілген жиналыс хаттамасына сәйкес аудан әкімдерімен тиісті жұмыстарды атқару.

- Қызылорда облысының экономика және бюжеттік жоспарлау басқармасына тапсырылған бюджеттік өтінімдерді облыстық бюджеттен қаржыландыру бағытында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру.

- Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігіне берілетін ауыз су тарату квартал сайынғы есепті жинақтау.

- 7 аудан орталықтарын электрмен жабдықтау жүйесін дамыту жобасы бойынша 98,9 шақырым электр желісі тартылып, 2 тарату пункттері және 9 қосалқы стансалар орнатуды аяқтау.

- «Арал ауданы Жақсықылыш кентінің 10/0,4 кВ электр жүйелерін қайта жаңғыртуға» құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді аяқтау;

- Қызылорда қаласының және елді мекендердің электр желілерін және қосалқы стансасын кеңейту және жаңғыртуға 11 жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу, мемлекеттік сараптамасын алу;

- «Жол карта» бағдарламасы бойынша жүргізілген электр желілерімен қосалқы стансаларға төл құжаттарын алу.

- Қызылорда қаласындағы мөлтек аудандардың, тұрғын аудандардың, жеке сектордағы тұрғын үйлердің газбен қамтылғанына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, газбен қамтылмай қалған үйлерге газ құбырларын жүргізіп, газға қосуға қажетті қаражат есебін анықтау;

- «Кристалл-Менеджмент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газ-турбиналық электр станциясын толықтай газбен қамтамасыз ету мақсатында және оның өндірілген электр энергиясын пайдалануға барлық мұнай-газ кен орындарынан «Ақшабұлақ» кен орнына газ құбырларын тарту мәселесі;



- Келешекте Жосалы кенті аумағында мұнай-газ кен орындары ашылатындығын ескере отырып, «Құмкөл-Жосалы» газ құбырының құрылысын салу және оны «Бейнеу-Шымкент» магистралдық газ құбырына қосу жұмыстарын пысықтау;

- «Қызылорда қаласының Талсуат ауылдық округін және 3 әлеуметтік нысанын газбен жабдықтау», «Қызылорда қаласының Қызылжарма ауылдық округінің перспективалық дамуымен газбен жабдықтау» және «Қызылорда қаласының Тасбөгет қыстағының перспективалық дамуымен газбен жабдықтау» жобалары бойынша жоба-сметалық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын аяқтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет